Тиімді әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту

Ақмола облысы Степногорск қаласы

«С. Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп -лицейі» ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

Кушкумбаева Сауле Маратовна

«Тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың

сыни ойлауын дамыту»

Қазіргі кезде мектептерде жиі қолданылып отырған жаңа модулінің бірі - оқушылардың жазу мен оқуда сын тұрғысынан ойлау қабілетін қалыптастыруға бағытталған әдіс-тәсілдер. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Сыни тұрғыдан ойлау өзіндік, жеке ойлау болып табылады. Ал, сабақ сыни тұрғыдан ойлау принциптеріне негізделетін болса, әркім өз ойлары мен пікірлерін және бағалауларын басқалардан тәуелсіз құратын болады. Сыни тұрғыдан ойлайтын адам басқаның көзқарасымен жиі келісе бермейді. Олар не ойлау керектігін өздері шешетін болады. Сыни тұрғыдан ойлауды дамытудағы әдіс-тәсілдерді қолдану сабақта көп нәтиже береді. Оқушының жеке басын дамыту үшін мынандай қағидаларды есте үнемі ұстап отыру керек.

1. Баланың бойындағы құмарлығын, қызығушылығын жойып алмай оны үнемі алға жылжуға деген талап тілектерін, сұраныс пен мұқтаждарын ескеру, шығармашылығын жетілдіру.

2. Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасау.

3. Өзін-өзі қалыптастыратын тұлға қалыптастыру. Мен өз сабақтарымда сыни тұрғыдан ойлау технологиясының бірнеше стратегияларын қолданамын. Жалпы әр сабақ психологиялық дайындықтан басталады. Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер айтып, өздерін сабаққа дайындап алады.

Жоспарланған сабақтар топтамасында 4 деңгейден тұратын

технологияның негізгі талаптарын жүзеге асыру үшін мынадай әдіс-

тәсілдерді қолдандым.

  1. Сұрақ қою әдісі

Мені қатты ойландырған мәселе бастапқы білім мен соңғы алған білімдерін ұштастыру, шоғырландыру үшін сұрақты қалай қою керек және оның нақты көрініс табуы, оқушыларды сыни ойлануға бағыттау болды. Оқушының қате жауабына "Дұрыс деп ойлайсыңдар ма?", «Тағы да қандай пікір айтар едіңдер?», «Жауаптың дұрыс екеніне сенімдісіңдер ме?», «Неге сүйенесің? », «Толықтыруға бола ма?», «Мысал келтіре аласың ба?»т. б. деген сұрақтарды қайта бағыттау арқылы диалог құрып, балалардың әлеуметтік ортада өзін-өзі реттеу, ой-пікірлерін жүйелеу қабілеттерін дамытуға болатынына көз жеткіздім. Тапсырмада берілген есептерді еркінше таңдап алуда және оны шығару тәсілдерімен пікір алмасқанда оқушылар өзін-өзі, сыныптастарын бағалауға мүмкіндік алды. Топтар арасындағы пікір алмасуда бір-бірінің жіберген қателері мен өз идеяларының да құнды екенін бағалай алды.

2 . Миға шабуыл әдісі / Метод мозгового штурма (брэйнсторминг) /

/ Brainstorming/ - белгілі бір проблеманы қарқынды талқылау -

шығармашылық белсенділікті ынталандыру жолы. Бұл тәсіл кезінде қатысушылардың ойлау үдерісі белгілі бір мәселені шешу жөнінде түрлі идеяларды талқылауға және ойлап табуға бағытталған.

3. Джигсо (мозаика) / Джигсо (мозаика) / Jigsaw - Эллиот Аронсон ұсынған, оқушылардың білімдік міндеттерді шешу мақсатында ынтымақтасып жұмыс істеуін көздейтін оқыту мен оқу әдісі.

4. Диалогтік оқыту / Диалогическое обучение / Dialogic teaching - мұғалімнің оқу материалын оқушыларға түсіндіріп, оқушылардың сол оқу материалын меңгеруі мақсатында оқу материалын дайындаудың және баяндаушы әңгіме жүргізудің нақтылы реттеуші ережелерін ескере отырып құрылған оқыту мен оқу тәсілі. Оқушыларды мәселені (проблеманы) анықтап, оны шешуге итермелейді және олардың оқудағы іс-әрекеттерін белсенді етуді көздейді.

5. Белсенді оқу әдістері / Методы активного обучения / Active learning methods - оқу материалын өз бетінше, бастама жасай отырып, шығармашылықпен игеруде оқушылардың оқу үдерісіне толыққанды ойлану арқылы тартылуын көздейтін әрекеттер мен амалдар. Белсенді оқу әдістеріне дебат, пікірталас, рөлдік ойындар, жоба жүргізу, т. б. жатады.

Сабақтың құрылымы:

1. Қызығушылықты ояту;

2. Мағынаны тану;

3. Ой толғаныс.

І. Қызығушылықты ояту - жаңа сабақты түсіндіру кезіндегі үйрету процесі. Бұл өткен сабақ пен жаңа сабақты ұйымдастырудан тұрады. Бұл процесс бойынша оқушы нені біледі, не айта алады, осы кезеңде «топтау», «миға шабуыл», «болжау» тәсілдерін пайдаланамын. Бұнда ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты-үйренушінің белсенділігін, ынта-жігерін арттыру. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады. Жұбымен, тобымен талқылайды.

ІІ. Мағынаны тану - бұл кезеңде оқушы жаңа жаңалықпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, әр түрлі тапсырмалар орындайды. Стратегиялар: INSERT, кубизм.

ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде Венн диаграмма, еркін жазу, бес жолды өлең, эссе т. б. стратегиялар қолданылады. Олар арқылы баланың дамуына, оның бойындағы жеке қабілеттердің ашылуына, шығармашылықпен ізденуіне жол ашылады. Әдебиеттік оқу пәнінен 4 сыныпта «Көктем» (Қ. Аманжолов) тақырыбы бойынша сабақ өткіздім. Сын тұрғысынан ойлау бағыты бойынша мен сабағымды үш кезеңінде қолдандым. Ең бірінші әрекет сыныптағы оқушыларды 3 топқа бөліп алдым. Әр топта 6 баладан отырды.


Ұқсас жұмыстар
Жеті модуль бойынша оқытудың тиімділігі
Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегіөзгеріс жайлы рефлексивтік есеп
Барлық баланы оқыту
Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу жолдары
Лездік тапсырмалар
Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушыларды сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
Құзыретті оқушы
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету модулінің есебі
Жаңа формация мұғалімі болу заманауи қажеттілік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz