Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Мұнай тотықтырушы ашытқылардың түрлері және олардың таралуы

Ашытқы организмдерінің табиғатта кең таралғандығы ертеден белгілі. Негізгі көптеген мөлшері топырақтан таралған біраз белгілі өзен және теңіз суларынан табылған.
Ашытқылар өсімдіктің тамырының , жапырағының, тұқымының, гүлінің, ұрығының микрофлораларының құрамына үнемі кездесіп отырады.
Ашытқыларға деген қызығушылықтың пайда болуынан бастап, өз еліміздің және шет елдердің зерттеушілері әр түрлі табиғи жағдайдағы көмірсуды пайдалану мүмкіндігіне кең көлемде зерттеу жұмыстарын жүргізе бастады. Бірінші орында олардың назары әр түрлі микроорганизмдердің сарқылмайтын қайнар көзі болып табылатын топыраққа ауды. Логикалық ойлаудың негізінде топырақтағы мұнай өнімдерінде көмірсутегін пайдаланушы ашытқылар бар болуы мүмкін деп Гатель болжам жасады,яғни ол топырақтың мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластанған аймақтарына жүргізген өңдеулерінен кейін осындай болжам жасады. Бұл эксперименттінің нәтижесі топырақтағы көмірсуды тұтынушы микроорганизмдердің санының өскендігін көрсетеді.
Шетелдік зерттеушілер табиғи микрофлораның құрамында үнемі көмірсуларды пайдалануға қабілетті ашытқы организмдерінің кездесіп отыратындығын ашып көрсетті. Бұл организмдерінің көп мөлшерін, бензин колонкалары жақын аймақтардағы мұнай өндірілетін аудандардың топырағынан бөлініп алынды. Бұдан да басқа бұл микроорганизмдер мұнай бұрғыларынан,мұнай өнімдерінде,мұнайды сақтауға арналған резервуарларда, мұнай тазартушы белсенді тұнба өндірістерінде болатыны анықталынды.
Ашытқылар далалық және бақшалық топырақтарда, таулы жердің топырағынан сонымен бірге өзендердің және көлдердің суларынан, өсімдіктерден және ұрықтарынан, күйіс қайыратын малдардың қарындарынан бөлініп алынған. Такеда және тағы да басқалардың анықтамалары бойынша көмірсутегін пайдаланушы ашытқылар, кейбір көмірсутегі жоқ топырақтарда мұнаймен ластанған үлгілерге қарағанда біршама көбірек кездеседі.
Қазіргі уақытта табиғаттан жиналған тәжірибелі материалдар қоры бактериялардың, саңырауқұлақтың пен зең саңырауқұлақтарының зат алмасуы туралы көптеп жиналған. Бұл ағзалар амин қышқылдарын кетоглутар қышқылын,пирожүзім қышықылын және басқа органикалық қышқылдарды дәрумендерді және антибиотиктерді мұнай көмірсутектеріне синтездеуге қабілетті.
Көмірсутек тотықтырушы ашытқылардың қышқылдарды биосинтездеуі туралы зерттеулер аз. Ашытқылардың көмірсутекті тотықтыра отырып,органикалық қышқылдарды алуы бірнеше авторлық дәлелдемелермен айтылып кеткен.
Ашытқылардың бағалы қасиеттернің бірі тек тіке көміртек атомды тізбегі көмірсутекте ғана емес,сонымен қатар тазаланбаған мұнай фракцияларында даму болып табылады. Құрамында әр түрлі көптеген көмірсутектері бар мұнай өнімдерінде өскен ашытқылар бұл ортадан қалыпты құрылымды көмірсутектерді алады, ал қалған көмірсутектерді-изопарафинді нафтинді және ароматтық қолданбайды. Көптеген зерттеулер бойынша ашытқыларды мұнай фракцияларында белокты өнімдерді ғана алмай, мұанай өінімінің сапасын жақсартуға болады.
Кейінгі жылдардың жұмыстары ашытқылардың түрлі мұнай өнімдерінде өсетіні анықталды. Көптеген ашытқалар тазаланған сұйық мұнай парафинінде дизельді отында жіпшелі дестиллятта, керосинде өседі. Белокты заттар биосинтезінде мұнайлы шикізатты таңдау ашытқы ағзаларының ферментативті мүмкіндіктеріне қарай таңдалады . Жоғарыда айтылғандай ашытқалар белсенді түрде н - парафиндерде дамиды , мұндағы көміртек атомдары 10-нан 24 атомға дейін болады. Әртүрлі елдерде жүргізілген әртүрлі мұнайдан әртүрлі тәсілмен алынған парафинді қоспаларды бағалауда олардың ашытқыларды өндірістік мақсатта өсіруде қолданысының маңызы анықталынған . Н- парафиндер биомасса жиналуының негізгі көрсеткіші болғандықтан , н- парафиндерді зерттеу ең басты орынға қойылады. Бұл н- парафиндер мұнайдың сұйық парафиніне , мұнай фракцияларына кіреді. Мұнайдың әр түрлі фракциялары субстрат ретінде ашытқылар дамуында біртекті рөл атқармайды.
Белокты заттарды синтездеуге арналған көмірсуды субстраттар түрлі көмірсутекті құрамы мен ерекшеленеді . Бұл белсенді штамдарды сұрыптауды қажет етеді .
Ашытқылар дақылына ,көмірсутекті субстратта өсірумен қатар бірқатар талаптар қойылады . Дақылдың белок , дәрумен , липидтер және бірқатар заттарды өндірумен қатар оның толық түрде н- парафиндерді тұтынуы немесе мұнай фракцияларынан жоғары экономиялық коэффициентте қолдану мен депарафиндеуші мұнай өнімдерін төмендету температурасында тұтыну жатады .
Микроорганизмдерді таңдаудың маңызы , себебі ,қандайда бір алкандарды әртүрлі дақылдардың қолдану дәрежесі біркелкі емес . Дизельді отынның микроорганизімдермен депарафинациясы сонымен бірге белокты биомассасын алу үшін көмірсутектерді кең спектрде пайдаланатын микроорганизмдер штамын таңдау қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар негізінен сәйкес қасиеті бар монодақылдарды сұрыптау жолымен жүреді . Кейбір зерттеулер бойынша көмірсутектерді қолдану спектрін кеңейту үшін ашытқы штамы бар ралас дақыл қолдануды ұсынады.
№51 М.Қаратаев атындағы орта мектептің химия
Пәні мұғалімі Мамытова Дәмегүл

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz