Кестелерді жиектеу

Күні: 19. 02. 2014ж Сыныбы:7
Сабақтың тақырыбы: Кестелер. Кестелер құру. Кестелерді редакциялау. Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Word мәтіндік редакторында кесте құру түрлері, оны өңдеу және форматтау бойынша білім-біліктілік қалыптастыру.
Дамытушылық: Кестемен жұмыс жасаудың мүмкіндіктерін игерте отырып практикада кеңінен қолдануға және ақпараттық -технологиялық ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Өз ойларын, пікірлерін тұжырымды түрде қорғай білуге, сыпайы қарым-қатынас жасауға, ұжымдық-топтық сезімді ояту, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар топтамасы, кеспе парақтар, ноутбуктер.
Қолданылған әдебиеттер:
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу
- Түгендеу
- Назарларын сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
- Нөмірленген және маркерленген тізімдер.
- Бағандар.
- Беттердің параметрлері.
- Жиек.
- Алдын ала қарау.
- Құжатты баспадан шығару
ІІІ. Білімдерін жан-жақты жетілдіру.
«Иә», «Жоқ» ойыны
- Мәтіндік редакторды іске қосу үшін:Бастау - Бағдарламалар - Microsoft Office - Microsoft Word. Тізбегін керек пе?
- Осы тізбекті орындағаннан кейін экрандағы терезелердің қай түрі пайда болады?
- Word терезесінде тақырып жолы бола ма?
- Мәзір жолағы «Стандартты» құралдар үстелі кейін орналасқан ба?
- Сызғыш «Пішімдеу» құралдар үстелінде орналасқан ба?
- Мәтінді форматтау үшін «Стандартты» құралдар үстелін пайдалану қажет пе?
- «Пішімдеу» құралдар үстелі терезенің төменгі жағында орналасқан ба?
- Тақырып жолағында терезені басқару батырмалары бола ма?
- Қалып күй жолағы терезенің үстінгі бөлігінде орналасқан ба?
Сәйкестендіру тесті
- MS Word редакторын іске қосу жолы
2.
- батырмасының қызметі
қандай?
6. MS Word-та абзац қай пернені
басумен аяқталады?
7. Құжатты сақтау командасы
ІV. Жаңа сабаққа даярлық
Біз кесте ұғымымен бұрыннан таныспыз. Мысалы сендер қандай кесте түрлерін білесіңдер? Иә, дұрыс айтасыңдар. Біздің өмірімізде мәтінді безендіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т. б. MS Word мәтіндік процессоры кесте құруды жеңілдетеді.
V. Жаңа сабақ
Олай болса, бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. Кесте - бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды. Ұяшыққа бірнеше жол немесе абзацтар, сонымен қатар суреттер, т. б. заттар да орналасуы мүмкін.
Кесте құрудың үш әдісі бар:
1-әдіс. Мәзір жолы: Кесте🡪 Қою🡪Кесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте🡪Кесте сызу
1 әдіс. Мәзір жолы: Кесте🡪 Қою🡪Кесте
2-әдіс. Стандартты тақтадағы кесте қою белгісі
3-әдіс. Мәзір жолы: Кесте🡪Кесте сызу
Редакциялау дегеніміз - өңдеу, енгізу, өшіру, орын ауыстыру немесе құжаттың мазмұнын түзету.
Ұяшықтарды біріктіру Ұяшықты бөлу
Бағана, жолдарды қою Бағана, жолдарды өшіру
Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу
Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шертеміз де пернетақта арқылы ақпараттарды енгіземіз. Кесте ішіндегі қозғалыс тышқан курсорының көмегіме немесе басқару, Tab пернелері арқылы жүзеге асырылады.
Ұяшықтардың ішіндегі мәліметтерді форматтау үшін әдеттегі мәтінді форматтау тәсілдерін қолдануға болады. Мысалыға, сіздер шрифт түрін, өлшемін және сызылымын өзгерте аласыз. Формат командасы ұсынатын барлық (бұрыннан таныс ) әрекеттерді пайдалануларыңызға болады. Мысалыға жол аралық интерволды тағайындап, оның шеттерін туралауға және ол үшін контекстік тәуелді менюді пайдалануға мүмкіндік бар. Контекстік менюді тышқанның оң жақ батырмасын басу арқылы шақыруға болады.
Кестелерді жиектеу


- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz