Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Кеңпейілділік пен жомарттық
Пәні: Өзiн-өзi тану
Мектеп А.Дәулетбеков Мерзiмі: 07. 03. 2017ж № 25сабақ
Тақырып: Кеңпейілділік пен жомарттық
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: жомарттық, қайырымдылық.
Мұғалiм: Инкарбекова Л
Сынып 5 ә
Сабақ мақсаты: Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылығы туралы түсінік беру.
Міндеті:
Білімділік жомарттық пен кең пейілділіктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;
Дамытушылық - өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;
Тәрбиелік - жомарттық пен кеңпейілділікке тәрбиелеу.
Ресуртар:
Кітап,
дәптер
Түрлі - түсті қарандаш,
маркер
үнтаспа
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi. 2 мин.
А) Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау,
ә) сабаққа қатысуды тексеру.
Т-ережесін ұстану.
1.Талап 2.Тәртіп 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Топқа бөлу. Ертегі кейіпкерлер арқылы топқа бөлу
2.Тыныштық сәтi. 3 мин.
Су асты патшалығына ойша саяхат.
(Оқушылардан қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.
Рахмет ал балалар саяхатымыз қалай болды, ойларын сұрап шығамын.
Құрметті ұстаздар біздің бүгінгі <<Кеңпейілділік пен жомарттық>> тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер және де құрметті ұстаздар,аналар, қыздар сіздерді 8 наурыз халқыаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймыз.
3.Үй тапсырмасын тексеру. 5 мин.
Оқушыларға жомарттық, кеңпейілділік ұғымдарының құндылық ретінде мәнін ашу мақсатында оқулықтағы <<Оқып үйренейік>> айдарымен берілген ертегіні оқуды ұсынады. Ертегідегі <<Жомарттық малмен бола ма, пейілмен бола ма?>> деген патша сұрағына мұғалім көңіл бөледі. Оқушылар ертегіні түсініп оқи отырып, пейілі кең адам - қолында барын аямай, кем-кетікке барын бөліп беретін адам - жомарт адам деген ойға тоқтам жасайды және <<жомарттық пейілмен болады>> деген қорытындыға келеді.
Жомарттық
Қырғыз халық ертегісін балалар өздері көрініс қояды
· Патша уәзірлерін қалай сынады?
· Жомарттық жасаған баланы қалай сипаттар едіңдер?
· Жомарт жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болуы керек?
· Жомарттық малмен бола ма, жоқ пейілмен бола ма? деген сұрақты қалай түсіндіңдер?
Сабақ барысын талқылау:
4.Дәйексөз..
Егер сен жомарт адамдар сияқты халқыңа қызмет
етуді ұнатсаң, әуелі жомарттықтың не екенін және оның қайдан шығатынын білгін.
Кабуснамадан
Дәйексөзді және оқу ақпараты айдарымен берілген мәліметті оқып дәптерге көшіріп алу ұйымдастырылады
5.Әңгiмелесу. Мұғалімнің сыйы
Жомарттық - адам бойындағы ізгі қасиет. Абайдың 38-қара сөзінде жомарттықтың үш сипаты айтылады. Олар: шындық (сидық), ақ пейілділік (кәрәм), даналық (ғақыл). Осы үш сипаттан тағы үш түсінік тарайды: шындықтан әділет, ақпейілділіктен шапағат, даналықтан (ғақылдан) ақиқат мағлұм болмақ. Бойында осындай қасиеттері бар жан жомарт аталса, оның жасаған істері Жомарттық деп аталады. Абай мұндай адамдар қатарына пайғамбарларды, әулиелер мен хакімдерді жатқызады. Адамның бәрі пайғамбар, әулие, хакім бола алмағанымен, Жомарттық - осы жолға бастайтын қасиет. Жомарттық - бұл қолында байлығы бар азаматтың мұқтаж жандарға жасайтын қайырымдылық көмегі. Қайырымдылық - Жомарттың негізгі өзегі. Өзін өзі насихаттау үшін жасалған қайырымдылық Жомарттыққа жатпайды. "Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас" деген қазақ мақалы осыны айғақтайды. Қайырымдылық мәнін оны жасаған адам емес, сол қайырымдылықтың игілігін көрген адам түйсінуі керек. Сондықтан да Жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді. Ел билеуде жомарт пен Жомарттықтың маңызы зор. Жомарт адам билікке келсе, халық ырысты болмақ. Кең далада өмір сүрген қазақ халқының Жомартықты ерекше қастерлеуі көшпелі тұрмыс-тіршілігімен байланысты қалыптасқан. Бір шетінен бір шетіне айлап жүріп жететін кең аймақта бүгінгідей қонақүйлер, мейрамханалар болмағанымен, "әр қазақтың үйінде әр қазақтың сыбағасы сақтаулы тұрды". Осыған байланысты халық ділінде қонақжайлық ғұрып қалыптасқан. Балаға Жомарт, Жомартбек деп ат қою дәстүрге айналған. "Қолда мал жоқ болғанмен көңілім бай, Байлығым, жомарттығым Атымтайдай", - деп өзін Атымтай жомартқа теңейді. "Көңілі түскен адамға көл болу", "астындағы атын түсіп беру" тәрізді адам бойындағы мырзалық пен мәрттік қасиеттер Жомарттықпен ұштасып жатыр. Олар қазіргі қазақ қоғамында әлі де қастерленеді.Адамның екінші адамға қайтарымсыз ,міндет етпестен қызмет жасауы кеңпейілділігінен болып табылыды.
6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс. 3топқа
8 наурыз мерекесіне құттықтау,сыйлық жасаңдар
8.Топпен ән айту. 3 мин.
Айгөлек
Сөзі Н.Баймұхамедовтікі,
Әні Б.Байқадамовтікі
9.Үй тапсырмасы. 26 сабақ
10.Жүректен жүрекке . Оқушылар өлең шумақтарын айтады
Альбинаның ана туралы әнін қабыл алыңыздар
А.Дәулетбеков атындағы орта мектеп
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: <<Кеңпейілділік пен жомарттық>>
Пәні: Өзін-өзі тану
Сынып: 5 <<ә>>
Мұғалім:Инкарбекова Л
2016-2017жыл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz