Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қазақ еліне рахмет

Қарағанды облысы Абай ауданы
Абай Құнанбаев атындағы №5
мектеп-гимназиясының 8-сынып
оқушысы Байтакова Мадина
Жетекшісі:
Ергешбаева Зауре Хамзаевна
Тел: 8 775 330 19 05 4-01-36
z.ergeshbaeva@mail.ru

АЛТЫН АЛМА, АЛҒЫС АЛ, АЛҒЫС ДЕГЕН ЕЛ - СЫЙЫ
<<Аз жақсылық жасағанға да көп рақмет айту парыз>>
Ж.Баласағұн

Тарихта ең бірінші алғыс айту күні АҚШ және Канада халықтары қараша айының әрбір төртінші бейсенбісінде атап өтілген екен. Көз алдыңызға америкалық бақытты отбасылардың дастарқан басына жиналып, дәмді бәліштер мен күрке тауық етін жеп отырған сәті келді ме? Алайда, бұл мереке дастарқанмен ғана шектелмейді. Мерекенің ешбір дінмен байланысы жоқ, адамдар тек қана әрбір күн сайын не үшін рақмет айту керек екендігін ойланады. Атаулы күн алғаш рет 1621 жылы ағылшындық колонистердің бастамасымен тойланған. Қыс мезгілі өте ауыр болып, адамдар аштыққа ұшырағандықтан губернатор Уильям Брэдфорд қол астындағылардың көңіл-күйін көтеру үшін Алғыс айту күнін белгілейді. Айналадағы басқа да көршілер бұл дәстүрді жылы қабылдап, қаһарлы қысты аман-есен өткереді. Рақмет айту күнінің басты нышандарының бірі - түйе тауық. Себебі, ағылшындық колонистер мерекені алғаш тойлағанда орманда атылған төрт түйе тауықты жеген екен. Кейіннен, яғни, 1789 жылы Джордж Вашингтон Рақмет айту күнін "Ұлттық мереке" деп жариялайды. Сондай-ақ біздің елімізде 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә Назрбаев Қазақстан Халық Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялау туралы №173 Жарлыққа қол қойды.
Демек бұл күн - тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзымның белгісі болуы тиіс. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Сол күндерді ұмытпайтын болсақ бүгінгі күнге шүкіршілігіміз арта бермек. Мен Абай қаласының іргесінде орналасқан Сталиндік режим кезінде салынған <<Долинка <<мұражайына барғанда Қазақстанның көп ұлтты мемлекетке қалай айналғандығын, сол уақытта қаншама өзге ұлттың біздің елімізден пана тапқандығын түсіндім. Сонымен қай кезден бастап өзге ұлттар алып келіне бастағанына көз жіберіп көрейік. Тарих қойнауында қалған Патша империясы Қазақстанға көпэтносты халықты мұра етті. Олар күштеп қоныстандыру, сталиндік репрессия, тың игеру кезінде қазақ жеріне қоныс тепті. Патшалық кездегі қоныстандыруды есептемегенде кешегі Кеңестік дәуірде яғни 30-60-шы жылдарда қаншама ұлттық өкілдері түрлі жаламен жер аударылды.
Тарихшы- ғалым К. Нүрпейіс қуғын- сүргін тарихын алты кезеңге бөліп көрсеткен.
1-кезең 1917-1920 жылдары аралығы.
2-кезең 1920 жылдардың екінші кезеңінің жартысы.
3- кезең 1930 жылдардың басы.
4- кезең 1937-1945 жылдар аралығы.
5- кезең 1940 жылдардың екінші жартысы мен
6- кезең 1986 жылдар
Ең бірінші дефортацияға ұшыраған кәріс ұлты 1937 жылы қыркүйек, желтоқсан айларында 20789 отбасы көшіріліп келді. 1940 -- 1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. 1944 жылы наурыз айында 650 мыңдай шешен, ингуш, калмақ, қарашайлар көшірілді..
1944 жылы мамырда 50 эше- лонға тиелген татар үлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен гректер әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға өкелінді. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың болса, 9 мың неміс отбасы болды.

1954-60 жылдар аралығында тың игеру желеуімен КСРО-ның еуропалық бөлігінен 2 млн адам Қазақстанға келді. Депортацияның қайғылы қасіреті балқарларға да келіп жетті. Бүкіл техника, НКВД құрамалары мен армия бөлімдерінен 19 мыңдай офицер мен әскерлер қатыстырылған бұл операцияны Ішкі істер халық комиссары Берияның өзі басқарды. Қазақ халқы қиын-қыстау заманда олардың басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, бұл бүгінгі таңда еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Қазір елімізде 140-қа жуық ұлыс өкілдері тұрады. Олардың Қазақстанға қандай себеппен қоныс аударғандарын терең зерттеп жүрген ғалым Құндызай Ерімбетова үш ғасыр бойы демек, 1690-1990 жылдар аралығында қазақ жеріне 7 миллион 600 адам көшірілгенін айтады. Оның 1 миллион 203 мыңы 1917 жылдан бері қоныс аударылғандар екен.
Міне мың-мыңдаған ұлттардың сақталып қалуларына біздің қазақ халқының мейірімі, жанашырлығы, өзін ғана ойламай, өзгені де жарылғаған халықтығының арқасында болғандығын кез-келген ұлттың аузынан естиміз. Халқымызда << Көп дұғасы -- көл>> деген мақал бар. Аллаға
шүкір осыншама ұлттардың қазаққа берген дұғасының тілегі қабыл болғаны шығар, бүгін елімізде тыныштық, әлем таныған елдердің біріне айналдық. Әрине елдегі ұлттардың ынтымағын, бірлігін сақтап отырған Елбасымыздың ерен ерлігін қалай алғыс айтпасқа болады?. Тәуелсіздік алғаннан кейін қаншама өзге ұлттар өз еліне қайтты, қайтпағандары Қазақстанды өзінің Отаны санап, адал еңбек етті. Неміс ұлтының өкілі Герольд Белгер, азарбайжан қызы Асылы Осман және Қазақстан екінші отаным болды деп өз еліне барып қайта келген, жапон азаматы Тесуро Ахиконың қазақ халқына, Президент Н.Ә Назарбаевқа ризашылығын айтып жеткізу қиын.
Енді өзге ұлттар пікірін тыңдап көрсек.
Элла Габананың ата-анасы 1941 жылы Германиядан Ақмоланың Ерейментау ауданына жер аударылған. Неміс отбасы ауылдағы Бұқаш атты қарияның отбасын паналапты. Әжей алыстан арып-ашып келген оларға ас-су, киім-кешек берген қайырымды атайды ешқашан ұмытқан емес.
Элла Габана, неміс ұлтының өкілі:
Егер қазақтар болмағанда, біз бұл жерде өмір сүре алмас едік. Біз алғашында Бұқыш ата деген кісінің үйінде тұрдық. Отын-су, тамақ бәрін сол кісі берді. Кейін ауылға сіңіп, үйреніп кеттік. Қазақ еліне рахмет!

Г.БЕЛЬГЕР: Енді адамзат бойына берілген қандай жақсы қасиеттердің барлығы табылады бұл қазақтың бойынан. Қонақжайлылығы, кеңпейілділігі, ақкөңілділігі т.б. толып жатыр, аузыма түспей отырғаны. Менің қазақ ауылында өскенімді бәрі біледі. Мені бірде-бір рет ренжіткен қазақ болған жоқ. <<Гера, Геражан>> ауылдың сүйіктісі болдым. Менің адам болып өсуіме қазақтар көп әсер етті. Той-томалақтан қалмадым. Шалдар тәттінің тәуірін, дәмдісін, жіліктің майлысын маған беретін. Менің жүрегімді мейірімділікке толтырған, ыза-кек, қызғаныш, өшпенділік дегеннен аулақ сақтап қалған осы <<қазақ ауылы>> болды деп ойлаймын. Мен қазақтың алдында осы үшін де қарыздармын.деген болатын көзі тірі кезінде

Ал, Оңтүстік Қазақстан облысында тұратын Гүлнар Шадманқызы Грузиядан жер аударылғанда бойжеткен қыз болатын. Бүгінде Бөржардан береке тауып, 7 ұл мен 5 қыздың анасы атанған. Кезінде өрімдей қызды өзекке теппеген Қазақстанды ол өзінің қасиетті Отанына балайды.

Гүлнар Шадманқызы, әзірбайжан ұлтының өкілі:
Қазақстаннан өмірі жамандық көрген жоқпын. Бізді көтерді. Жамандық көрсетпеді. Рахмет, рахмет барлығына. Бәріміз бір халық сияқтымыз қазір. Шақырады барасың. Олар келеді.

Осы Бөржар ауылының жасы ең үлкен тұрғыны Клавдия Степанова - қарашай ұлтының қызы. 94 жастағы кейуананың Мәскеу түбіндегі Воскресенск қаласында туғанын ауылда біреу білсе, біреу білмейді. Соғыс жылдары ата-анасынан айырылған қарашай қызын қазақ отбасы бауырына салған. Ауылдастары Қалампыр деп атап кеткен.

Клавдия Степанова, қарашай ұлтының өкілі:
Қазақ мейманшыл келеді. Құда түседі. Кәдімгі қазақтың жолымен кеттік қой. Ырза болып отырмыз бәріне. Қазір немерелерім, үш шөпшегім бар. Құдайға шүкір.

Алысқа бармай мен өз сыныптастарымның арасынан да кезінде жер аударылып келген ұлттардың шөберелері бар.
Байтакова Мадина Мен
Абай қаласындағы қазақ мектебінде 8-сыныпта оқимын.сыныптастарымның арасында бірнеше ұлттың балалары оқимыз.
Менің нағашы атамның аты ұлты неміс болған. Олардың отбасы 1943 жылы Целиноградқа жер аударылып келеді. Нағашы атам 7 жаста екен. Ешкімді танымайды, қазақ тілін түсінбейді. Сонда Қазыбек деген қазақ кісі өзінің қамқорлығына алып, сөздеріне түсінбесе де ым-ишарамен түсіндіріп өмір сүрулеріне көмектеседі. Атам қырман басына барып, бидай орағына қатысады, сол ауылдағы қазақ мектебіне барып сауат ашады. 1961 жылы атам қайтыс болады. Бұл уақытта менің нағашы атам ұлты татар Фейруза атты қызға үйленеді. Екеуінің отбасында 5 бала дүниеге келеді. Қазір олар Қазақстанның азаматтары болып , түрлі салады еңбек етіп жүр. Аталарымыз өздерінің неміс ұлты екендігін , күштеп көшіріліп келгенде дастархан жайып, тілін түсінбесе де нан суын беріп көмектескен қазақ ұлтына алғыс айтумен өткен.
Ал өзімнің атам Акиф, ұлты татар. Бұл кісілер 1944 жылы Татарстаннан Орал қаласына отбасымен бір түнде көшіріледі. 1950 жылы отбасында дүниеге ұл бала келеді. Оның атын Орал қояды.(әкемнің әкесі) Оның отбасында 4 бала болады. Соның қызы Мадина боламын. Қазір қазақ мектебінде 8-сыныпта оқимын. Біздің отбасымыз түрлі ұлттың өкілдерінен құралғанымен Отанымыз Қазақстан деп білеміз. Қазақ халқының мейірімділігі арқасында біздің әулет ұрпақтары аман-сау қалды. Мен және менің отбасым қазақ халқына, бүгінгі ұлттардың басын қосып, қазақ халқымен бірдей қатар қойып отырған Елбасымызға алғыс айтамын.

Мамедов Мурат Миргалиев
Мен Мадинамен бірге 8-сыныпта оқимын. Менің сыныптастарыма, ата-анама, қазақ деген мейірімді, дархан халқыма, Елбасымызға айтар алғысым шексіз.Менің шешем татар, әкем башкир, ал мен қазақ. Менің ата-бабаларым кезінде Татарстаннан, Башкириядан көшіріліп келген.Апамнан қалай келдіңіздер деп сұраған да, ол күндерді еске алу қаншалықты қиын, мен бір нәрсені білемін, ол қазақ деген халықтың адалдығы мен адамдығы, осындай халықтың арқасында өмірге қайта келдік деп өткен күнін еске алады.
Ынтымақ Роза
Менің ата-бабаларым 1916 жылдары Қытайға ауып бас сауғалап барған екен. Сонда әкемнің әкесі өзінің ашаршылықты басынан қалай кешкендігін айтып отыратын болған дейді. Туған жер, өскен елінен айырылған бабам өмірінің соңында жылай-жылай екі көзінен айырылап өмірден арманмен өтіп кеткен екен. Бірақ сол арманды бүгін мен жалғап тұрмын. Біз 2007 жылдары Қазақстанға Қытайдан көшіп келдік. Тәуелсіз елімнің көгінде еркін ұша аламын деп, осындай күнге қол жеткізген Елбасымызға және әрбір атқан күніме ризашылығымды білдіремін.
Әлемде ешбір ел қазақ халқы сияқты демографиялық күйзелісті бастан кешкен жоқ, ешбір елге бұлай жойылып кету қаупі төнген жоқ. 1995 жылғы наурыз айында Қазақстан Республикасының Президенті жанынан консультативті-кеңестік орган ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясы құрылды. Бүгінгі күнде 140 астам ұлттың тілегі бейбітшілік. Адамдар елімізде бір-біріне тілектер айтудан шаршамасын. Өткенін ұмытқанның болашағы бұлыңғыр. Ел ретінде алғыс айту күні - қиын кезеңдерді иық тіресе бірге еңсеріп, қысқа мерзім ішінде Тәуелсіз Қазақстанды құру жолында аянбай тер төккен еліміздің барлық азаматттарының бір-біріне құрмет білдіретін күн деп білген жөн.

Ұқсас жұмыстар
Жеті ата Жеті септік Жеті жұт
ТУҒАН ТІЛІМ
Анаға шексіз рахмет
Ертегіні көрсету
Әдептілік әлеміне саяхат
Әліппемен аштық білім есігін, тербетеміз тәуелсіз ел бесігін 1 сынып
Тақырып Шыншылдық - адамдықтың белгісі
Әріптермен танысу
Қазақ еліне саяхат. сан есімдер
Ертегілер әлеміне саяхат
Пәндер