Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Египеттегі храмдар
№7. Сабақтың тақырыбы: Египеттегі ғылым мен мәдениет
oo Білімділік: Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылыми білімдердің негізгі заңдылықтарын ашып көрсту. Ежелгі Египет өнері-архитектурасы, мүсіндері және көркем әдебиеті өзінің көркемдік дәрежесінің жоғарылығымен бағалы екенін, адамзат тарихындағы тұңғыш мүсіндер Египетте жасалғанын баяндау
oo Дамытушылық:Ежелгі Египетте математикалық, геометриялық және аспан денелерінің қозғалысын бақылап отыратын астрономиялық ғылыми білімдердің болғанын баяндау.
oo Тәрбиелік: білім мен ғылымның ежелгі Египеттен бастау алғаны туралы айтып, оқушылардың білім алуға деген құштарлығын арттыру.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Әдісі: баяндау
Сабақтың көрнекілігі: Оқу картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
* <<Перғауын>> ұғымын түсіндіріңдер.
* Перғауындардың шексіз билік жүргізгендігіне мысалдар келтіріңдер.
* Египетте шондарлар тобына кімдер жатты? Олардың қызметіне сипаттама беріңдер.
Жаңа сабақ жоспары:
1. Египетте жазудың шығуы мен дамуы.
2. Математикалық білімдер.
3. Аспан әлемі
4. Египеттегі медицина.
5. Ежелгі Египеттегі мектеп
6. Әдебиеті.
7. Ежелгі Египет діні
8. Египеттегі храмдар
9. Пирамидалар салу.
10. Үлкен Сфинкс.
Б.з.б. IV мыңжылдықтың өзінде-ақ Египетте білімнің әр түрлі салалары дамыған. Осыған байланысты жазудың қажеттілігі туған. Ал мемлекет пайда болған кезде жазу біржола қалыптасқан еді. Перғауындарға сауатты адамдар қажет болды.
Алғашқы египеттіктер айтайын деген ойын суреттер арқылы білдірген. Ал таңба суреттер-иероглифтердің саны 750-дей болған. Таңба суреттерді тақса да, ағашқа да ойып салған.
Одан әрі сабақты оқулық бойынша түсіндіремін. Ежелгі Египетте математикалық білімдердің болғандығын <<математикалық папирустар>> дәлелдейді.
Ежелгі Египетте құрылысқа тасты пайдалану кең өріс алды. Оған дәлел-Египеттегі пирамидалар, храмдар, сәулетті үйлер. Бұл міндеттерді орындау үшін құрылысшыларға қандай білім, амалдарды білу керек болды деп ойлайсыңдар? Ғылымның қай түрі дамыды?
Оқушылар ойын тыңдап болған соң сөзін жалғастырып, кітаптағы суретке оқушылар назарын аударамын. Ақ жібек матадан тігілген әдемі киім киген шонжар пальманың көлеңкесінде тұрып, егіншілер еңбегін бақылай отырып, іштей есеп шығарады:
<<Құлдар мен шаруалар еген даласынан храмға арнап 400 қап бидай жинады, 20 қабын шондарларды асырауға қалдыру керек, 80 қабын бордақыланған малға жемге жұмсаймын, 40 қабын құлдардың күн көруіне, 20 қабын көктемгі егіске. Сонда қанша қабы қалды?
Ол ойланып, есептеп көрсе, 240 қап бидай ды сатуға болады екен. Ауыл шаруашылығының тез өркендеп, дамуына байланысты египеттіктерге көп есеп шығаруға тара келді.
Осының бәрі қандай ғылымның дамуына әкелді? Әрине, оқушылар: <<Математика>>, -деп жауап береді.
Перғауын Ніл өзенінің бойына, табиғаты әдемі жерге сарай салғызуға нұсқау береді. Құрылысшылар кеңесе отырып, ол құрылысқа қанша кірпіш кетеді, неше құл мен шаруаны жұмысқа жегу керек, қанша күнде салып бітіруге болады-осының бәрін есептеп шығарады. Қолөнершілер де қоланы құйғанда мыс пен қалайының қанша бөлігін жұмсау керек екенін дәл есептеп алу қажет болған.
Тақтаға ежелгі египеттік сан таңбаларын жазып көрсетеді де, нені білдіретінін сұраймын.
Таңбаны жазу мен есептеу жүйесі қиын да, көп болды, соған қарамастан адамдар арифметикалық амалдың төрт түрін меңгере білді.
Египетте ең жоғары дәрежеде дамыған ғылымдардың бірі геометрия болды. Өйткені күнделікті тұрмыста, құрылыс саласында, жер өлшегенде ауданы мен көлемін анықтау қажет болды. Египеттіктер тік төртбұрыштың, үшбұрыштың, трапецияның және шеңбердің бер көлемін есептей білген. Олар ұзындықты шынтақпен де алақанмен де саусақпен де есептеген.
Ежелгі мысырлықтарға Нілдің қашан таситындығын күні бұрын білу қажет болған. Ең қысқа түнде таң алдында аспаннан жарық жұлдыз көрінетіндігін байқаған. Дәл сол күні су таси бастаған.
Ежелгі Египетте мектеп оқушыларына арналған ереже болған. Ережеде мынадай сөздер бар: <<Өз қолыңмен жазып, өз аузыңмен оқы. Өзіңнен артық білетіндермен ақылдас, болмаса сені ұрып-соғады. Баланың құлағы арқасында , ол таяқ жегенде ғана тыңдайды>>.
Египетткітер перғауындарды да құдайға теңеді. Оларды <<құдайдың ұлы>>, құдіретті деп санап, пір тұтқан. Егер перғауын аяқ киімін сүйдірсе, оның өзі үлкен құрмет деп есептелген.
oo Ежелгі Египетте перғауынның билігі қандай болған?
oo Мемлекеттік билік пен діннің арасында қандай байланыс жатыр?
Оқушылардың жауабын тыңдап болған соң, сөзін жалғастырып, ежелгі египеттіктердің перғауындарды пір тұту құрметіне толып жатқан мерекелер мен ойын-сауықтар ұйымдастырғаны туралы баяндаймын.
Осы бөлімді түсіндіру кезінде <<Осирис пен Исида>> туралы мифтің мазмұнына тоқталып, егер үлгерсе, толық айтып беремін. Р.М.Рубенштейннің <<Ежелгі Шығыс>> атты сыныптан тыс оқулығын пайдаланамын.
Төмендегі кестені сыныппен бірге толтырамын.
Құдайлардың аттары
Олар табиғат құбылыстары мен шаруашылықтың қандай түрлерін бейнелейді?
Олар құлиеленушілік құрылысқа қандай әсерін тигізді?
Фивы қаласындағы храмдар туралы айтылғанда оны салуға әлемнің әр түкпірінен келген, ең таңдаулы шеберлердің қатысқаны, оның колонналы залы дүние жүзіндегі ең биік зал болғаны, храм ішіндегі бөлмелерде 200-ден астам мүсіндер барын әсерлі түрде баяндаймын.
Тастан жасалған алыпқа қарағанда адамның зәресі ұшатын еді. Жұрт оны қалай атады? Бұл құрылыстар қандай мақсатта жасалды?
1. Пысықтауды картиналар, схемалар т.б. көрсету арқылы жүргізу.
2. Алған білім, біліктерді іс жүзінде пайдалануды қажет ететін кроссворд т.б. шешуге жаттықтыру.
IV. Үйге тапсырма: §7-8 1. <<Египет діні>> деген кестені толтыруды аяқтайды.
1. <<Шығыстағы мәдениеттің дамуы>> кестесін толтырады.
http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz