Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар

№6. Сабақтың тақырыбы: Ежелгі Египеттегі әлеуметтік құрылым
oo Білімділік: Билік шекарасы, мемлекет туралы ұғымдарды дамыту. ІІІ Тутмос тұсында Египет әскерлері зор жеңіске жетіп, бұл басқыншылық жорықтар Египеттің Азияға ықпалын, беделін күшейткенін баяндау.
oo Дамытушылық: ежелгі Египет еңбекшілерінің жағдайын, мүліктік және әлеуметтік жіктелуін ашып көрсету. Перғауындардың жаулап алған жерлерін аяусыз талан-таражға салғанын, фараон мен шонжарлар өмірін суреттеу.
oo
oo Тәрбиелік: Қолөнершілердіғ еңбегі, олардың ептілігі және төзімділігі жайлы баяндай отырыпы, оқушыларды еңбекке, шеберлікке тәрбиелеу. Египет әскербасыларының бөтен елге, жерге жасаған басқыншылық соғыстарын, олардың ұстанған саясатын бейнелеу, әшкерелеу
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Әдісі: баяндау
Көрнекілік: сурет, карта.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
* Ежелгі Египеттің табиғат жағдайларан сипаттаңдар.
* <<Ніл-құтты мекен>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген кестені қалай толтырғанын аралап көріп, екі-үш оқушыны орнынын тұрғызып, оқытамын.
ІІІ Тутмос жүргізген тағы бір қанды шайқас аяқталды. Перғауынның байлығына тағы байлық қосылды. Жорықтан әскербасы да оралды, оның байлығы бұрынғыдан да арта түсті. Шайқастарда жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Соғыстан оралған ол үйіне келгенде не көрді?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң, қарапайым халықтың жағдайын түсіндіруге көшемін. Көпшілігі соғыс жорықтарынан мүгедек болып оралғандықтан ешбір еңбекке жарамсыз болды, нәтижесінде кедейшілік пен қайыршылық жағдайда өмір сүрді. Бұл мүліктік және әлеуметтік жіктелудің тереңдеуіне әсер еткен, яғни ежелгі Египетте адамдар бай және кедей топтарға бөліне бастады.
Египет жауынгерлері жаулап алған елдердің мал-мүлкін, бағалы дүниелерін ғана емес, адамдарын да айдап әкелген.
Соғыста қолға түскен құл неге бағалы табыс болып есептелді? Неге оларды <<тірі өліктер>> деп атады?
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң құлдардың ең ауыр жұмыс атақарғандығын, олар егіс даласында, құрылыста, шеберханаларда еңбек етіп, үлкен харамдар мен фараондардың зираттарын салғанын баяндаймын.
oo Ежелгі Египеттегі құлдардың негізгі көзі не деп ойлайсыңдар?
oo Құлдар санының өсуі неге әкеліп соғуы мүмкін?
Шаруалардың жағдайын түсіндіруге көшкенде оқулықтың 31-бетіндегі кесте тақтаға сызылып, оқушылардың көмегімен толтырылады.


Құл
Шаруа
Колөнерші
Тау-кен жұмысшылары
1
Нені иемденді?

2
Қандай жұмыстар атқарды?

3
Қандай құқықтары болды?

Египетте б.з.б. ІІ мыңжылдықта құлдар шаруашылықтың барлық саласында еңбек етті. Шонжарлардың егіс далаларында жер жыртып, егін егіп, оны жинады, тау-кен жұмыстарын істеді.
Ежелгі Египеттегі шаруалар екі түрлі міндеттер өтеген:заттай алым-салық төлеген және еңбек ету міндеткерлігін атқарған. Шаруалар өз жерінде өндірілген астық және басқа да өнімдерімен салық төлеп отырған. Әкімдер әрбір шаруаның қанша жері мен малы, жеміс ағашы бар екенін есепке алып отырған. Күзге қарай шаруаның жеріне салық жинаушы келіп, түсімін есептеген.
Қолында таяғы мен пальма шыбығы бар күзетшілер астық беруін талап еткен. Салық жинаушының ойынша, ол атқарып жүрген қызмет ауыр, әрі ешкімге жақпайтын жұмыс.
<<Шаруаларға келсең осы,-дейді салық жинаушы,>>- <<Өнім жоқ>>- деп ренжиді де отырады, ештеңе бергілері келмейді, осыдан кейін күзетшісіз келіп көр.
Перғауындар басқарып тырған мемлекеттік аппарат әр түрлі қызмет басындағы шонжарлардан тұрды.
<<Шонжар>> ұғымы туралы баса айтып кетемін. Оларды тікелей перғауында өзі тағайындайды, шонжарлар тобына сарай қызметкерлері, қазылар, әкімдер, жазғыштар, сақшылар мен шабармандар жатты.
Перғауындар мемлекеттің шаруалар мен құлдарды басып-жаншитын құлар болғанын, үстем тап өкілдерінің мүддесін қорғап отырғанын сабақ барысында қорытындылап, түйіндеймін. Сондай-ақ ежелгі Египет патшаларының бүкіл Египет халқы мен табиғат байлықтарына иелік етіп, билеп-төстегені, шонжарлардың мүддесі үшін еңбеккерлерді аяусыз қанағаны туралы баяндаймын.
Перғауындар шонжарлардың жағдайын жақсарту мақсатында оларға құнарлы жерлерден тұтас мекендер беріп, шондардар өмірі мен олардың дүние-мүлкіне қастандық жасағандарды аяусыз жазалағанын айта отырып, перғауын мен шонжарлар бейнесін аша түсемін.
Оқулықтағы суреттерге оқушылар назарын аудару.
Ежелгі Египеттіктердің перғауынды құдай деп санайтына тоқталып, тақтаға <<Перғауын>> (<<фараон>>) сөзін жазып, египеттіктерше <<перо>> сөзі <<үлкен үй>>, <<патша сарай>> деген ұғымды білдіретінін айтамын.
Шонжарлар тобына кімдер жататынын тақтаға жазып қоямын. Олардың тұмыс жағдайы туралы бір оқушыға кітаптан оқытамын.
Перғауындардың жақсы дайындығы бар, жаттықтырылған, тұрақты әскер құрғаны туралы баяндай келіп, ІІІ Тутмостың негізгі әсер құрамы жаяу әскерден тұрғанын, құлдар әскерге шақырылмағанын, негізгі әскер құрамы шаруалар болғандығын айтамын.
Тәжірибелі әскербасылар қарамығындағы жаынгерлерін сапта жүру, садақ ату сияқты әскери өнерлерге үйретті. Жалқауларға дүре соғылды. Бейбіт уақытта жауынгерлер жұмыстың небір ауыр түрлерін атқарды.
Соғыс тактикасында жеңіске жету көбінесе жаяу әскердің іс-қимылдарына байланысты болды. Жаяу әскер садақпен қаруланды. Ауыр қаруланғандардың қолында қалқаны, ұзын найза, балтасы болды.
Соғыс қару-жарақтарын жасаған кезде қола кеңірек қолданыла бастады.
Жеңіл арбалы атты әскер құрамы пайда болып, соғыс тактикасына үлкен өзгерістер әкелгенін, оған тек бай-шонжарлар, ауқатты әскербасылар мінгенін айта кетемін. Ал олардың қолбасшысы болып, әрине, перғауынның баласы ғана тағайындалды.
Сондай-ақ перғауындардың Азия мен Африка елдеріне ақы төлеп, әскер жалдағанын айта кетемін.
Перғауындар жалдамалы әскерін қалай тиімді пайдалана білді? /ой қозғау/
Оқушылар жауабын тыңдап болған соң: <<Шаруалардан құрылған әскерге қарағанда жалдамалы әскерлер әскери сапасы жағынан ерекшелеу болды. Соғыс өнерін жақсы білді. Шаруалардан құрылған жауынгерлерден жалдамалы әскерлердің айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар? Қандай жағдайларда сенімді болды? Қандай жағдайларда әлсіздік танытты?>> деген сұрақтар қоя отырып, әскердің екі түріне мінездеме беруге көшемін. Әскерге алынған шаруаларды перғауындар соғыс өнеріне үйретті, жаттықтырды. Бірақ әскери жорықтар кезінде шаруаның ойында, санасында ауылы, шаруашылығы тұрды. Алдағы шайқасты ойлап келе жатқан ол жоқ, шаруашылықты басқаруға отбасының шамасы жете ме, күзгі өнімді жинай ала ма-міне, оны осы ойлар қинайды.
Жалдамалы әскердің негізгі міндеті-жорыққа қатысу, соғыс тактикасын үйрену, сондықтан ол шаруаларға қарағанда сапасы жағынан мықты, соғыс өнерін меңгерген, жауды жеңіп, бекіністі алуға бар күшін салады. Ал егер Египетті жау шапса, қайсысы елін ерлікпен қорғай алады? Неге?
Соғыста қолға түскен тұтқындар неге бағалы болды?
Соғыста жан аянбай күрескен шаруа да үйіне оралды. Шайқастан оралған шаруаның үйі, шаруашылығы қандай жағдайда еді?
Үнемі жүргізілген соғыстар Египет патшалығын неге әлсіретті? Өз ойларыңды білдіріңдер.
Тақтадағы кесте толтырылғаннан кейін, әрине, оқушылардың көмегіне сүйене отырып, төмендегі мәселелерге оқушылар назарын аударамын.
<<Шаруа дегеніміз кім?
Шаруа шаруашылығына сипаттама беріңдер.
Оны кім және қалай қанады?
Құл мен шаруаның айырмашылығы неде деп ойлайсыңдар?
Қайсысының құқығы мүлде жоқ болды?>>
Қолөнершілердің еңбегі туралы бір оқушыға дауыстап оқытамын
Сабақты пысықтаймын.
ІІІ. Үй тапсырмасы: §5-6.

http://history.ucoz.co.uk/ сайтынан алынған

Ұқсас жұмыстар
Дүние жүзы тарихы пәнінен сабақ жоспарлары. 6-сынып
Шумер және Аккад
Қызыл түсті шар төртінші топ
Блиц сұрақтар
ХV-ХVІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясынан өткенді қайталау
Ата сөзі санамда
Қола дәуірінің негізгі сипаты
Көжек (ертегі)
Бұқар қалқаманұлы "бірінші тілек тілеңіз", "ай, абылай" 9-сынып
Нағыз адам Шал мен бала
Пәндер