8-сыныпқа арналған технология пәнінен интеллектуалдық сайыс Сиқырлы алаң сабақ жоспары (Касымова А.Е.)

Шүкірлік негізгі мектебі

Технология пәнінің мұғалімі Касымова А. Е.

Пән: Технология

Сабақтың тақырыбы: интеллектуалдық ойын «Сиқырлы алаң»

Сабақтың мақсаты:

1. оқушылардың интеллектуалдық ой-өрісін, білім деңгейін көтеру.

2. Оқушылардың танымдық деңгейлерін өрістету, тіл байлығын, өз ойын жеткізу.

3. Туған жерін қадірлеуге, тарихына, салт-дәстүріне, технология пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекіліктер: теледидар, сиқырлы алаңның даңғырасы, сыйлықтар, технология пәнінен конверттері бар сұрақтар, екі кішірек кобдиша, сыйлықтарға арналған жәшік, музыка әуендері.

Сабақтың түрі:сайыс

Қатысушылар: 8-сынып оқушылары, сыныпта бес топ құрылды

Жүргізуші:

Құрметті оқушылар, ұстаздар бүгінгі «Сиқырлы алаң» атты интеллектуалдық сайысымызға хош келдіңіздер.

Ақыл - жастан, асыл - тастан

Шығады деп дарынды,

Халық айтса, халық сөзі

Әрқашан да нанымды.

Сол өнердің жолын қуған

Осы сынып атынан

Қабылдаңыз шын жүректен

»Жақсы адамдар»әнімізді.

Оқушылардың орындауында ән «Жақсы адамдар»

Ойынның шарттары түсіндіріледі.

Ал енді ойынымызды бастайық. Топтар ойын алаңына орналасады. Ойынның шарттары таныстырылады. (Секторлар: сыйлықтар, музыкалық үзінді-пауза, банкрот секторы, ұпайлардың екіге көбейту, досына коңырау шалу, залдағы көрермендердің көмегі, үш дұрыс жауабы бар екі кобдиша) .

Сәттілік тілейміз!

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен,

Біздер сәлем береміз:

Сәлеметсіз бе, - деп әр топ даңғыраны айналдыра отырып өздерін таныстырады.

Барабанды айналдырып топтар ұпай жинайды. Жеңімпаз топ алға шығады.

Ойын мәресіне жетті.

Құттықтау сөз: мектеп директорының м. а. Исина А. Б.

Марапаттау

Өмірің болсын десең сенің сәнді

Ойланып айналаңа қара мәнді.

Адам бол! Білімді тасқын, өнері асқан

Өзіне сүйсіндірер басқа жанды.

Ойынымыз аяқталды, сау болыңыздар.


Ұқсас жұмыстар
Фитодизайн: технология пәнінен 8 «б» сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Сиқырлы әуен: 3-сыныпқа арналған музыка пәнінен интегралды сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған физика пәнінен сайыс сабақ жоспары Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар
7-8 сыныптарға арналған тарихи-интеллектуалдық сайыс: сабақ жоспары
9-сынып технология пәні: Ғажайып алаң танымдық ойынының сабақ жоспары
ХХІ ғасырдың жас технологі: 8-сыныпқа арналған технология пәнінің сайыс-сабақ бағдарламасы
Әр бала - болашақ данышпан: 2-сыныпқа арналған интеллектуалдық сайыс сабақ жоспары
8-ә сыныптың тәрбие сағаты: XXI ғасыр көшбасшысы - интеллектуалдық сайыс
Интеллектуалдық сайыс Зерде: сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған технология пәнінің сабақ жоспары: Құрақ тігу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz