Боз кілемдегі Сейіл балуан

«Аманкелді ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің

Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық

мемлекеттік мекемесі

Темешев Мұстафа

11-сынып оқушысы

«Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлға»

(Жергілікті балуан Құлымбетов Сейіл жайында

ғылыми жұмыс)

Ғылыми бағыты: Эстетикалық бағыт (Дене шынықтыру)

Ғылыми жетекші: Асқар Рамазан Жумашұлы

Ғылыми консультант: Жанділдин Сағидолла

2016-2017 оқу жылы

Мазмұны

I. Абстракт 3-8

II. Кіріспе 9-11

ІІІ. Зерттеу бөлімі 12-19

  1. Алыптар мекені - Аманкелді12-14
  2. Боз кілемдегі Сейіл балуан 15-19

ІV. Қорытынды20

V. Аннотация21

VІ. Пайдаланған әдебиеттер тізімі 22

VIІ. Ғылыми жетекшінің пікірі23

VІІІ. Ғылыми консультант пікірі24

І. Абстракт

Зерттеу мақсатым

Қазақтан шыққан балуан көп. Бірақ, бұрынғы кезеңде аты алты алашқа мәлім боп, қазіргі таңда ұмытыла бастаған хас балуандар кездеседі. Соның бірі, Амантоғайдан шыққан Сейіл балуан. Оның өмір жолын, ерлік дастанын кейінгі ұрпақ біле бермейді. Неге? Себебі, қазіргі таңда ұрпағынан басқа ешкім елеп-екшеп, бағаламайды. Мен осы ғылыми жұмысты жазуда осы олқылықтың орның толтырмасам да, кішкене болсын тың жаналық ашсам менің мақсатымның орындалуы деп білемін. Өйткені, аталар мұрасын зерттеп, өзім қатарлы жастардың санасына жеткізу өзімнің басты міндетім деп санадым.

Зерттеу болжамым

Осы зерттеу жұмысым арқылы спортшы тұлғаны өз замандастарыма және бізден кейінгі ұрпаққа балуан атамыз туралы дұрыс және нақты дерек қалдыратыныма сенемін. Онсыз да жергілікті тұлғалар жайлы аз білетін ұрпаққа балуан ата жайлы нақты дерек қалдыру.

Жұмысым көптің қолдауын тауып, атамыз туралы деректер жергілікті жерде ғана емес облыс, республика көлеміне таратылып жатса, нұр үстіне нұр болары анық. Өскелең ұрпақ шетелдің спортшы адамдарына емес, өзіміздің спортшы аталарымызды пір тұтып, соларға еліктеп жатса, жақсы бір игі істің бастамасы болар еді.

Зерттеу жаңашылдығы мен дербестік дәрежесі

Алғашқы талпыныстан туған танымдық ғылыми еңбегімнің ерекшелігі жеңіл салмақтағы Орта Азия чемпионы және балуан атамыздың боз кілем үстіндегі ерліктері әлі де болса беймәлім екендігі белгілі. Сол замандарда атағы талай жерді шарлаған ерліктері күні бүгінге дейін аталмай, елеңбей келуі мен үшін таңқаларлық дүние болды. Осы орайда ғылыми жұмысымның маңыздылығын аша түсу үшін жетекшіммен бірге Сейіл палуан туралы бір дерек болсын ашуға тырыстық.

Зерттеу әдісі

Зерттеу жұмыстарының барысында атамыз жайлы деректердің аздығы және олардың ұқыпты жинақталмауы бізді тың дерек іздеуге итермеледі. Әрине, бірінші ойға келгені ауыл арасындағы көне-көз қариялардың Сейіл атамыздың көзін көрген адамдардың естіген-білгендерін дәптер бетіне және бейнеқұрылғыларына басу болды. Жинаған деректерді қолдағы деректерімен салыстыра отырып ортақ ой түйіндеуге әкеп соқты. Және де, атамыздың ауылдағы ұрпақтарынан ой суыртпақтап, жұмысымды жүйелеуге тырыстым.

Зерттеу кезеңі

Зерттеу жұмысым 2016 жылдың тамыз айынан басталған болатын. Бас кезінде ауылда туған балалары болғанымен Сейіл атамыз жайлы деректерді жинастыру қиынға соқты. Басталған істің аяқсыз қалмауына септігін тигізген жетекшім жігерімді қайрап, «іздеген табады» дегенге келтіріп алға жетелеп отырды. Бұл жұмысыммен «Сейіл балуанды толық зерттедім, нақты бет-бедерін жасадым» деп айту әрине, күмән туғызады. Ел, аймақ үшін бар ғұмырын күреске арнаған атамыздың ерлігі ұрпағының көкейінде сайрап жатыр. Ғылыми жұмысым бұдан әрі жалғасын табады, себебі өмір жолында дерегі аз, құнды, ұрпаққа үлгі болар дүниелері әлі де болса көп.

Зерттеу нәтижесі

  1. Сейіл атамыздың өмір жолынан аз да болсын деректер білдім.
  2. Сейіл атамыздың дарынды балуан кісі екеніне көзім жетті.
  3. Сейіл атамыздың ұрпаққа үлгі болар кісі екені дәлелденді.
  4. Балуан атамыз туралы ел аузында жүрген естелік әңгімелер жинақталды.

Цель исследования

Много борцов вышло из Казахстана. Но раньше в период, когда было известно о шести активистах среди казахов, были знаменитые люди, которые в данное время сейчас уже позабыты. Одним из них является борец Сейил - выходец из села Амантогая. О его жизненном становлении и героическом путь как борца нынешнее поколение не знает. Почему? Причина в том, что сегодня таких людей, кроме их же потомков, никто не ценит. При написании этой научной работы, даже если я и не восполню этот разрыв между прошлым и нынешним, знаю, что хочу внести, хоть и маленький вклад для достижения своей цели. Итак, изучая наследие дедов, донести до сознания молодежи нынешнего поколения - главная задача моей работы.

Прогноз исследования

Я верю в то, что герой-спортсмен данного исследования останется в памяти моих ровесников и в последующем поколении. Еще хочу разместить точные сведения о местных борцах. Хочется надеяться, что моя работа найдет поддержку не только в нашей местности, но и в области, и даже в республике.

Подрастающее поколение будет поклоняться не заграничным, а своим спортсменам - своим дедам и прадедам, считать их кумиром.

Новизна исследования и степень самостоятельности

Первой моей попыткой было показать особенность чемпиона и борца легкого веса Средней Азии на ковре, чей подвиг стал впоследствии известен всем. Удивительно, что их прославленные подвиги, совершенные в те времена, еще не дошли до наших дней. При этом я вместе со своим руководителем постарались показать важность моей научной работы, собирая материал о борце Сейиле.

Метод исследования

В ходе данной исследовательской работы из-за малочисленности и несобранности данных материалов о дедушке Сейиле нас подтолкнула мысль продолжить поиски. Конечно, первая мысль была о том, чтобы собрать материал о Сейиле со слов коренных жителей, которые слышали о нем или видели его. Сравнивая собранные дерективы с архивом данных, мы прищли к одной мысли. В итоге, размышляя о поколении этого человека, я начал систематизировать свою работу.

Этапы исследования

Исследовательская работа была начата в августе 2016 года. Хотя в селе жили дети-потомки Сейила, собрать данные о нем было нелегко. Мой руководитель старался помочь мне, поддерживая словами:«Начатое дело нельзя оставлять незаконченным. Кто ищет, тот всегда найдет». «Я полностью закончил исследование о Сейиле, собрал точные факты»- эти слова вызовут, конечно, сомнения. За свою землю, за свой регион, всю жизнь посвященную борьбе за мужество - эта мысль не покидала меня. Научная работа будет продолжена, потому что о жизненном пути его мало собрано ценных фактов для того, чтобы быть примером для его поколения.

Результаты исследования

  1. Я узнал о жизни Сейила хоть и мало, но очень полезную информацию.
  2. Я убедился, что дедушка Сейил - талантливый борец.
  3. Доказано, что дед Сейил может быть примером для своего поколения.
  4. Были собраны дерективы о жизни борца из уст народа.

Purpose of the study

Many wrestlers left Kazakhstan. But earlier in the period when it was known about six activists among the Kazakhs, there were famous people who at the moment are already forgotten. One of them is the fighter Seyil - a native of the village of Amantogaya. About his life formation and heroic path as a fighter the present generation does not know. Why? The reason is that today no one appreciates such people, except for their descendants. While writing this scientific work, even if I do not fill this gap between the past and the present, I know that I want to contribute, though a small contribution to achieve my goal. So, studying the heritage of grandfathers, to bring to the consciousness of the youth of the current generation is the main task of my work.

Research Forecast

I believe that the hero-athlete of this research will remain in the memory of my peers and in the next generation. I also want to place accurate information about local wrestlers. I would like to hope that my work will find support not only in our locality, but also in the region, and even in the republic.

The younger generation will worship not foreign, but its athletes - their grandfathers and great-grandparents, consider them an idol.

The novelty of the study and the degree of independence

My first attempt was to show the feature of the champion and wrestler of light weight of Central Asia on the carpet, whose feat was later known to everyone. It's amazing that their glorified deeds committed in those days have not yet reached our days. At the same time, together with my leader, I tried to show the importance of my scientific work, collecting material about the fighter Seyil.

Method of investigation

In the course of this research work, due to the small number and incoherence of these materials about Grandpa Seyil, we were prompted to continue the search. Of course, the first thought was to collect material about Seyil from the words of the indigenous people who heard about it or saw it. Comparing the collected records with the archive of data, we came to one thought. In the end, thinking about the generation of this man, I began to systematize my work.

Stages of research

The research work was started in August 2016. Although the children lived in the village, the descendants of Seyil, it was not easy to collect data about him. My head tried to help me, supporting with the words: "The business started can not be left unfinished. Who seeks will always find". "I have completely finished the research about Seyil, I have collected the exact facts" - these words will, of course, cause doubts. For my land, for my region, devoted to the struggle for courage all my life - this thought did not leave me. The scientific work will be continued, because little valuable facts have been collected about his life path in order to be an example for his generation.

Results of the study

1. I learned about the life of Seyil though little, but very useful information.

2. I was convinced that Grandfather Seyil was a talented fighter.

3. It is proved that Grandfather Seyil can be an example for his generation.

4. There were collected stories about the life of a fighter from the mouth of the people.

ІІ. Кіріспе

«Қазақша күрес» дегеніміз не? Оның шығу тарихы қалай? Осы сұрақтарға өз ойыммен жауап берсем.

Бұл ойын адамның денесін ширатып, бұлшық еттерді қатайтады, төзімділікке, батылдылыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып, әдіс таба білуге машықтандырады. Қазақша күрес күш жетілдіретін спорт. Сонымен қатар ол қорғанудың ұлттық өнері. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдісін түгел пайдалана алады, мұнда шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау, жамбасқа алып иіре лақтыру, белінен қысып, тірсектен шалу сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады. Палуандар кілем үстінде; арнаулы жазық жерде, тегістегі қар үстінде белдесіп күресе береді. Ойынның ережесі бойынша қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекілік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылуымен және жауырыны жерге тигізілуімен аяқталады.

Күрестің ұлттық түрі «қазақ күресінің» даму тарихы қазақ халқының тамыры тереңнен тартылатын тарихымен тұтасып жатыр. Түрлі бас қосулар мен мереке тойлар спорттың осы түрінің сайысынсыз өткен емес. Күші басым түсіп, жеңіске жеткен балуандар халықтың төбесіне тұтар құрметті адамына айналған. Қазақтың ұлы батыры Қажымұқан есімі қазақ халқының тарихына ғана еніп қойған жоқ, сонымен бірге спортшылардың әлемдік элитасының қатарына кірді.

Қазақ күресінің қысқаша тарихы Жекпе-жек күрес түрлерін ұлттық һәм спорттық деп бөлуге болады. мысалы, сумо жапондықтардың ұлттық күресі-де, дзюдо сол топырақта пайда болған спорттық сайыс түрі. Сол сияқты таралу ауқымы еуразиялық кеңістікке тән әр қилы күрес түрлері көп. Атап айтқанда, «Белбеу күрес». Бұл өте байырғы жекпе-жек түрлерінің бірі. Бұл өнер түрі Алтын Орда дәуірінде көшпенділер арасында кеңінен танымал болған. Өйткені, Еуразиядағы түркі тектестер (қазақ, өзбек, ноғай, башқұрт, татар, қарашай-құмық т. б. ) бір шаңырақтың астында болатын. Бүгінгі таңда жоғарыдағы күресті татар, башқұрт, ноғайлар төл өнеріміз деп таныса, Кіші Азия жұрты да ескілікті мұрамыз деп есептеп жүр.

Қазақ салқар дала төсінде сағыммен жарысып, желмен ойнап ат үстінде өмір өткізген. Айтулы ас - тойларға арнайы дайындалып ел намысын қорғап ерлерін ерекше құрметтеген. Аламан бәйге, көкпар, қыз қуу сияқты ат ойындарымен қатар күрес өнерін жоғары деңгейге көтерген. Күресу үшін балуанның білек қайраты мен қатар көз ілеспес әбжіл қимылы керек. Және ең бастысы жеңіске деген алапат құлшынысы болуы шарт. Оның мысалы «Мәскеу - 80» олимпиадасындағы Жақсылық Үшкемпіровтың ғажайып күресі әлі күнге дейін ел есінде сақтаулы. Сонымен қазақ күресі тек балуанның ғана абыройы емес барша ауылдың, бүкіл өңірдің мерейі саналған. Ол жылдармен жаңғырып, айтыла-айтыла аңызға айналып, ел жадында қала берген. Мысалы, өзіміз бала кезден естіп өскен, кейбірін көзіміз көрген күрескерлер Танатқан, Ералхан, Тоқтар, Сейіл секілді аты шулы балуандар өмірден өтсе де әлі күнге дейін әңгіме желісіне айналып басқосуларда айтылып отырады. Мұның бір жақсы жері кейінгі ұрпаққа «менде сондай болсам-ау» деген асқақ арман талабын қалыптастырады.

Өзім көрген, өзімнің туған нағашы атам Сейіл Құлымбетов орта бойлы, шағын келген, шалт қимылды адам еді. Қарапайым болатын. Атағы жер жарып тұрса да «Мен сондаймын» деген пейілін көрген емеспін. Елдің айтуынша атам Орта Азия жеңімпазы болған. Танатқан балуанның оң тізесінде отырушы еді дейтұғын. Жеңіл салмақта күрескен. Ең ғажабы ол кісі қанша дүркін күресіп жүріп, қарсыласын әрі кетсе 47 секундтан асырмаған дейді. Не деген ептілік, не деген жылдамдық десейші. Сейіл балуанның атымен бүкіл аудан, облыс болып мақтансақ артық емес деп ойлаймын. Оның есімі келер ұрпақтың жадында жаңғырып тұруы лайықты!

Атамыз Сейіл балуан 1932 жылы, 20-сәуір күні, Байғабыл ауылында қарапайым, көпбалалы арғын ақташы руы отбасында дүниеге келген. Атамыз алты айлығында әкеден, он үш жасында шешеден жастай жетім қалған . Жетімдіктін зардабын тартқан балуан атамыз Қостемір деген нағашысының қолында өседі. Жастайынан колхоздың қара жұмысына арласып еңбек еткен. 1949 жылы нағашы атасы ертіп апарып, Қостанай қаласының ауыл шаруашылық техникумына оқуға түсуіне көмектескен. Содан сол техникумын 1952 жылдың мамыр айында мал дәрігері мамандығы бойынша бітіріп шығады. Сол уақыттардан бастап күрес өнеріне шыңдап ден қойып, кәсіби күрес жолын бастаған. Менің осы ғылыми жұмысым Сейіл атамның боз кілемдегі өміріне арналады.

ІІІ. Зерттеу бөлімі

ІІІ. 1. Алыптар мекені - Аманкелді

Қазақша күрес әлемдегі ең тарихы терең спорт түрлерінің бірі ғой. Қазақтың ешбір ұлы тойы мен мерейлі мерекесі онсыз өтпеген. Сонау ықылым замандардан бері қазақ білекті азаматтарына қара күштің киесі дарыған жан деп қана қарамай, ұлт қуаттылығын, ел құдыретін танытар өнер иесі деп қадір тұтқан. Алайда осы өнеріміз күні кешеге дейін Қазақстан аумағынан аса алмады.

Қасиетті Батпаққара топырағы талай тарландарды өз топырағынан түлеп ұшырған. Оған өткен мен бүгінгі тарих куә. Киелі Аманкелді өңірі өнер, спорт салалары бойынша үнемі атын шығарып отырған. Осы үрдіс қазіргі таңда да өз жалғасын тауып келеді. Неге десеңіз? Аманкелдінің атын облыс, республика тіпті әлем елдеріне таңытқан және танытып жүрген боз кілем шеберлері жетерлік. Сөзіме өткен ғасырда боз кілемде атой салып ұрандаған Танатқан, Тайшыман, Сүлман және жақында ғана дүйім Қазақ елін өз жеңісімен қуантқан Ислам Бозбаевтың ерліктері дәлел бола алады.

Қазақта «ұлым деп еркелеткен елі болмаса, елім деп еңіреген ұл қайдан болар» деген аталы сөз өте орынды айтылған. Атақтары өткен ғасырдың сонау 50-80 жылдары Қазақ жеріне жайылған, боз кілемдерде тек жеңіс тұғырынан көрінген балуан азаматтарды бүгінгі туған ұрпағы дәріптеуі, өмірден өткен және бүгінде көздері бар балуан аталарымыздың абыройын асқақтатуы бүгінгі ұрпаққа, әсіресе қазақша күрестің мән-маңызын әлемдік деңгейге жеткізуге жасалынып жатқан Қазақ елі бойынша шаралардың жақсы жолға қойылғанын көрсетіп отыр. Аудандық деңгейде, «Қазақ күресі» додасын ұйымдастырып, ауылдарда осы спорт түріне жас жеткіншектерді ынтық қылып, спортқа ден қойылуы қазіргі аталар жолымен келе жатқан балуан замандастарымның мақтан қылып айтар игі ісі болды.

Біздің Аманкелді жеріндегі қазақ күресінің тарихы тереңде жатыр. ХХ ғасырдың басында осы елден шыққан атақты палуандар Таңатқан Дүйсекеев, Тайшыман Исабеков, олардан кейінгі шыққан Сүлман Өсіпұлы, Ералхан Сейпекұлы, Дүзелбай Айсаұлы, Шынтақ Мұстафаұлы және Сейіл Құлымбетовтердің ерлікті істері күресті өздеріне серік қылған жас балуандардың балалық қиял қуған армандарында шоқ болып жанып, жүректеріне жалын туғызғаны хақ.

Аманкелді - алыптар мекені. Сөзіме дәлел болу үшін киелі Батпаққара топырағында туып-өскен Марқұм Таңатқан балуан атамыз жайлы мына бір деректі келтіре кетсем. Танатқан атамыз 1950 жылы Алматыда өткен Орта Азия біріншілігінде 28 палуанды ұтып түйе балуан атағын жеңіп алғанда 51 жастағы ел ағасы еді. Не деген қайрат пен жігер! Осы күрес бәсекесінде финалға Танатқан атамыз бен қарағандылық Әлімшайқы Сәлімбаев шықты. Финал болар алдында қарағандылық балуан Танатқан атамыздың күресіне таңғалғалып былай деген екен: «- Күрес деп осыны айтар болар. Мына ағам атам қазақтың баяғы айта беретін нағыз түйе балуаны екен. Елуіндегі қайраты «ие мен сол түйе балуанның өзім» деп тұр ғой. Аруақ аттауға болмас, мен жолымды ағама беремін» - деп ағынан жарылыпты. Және осы күрес бәсекесінде «Жол ағаныкі» деп жол беріп, Танатқан атамыздан бата алыпты.


Ұқсас жұмыстар
Алып бала. әдебиеттік оқу, 2-сынып
Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан хикаяты
Қажымұқан Мұңайтпасұлы - қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан
Қалмақан Әбдіқадыров Қажымұқан туралы
Әлем таныған балуан – Жақсылық Үшкемпіров
Ана бейнесі
Иса Байзақов Жазғы кеш
Армысың, әз наурыз Наурыз – жыл басы
Әдебиет сабағында сатылай кешенді талдау
Жылқының пірі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz