Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Композитордың қандай шығармаларын білесің

Негізгі аспап (Ф/но) пәні бойынша сабақ жоспары
Тақырыбы: А.Жұбанов <<Қарлығаш>> әні
Оқытушы: Хуаныш Еркежан Хуанышқызы
Білімгер: Өкенова Талшын (315-топ)
Сабақтың өтілу мерзімі: 03.03.2017 жыл
Сабақтың мақсаты: А.Жұбановтың <<Қарлығаш>> әнін фортепиано аспабында ойнау техникасын меңгерту.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік міндеттері: А.Жұбановтың өмір шығармашылығымен танысып, <<Қарлығаш>> әнін аспапта көркем орындауға үйрету.
Дамытушылық міндеттері: Есте сақтау, есту қабілеттерін дамыту, білімін жан-жақты жетілдіру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
Тәрбиелік міндеттері: Қазақ халқынын төл өнерін құрметтеуге, отанын, ұлтын сүйе білуге, айналасындағы жандарға риясыз сүйіспеншілікте болуға тәрбиелеу.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер: Мейірімділік, риясыз жақсы көру.
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Көрнекілік , практикалық, сөздік әдісі.
Оқыту технологиясы: Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері , дамыта оқыту
Сабақтың көрнекі құрал жабдықтары: Композитордың портреті, А.Жұбановтың еңбектері, шығармашылығы жайлы көрме, <<Ұлт мақтанышы>> атты бейнебаян
Пәнаралық байланыс: Өзін-өзі тану, қазақтың музыка әдебиеті, музыка теориясы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Өзін-өзі тану Мұғалімге арналған хрестоматия Алматы-2013
2. С.Ғ.Бәтібаева, Ф.М.Қоңыратбаев Ән күй хрестоматиясы Алматыкітап -2011
3. Қазақ Ұлттық энциклопедиясы
4. А. Николаев Фортепианная игра Москва - 1977.
5.А.Жұбанов <<Замана бұлбұлдары>> Алматы-2002
6. А.Жұбанов <<Ғасырлар пернесі>> Алматы-2002
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі:
1.Амандасу, студенттің сабаққа дайындығын тексеру, зейінін сабаққа шоғырландыру, аспапқа отырғызу.
2. БББ стратегиясын түсіндіріп, білімгерге кестені ұсыну.
Білемін
Білдім
Білгім келеді

3. Жаттығу жұмысы <<Этюд>>
II.Үй тапсырмасы:
К.Қуатбаев <<Көлеңке>> шығармасын орындау.
III.Білімін тексеру:
Сұрақ-жауап жұмысы
Этюдтің музыкалық құрылысы қандай, шығарманың аспапта ойнаудағы маңызы?
<<Көлеңке>> әні қай жастағы балаларға арналған, шығарманың мазмұны мен мінездемесіне түсінік беріңіз?
Музыка сабағында бұл әнді қандай тәсілмен үйретуге болады ?
IV.Жаңа тақырыпқа мақсат:
1.Білімгердің жеке ізденіс жұмысы
А.Жұбанов деген кім ?
Композитордың қандай шығармаларын білесің?
Бес құндылық, оның ішінде сүйіспеншілік құндылығы жайлы не білесің?
2. Дәйек сөз << Адамның жақсылығы-адамға сүйіспеншілікпен қарағандар>> Абай Құнанбаев
Дәйексөзді білімгерге талдату арқылы сыни ойлануына жол ашу, дүниетанымдық қабілетін дамыту.
3.Сын тұрғысынан ойлау элементтерін түсіндіру мақсатында << Шыңғыс ханның санамағы>> стратегиясын қолдану.
Білімгердің жан-жақты қабілетін дамыту, тек көзбен көргеніне сену емес,әр ақпаратты жан-жақты ойлап, білімге ұмтылу керектігін түсіндіру.
V. Жаңа материалды меңгерту:
1) <<Ұлт мақтанышы>> бейнебаянын көрсету.
2.Оқытушы А.Жұбановтың өмірі шығармашылығы жайлы қысқаша мағлұмат беру.
Ахмет Қуанұлы Жұбанов (1906-1968) -- қазақ музыкасын зерттеуші көрнекті ғалым, әйгілі композитор, дирижер. Қазақстанның халық артисі (1944), өнертану ғылымының докторы (1943), профессор (1948), академик.
Ол Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде өмірге келген.
Жасынан музыка өнеріне бейімділігін байқатып, домбыра, скрипка аспаптарында ойнауды меңгереді. Жас кезінде ауылдасы Талым күйшіден, ауыл мұғалімі Қ. Ашғалиевтен, әкесі Қуаннан, ағасы Құдайбергеннен тәлім алып, музыка өнеріне ден қояды. Темірде орыс халық аспаптар әуесқойлары оркестріне жетекшілік ететін (П. Черняктан сольфеджио, скрипка, музыка теориясы бойынша) сабақ алады.
1929 жылы Ленинградтың М.И. Глинка атындағы техникумында (А.А .Этигонның скрипка класы бойынша), консерваторияда (профессор Ф.А. Ниманның гобой класы бойынша, кейіннен музыка тарихы мен теориясы факультетінде) оқыған.
1932 жылы Ленинградтағы Актер шеберлігі мектебінің аспирантурасына түседі.
1933 жылы Алматыда ашылған музыкалық драма училищесіне ұстаздық қызметке шақырылады.
1930 жылы Ленинградтағы <<Рабочий и театр>> журналында жарияланған мақаласынан бастап, өмірінің соңына дейін қазақ музыкасының тарихы мен теориясын зерттеумен айналысты. 1936 жылы <<Музыка әліппесі>> атты тырнақалды кітапшасы жарық көрген.
1934 жылы А. К. Жұбанов алғаш 11 адамнан құралған домбырашылар ансамблі негізінде Қазақ ұлттық халық оркестрін ұйымдастырды. Осы ұжымның тұңғыш дирижері ретінде көптеген халық композиторларының музыка туындыларын оркестрге лайықтап нотаға түсірген.
1945-1951 жылдары Алматы консерваториясының ректоры, 1954-1961 жылдары осы консерваториядағы өзі ашқан халық аспаптар кафедрасының меңгерушісі болып, қазақ халық музыкасының тарихынан, дирижерлік өнер менаспаптанудан сабақ берді.
Жұбановтың қазақ халқының ән-күй шығармаларының табиғаты мен ерекшелігі, ұлы күйшілер Құрманғазы, Дәулеткерей, Сейтек, Тәттімбет, Қазанғап туралы монографиялық ғылыми -зерттеу еңбектері- қазақ музыкасының ғылыми тарихын жасауға қосылған қомақты үлес болды.
А. К. Жұбанов -- қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар <<Тәжік биі>>, <<Қазақ билері>>, <<Төлеген Тоқтаров>>, <<Ария>>, <<Вокальдік сюитасы>>, <<Абай сюитасы>>, тағы басқалар.
Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстар мен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған <<Абай>> (1944) және <<Төлеген Тоқтаров>> (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған <<Құрманғазы>> (1970) операсы.
А. К. Жұбанов қазақтың ұлттық өнерін дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағын берді. Ленин орденімен, тағы басқа ордендермен, медальдармен марапатталған.
Алматы қаласының көшелерінің біріне, Республикалық музыкалық мектеп-интернатқа Жұбанов есімі берілген. Ақтөбедегі музыка колледжі, көшелер А. К. Жұбанов есімінде. Өзі ұзақ жыл тұрған үйдің қабырғасында ескерткіш тақта орнатылған.
2006 жылы Ахмет Жұбановтың 100 жылдық мерейтойына орай Ғ. Жұбанова атындағы облыстық Филармония ғимаратының алдында композиторға арнап үлкен ескерткіш орнатылмақ. Ескерткіш авторлары -- Ескен Сергебаев пен Бақытжан Әбішев, архитектор -- Жексен Айнабеков. Қоладан жасалған ескерткішті гранит плиткасымен қапталған тұғырға орнатады.
Қазақ халық аспаптары оркестрі - А. Жұбановтың шығармашылық қызметінің аса елеулі, қайталанбас тұстарының бірі,оның көп дауысты ұлттық оркестр құруы - ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениеті деген ұғымды нақты категориялық мәні бар рухани құбылысқа айналдырды. Ахмет Қуанұлы оркестр репертуарын қалыптастыру, музыканттардың кәсіби деңгейін жетілдіру бағытында да аянбай еңбек етті. .
А. Жұбанов композитор ретінде түрлі жанрда қайталанбас құнды туындыларды: аспаптық, вокалдық шығармаларды, хорлар мен музыкалық-драмалық шығармаларды (опера, драмалық спектакльдер мен кинофильмдерге жазылған музыкаларды) дүниеге әкелді. А. Жұбановтың "Ария", "Романс", "Көктем" сияқты аспаптық шығармалары скрипкада, қобызда, виолончель және басқа да аспаптарда орындалады. Көптеген музыканттардың, әсіресе, жас пианистердің репертуарында міндетті түрде "Тәжік биі", "Қазақ биі" шығармалары болады. А. Жұбановтың көпшілік сүйіп тыңдайтын "Қарлығаш", "Ақ көгершін", "Ұмытпа", "Ақ Шолпан" сияқты вокалды туындылары өзінің ерекше ұлттық нақышымен, шынайылығымен, тазалығымен баурап алады. Оркестрге арналған шығармаларының ішіндегі қазақтың халық аспаптар оркестріне арнап жазған "Абай" сиютасы өз алдына бір төбе. .
А. Жұбановтың композитор ретінде бағындырған биіктерінің бірі - опера жанры. Л. Хамидимен бірігіп жазған "Абай" операсы - қазақ жазба әдебиетінің кемеңгері Абайдың тереңдігімен, асқақтығымен ұштасып жатқан туынды. Абайдың туған халқына деген сүйіспеншілігі опера музыкасында терең, табиғи үндестік тапқан. .
"Құрманғазы" радио - операсы - операның жаңа бір жанрлық түрінің көрінісі. Өкінішке орай, Ахмет Қуанұлы арманын ақырына дейін орындай алмай кетті. Бұл операның соңғы нүктесін қойған және аспаптық, концерттік және сахналық нұсқасын жазған оның қызы - көрнекті композитор Ғазиза Ахметқызы Жұбанова. Ол әкесінен асқан дарындылық пен туған халқының мәдениетін дамыту мен гүлдендіруге деген шексіз құштарлықты мирас етіп алды. .
Академик, Қазақ ССР - інің халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты А. Жұбанов музыкатану саласының да жолбасшысы болды. Ол өз бағытын ғана емес, Қазақстан музыкатану ғылымының да болашақтағы даму бағытын айқындап берді. Музыкатанушы А. Жұбанов зерттеулерінің басты тақырыбы - ХІХ ғасырдағы халық композиторы, күйші, күй өнерінің майталманы Құрманғазы. Ол - Құрманғазы туралы монографиялық еңбек (1936) пен бірнеше мақаланың авторы, Құрманғазы күйлерінің жинағын шығарушы.
3. А.Жұбановтың рухани болмысы жайлы бейнебаян
А.Қ.Жұбановтың мұрындық болуымен қырқыншы жылдары ұйымдастырылған ғылыми экспедиция сексенінші жылдарға дейін Қазақстанның түкпір түкпірінен 10 мыңдай ән күй нұсқаларын жинаған. Қазақтың кәсіпқой халық композиторларының өмір дерегін жинастырып, шығармаларын нотаға түсіріп, одан соң кәнігі әнші күйшілерге үйрету арқылы халықтың рухани игілігіне айналдыруда теңдесіз еңбекқорлық пен іскерліктің үлгісін Ахмет Қуанұлының өзі көрсетіп отырды.
А.Қ. Жұбановтың ғалым, педагог, композитор, орындаушы және ұйымдастырушы ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне сіңірген еңбегі ұлттың мәдени рухани шежіресіндегі ең көрнекті белестердің бірі болып қалады.
XX ғасырдағы қазақ музыка мәдениетінің А. Жұбанов қомақты үлес қоспаған, өзінің өшпес қолтаңбасын қалдырмаған саласы кемде - кем. Ахмет Қуанұлының бүкіл саналы ғұмыры өз елінің музыка мәдениетін қалыптастыру және оны көркейту жолындағы белсенді қызмет үстінде өтті. Ол көптеген келелі істің басында болды, атап айтқанда: музыкалық фольклористика, қазақ музыкатану ілімі, Қазақстан Композиторлар одағы, кәсіптік музыкалық білім беру саласы. А. Жұбанов қазақ мәдениетіне музыкаландырудың тың формасын таныстырды. Ол - қазақ халық аспаптар оркестрі. Қазір жұртшылық бұл ұжымды атақты Құрманғазы атындағы Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі деп біледі. Ахмет Қуанұлы тамаша музыкалық туындылардың авторы, өңдеушісі және дирижері ғана емес, сонымен қоса оларды үйретуші, таратушы, насихаттаушы педогог - лектор болды, халық шығармашылығынан мыңнан астам ән мен күй жазып алып нотаға түсірді. Халық композиторлары туралы ел аузынан жинаған мәліметтер бірқатар ғылыми мақалалар мен шығармаларға арқау болды. А. Жұбановтың қазақ мәдениетіне қосқан теңдесі жоқ үлесі адам қабілетінің қандай құдіретті болатындығының шынайы көрінісі.
Жұртшылыққа кеңінен танымал "Ғасырлар пернесі" атты еңбектегі Құрманғазы туралы очерктің орны ерекше. .
Қазақ радиосы үшін арнайы дайындалып, эфирде Ахмет Жұбановтың өзі оқыған "Құрманғазы" тақырыбындағы лекция - концерт көне музыкалық мұраларды жинаушы, зерттеуші ұлы ғалымның жаңа бір қырын - лекторлық ерекше шеберлігін көрсетеді. А. Жұбановтың лекторлық шеберлігін оның замандастары да бір кісідей бағалайды. Бірқалыпты шығатын тұнық дауысы мен өзіндік тартымдылығының арқасында оның әр сөзі тыңдаушыны еріксіз баурап алатын.
4.А.Жұбановтың өмірі,шығармашылығына арналған көрмеге шолу жасау
5) <<Қарлығаш>> әнінің шығу тарихы
Бұл әнді шы - ғар - ған - қазақтың кә - сіби сөз өне - рінің негізін қа - лау - шы, ұстаз-про - фес - сор, ғалым-ака - демик, әйгілі дирижер-композитор - Ахмет Қуан - ұлы Жұбанов еді. Ал әннің мәтінін-өлеңін ақын- - - драматург Иба - долла (Ибади) Матақов жазды. Ибади ағамыз Семейдің Абай ау - данының тумасы, руы тобықты екен. Ақындығынан басқа пьеса да жазатын өнері бар екен.Ол кісі Отан соғысынан бұрын үйле - ніп - ті. Ал соғыс басталған 1941 жылы Ал - ма - тыдағы Мемлекеттік хор капелласына Қостанай жағынан 17-18 жас шамасындағы бір көрікті қыз келіп, әншілік қызметке орналасады. Есімі Жәми - ла Ахметова. 1924 жылы туған. Сол қызға Ибади ағамыздың көзі түседі. Қатты ұнатады. Ғашық болады. Не керек, қыр соңынан қалмай жүріп, өз әйелінен ажырасып, сол Жәми - лаға үйленіп тынады. Жарына арнап <<Қарлығаш>> деген өлең шы - ғарып, жариялайды.
Ол кезде А.Жұбанов отыз бес - тердегі жас жігіт, ҚР еңбек сің - ір - ген артисі, Құрманғазы атын - дағы ха - лық аспаптар оркестрінің бас дирижері, филармонияның көр - кем - дік жетекшісі (Жәмила қыз - мет істейтін хор капелласы да фи - лар - монияның қарамағында. Қа - зір де солай - Қ.М.). А.Жұбанов И.Мата - қовтың арнау өлеңін ұнатып, ақын - ның келісімімен ән жазады. <<Қарлығаш>> әні өте сәтті шы - ға - ды. Сахнадан, радиодан жиі орын - далып, ән ел арасына тез тарап кетеді. А.Жұбанов пен Л.Хамиди бірігіп жазған <<Абай>> операсында Ахаңның <<Қарлығаш>> әнін хор орындайды. Балетмейстер Ю.Ковалев аталмыш операдағы осы хор орындайтын <<Қарлығаш>> әнінің әуеніне би де қойған-ды. Бұл биді эстрада бишілері мен әуесқой ансамбльдер осы күні де жиі орындайды. Соңғы жылдарда <<Қарлығаш>> әнін қазақтың эс - тра - далық әншілері заманауи өңдеуде орын - - дайды. Ал 2009 жылы белгілі меценат Сапар Ысқа - қов - тың демеу - шілігімен Конгресс-холл - да өткен қазақ әндерін орындаған шетел әншілерінің концертінде <<Қар - лы - ғашты>> Филиппин елінің ән - ші - сі - жақсы орындады.
6. Шығарманың вокалдық түрде орындалуын бейнежазбадан тыңдату.
7. <<Қарлығаш>> әнінің мәтініне талдау жасау.

Қарлығаш
Әнін жазған Ахмет Жұбанов
Сөзі Ибади Матақовтікі
Қарлығаш әннің аты жырымды айтам,
Сүйген жар, сүйіскен дос сырымды айтам, Қарлығаш!
Айныма, асыл сәулем берген серттен,
Мен сендік, сен менікі шынымды айтам, Қарлығаш!
Қайырмасы:
Құралай көз, қолаң шаш,
Алма мойын, қиғаш қас.
Сүйген сәулем Қарлығаш.
Ақ тамақ, қиылған қас, жазық маңдай,
Әдемі ақша бетің, жауған қардай, Қарлығаш!
Жайдары еркелеген жарқын мінез,
Жарқ етсең, жадыратар жаққан шамдай, Қарлығаш!

Сүйіспеншілік құндылығының мәнін ашу.
Сүйіспеншілік: рухани адамгершілік адамның жан дүниесінің өзгерісі,ал өзгеріс сүйіспеншілік болғанда ғана өзгереді. Сүйіспеншілік ол-жүректің төрінде,кешірімшіл,өтірікке өш , адамға беретін шабыт көзі.
8) Шығарманы оқытушы ойнап көрсету.
9) <<Қарлығаш>> әнінің ноталық мәтініне талдау жасау.
Екпін, өлшем, альтерациялық белгілер, динамикалық белгілер жайлы айтып, түсініктеме беру.
10) Шығарманың аспапта ойналуын оқушыға үйрету.
Оң қол, сол қолдарын жеке ойнату.
Әнді музыкасын түсіне отырып, екі қолды біріктіре ойнату.
VI.Жаңа сабақты пысықтау:
Білімгердің өзі оқытушының көмегінсіз шығарманы аспапта ойнауы
Кемшіліктерді ескере отырып, қателіктерін түзету.
VII.Бекіту
БББ стратегиясы кестесін білімгерден алу.
(Мақсаты: Студенттің сабақты қаншалықты түсінгенін, жазғанына қарап қорытынды жасай отырып, оқытушының келесі сабаққа дайындығын нығайту)
Бүгін қандай құндылықтың мәнін аштық?
А.Жұбановтың сүйіспеншілік құндылығы орын алатын шығармалары қандай?
А.Жұбановтың қандай еңбектері бар?
А.Жұбановтың қазақ өнеріндегі алатын орны ?
<<Қарлығаш>> әнінің мазмұны, музыкалық ерекшелігі?
Сын тұрғысынан ойлау технологиясын қалай түсіндің?
VIII.Үй тапсырмасы
1.Қарлығаш әнін аспапта ойнап үйреніп келу
2.А.Жұбановтың <<Заман бұлбұлдары>>, <<Ғасырлар пернесі>> атты еңбектерін оқу.
3. Республикамыздағы А.Жұбанов атындағы мекемелерінің атауын білу.
Бағалау

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ
ЕСІК ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

Үлгілік сабақ жоспары

Тақырыбы: А.Жұбанов <<Қарлығаш>> әні
Пәні: Негізгі аспап (ф/но)
Тобы: 315

Оқытушы: Е.Х.Хуаныш

Есік 2017

Ұқсас жұмыстар
Сергей васильевич рахманиновтың өмірі мен шығармашылығы
Ұлы композитор Нұрғиса ата - 90 жаста
Елім менің Тәуелсіз Қазақстан тақырыбында өтетін патриоттық әндер мен мәнерлеп оқу байқауының сценарийі
Xviii ғасырдағы музыка өнері
Музыка өнері
Дарынды да, дана композитор нұрғиса тілендиев. 6 сынып
Қазақ музыка өнерінің шебері- Нұрғиса Атабайұлы Тілендиев
Қазақстандық кәсіби композиторлар Ахмет Қуанұлы Жұбанов
Абай тұлғасының өзге тұлғалармен байланысын анықтай
Ахмет байтұрсынұлы "оқуға шақыру". 3-сынып
Пәндер