Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Туған тілдің тұғыры
<<Бекітілді>>
Мектеп директорының
міндетін атқарушы:........................Г.Жумабекова
Күні: 15. 04. 2017жыл
Тақырыбы: <<Туған тілдің-тұғыры>>
Мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпақты ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан ана тілінің өресін әлемнің бай тілдер сатысына көтеру арқылы білімдерін шыңдау және тіліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру;
Дамытушылық: Туған тіліміздің тұғырының мықты болуына негіз қалаған аға ұрпақ өкілдерінің еңбектерін оқып үйрену, қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оқушылардың тез ойланып, жауаптарын тиянақты, жүйені айта алуға, еркін сөйлеуге баулу;
Тәрбиелік: Егеменді еліміздің жас қырандарын өз ұлтымыздың мәртебесін биік, ана тілінде таза сөйлеуге және баба рухынан, тілінен нәр алып, сусындап өсуіне тәрбиелеу
Сабақтың әдіс-тәсілі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Сабақтың типі: аралас
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, үлестірме қағаздар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру (психологиялық дайындық)
Оқушылар орындарынан тұрып, көздерін жұмады. Мұғалімнің айтқан сөзін қайталайды: Мен сабақтамын. Қазір сабақ оқуды бастаймын. Есте сақтау қабілетім жоғары, миым анық ойлайды. Мен сабаққа белсене араласуға дайынмын
Сабақтың жоспары
Бабадан қалған - асыл сөз
Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді
Мақал-мәтелдерді жалғастыр
Артық болмас білгенің
Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін деген бөлімдерден тұрады
Тіл - қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам - туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - ана тілі.
1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақстан Республикасында <<Тілдер туралы>> заңы қабылданып, қазақ тіліне <<Мемлекеттік тіл>> мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының <<Тіл туралы>> Ата Заңы қабылданды. Заңда қазақ тілі - мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Қазіргі қазақ тілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі болып табылады. Қазақ тілінің сөздік құрамы өте бай, оған 67 мың тізімдік сөз, 24,5 мың фразеологиялық тіркес - барлығы 91,5 мың лексикалық бірлік кірген бір ғана он томдық <<Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі>> куә бола алады. Қазақ тілі түркі тілдерінің қыпшақ тобына кіреді және ол әсіресе, ноғай, қарақалпақ тілдеріне жақын болып табылады.
Қазақ тілі - өзінің даласындай кең пішілген жайдары да жалпақ тіл. Оған қысылып-қымтырылу, ерін ұшынан шүлдірлеп-былдырлау мүлде жат. Қазақ нені айтса да ауызды толтырып айтады. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңырау желіндей еркін есіп тұрады. Қазақ тілінің биязы мақамы - домбыраның күмбір қаққан сазындай. Асқақ әуенділігі шырқап салар әніндей. Шешендерден шыққан қара сөздің өзінде өлеңге бергісіз келісім, іштей үйлескен ырғақ болады. Сөз бен сөз, дыбыс пен дыбыс өзара ұйқасып, жымдасып жатады. Тыңдаушысын бірден ұйытып әкететін осы үндестік пен әсем ырғақ құлақ түбіне хрустальдай сыңғырлап, қазақ тілін сұлу да сиқырлы етіп көрсетеді. Кейде қазақ болып туғаның үшін және әлемдегі ең бай, ең сұлу тілде сөйлегенің үшін өзіңді бақытты сезінесің.
Б. Момышұлы атамыз: <<Тілін білмеген - түбін білмейді>> деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз - тіліміз.
Тіл - ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.
<<Тіл - ұлттың басты негізі>> деректі фильм тамашалау
<<Бабадан қалған - асыл сөз>> бөлімі
(оқушыларға оқыту)
<<Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді>>
Ғ. Мұстафин
<<Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді>> Ғ. Мүсірепов
<<Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту - бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту>> Б. Момышұлы
<<Ана тілің - асылың, оны білмеген - масылың>> Қадыр мырза Әли
<<Тіл - жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт - жойылған жұрт>> Х. Досмұхамедұлы
<<Жақсының аты өлмейді, Ғалымның хаты өлмейді>> бөлімі
1) Торайғыров 2) Әбілев 3) Әлімбаев 4) Жұмабаев
Осы аты аталған ақын-жазушылардың барлығы дерлік қазақ тіліне арнап өлеңдер мен нақыл сөздер жазған. Олай болса өлең шумақтарына кезек берейік
Сұлтанмахмұт Торайғыров <<Сүйемін туған тілді - анам тілін>>
Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнім...
Сол тілмен шешем мені әлдилеген,
Еркелеткен, құлыным, жаным деген.
Ең бірінші сол тілмен сыртқа шықты,
Сүйгенім, жек көргенім, ұнатқаным.
Дихан Әбілев <<Туған тілім>>
Туған тілім - бабам тілі - өз тілім!
Туған тілім - анам тілі - өз тілім!
Туған тілім - далам тілі - өз тілім!
Туған тілім - адам тілі - өз тілім!
Көк аспанда қанат қағып ұшқанда,
Өз тілінде қиқулайды құстар да.
Өз тілінде кісінейді құлыншақ,
Деген кім бар <<Өз тіліңді ұстанба!>>
Мағжан Жұмабаев <<Қазақ тілі>>
Күш кеміді, айбынды ту құлады,
Кеше батыр - бүгін қорқақ, бұғады.
Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,
Қан суынған, жүрек солғын соғады.
Жарық көрмей жатсаң да ұзақ, кен-тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа
Ақ қолыңмен тарта аларсың сен, тілім!
Әбділда Тәжібаев <<Туған тілім - тірлігімнің айғағы>>
Туған тілім - тірлігімнің айғағы,
Тілім бар да айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.
Ана тілім, дана тілі, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қасіретім, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
<<Ойлан, тап!>> Мақал-мәтелдерді жалғастыр
1. Тіл - адам ойының . . . (айнасы).
2. Тіл қылыштан . . . (өткір).
3. Өнер алды . . . (қызыл тіл).
4. Бас кеспек болса да, . . . (тіл кеспек жоқ).
5. Ана сүті бой өсіреді, . . . (ана тілі ой өсіреді).
6. Тілмен байланған . . . ( тіспен шешілмес).
7. Тіл - буынсыз, . . . (ой - түпсіз).
8. Тіл тас жарады, . . . ( тас жармаса бас жарады).
9. Шебердің қолы ортақ, . . . (шешеннің тілі ортақ).
10. Басқа бәле . . . (тілден).
11. Бал тамған тілден . . . (у тамар).
12. Жеті жұрттың тілін біл, . . . (жеті түрлі ілім біл).
13. Тіл жүйрік емес, . . . (шын жүйрік).
14. Тіл жүйріктен де . . . (озады).
Сергіту сәті
Сүйсем өз тілімді,
Боламын білімді.
Өз тілім үйретер,
Өнерді, ғылымды.
Боламын білімді,
Сүйемін тілімді!
Талдау:
Неліктен тілді анамен байланыстырамыз?
Қандай адам өз тілін құрметтейді?
Неліктен өз тілінде сөйлейтін адам сыйлы болады?
<<Артық болмас білгенің>> бөлімі
Мемлекет дамуындағы маңызды мәселенің бірі - үш тұғырлы тіл мәселесі десек, артық айтқандық болмас. Жаhандану жағдайында жалғыз тілмен қала алмайсың. Әлемдік ақпарат, технология, жаңа инновациялық индустрия ағылшын тілінде жүріп жатыр. Демек бұл тілді біз еркін меңгеруіміз керек. Ұлтаралық қатынас тілі - орыс тілі де ел дамуында өзіндік рөлін жоғалтқан жоқ. Оны тарихымыздан сызып тастай алмаймызБұрын көп тілді білу мақтан болса, енді ол қажеттілікке айналды.Алайда, қандай жағдайда да, туған тіліміз - қазақ тілі өз мәртебесін жоғары ұстауы тиіс. Туған тілдің туы қашанда биік болуы қажет.
(орыс, ағылшын және тілінде өлеңдер оқылады)
Ана тілің - арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.
Родной язык - это твоя честь,
Твоя совесть.
Знай язык всех народов,
Уважай свой язык
Нәтиф лангрудж ë онесть
Ĕ труст
Ĕ маст нау ол лангрудж
Бат лав ë лангрудж бест оф ол
<<Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін>> бөлімі
Ана тілім - ұраным,
Ана тілім - құралым.
___________________
___________________
өлең жолдарын пайдаланып, өлеңді аяқтау
Қорытынды
Құлақтан кіріп бойды алар,
Әсем ән мен тәтті күй.
Жүрекке түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
♫ Хор <<Анамның тілі - аяулы үні>>
Өмірге келдім,
Анамды көрдім.
Деді ол <<жаным>>
Арайлы таңым.
Самал боп желпіп,
Жырымен ертіп.
Үйретті тынбай
Бал тілін әнін
Қайырмасы:
Анамның тілі - Айбыным менің,
Анамның тілі - Ай, Күнім менің.
Сүйемін байтақ елімді туған,
Сүйемін мәңгі өмірді думан.
Мектепке келдім,
Ұстазды көрдім.
Тыңдадым сөзін,
Табынып, сүйіп.
Анамның тілі - аяулы үні,
Жүрекке нұрын,
Жіберді құйып.
<<Тексерілді>>
МДТІЖО:................ М.Бейсеева
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Т. Рысқұлов атындағы жалпы орта мектебі
Тақырыбы:
<<Туған тілдің тұғыры>>
Тарих пәнінің мұғалімі: Есполатова А
Түлкібас-2017 ж
Сөзжұмбақ <<Отан>>
1. Ұлттардың бірлігі, татулығы /Достық/
2. Елордамыз қай қала /Астана /
3. Біз қай ұлтпыз?/ Қазақ/
4.Мемлекеттің рәміздеріміздің бірі /Әнұран/

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz