Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Педагог - психолог
О.Шонаев атындағы орта мектебі
Жеке тұлғаның дамуындағы басты бағыт- адам жанын түсіну
Тілеубергенова Нұрайна Тілеуғазықызы
Педагог-психолог
Махамбет ауданы Махамбет ауылы
О.Шонаев атындағы орта мектебі
Бұдан ертеректе А.В.Луначарский "Егер алтын ісінің шебері алтынды бүлдірсе онда алтынды қайта құюға болады. Егер бағалы тас бүлінсе, онда ол өңдеуге кетеді, алайда ең бағалы гауһар тастың өзі, жаңа туған адамнан қымбат емес. Адамның бұзылуы не үлкен қылмыс немесе орны толмас өкініш. Бұл материалмен мүлтіксіз, одан не жасай алатыныңды біле отырып жұмыс істеу қажет" деген пікір айтқан екен. Адам-жұмбақ. Адам жаны-құпия. Адам мінезі-әр алуан. Сондықтан талай ғасырлар бойы АДАМ көптеген ғалымдар әулетiнiң зерттеу объектiсі болып келдi. Адам болмысының табиғатының, оның саналы қоғам шеңберiнде өркендеуiмен қалыптасуына, төңiрегiндегi басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктеріне деген психология дамуының негізінде жатқанын уақыт озуымен бiрге өрiстей түскен. Адам әртурлi ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетiн объект, ал ғылымдардың әрбiрi өзiне тән ерекше мәселелермен айналысады. Ал психология ерекшелiктерiн танудың қиындығы олардың адам ақылына сыйып болмайтын, қалыптан тыс, тылсым құбылыс болуында. Себебi әр қандай нақты заттың өзi мен қабылданған кейiпi, бiр-бiрiнен ажыралып туратыны даусыз. Сол себепті де пән атының өзi де грек тiлiнен аударуында психология-жан туралы ғылым дегендi аңғартады.
Оқушы жанын зерттеудің өзіндік ерекшелігі мен түрлері көп-ақ. Мәселен <<диагноз>> термині ағзаның қалыпты қызмет етудің ретінде немесе дамудың кез келген ауытқу ретінде тану және нақты обьектінің жағдайын анықтау ретінде түсініле бастады. Оқушыны зерттеу жұмысының мақсаттарына байланысты психологтың қойған диагнозының тағдыры әр түрлі болуы мүмкін. Қойылған диагноз зерттелініп отырған жеке тұлғаның қасиеттері туралы ақпараттар мен коррекциялық-дамыту нұсқаулары маманадарға (дәрігер, педагог, дефектолог, логопед, психолог) ұсынылып, олар оны зерттеп отырған жеке тұлғамен жұмыс істеуде қолдана алады. Яғни, зерттеу нәтижесінен кейін психолог зерттелушімен коррекциялық-дамыту, консультациялық, психотерапевтік жұмыстарды жүргізеді. Сонымен бірге педагог психолог тек диагноз қоюмен ғана шектелмейді, жеке тұлғаның дамуын және оқушылардың қабілеттіліктерінің дамуын қамтамасыз ететін бағдарламаны құрып, сол бағдарламаның және нұсқаулардың орындалуын қадағалауы қажет.
Психологиялық қызметтегі диагностиканың басты мағынасы - балаларды бір-бірімен салыстыру емес, әрбір баланың ішкі дүниесіне терең үңіле біліп және баланың жан дүниесін түсіну болып табылады.
Психодиагностика көмегімен практик психолог мына негізгі міндеттерді шешеді (Немов Р.С., 1995):
- Адамда психологиялық қасиеттердің немесе мінез-құлық ерекшеліктерінің болуын анықтау;
- Белгілі қандайда бір қасиеттің даму деңгейін анықтау (сандық және сапалық);
- Адамда диагносталған психологиялық және мінез-құлық ерекшеліктерін бейнелеу;
- Әртүрлі адамдардың зерттелген қасиеттерінің даму деңгейін салыстыру;
Сонымен бірге психодиагностика адамның психикалық қасиеті мен күйін ғылыми дәлелді тәсілдер арқылы сандық сипатта бағалайды және нақты сапалық тұрғыдан талдайды. Психологтың кәсіби іс-әрекеті этикалық нормалар мен талаптар аясынан шықпауы керек. Яғни, психолог психологиялық зерттеу әдістерін және әдістмелерін жақсы білуі қажет және оларды тәжірибеде қолдануда кәсіби-этикалық принциптерді білуі және сақтауы маңызды.
Білім саласындағы психологтың міндеттері және құқықтары мынадай:
- Баланың қызығушылықтарын белсене қорғау;
- Өзінің құзыреттілігі негізінде кәсіби шешімді өзбеттілік қабылдау;
- Егер балаларды оқыту және тәрбиелеу әдістері баланың қызығушылықтарына сәйкес келмесе әрі зиян келтіретін болса, онда араласуға міндетті;
- Егер әртүрлі медико-психолого-педагогикалық және басқа комиссиялардың бала тағдырын шешуіне байланысты мәселе туындаса, онда психолог дауыс беруге және әрекет етуге құқығы бар. Егер комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда (екінші жылға қалдыру, басқа мектепке ауыстыру және т.б.) психолог өзінің пікірін жоғары инстанцияларға жеткізуге құқығы бар;
- Балаларға дефектологиялық, медицина-психологиялық, соттық - психоло-гиялық сараптаманы жүргізуде және оларды зерттеуде өзі қатысуы міндетті;
- Білім мекемесіндегі әкімшілікке және педагогтар ұжымына негізгі мәсе-лелерді шешуде, оқушылардың психикалық дамуына және олардың индивидуалдық мәселелеріне байланысты мәселелерді шешуде көмек көрсету.
Қазіргі кезде негізгі тәсілі психологиялық тестілеу болып табылады.
<<Тест>> термині ағылшын тілінен аударғанда <<сынау>>, <<тексеру>> дегенді білдіреді. Психологиядағы тест бұл зерт телген қасиеттінің даму деңгейінің сандық және сапалық көрсеткіштерін салыстыруға мүмкіндік беретін психодиагностиканың стандартталған әдістемелері.
Психолог жұмысында зерттеу нәтижесінің сапалығын арттыру үшін психодиагностикалық әдістемелерге мынандай талаптар қойылады:
- Психодиагностикалық және психокоррекциялық әдістерді таңдауда, нәтижелерін қорытындылауда абай болып және баланың құқығын бұзбауы керек;
- Психологиялық білімі және кәсіби дайындығы жоқ адамдар психология мәселелері бойынша психодиагностикалық, психокоррекциялық және басқа жұмыстардың жүргізулеріне жол бермеу қажет;
- Кәсіби тәуелсіздік принципін сақтау;
- Ғылыми талаптарға (сенімділік, валидтілік, нақтылық) сәйкес келуі қажет.
"Өзара әңгімені әркім одан көп пайда көріп, көп білім алатындай етіп жүргізу керек" деген Гераклиттің сөзін мен үнемі пайдаланамын, олай дейтінім маған, яғни жанын тынышталдыра алмай жүрген жан келіп бар ішкі жан-дүниесіндегі болып жатқан арпалысты түсінуім үшін маған сол оқиғаға еніп кетуім керек, сол сияқты диалог арқылы әңгіме өрбітіп, қиналып жүрген сұрақтарына жауап берсем болғаны деп ойлаймын.
Әрбір психодиагностикалық әдістеме ғылыми талаптарға сәйкес келгенде ғана алынған нәтиженің адекватылығына еш күмән болмайды. Алайда кез келген психодиагностикалық әдістемелерді қолданушыларға төмендегі ережелерді жадысында сақтаса артық болмас деп ойлаймыз:
- Адамды өзінің келісуінсіз, еркінен тыс немесе алдау жолымен психологиялық зерттеуге мәжбүрлей алмаймыз, тек соттық және медициналық тәжірибе жағдайларында ғана мәжбүрлей алады;
- Кез келген адам өзінің зерттеу нәтижелерін білуге құқылы;
- Кәмелетке толмаған балаларды тестілеуде олардың ата аналары тестілеудің нәтижелерін білуге құқылы;
- Зерттеушілерге психологиялық тестілеудің қорытындысы ұғынықты әрі жеткілікті деңгейде түсіндірілуі керек;
- Егер тестілеу адамның ақыл ой деңгейін анықтау (конкурстық таңдау немесе жұмысқа орналастыру) мақсатында жүргізілсе, онда зерттелінуші тестілеудің мақсаттарын және нәтижелерге қойылатын талаптарды білуге құқылы;
- Психолог диагностика нәтижесінде алынған мәліметтерді таратуға және барлығына жария етуге болмайды (егер мәлімет оқушыға және айналасындағыларға зиян келтірсе, егер зерттелушіге кұпиялықты сақтаймын деп кепілдік берсе) құпиялықты сақтауы қажет;
- Психолог психодиагностикалық жұмыстың қорытындысының адекваттылығына жауапты және кәсіби психодиагностиканың барлық талаптарына сәйкес келуі керек.
Психологтың ұстанатын этикалық принциптері баланың мүддесін қорғаумен бірге, оның жан дүниесіне зиян келтіруге мүмкіндік бермейді.
Әрбір психолог этикалық-құқықтық ережелерді жұмыс барысында ұмытпағаны жөн, бұл психологтың кәсіби маңызды қасиеттерді қалыптастыра отырып, өзін өзі тәрбиелеуіне ықпал етеді. Осындай қасиеттерге Н.Н. Обозовтың пікірінше:
- Ұстамдылық және Шыдамдылық.
- Жоғары мәдениеттілік деңгей.
- Жағдайды талдау біліктілігі.
- Коммуникативтік біліктілігі.
- Мінез-құлықтың икемділігі.
- Кәсіби әдептілік.
- Конфликтология негіздерін білу.
- Өзін ұстау біліктілігі.
- Ұйымдастырушылық біліктілігі.
Сонымен бірге білім саласында қызмет істейтін психолог Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>>, <<Даму мүмкіндіктері шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық педагогты қолдау туралы>>, <<Бала құқығы туралы>>>> заңдарды және басқа білім беру мәселесі жөнінде нормативтік құқықтық актілерді; педагогикалық психология, жалпы психология, жас ерекшелік физиология теориясын, әлеуметтік психология мен даму психологиясын, мектеп гигиенасын; оқыту бағдарламасы мен жоспарын, оқулықтарды, психология және педагогикалық ғылымның негізгі жетістіктерін білуге міндетті дей келе, әрбір психолог-адамның жан-жарасын емдеушісі ретінде бұдан әрі жұмысты жүзеге асыру үшін өзіне, бірінші кезекте белгілі дәрежеде өзінің жеке тұлғасына талаптар қоя білуі керек. Өйткені, психологтың жұмысы білім ордасындағы баланы жан-жақты дамуына ықпал етеді және адам тағдырында маңызды да жауапты орын алады. Тек өзінің кәсіби іс әрекетін дамыта алатын, кәсіби - қажетті деңгейде көмек көрсете білуге дағдыланған маман ғана еңбек нарығы мен қоғам сұранысына ие және білім беру қызметінің сапасын жоғарлатуға ықпалын тигізеді.
Қазақстан Республикасының <<Білім туралы>> заңында <<Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылыми мен тәжірибе жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, еңбек нарығында бәсекелесуге қабілетті білікті мамандар даярлау, олардың біліктілігін арттыру>> деп көрсетілген заңдылықтарды басшылыққа ала отырып, <<Мен және менің әлемім>>, <<Мені сипаттайтын нәрсе>>, <<Жеке қолтаңбам>>, <<Артық білмес білгенің...>>, <<Жақсылық жаса-жамандықты жеңесің>> тақырыбында өткізілген шаралардан түсінгенім көрсетілген суретттерді өз еркіңізбен кез келген реттілікте, қалауыңыз бойынша орналастырыңыз дегенде қиналмай қоя салады, ал өз ойыңызбен сізді сипаттайтын, сізге үйлесімді бес заттың не құбылыстың аттарын жаз деген де қиналғандығы сезілмейді, өткен ғасырлардағы данышпандар айтқан нақыл сөздермен сұрақ қойсаңызда оқушы бар шындығымен жауап береді. Адамның бойына тән қасиеттер жақсылық, жамандық, сыпайылық, әдептілік деген сөздер төркіні бойынша ашық әңгіме жүргізгенде балалар бойындағы қасиеттердің сан түрлілігіне көзіңіз жетеді.
Менің осыған дейінгі жүргізілген жұмыс тәжірибемде көптеген жағдайларға тап болдым. Ата-анасы тарапынан қаралмай қалған бала, мұғалімдермен тіл табыса алмай жүрген балалар көптеп кездеседі. Осылардың әрқайсысымен жұмыс жүргізу арқылы бір-бір азамат болуына үлес қосып жүрген жанмын. Мектеп педагог-психологының жұмысы мүмкін ешкімге көрінбес, бірақ атқарылып жатқан жұмысқа көз жүгіртіп, ішіне енген адам ғана ол жұмыстың ауырлығын сезеді. Ал сол жұмыстарды барлық заңдылықтар мен қойылған мақсаттарға сай жүргізілуі тек қана сол саланың маманына ғана тән. Демек, заман талабына сай болу үшін білім саласындағы қызмет ететін әрбір маман еліміздегі білім саласын оздыра дамытуға ерекше үлес қосу керек деп ойлаймын.
Мектеп педагог-психологы ретінде айтарым мен үшін <<Әрбір бала -бір жұлдыз, жарқырауына көмектес!>> ұранын басшылыққа аламын.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы. Қазақстан Респуб-ликасының Заңы. - Алматы: <<ЮРИСТ>>, 2003. - 22 б.
2. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Педагогика және психология. - Алматы: <<Мектеп>> баспасы ЖАҚ, 2002.
3. Ғ. Сұлтанова <<Мектеп психологының жұмыс кітабы>> Астана-2015
4. С.Қ. Мұхамбетова, С.Қ Дәрібаева <<Психологияны оқыту әдістемесі>> Ақтөбе-2007
5. <<Мектептегі психология>> әдістемелік журнал-2015

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz