Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу

Жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің бағдарлы идеялары еліміздің Президенті Н.Назарбаевтың <<Тәуелсіздік белестері>> жинағында <<... біз Қазақстанның барлық азаматтарының сезімі мен өз еліне деген сүйіспеншілігін дамытуға тиіспіз>> , <<... аса маңызды идеологиялық міндетіміз - қаазқстандық отаншылдыққа тәрбиелеу>> ,-деп көрсетілген болатын.[1.56-бет]
Патриоттық тәрбиені ойға алғанда бірінші санаға Отан түсінігі келеді.
Отанға құрмет көрсету тұрғысындағы патриоттық сезім жалпы адам баласына тән туған түйсік-қасиет, оның еліне, жеріне, өз ана тілі мен мәдениетіне ,ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын ,қуаттап- қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзіне Отан, туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі ұлттық құндылықтар жатады.
Отансүйгіштік - Отан, ел деген сөздерден шыққан.Ол - Отанға, елге, туған жерге , халыққа деген сүйіспеншілікті білдіретін жиынтық ұғым. Оқушылардың елжандылық сана-сезімін өз ұлтының мәдениеті мен өз ана тілін, мемелекеттік тілді меңгеру кезінде дамытуға болады.
Оқушыларды патриоттық санада тәрбиелеу сабақтың басынан бастап, өн бойы жүргізіледі.Сабақты <<Сенің қазақ тілін үйренуің керек. Сен - қазақ елінің азаматысың. Сен Қазақстанда тұрасың. Қазақ тілі сенің екінші ана тілің болуға тиіс>>-деген ой тастаудан бастаймыз. Мұндай ой тастауды үнемі қолдану патриоттық сезімді оятады. Оқушыларға елжандылық,, ата-ананы сүю, Отанды сүю мәселесінде сабақтарда айтылатын мемлекеттік рәміздер, халық ауыз әдебиетінің батырлар жыры, қиссалар, ертегілер, ұлттық спорт ойындары, ұлттық салт-дәстүрлер, Отан қорғау, ел бірлігі, осыған байланысты нақылдар, мақал-мәтелдер, ұлылар сөзі т.б. арқылы оқушылардың патриоттық сана - сезімі қалыптасады.Мақал-мәтелдер-ғасырлар шежіресі, халық даналығы, сондықтан оқушыларға қазақ тілін оқыту барысында міндетті түрде мақал-мәтелдерді үйрету қажет.Осы мақсатта қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында шашылған сөздерден мақал құрастыру, мақалдың жалғасын айту, ребус пен сөзжұмбақта берілген мақалдарды тауып оқу сияқты тапсырмалар беріледі.Мысалы:
Отан - оттан да ыстық.
Отан үшін отқа түс, күймейсің.
Туған жер-алтын бесік.
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Туған жерге туың тік ,-деген сияқты мақалдарды құрастырғанда , олардың мағынасын түсіну барысында оқушылардың бойында туған жерге деген сүйіспеншілік сезімі тәрбиеленеді. <<Отан отбасынан басталады>> - дегендей,ең алдымен, оқушылардың бойында өз отбасына, туысқандарына деген жанашырлық сезімін қалыптастыру қажет.
Бұл орайда оқулықтарда <<Менің отбасым>>, <<Менің көшем>>, <<Менің қалам>>, <<Менің досым>> деген блокты тақырыптар жеткілікті берілген.Оқушылар мәтінмен жұмыс жасау барысында сөйлеу тілдерін дамытады, диалогтар құрастырады, мақал-мәтелдер мен шағын тақпақтар жаттайды, жаттығулар орындайды.
Отансүйгіштік сезімі- туа бітті пайда болатын қасиет.Сәбидің бойында ең алдымен анасына, өз отбасына, өз үйіне , туған жеріне деген жылы сезімінен бастау алатын, тұлға есейген сайын біртіндеп ұлт, халық, әлеумет, мемлекет деңгейіне көтеріле беретін бұл сезім адамның бүкіл ғұмырына жалғасып жатады. Осыған орай патриоттық тәрбие мәселесі адамзат тарихының өн бойындағы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан , мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін, яғни патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы , ержүрек қолбасшы , жазушы , Қазақстанның Халық Қаһарманы , батыр Б. Момышұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерірің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше.
Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Буыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскери-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды. Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал И.Панфиловтың дивизиясында дивизия командирі қызметін атқарып , неміс басқыншыларына соққы беріп, әскерін бірнеше мәрте жау қоршауынан алып шықты.
Ата мекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін,
Әзиз ана, қарт ата
Ботакөз сұлу қарындас
Күң, құл болмасын ,-деген жыр жолдары арқылы жауынгерлерге рух беріп, ерлік істерге шақырды.[3. 105-бет ]
Кейіннен атақты жазушы А.Бек батыр ағамыздың ерліктері жайлы <<Волоколамск тас жолы>> атты романын жазды. Б.Момышұлы сонымен бірге халықты ерлікке , патриоттыққа тәрбиелеудегі , жан жарасын жазудағы өнер мен әдебиеттің , музыка мен көркемөнердің құдіретті күштерін, олардың өмір үшін күресте рухани күшті құрал болғанын соғыс эпизодтарынан нақты мысалдар келтіре отырып, рухы мықты халықтың ешқашан да жаудан жеңілмейтініне баса назар аударған. Батыр ағамыздан қалған жетпіске жуық нақыл сөздер бар, олар бүгінде мақал-мәтелге айналған. Мысалы, <<Үлкенді ізетте, кішіні күзетте көр>> , <<Ерлік білекте емес, жүректе>>, <<Отанда опасызға орын жоқ>>, <<Тізе бүгіп тірі жүргеннен, тік тұрып өлген артық>> - деп, халық атынан ащы да әділ үкімін пайымдайды.Біз тәлімгер жазушы Б.Момышұлының еңбектерін оқи отырып, оның шығармашылығы патриоттық тәлім-тәрбиенің қайнар көзі екенін байқаймыз.
<<Ұлттық патриотизм>> және <<Қазақстандық патриотизм>> ұғымдары арқылы Отан, туған өлке, туған халқы туралы нақты түсініктер берудің тиімділігі арта түседі. Ал түсінік дегеніміз - бір нәрсенің мағынасы мен мәнін ұғыну.Сондықтан сабақта <<ұлттық патриотизм>> және <<қазақстандық патриотизм>> ұғымдарына анықтама беру, олардың мазмұнын құрайтын отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық салт-дәстүрді ұстану мен мемлекет рәміздеріне құрмет сезімін қалыптастыру сабақтың тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктерін кеңейте түседі.
Қазақстандық патриотизмнің арқауы - қазақ мемлекетіне деген сүйіспеншілік, ұлтына, сенімі мен нанымына , саяси көзқарасына , т.б. қарамастан, әрбір қазақстандық азаматтың өзі өмір сүріп ,күн көріп отырған мемлекетін <<Отаным>> деп тануы, оның негізін салып отырған қазақ ұлтына сыйластық, оның заңдарына бас ию. Оның рәміздеріне құрмет, жетістігіне сүйсініп, мақтану қазақстандық патриотизмнің белгілері болуы керек. Сондықтан қазақ тілі сабақтарында <<Менің Отаным - Қазақстан>> тақырыбын өткенде мемлекеттік рәміздерге құрмет сезімін, аз ғана уақытта бой көтеріп, гүлденген Астана қаласына, еліміздің ұлан- байтақ даласына , табиғат байлықтарына мақтаныш сезімін арттыруды мақсат етемін.Ол үшін сабақта <<Астана-бас қала>>, <<Елін сүйген, елі сүйген Елбасы>> , << Жер жаннаты- Жетісу>>, <<Қазақстан Швейцариясы - Көкшетау>>, <<Сәтбаев-кеншілер қаласы>> т.б. тақырыптарды жасалған паноромалық слайдтар көрсетіледі. Оқушылар осы тақырыптарда түрлі шағын мәтіндер жазады, диалогтар құрастырады, деңгейлік тапсырмаларды орындайды, сөзжұмбақтар мен ребустарды шешеді.
Жоғарғы сыныптарды қазақ әдебиеті сабақтарында Ж.Жабаевтың <<Ленинградтық өренім>> өлеңін, Ғ.Мүсіреповтің <<Қазақ солдаты>> романын өткен кезде Кеңес Одағының батырлары Қ.Сарталиев, Т.Бигелдинов, Т.Тоқтаров, қазақтың батыр қыздары Әлия мен Мәншүктің көрсеткен жанқиярлық ерліктері жас ұрпаққа үлгі-өнеге алатындай етіп түсіндіріледі.
Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді. Ендігі басты міндет-осы мемлекеттің гүлденіп өсуі, халықтың әлеуметтік, эономикалық жағдайын көтеру,рухани байлығын арттыру. Қазақстанды <<Отаным>> деп танитын әрбір азамат осыған үлес қосуы қажет.Мұның басты шарттарының идеяларын Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің <<Қазақстан-2030>> Жолдауында <<..біздің балаларымыз бен немерелерімізбабаларының игі дәстүрін сақтай отырып, қазіргі заманғы нарықтық экономиканың өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады>> - деп нақты сеніммен көрсеткен болатын.[2.77-бет]
Елбасының осы айтқандарын жүзеге асыру, яғни елжанды ұрпақ тәрбиелеп шығару- қазіргі заман талабына сай біліммен қаруланған білімді де білікті ұстаздардың міндеті. Ендеше осы ізгі мақсатқа жету жолында әріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін. <<Мәңгілік елдің>> болашағы - жас ұрпақ тәрбиесі білім беру мазмұнын жаңарту жолында тер төгіп жүрген заманауи ұстаз еңбегіне байланысты .
Қолданылған әдебиеттер:
1.Н. Назарбаев. <<Тәуелсіздік беелстері>>
2.Н.Назарбаев. <<Қазақстан - 2030>>
3.Б.Момышұлы. Шығармалар жинағы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz