Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сөйлемді толықтыр
Сабақтың тақырыбы: Анық сөйлейік!
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ертегі желісі арқылы дыбыстарды дұрыс айтуын, анық сөйлеу тілін қалыптастыру.
Түзеу мақсаты: Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын, дыбыстарды естіп, қабылдауын дамыту. Сөздік қорларын молайту.
Көрнекілігі: үйшікей, жәндіктер, хайуанаттар, айна, көбелек, мақта, жоспар құратын плакат.
Сабақ түрі: топтық
Сабақ барысы:
І Ұйымдастыру бөлімі:
-Қайырлы күн,сәлеметсіздер ме, балалар!
ІІ Жаттығулар:
1. Дұрыс тыныс шығаруға арналған жаттығулар.
а) "Кімнің көбелегі алысқа ұшады?"- көбелекті салқын ұзақ ауа арқылы үрлеу.
ә) Мақтаны ұзақ жылы ауа арқылы ауызда ұстап тұру.
2. Артикулияциялық жаттығулар.
А) "Ат шауып келеді"- ауыздыкең ашып, тілдің ұшымен таңдайды тақылдатады.
ә) "Тәтті шырын"- ауызды аздап ашып, тілді жалпақ ұстап нрінді жалау.
Б) "Сағат"- тілімізді сүйірлетіп, ауыз қуысынан шығарып, оңға- солға қозғау.
ІІІ жаңа сабақ .
Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Анық сөйлейік!" Осы тақырыпты ашу үшін біздер бүгін ертегі құрастырып үйренеміз. "Үйшікей" ертегісін білеміз - ғой, иә?! Сол ертегіге ұқсатып өзіміздің ертегмізді құрамыз. Ертегіні бастаймыз.
Баяғыда бір тышқан күз түскен соң қыстап шығатын үй іздеп жүгіріп жүреді. Қараса бір үйшікей тұр екен. Әлгіге тышқан жүгіріп барып:
- Пиқ - пиқ - пиқ., үйшікейде кім бар-ау, ішінде оның кім тұрады?- деп сұрады.
Ешкім жауап бермеді. Содан тышқан үйшікейде тұрып жатады. Бір күні тышқан қаламмен дәптерге жазу жазып отырса, біреу есікті қағады да:
- Бақ - бақ - бақ. Үйшекейде кім бар - ау, ішінде кім тұрады? - деп сұрады.
Мен, тышқанмын, ал сен кімсің?
Бақ - бақ - бақ, мен бақамын, үйіңе кіргіз.
Содан екеуі тұрады. Бір күні тышқан мен бақа кітап оқып отырса, үйшікейдің қасынан мысықта өтіп бара жатып, тоқтай қалады.
Мяу - мяу - мяу! Үйшікейде кім бар - ау, оның ішінде кім тұрады? - деп сұрайды.
Біздер: Тышқан мен құрбақа, сен кімсің?
Мяу - мяу, мен мысықпын, үйіңе кіргіз.
Бір күні Тышқан, Бақа, Мысық қарандашпен сурет салып отырған еді, бір кезде біреу келіп есікті қақты:
Аф - аф - аф, үйшекейде кім бар - ау, ішінде оның кім тұрады? - деп сұрады.
Тышқан, Бақа, Мысық - үшеуміз тұрамыз.
Аф - аф - аф, мен итпін, кіргізіңіздер.
Итті де кіргізіп алады. Үйшікейдің қасынан қасқыр да өтіп бара жатып:
Үйшікейде кім бар - ау оның ішінде кім тұрады? - дейді.
Тышқан, Бақа, Мысық, Ит тұрады деп жауап береді
Ррр - ррр - ррр! Мен қасқырмын кіргізіңдер
Қасқырды да кіргізіп алады. Содан үйшікейді Аю көріп:
Уа - уа - уа! Үйшікейде кім бар - ау, оның ішінде кім тұрады? - деп сұрайды.
Тышқан, Бақа, Мысық, Ит, Қасқырмыз, ал сен кімсің?
Уа - уа - уа! Мен аюмын кіргізіңдер.
Үйшікейге аю кіргенде оның быт - шыты шығады. Ішіндегілер уайымдап, кейбіреуі жылай бастады.
Содан өз ісіне қатты ұялған аю:
Мына мені көрдіңдер ме? Қандай үлкен әрі күштімін. Жаңадан үлкен үйшікей салып берем. Бәріміз еркін сиятын боламыз, - дейді. Содан аңдар аюға көмектеседі. Олар бұрынғыдан да әлдеқайда әдемі, әрі кең үйшікей салып алады. Олар бақытты ғұмыр кешеді!
Балалар,сіздерге ертегі үнады ма?
Қандай оқу құралдарын кездестірдің?
1. тапсырма <<Ертегіні ойнайық>> .
Ойын шарты: логопед балаларға таныс ертегілерін естеріне түсіріп, содан кейін ертегі кейіпкерлерінің дауысын өзгерте отырып,қандай ертегі кейіпкерінің дауысы екенін анықтауын сұрайды.Мысалы <<Бауырсақ>> ертегісін естеріне түсіреді. Қоянның дауысы дауысы жіңішке дауыс, қасқырдың дауысы ортаңғы дауыспен,ал аюдың жуан дауыс ырғағына сала отырып,ертегіні айтып береді, содан кейін қандай кейіпкердің дауысы екенін табуын сұрайды.
2. тапсырма: <<Ертегіні ретімен құрастыр >>.
Шарты: ертегі кейіпкерлерінің дыбыстауына байланысты рет-ретімен құрастырып,айту.
3. Сергіту сәті.
Бақ - бақ бақылдақ,
Қарға ұшады қарқылдап.
Құрқ - құрқ құрбақа,
Су ішінде жүр бақа.
4. <<Шешуін тап та, ата>> ойын-тапсырма.
Шарты: логопед балаларға суреттерді көрсетіп, онда бейнеленген заттар мен жануарларды атауды сұрайды. Содан соң осы суреттерді кез келген реттілікпен тақтаға іледі де, балаларға сұрақтар қоя бастайды. Балалар сұрақтарға жауап бере отырып, тақтадан қажетті суретті табуы және онда бейнеленген заттарды атауы тиіс.(суреттер-тышқан, мысық, ит, қоян, сәбіз, бал,балық т.б). Сұрақтар: Інде не тұрады? Тышқан . Тышқан неден қорқады? Мысықтан. Су жүрек қорқақ не? Қоян.т.б
ІV. Қорытындылау.
Балалар біз бүгін сабағымызда не істедік?
Бұл ертегінің ішінде қандай жануарлар кездеседі?
Олар неге бірге тұрады?
V. Бағалау:
- Жарайсыңдар, балалар, бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар! Сабақ аяқталды. Сау болыңыздар!
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөйлем туралы білімдерін кеңейту. Сөздерден сөйлем құрау дағдыларын қалыптастыру.
Түзеу мақсаты: Артикуляциялық аппараттың қимыл-қозғалысын, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.
Көрнекілігі: айна, бағдаршам, ребус, ертегі, мазмұнды суреттер
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
oo Оқушылармен амандасу.
oo Назарларын сабаққа аудару.
oo Психологиялық дайындық.
ІІ. Жаттығулар.
1. Тыныс алу жаттығулар.
oo <<Шарды үру>>.
oo <<Салқын ағын>>.
oo <<Ұш көбелек>>.
2. Артикуляциялық жаттығулар.
oo <<Жылан>>.
oo <<Сағат>>.
oo <<Алтыбақан>>.
oo <<Дауылпаз>>.
ІІІ.Жаңа сабақ
1. Ребус шешу. (сабақ тақырыбын ашу.)
С , , м
Сөйлем
oo Қандай сөз шықты?
oo Сөйлем.
oo Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: <<Сөйлем>>.
oo Сөйлем дегеніміз не?
oo Сөйлем неден құралады?
oo Сөйлем айтылу мағанасына қарай және сөйлем соңында қойылған белгісіне байланысты неше түрге бөлінеді?
oo
Лепті
(!)
Сұраулы
(?)
Хабарлы
(.)
2.<<Өз орнын тап>> ойын - тапсырма.
Шарты: сандықша ішіндегі топшамадағы сөйлемдерді оқып, қай сөйлем түріне жататынын тауып, өз орнына орналастыру.
Хабарлы сөйлем Лепті сөйлем
Мен мектепке барамын. Алақай,жаз келді!
Оқушы сабақ оқыды. Жаз қандай көңілді!
Сұраулы сөйлем
Сен нешінші сыныпта оқисың?
Тапсырманы жаздың ба?
3.<<Сөйлемді толықтыр...>>
Шарты: ертегідегі сөйлемдерді сөзбен толықтырып анық оқу, талдау.
<<Ит пен мысық>>
4. <<Сөйлемді жалғастыру>> ойын-тапсырма
Шарты: логопед сөйлемді бастайды,ал балалар мазмұнына қарай немесе сурет арқылы сөйлемді жалғастырып аяқтаулары керек.
oo Әсет пен Әділет ... ....
oo Айгүл гүлге ... ...
oo Нешінші ... .... ?
oo Сара қылқаламмен ... ....
oo Аспазшы ... ....
oo Алақай! Ауылдан ... ... !
5. <<Рет - ретімен орналастыр... >>.
Шарты: мазмұнды суреттерді мағынасына қарай рет-ретімен орналастырып, толық сөйлеммен әңгімелеу (мазмұнды суреттер беріледі).
ІV. Қорытынды.
V. Бағалау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz