Сабақ жоспары: Еңбек түбі - береке (Қазақ тілі мен әдебиет)

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

№ 9 жалпы орта білім беретін мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Еңбек түбі-береке.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: тақырыпқа байланысты жаңа сөздерді үйрету. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту.

Дамытушылық:оқушының логикалық ойлау қабілетін дамыту, сөздік қорын байыту.

Тәрбиелік: бір -бірінің пікірін тыңдауға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың кезеңі
Мұғалімнің әрекеті
Оқушының әрекеті
Ресурстар
Сабақтың кезеңі: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті:

1. Амандасу.

2. Психологиялық дайындық. Тренинг «Тілек айту» Шарты: қол алысып бір-біріне жақсы тілек айту.

3. Сыныптағы кезекшімен сұхбат

жүргізу.

Бүгін сыныпта кезекші кім?

Бүгін нешесі? Аптаның күні қандай? Қазір жыл мезгілі қандай? Күз айларын ата.

4. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқушының әрекеті:

Оқушылар қол алысып бір-біріне тілек айтады.

Кезекші сұрақтарға жауап береді.

Ресурстар: Кітап, карточкалар,
Сабақтың кезеңі:

Кіріспе бөлімі .

Қызығушылықты ояту.

Білу

Мұғалімнің әрекеті:

Өткен тақырып бойынша сұрақтар қою.

Мақал -мәтелді оқыту арқылы сабақ тақырыбын ашу.

Еңбек мұратқа жеткізер,
Жалқаулық абыройды кеткізер.

Бұл мақал- мәтел не туралы? Мұнда не туралы айтылған? Мақал- мәтелдің тақырыбы қандай?

Оқушының әрекеті:

Сұрақтарға жауап беру.

Мақал -мәтелді оқу.

Тақырыбын ашу.

Сұрақтарға жауап беру.

Ресурстар: Интербелсенді тақта
Сабақтың кезеңі:

Мағынаны тану

Түсіну

Мұғалімнің әрекеті:

Еңбек - адамның екінші анасы.

Ерінбеген етікші болады.
Керек тастың ауырлығы жоқ.
Еңбекке үйренем десең, ерінбе.

Оқушының әрекеті: Мақал-мәтелдерді оқу. Таныс емес сөздерді сөздік дәптеріне жазып алу.
Ресурстар: карточка
Сабақтың кезеңі: Қолдану
Мұғалімнің әрекеті:

Ексең егін, ….
Етік тіге алмаған, ….
Көсеуі қысқаның, ….
Берген - алар, ….
Еңбек етсең ерінбей, ….

Керекті сөздер : ішерсің тегін, біз таңдайды, қолы күйер, еккен- орар, тояды қарның тіленбей.

Оқушының әрекеті: мақал-мәтелдердің жалғасын табу.
Ресурстар: Интербелсенді тақта
Сабақтың кезеңі: Талдау
Мұғалімнің әрекеті:

Интербелсенді тақта арқылы суреттерді көрсету.

День 30-31 (часть 2 - детская) - Форум огород " Лучшее для школы

Оқушының әрекеті:

Топтық жұмыс.

Берілген суреттерді пайдаланып әңгіме құрастыру. Суретке ат қою.

Ресурстар: Қағаз, түрлі түсті қарындаштар. Бағалау парағы. Стикер.
Сабақтың кезеңі:

Синтез

Сергіту сәті

Мұғалімнің әрекеті:

Мақал -мәтелдер беру.

Бірлік болмай тірлік болмас.

Байлық байлық емес, бірлік байлық.

Ер қадірін білмеген

Ел қадірін білмейді.

Еңбек адамның екінші анасы.
Еңбек адамның көркі,
Адам заманның көркі.

. Бала, бала, баламыз

Орнымыздан тұрамыз.

Жоғары қолды көтеріп,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Біз демалып аламыз.

Оқушының әрекеті:

Мақал -мәтелдің ішінен еңбек тақырыбына байланыстысын теріп жазу.

Жеке жұмыс

Ресурстар: карточка
Сабақтың кезеңі: Қорытындылау
Мұғалімнің әрекеті:

Бүгін біз не өттік? Қандай жаңа сөздер үйрендік? Не білдік?

БББ стратегиясын қолдану.

Оқушының әрекеті: Жеке жұмыс.
Ресурстар: Кесте
Сабақтың кезеңі: Бағалау
Мұғалімнің әрекеті:

Оқушылардың бағалауын тыңдайды. Не білдім? Не білгім

келеді ? Нені білемін ? сұрақтарына жауап беру үшін стикер толтыртады.

Оқушының әрекеті:

Әр оқушы өз ойын айтады, бағалайды.

Оқушылар толтырылған стикерлерді тақтаға іледі.

Ресурстар: Бағалау парағы. Стикер
Сабақтың кезеңі: Үй жұмысы
Мұғалімнің әрекеті: Мақал -мәтелдерді жаттау.
Оқушының әрекеті:
Ресурстар:

Ұқсас жұмыстар
Тәрбие сағаты: Еңбек түбі - береке (оқушыларға арналған сабақ жоспары)
Желтоқсан оқиғасын еске алу мерекелік бағдарламасы және Еңбек түбі - береке тәрбие сағаты
6-сыныпқа арналған Ынтымақ түбі - береке тақырыбындағы сабақ жоспары
8-сынып: Өзін-өзі тану пәні бойынша Ынтымақ түбі - береке сабақ жоспары
6-сыныпқа арналған Өзін-өзі тану пәнінің Ынтымақ түбі - береке тақырыбындағы сабақ жоспары
Қызықты қазақ тілі әлемі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінен интеллектуалдық сайыс сабақ жоспары
Сабақ жоспары: Біздің Отанымыз - Қазақстан (қазақ тілі мен әдебиет)
3-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет сабағының жоспары: Жыл мезгілдері
Қазақ тілі мен әдебиет пәнінде компьютерлік оқытудың тиімді әдістері
Қазақ тілі мен әдебиет: Киіз үйдің құрылымы мен мәдени маңызы (2-сабақ, ашық сабақ)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz