Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Желкенді тексер

Тақырыбы: <<Еңбекқорлық пен еріншектік>>
Мақсаты: <<Еңбек>> ұғымының құндылығы ретіндегі маңыздылығын ашу.
Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру
- еңбекті қадірлеу, бағалау, еңбектің қуанышын сезіну, іскерліктерін дамыту:
- еңбексүйгіштікке, табандылыққа, шыдамдылыққа, достыққа, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суреттер.
Әуенді музыка арқылы тыныштық сәтін бастау.

Тыныштық сәті
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.
Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек - қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.
Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.
Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте - бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан - жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан - жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір - түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: <<Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын>>.
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...
Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет.

5т ережесін еске түсіру
Тәртіп
Талап
Тыныштық
Тазалық
Татулық
І арал: "Ой-жүйрік "
Видеоресурс <<Құмырсақа мен ала қоңыз>>
- Құмырсқаның бойында қандай қасиеттерді байқадыңдар?
- Ала қоңыз жасаған әрекеті дұрыс па?
- Ала қоңыз еріншектігінің кесірінен қандай күйге түсті?
- Еңбекқорлық адамды қандай жетістіктерге жеткізеді?
Ала қоңыз бен құмырсқаға ассосация әдісі арқылы сипаттама беру.
Еңбекқор
Адал Құмырсқа шыдамды
Табанды ақылды қанағатшыл
Еріншек
Жалқау Ала қоңыз икемсіз
Талапсыз ақылсыз ойсыз

Сынып оқушылары кемемен <<Еңбексүйгіштер еліне>> саяхатқа шығады. ТРЕНИНГ
Кеменің сапарға дайындығын тексерейік. Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп, қимылды қайталап отыру қажет.
1.Саяхатқа дайындалыңыздар. (иә!)
2.Контакт. (қолды созу)
3.Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)
4.Локаторды тексер. (құлақты уқалау)
5.Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)
6.Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)
7.Экипаж мүшелерін тексер. (бірін-бірі құшақтау)
8.1-ден, 5-ке дейін санағанда у-у-у деңдер. 6-дан 10-ға дейін санағанда <<ура!>> деңдер.

ІІ арал: "Көңілді шаттық шеңбері"
Сөзі мен әнін жазған А. Меңжанова
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай ,
Болайықшы досым-ай.

ІІІ арал: Кел, балалар оқылық!
"Еңбексүйгіштік пен еріншектік" ертегі В.А. Сухомлинскийдің ертегісін оқу.
-Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
-<<Нағыз адамның өткен жолдары өшпейді>> дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбексүйгіштің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?

IV арал. Бабалар сөзі - даналық көзі
Шатасқан әріптерден Абай атамыздың нақыл сөзін табу.
Лмнжеңбектісқұнқуанышлмрнужалқаулықпраустынайырылмастақолкеазаптир
ҚКИТАБАЙДТМ
<<Еңбек - қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап>> Абай

Сергіту сәті
Видеодан қайталап билету.

V арал. Нақыл сөздер
<<Еріншектік>> пен <<Еңбекқорлық>>

VI арал. "Тілек ағашы>> қорытындылау. (Бала құқығы бойынша)

<<Чернова орта мектебі>> КММ

Еңбекқорлық пен еріншектік
(Аудандық семинарда өткізілген ашық сабақ)

Пәні: Өзін-өзі тану

Өткізген: С.Н.Мұратбекова

2016-2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Еңбекқорлық пен еріншектік. 4 сынып
Сабақ жоспарлау
Кеңестік жүйе
Желкенді қайық дайындау
Қағаздан желкенді қайық дайындау
Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
Бұрыштардың түрлері
Үйірменің үйретері көп
Керік
Ыбырай Алтынсарин. Таза бұлақ
Пәндер