Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні

ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ЖАРМА АУДАНЫ
ШУАҚ АУЫЛЫ
<<№ 236 ОРТА МЕКТЕБІ>> КММ

Ашық тәрбие сағаты
<<Ұстазым, менің ұстазым>>

Сынып жетекші: Токенова А.Ж.

Шуақ ауылы
2017-2018 оқу жылы

<<Ұстазым, менің ұстазым>>
Сабақтың мақсаты:
а)Оқушыларға ұстаз -- екінші ана екендігін түсіндіру. Мерекелерімен құттықтау.
ә)Танымдық қабілетін арттыру. Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты нығайту.
б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету, лебіз білдіру, адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі. (бейнеролик көрсетіледі)
(Хормен барлығы):
Құрметіне ұстаздың тік тұрайық.
Алаңдап басқаға біз бас бұрмайық.
Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні
Барлығымыз қуанып қарсы алайық! (шар мен открытка ұсынылады)

Балалардың бағы болып басты әні,
Ұстаз елді болашаққа бастады.
Нұрын шашып ұстаздықтың дастаны,
Ашық болсын туған елдің аспаны.
Аспандағы жұлдыздардай жанды үміт,
Арайлап ата берсін таң күліп.
Жақсы ойлары жүректерді жаңғыртып,
Ұстаз ісі жасай берсін мәңгілік.
Мұғалімнің құттықтау сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ұлағатты ұстаздар, оқушылар!
Сіздерді дәстүрлі ұстаздар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Баршаңыздың отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық табыстар тілейміз.
Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. <<Жақсы мұғалім -- мектептің жүрегі>>- деген Ы.Алтынсарин атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес. Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі - ұлы еңбек.
Мұғалім деген-ерекше тұлға дара шың,
Ұмытылмастай өмірде мәңгі қалатын.
Мұғалім деген - аяулы адам асыл жан,
Шәкірт көңіліне күй болып жайнап жанатын.

Бүгінгі біздің меркемізге қанша қонақ келді деп ойлайсыңдар?
Қателесесіңдер. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызға құпия достарымыз келіп отыр. Ол қонақтарды табу үшін, сендер бірқатар сұрақтарға жауап берулерің керек.
1. Бұл қонақтардың ұстаздар мерекесіне қатысы бар ма?
2. Олардың мамандықтары қандай деп ойлайсыңдар?
3. Олардың қандай ұқсастықтары бар?
Олардың біздің ауылымыздың тұрғындары ма?
Біздің мектепте жұмыс істейді ме?

Қандай жастағы адамдар?

Олардың бір ортақ белгілері - олар осы мектептің түлектері болып қанаттарын қағып ұшқан болатын және бүгінгі күні мамандық иесі болып, осы мектепке қайта ұстаз болып оралып отыр.

Олай болса, біздің құпия қонақтарымызды ортаға шақырсақ...
Бақытнұр Саматовна, Сымбат Мұратұлы, Аида Серғазықызы, жайғасып отырыңыздар! Көңіл-күйлеріңіз қалай? Жақсы, сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймыз! Сіздерге қоятын бірнеше сұрақтарым бар еді, соларға жауап алсақ сіздерден, дайынсыздар ма? Олай болса кеттік.....
Сіздер қай жылдың түлектерісіздер? Мхм, неше жыл өтті?
Мектепте оқығандарыңызда ұстаз туралы қандай ойларыңыз болды? Бүгінгі күні ұстазға деген ойларыңыз күрт өзгерді ме?
Оқушы кездеріңізден қызықты оқиғаларыңыздарды айтып өтсеңіздер........
Осы мектепте жұмыс істеген уақыттарыңыздан қандай қызықты оқиғалар болды?
Жақсы, рахмет. Енді сіздерге осы сыныптың 4 оқушыдан өздеріңізге топқа алып, үстелдерге жайғассаңыздар. Сіздерге бірігіп топтық жұмыс жасауға ұсынамын. (әуен қосылады жұмыс істеген кезде)
Жұмыстарын қорғайды
Керемет, енді осы жұмыс несімен қызықты болды - сұрақ қонақ мұғалімдерге қойылады
Керемет, енді осы жұмыс несімен қызықты болды - сұрақ оқушыларға қойылады
Ұстаздар күніне құттықтауларыңыз болса, қонақтарға сөз беремін.
Енді біз сіздерді қонақ ретінде шақырғаннан кейін, сіздерге өзіміздің қонақжайлылығымызды көрсетіп, сыйлықтарсыз жібермейміз. Өзіміз дайындаған, оқушылардың өз қолымен жазған сіздерге арналған тілектерімен осы күнделікті сіздерге тарту етеміз! Сіздерге естелік 6 <<Ә>> сынып оқушыларынан!!!

<<Ұстазым, менің ұстазым>> - атты ашық тәрбие сағатымызды әнмен аяқтаймыз, бәріміз бірге қосылып,айтайық! (караоке ән қосылады).
Бәрі ( Хор )
Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!
Осымен ұстаздарға арналған мерекелік тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін -көп рахмет.

Ұқсас жұмыстар
Шәкірт жанын аялайтын, ұғатын, Мерекеңіз құтты болсын мұғалім
Ардақты ұстаздар
Ұстаздар күніне арналған Ұстаздарға мың алғыс атты мерекелік сазды бағдарламасы
Ұстазы жақсының ұстамы жақсы
Ұстазға тағзым етейік
Ұстаз -- ұрпақ мақтанышы
Ұстазым – алтын діңгегім
Ұстаз кіргенде құрмет ретінде түрегелу
Ұстаздың ұлы келбеті
Тақырып Ұстаз - ұлы есім
Пәндер