Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ хандығының негізін қалаған хандар

Ғ. Молдашев атындағы орта жалпы білім беретін мектебі

Ашық сабақ
Тақырыбы: <<Қазақ хандары, билері, батырлары>>
Сыныбы: 5 <<а>>
Пән мұғалімі: Ануарбекова А.А

Сыныбы: 5 <<а>> сынып

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандары, билері және батырлары.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және қазақ хандығының қоғамдық саяси құрылымымен таныстыру және қазақтың сот төрелігі, билік айту жүйесі мен таныстыру, билердің тарихтағы алатын орны мен қызметіне тоқтала отырып, сонымен қатар жоңғарларға қарсы шыққан қазақтың хас батырлары жайлы кеңінен мәлімет беру және толық түсінік беру.

Дамытушылық: Оқушыларға қызықты болу үшін қазіргі басқару жүйесі мен қазіргі басқару жүйесін салыстыру және өткен ғасырдағы төрелік айтумен таныстыру сонымен қатар қазақ батырларына тарихи тұрғыда баға беруге баулу.

Тәрбиелік: Ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу, қазақ батырының ерлігін дәріптеп ерлігін үлгі етуге және қара қылды қақ жарған әділ болуға және қазақ жүздерінің басшыларының қызметтерін үлгі етіп жастардың бойына сіңіру.

Сабақтың әдісі: Сайыс сабақ
Көрнекілігі: Билердің суреттері, Қазақстанның картасы, тапсырмалар.
Сабақтың барысы. І. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Сәлемдесу. Сабақта жоқ оқушыларды белгілеу, сынып тазалығына назар аудару.
Сабаққа сәттілік тілеу
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (10 мин) Қазақ халқының қалыптасуы мен хандығының құрылуы

-Ертеде қазақ жерінде өмір сүрген сақ тайпаларының бет-бейнесі қандай нәсілге ұқсады?еуропалық
-Кімдердің жаулап алуы кезінде жергілікті ру-тайпалардың бет - бейнесі монғолдық нәсілге айналды?монғолдардың
-Халық деген сөзге кім анықтама береді? Бір елдің барлық тұрғыны, тілі, тұрмыс-тіршілігі, рухани мәдениеті ортақ, сыртқы бейнесі ұқсас бір жерде мекендейтін қоғам
-<<Қазақ>> атауы көне түркі тілінде қандай мағына береді? Еркін адамдар
-Қазақ жері неше жүзге бөлінді, атап бер 3 ұлы,орта ,кіші
- осы үш жүздің территориясын кім айтады? Ұлы жүз- оңт Қазақстан, Орта жүз-солтүстік, орталық және шығыс Қазақстан. Кіші жүз - Каспий теңізі жағалауы, Ырғыз, Тобыл өзендері бойы
- Қазақтың арғы атасы кім?
- Қазақ хандығының негізін қалаған хандар?
- Қазақ хандығының нығаюына үлес қосқан қай қазақ хандарын білесіңдер?
- Қасым ханның заңдар жинағы қалай аталады ?
-Қай жылы Қазақ хандығы құрылды? 1465 жылы
-
Үй тапсырмасын қорытындылау:3 минут
Тақырыпты ашып алу үшін ой толғаныс ретінде <<Қазақ хандығы >> туралы видеофильм көрсету. (5 минут)
Жаңа сабақ:
Сонымен хан дегеніміз, қазақ мемлекетінің билеушісі, хандықтың басшысы. Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалып отырды. Ханның негізгі қызметі мен өкілділігіне тоқталсақ: сяси - экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырған. Ел басқаруда өз кеңесшілеріне сүйенген. Жаугершілік соғыста қол басқарған.
Аңызға айналған қазақ хандары: Алаша хан, Оғыз хан,Бұрындық хан, Хақназар хан, Тәуке хан т. б

Қазақтың негізгі үш биі өзімізге белгілі Қазыбек би, Төле би, Әйтеке би. Қазыбек - қазақ хандығының аса көрнекті мемлекет қайраткері, мәлімгері және Орта жүздің бас биі болған. Жеті жарғыны жасауға көмектескен. Ол жастайынан шешендігімен көзге түседі. 1740 жылдары Малайсарымен және басқалармен бірге 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып алады. Жоңғар ханы оған шешендігі үшін <<Қаз дауысты Қазыбек>>- атағын берген.

Жоңғарларға қарсы күреске шыққан қазақ батырлары көп. Солардың негізгілеріне тоқталсақ: Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай, Баян батырлар. Олардың ерлігі үшін әр түрлі атақтар берген. Олар жастайынан батырлығы мен ерекше көзге түскен. Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап, сардарлық қызмет атқарған.

Әр топқа тақырыпқа сай жеке сұрақтарды оқушылар тілші ретінде қойып шығады:
10 минут
1. Армат:
1. Хан дегеніміз кім?
2. хандар қандай қызмет атқарады?
1. Билер деп кімдерді атаймыз?
2. Билер қоғамда қандай қызмет атқарған?
1. Қазақтың әйгілі билерін атап беріңіз?
2. Билер халық арасында қалай көзге түсті?
2.Аяулым
1. <<Қасқа жол>> атанған заңдар жинағын шығарған хан?
2. Хандықтың басшысы кім болған?
1.Қазақ хандар әулетінің арғы атасы кім деп ойлайсын?
2. Жеті жарғы заңдар жинағы кімдікі?
1.Қазақ хандығының алғашқы хандары кімдер?
2. Биыл Қазақ хандығының құрылғандығына неше жыл толып отыр.

3. Аружан
1.Қазақтың атақты батырларын атап бересіңбе?
2. батырлар қандай қызмет атқарды деп ойлайсыз?
1.Қазақтың даңқы шыққан хандарды ел билеген жылдарымен айтып бере аласыңба?
2. <<Дарабоз>> атанған батырды білесіңбе?
1. Қазақ атауының шығу тегі туралы аңыз айтып бере аласың ба?

Шешендік сөздеріне қарап, авторын тап. Қосымша тапсырма. Бисекнова Айдана
1. <<Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін. Батыр болсаң, жауға найзаң тисін. <<Әйтеке би>>
2. Жаңбыр жаумаса жер жетім, Басшы болмаса ел жетім, Ұқпасқа айтқан сөз жетім... Көре алмаған көз жетім <<Төле би>>
3. Үй жанында биік төбең болса, Ол ерттеулі аттан кем емес, Отбасыңда білгір қартың болса, Ол жазылған хаттан кем емес Біз, қазақтар керіспейік Ренжісу бізге жөн емес. <<Қазыбек би>>

Жаңа сабақты қорытындылау: Жаннұр 2 миут

Сергіту сәті Терме Эльнара

Сабақты қорытындылау. (1мин) -Бүгінгі сабақта нені меңгердік? -Сабақтың барысында қойған мақсатымыз бен міндеттерімізді орындай алдық па? -Бүгінгі алған білімдеріңнің сендер үшін маңыздылығы бар ма? -Балалар, тәуелсіздікке жетуге қандай адамдар үлестерін қосты? (батырлар, билер, хандар ) Біздің ел дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету, елін жаудан қорғайтын, болашақ қазақ жастарының қолында деп есептеймін.
Бағалау: Ақторғын
Үйге тапсырма: Қазақ хандары, билері және батырлары тақырыбын оқу.

Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығының құрылуы жайлы ақпарат
Қазақ хандығының құрылуы. 7 сынып. Қазақстан тарихы
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығы
Орта ғасырлардағы Қазақстан
Қазақ хандығына саяхат
Қазақ хандығының басқару жүйесі
<<Қазақ хандығының құрылуы>>
Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым
Тарих хақназар хан
Xv-xvii ғ. қазақ хандығы қайталау сабағы
Пәндер