Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Әліппемен қоштасу. Қош бол, сүйікті Әліппем
Тақырыбы: Қош бол, сүйікті Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік:
Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау,
өз өнерлерін ата-
аналарға көрсету,белсенділігін арттырып,ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық:
Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып,толық
жауап беруін,қабылдауын,зейін қоюын,есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік:
Адамгершілікке, ұқыптылыққа,бірін-бірі сыйлауға.кеш барысында өзін-өзі
дұрыс ұстауға үйретіп,ана тілін сүйіп,қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі»
оқулықтарының
мұқабасы, шарлар, слайд-шоу.
Барысы: І бөлім
Мұғалім:
- Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар Ана тілінің ғажайып әрі шынайы
әлеміне бүлдіршіндерді дәл жетелейтін, оқуға, білімге деген ұмтылысқа
шақыратын Әліппе оқулығы болса, міне, бүгін сол Әліппемен қоштасу
ертеңгілігіне келіп отырсыздар. Әліппе бітіру тойларыңыз құтты болсын!
Бүгінгі мерекемізге қош келдіңіздер! Кеше ғана мектеп табалдырығын
имене аттаған жас бүлдіршіндер бүгінгі саналы оқушы болып, барлық
ғылымның атасы, біздің болашағымыздың негізі – Әліппені бітіріп
отырмыз. Мұғаліммен бірге оқушылармен қоса оқыған ата-аналар
еңбегіміздің жемісін көрейік. Тойларыңыз тойға ұлассын!
1-жүргізуші: Бекзат
Көз салып қараңызшы боймызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Қош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,
Әліппемен қоштасу тойымызға.
2-жүргізуші: Арайлым
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштассақ,
Өсті білім, бойымыз.
Құтты болсын тойымыз.
3-жүргізуші: Жанарыс
Уа, халайық, халайық!
Мұнда назар салайық!
Бүлдіршінің ортада
Қане қарсы алайық!
Оқушылар музыкамен ортаға кіреді.
1-жүргізуші:
Ассалаумағалейкүм, халайық!
2-жүргізуші:
Армысыздыр қонақтар!
3-жүргізуші:
Енді біз өзіміз оқып, өзіміз жаза аламыз.Бұл әрине, Әліппенің арқасы.
2-жүргізуші:
Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,
Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.
Ризамыз бәрімізді таныстырған
Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.
Мұғалім:
Іші толы әріпке
Білімдіге жарық не?
Хормен:
Болашаққа жол ашар
Ол сүйікті Әліппе!
Мұғалім:
Олай болса, қымбатты Әліппені ортаға шақырайық.
Хормен:
Әліппе! Әліппе! Әліппе!
Әліппе: Қуанышбек
Армысыңдар жас достар!
Армысыңдар, ата-ана!
Болашаққа жол бастар,
Әліппең келді ортаңа.
Жақсы білім көрімдік,
Болсын сізге халайық.
Не үйреніп, не білдік,
Қане, ортаға салайық!
Димаш
Ең алғаш қолға алғанда Әліппені
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың
Ұстазым маған кілтін алып берді.
Толғанай
А- ны айтқанда дауысымыз дірілдеді
Ұстазым көз алдымда күлімдеді.
Күн сайын әріптердің атын білем,
Сөз оқимын айырып әріпті енді.
1-жүргізуші:
Әліппе деген даңғыл жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес, ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
ХОР. «Әліппе»
1-жүргізуші:
Кешегі сәби балаңыз
Жарады міне қараңыз
Ғылым, білім жолына
Енді қайық саламыз.
2-жүргізуші:
Мектебімнің есігін
Қыркүйекте ашқанбыз
Оқушы болып мектепке
Қуанып қадам басқанбыз.
3-жүргізуші:
Армысыңдар, аналар!
Бармысыңдар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңдар,
Бір серпіліп қалыңыз!
Әліппеге арналмақ,
Бүгінгі жыр-әніміз!
1-жүргізуші:
Барлық әріп бағалы
Айтсақ әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды
Буын онсыз толмайды.
Мұғалім:
Ал, қане, мына көпшілікке әріптердің сырын ашайық балалар!
А-әрпі. Гүлжауһар
Менің үшін жақсы адам
Артық көрем басқадан,
Апа, ата сөздері
Қайсы әріптен басталған?
Н-әрпі. Арсен
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы.
Қайсы әріптен басталған
Соңғы әрпінеде қарашы.
Ғ-әрпі. Дамир
Ұқсайды өзі шалғыға
Елестет көз алдыңа,
Қане, ойланып табайық
Болды екен бұл қай әріп ?
Р-әрпі. Димаш
Қырларда құр- деші,
Жайылып жүр- деші.
Ал енді өзің-ақ
Р-р-р-р-деші.
О-әрпі. Рахым
О-кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп.
М-әрпі. Дарын
Түйе өркешіне қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
С-әрпі. Нұрдәулет
Білезікке қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?
В-әрпі. Нұржан
Қосылса 13 арасы
Қандай әріп қарашы?
Ы-әрпі. Дильназ
Кесе, шыны, пияла
Оларсыз шай құя ма?
Қасықсыз тамақ жемейміз
Бәрінің атын не дейміз?
І-әрпі. Сымбат
Ірімшікті жедің ғой
Тәтті екен дедің ғой
Оның аты біз жазған
Қайсы әріптен басталған?
З-әрпі. Қарақат
Қаздан көре аласың
Қағаздан да табасың
Байқамасаң анықтап
Үш екен деп қаласың.
Ү-әрпі. Алина
Үйрек десе-бірінші,
Бүйрек десе-екінші.
Бұл қай әріп екенін
Біреу айтып берсінші.
Г-әрпі. Диана
Егіз десе-екінші,
Сегіз десе-үшінші
Бұл қай әріп екенін
Өзің қарап түсінші.
Ө-әрпі. Диана
Өрікте сөздің басында
Бөрікте б-ның қасында.
Бұл қай әріп көріңдер,
Енді айтып беріңдер.
П-әрпі. Альмира
Ата-анаңмен барып сен
Пілді көрдің парктен
Осы атаулар зер салшы
Басталған қай әріптен?
Ф-әрпі.Мадияр
Қос бүйірін таянып
Тұратын ол қай әріп.
ХОР. «Әліппе»
1-жүргізуші:
Қане келе қойыңдар
Мұнда ғажап ойын бар
Қане қайда әріптер
Мұнда бәрін алып кел
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға!
Мұғалім:
«Жақсы сөз – жарым ырыс» дегендей, біз әріптерді оқи отырып жақсы сөздермен
көптеп таныстық. Ендеше мына әріптерге байланысты тілек сөздер айтып
көрейік.
(ата-аналарға айтқызу)
Ә - әдепті
Л - лайықты
І - ізетті
П - пайымды
П - пысық
Е - есті болып
Г - гүлдей жайнап
Е - елімізді сүйеміз
Р - рахымды
А - алғыс айтып
Х - халқымызға
М - мейірімді болып
Е - елгезек
Т - талантты болайық
Әліппе:
Көп рахмет балалар,
Менен білім алыңдар
Әр сөзімді жаттаған
Достар үшін мақтанам.
Арайлым: - Бекзат, 5-тен 5-ті алғанда неше қалады?
Бекзат: (алақанын ашып, сосын жұмып) – Не қалатын еді, жұдырық қалады да!
Жанарыс: - Қайдағы жұдырық, 0 қалады!
3-жүргізуші:
Математика сабағын
Жақсылап ұғып аламын
Онда айтайық санамақ
Аңғар санын саралап.
Толғанай
1 дегенің – бесігіңді түзедің
2 дегенің – Егеменді ел дедің
3 дегенің – анатілім асылым
Басқа тілден мәртебесін асырдың
4-іншіңіз төреліктен таймаған
Нұрсұлтанды хан тағына сайлаған
5 дегенің – берекелі болғаны
6 дегенің – айбының ол асырған
7 дегенің – ту ұстадың жасылдан
8-інші салт-дәстүрің оралған
9-ыншы атың кетті алысқа
Тоқтар бастап қазақ ұшты ғарыщқа
10 дегенің – орындалып ойдағың
Наурызыңды өз мәнінде тойладың.
Димаш
- Ал, мен кері санамақ білемін. Аты: «Бөрік тіктім»
10 ойланып 9 толғанып
8 рет сызып
7 рет бұзып
6 рет қарап
5 рет санап
4 түйме қадап
3 тал үкі тағып
2 қолым талып
1 бөрік тіктім
Әзер деп біттім.
ХОР. «Қоңырау»
Маулен
Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Гүлмира апайдың айтқанын
Зердемізге тоқимыз.
Дамир
Әліппе – білім анасы
Әліппе – кітап данасы
Әліппе бетін ашпаған
Адамның бар ма баласы.
Бекзаттың орындауында «Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.
Қарақат
Алфавиттің «А» тұрады басында,
Әрқашанда «Ә» тұрады қасында.
Байқадың ба «Б» тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде түсінші.
«А» деген ол - аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты,
«Б» деген ол-балалар ғой әдемі,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
Әліппе:
- Ал, достар, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын
Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық!
Мұғалім:
Ана тілі ортаға келіңіз!
Ана тілі: Алина
Туған елдің тілімін
Ақылыммен танылам
Түсіндірір бәріне
Ана тілі мен болам.
Ана тілің – арың бұл
Ұятың боп тұр бетте
Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте.
- Саламатсыңдар ма, балалар! Мен сендердің келешекте сауатты азамат
болатындарыңа сенемін!
Әліппе:
Әліппенің бетін жарық ет
Ұл-қызды түгел білімді ет
Келесі оқу жылына
Аман-есен түгел жет.
- Ал, мен енді сендермен қоштасамын. Қош болыңдар балалар! Сабақты жақсы
оқыңдар!
Хормен:
- Қош сау бол, Әліппе!
2-жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға Ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!
2-жүргізуші:
Баланың да тірегі,
Дананың да тірегі,
Шаншылмасын ешқашан,
Аналардың жүрегі.
Бекзат пен Жанарыстың орындауында «Аналар» әнін қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен ата-аналар,
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл-қыздарың көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым таңдана таңдай қағар.
ІІ бөлім
Музыкалық бағдарлама
1. Би. «Қара жорға» Бір топ оқушылар
2. Ән. «Біз – өмірдің гүліміз» Бір топ ұлдар
3. Ән. «Ертегілер» Нұрай
4. Би. «Өзбек қызы» Толғанай
5. Ән. «Жау жаңбыр» Қарақат
6. Ән. «Ойыншықтар» Бір топ қыздар
7. Би. «Шабыт» Дильназ бен Альмира
ІІІ бөлім
3-жүргізуші:
Арманмен алыстарға аттанарда
Жас оралар іркіліп жанарларға
Жүрекке жылы сөзбен тілек айтар
Сөз берейік әкелер мен аналарға
Мектеп басшылары мен ата-аналарға сөз беріледі.
Мұғалім:
- Уақыттарыңызды бөліп қунышымызға ортақтасып келгендеріңізге көп-көп
рахмет! Қош сау болыңыздар!
№ 140 қазақ орта мектебі
[pic]
(Ертеңгілік)
1 «Ә» сынып жетекшісі Ахметова Гүлмира Пернебекқызы
[pic]
Қызылорда
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz