Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Түйіндерді редакциялау
Информатика пәнінің мұғалімі: Абдиева Назира Нұрмахановна
Күні: 22.02.2016ж
Сыныбы:7 сынып
Пәні: Информатика
Сабақтың тақырыбы: Контурды жасау және редакциялау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларды графикалық ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері, редакторлары , контураларды жасау, оларды редакциялау және фигураларды салу туралы білімдерін жетілдіру.
Дамытушылығы: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеуге үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Оқушыларды жан-жақты баулуға, жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, дәптермен, оқулықпен, дербес компьютерлермен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, дербес компьютерлер, стикер, ою-өрнектер, киіз үйлер.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аударту
II. Үй тапсырмасына шолу
(сұрақтар мен тесттерге жауап беру арқылы үй тапсырмасын сұраймын)
* Нысан көлемін өзгертетін алгоритмнің сипаттамасын жазыңдар.
* Нысандарды топтау не үшін қажет және ол қалай орындалады?
* Клон дегеніміз не?
* Клондау амалының қосарлаудан айырмашылығы неде?
III. Жаңа сабақ
Кескіндерді тек нысан-фигуралардан барлық уақытта жасай алмаймыз. Көбінесе кескіндер күрделірек. Кез келген фигураны контурға түрлендіруге болады: оның бір әдісі - КонтурНысанды контурлау(КонтурОконтурить объект) бұйрығы арқылы орындалады.
Контурлармен жұмыс істеуге арналған құралдар:
- Түіндер, -Қаламұш,
- Қарындаш, - Каллиграфиялық қаламұш.
Түйіндерді редакциялау үшін ең алдымен сегментті тінтуірмен шертіп, ерекшелеу қажет. Shift пернесін басқанда , бірнеше түйін ерешеленеді.
Құралдарды контурлармен жұмыс істеу кезінде қолдану ерешеліктерін қарастырайық.
Қарындаш . Қағазға қолмен сурет салған сияқты Қарындашты пайдаланып, еркін қисықтар салуға да болады. Нәтижесінде көптеген түйіндері бар қисық алынады. Жеке түйіндерді Құралдар параметрлерінің панеліндегіТүйіндердегі батырмамен жоюға болады.
Түйіндер саны автоматты түрде КонтурЖеңілдету (Упросить) бұйрығын орындау арқылы кішірейтуге болады.
Түйіндер санын суретті салу кезінде реттеп отыруға болады.
Одан басқа Қарындаш құралы үшін Құралдар параметрлері панеліндегі тізімнен бірнеше қолжетімді пішінді таңдап алуға болады.(60-сурет)
60-сурет. Қарындаштың қолжетімді пішіндер тізімі
Қаламұш
Құралдар қисықтарымен қоса, түзу контурларды да алуға мүмкіндік береді.
Төрт режім қолжетімді:
+ Безье қисығы;
+ Спиро қисығы;
+ Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты кез келген бұрыштарда);
+ Тік кескінділердің тізбектелуін салу (бір-біріне қатысты тікбұрыштарда);
Түйіндер тінтуірдің шертуімен қосылады. Контурды салуды аяқтау тінтуірді екі рет шерту немесе Enter пернесін басу арқылы орындалады. Контурды соңғы түйіннен бастап толықтыруға болады.
Каллиграфиялық қаламұш
Каллиграфиялық қаламұш құралы Қарындашқа ұқсас, бірақ өзара тұйықталған парллель екі контурды құрайды (61-сурет)
Түйіндерді редакциялау
Өздеріңнің көздерің жеткендей , Түйіндер құралын пайдаланып, түйіндерді қосуға, жоюға, ерекшелеуге, жылжытуға болады. Аталғандардын басқа, Түйіндер құралында тағы бірнеше параметр бар. Олармен мысал арқылы танысайық. Жүрекше салып көрелік.
oo Қаламұш құралын пайдалана отырып, жүректің жартысын саламыз.
oo Оны түйіндер құралымен ерекшелеңдер және Құралдар параметрлерінің панелінде батырмасын шертіңдер. Ерекшеленген түйіндерді тегістеңдер.
oo Контурдың көшірмесін жасаңдар. (Ctrl+D)
oo (Н) көлденең бейнелеңдер.
oo Алынған екі контурды сәйкестендіріп, оларды ерекшелеңдер.
oo Түйіндер құралын таңдап, масштабты үлкейтіңдер. Тоғысқан жерде бұрынғыдай екі түйін тұр, яғни, жүрек әлі бір бүтін емес.
oo Төменгі екі түйінді ерекшелеңдер (Shift басып тұрып)және Түйіндер құралдар параметрлерінің панеліндегі ерекшеленген түйіндерді қосу бұйрығын орындаңдар.
oo Жоғарғы түйіндер үшін амалдарды қайталаңдар.
oo Құйып бояу мен жиектеу (Заливка и обводка) сұхбатын ашыңдар және алынған жүректің контурын градиентпен қойыңдар.
oo Жүрекке блик қосыңдар. (62-сурет)
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
А деңгейі
1) Қарындаш құралын пайдаланып, кез келген контур сызыңдар. Мысалы 63-суреттегідей.
2) Контурды көшіріп алыңдар (Ctrl+D)
3) Көшірмеге контурлық әсерлерді қолданыңдар: КонтурКонтурлық әсерлер редакторы
4) Ішкі сызықты түр салу (Внутренняя штриховка) әсерін таңдап, Қосу батырмасын басыңдар. Нәтижесінде контур сызықты түрге айналады(64-сурет)
5) Сызықты түрдіТүйіндер құралымен ерекшелеңдер, бірнеше сары түсті таңбалар пайда болады, оларды басқара отырып, өздеріңе керек әсерді ала аласыңдар.(65-сурет)
6) Tab пернесін басу арқылы бастапқы контурға ауысыңдар, Қарындаштық нобай әсерін қолданыңдар (66-сурет)
7) Контурларды топтап, жиектеудің түсін өзгертіңдер.
В деңгейі
> Қазақтың ұлттық өрнегінің элементін жасаңдар.
С деңгейі
> Киіз үйді салып , оны қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен безендіріңдер.
I. Сабақты бекіту (Қорытындылау)
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының топтастыру мен БББ схемасы бойынша алған білімдерін қорытындылау, оқушылар сыни тұрғыдан пікір айту.
II. Рефлексия (Кері байланыс орнату)
Тақтадағы алма ағашы салынған плакатқа оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін алма стикеріне жазып жабыстырады.
III. Үйге тапсырма
Контурды жасау және редакциялау тақырыбын оқып келу. Өзіңді тексер мен бақылау сұрақтарына жауап беріп келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz