Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Үйретуден балаға

Алматы облысы, Панфилов ауданы, <<Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Нұртазаева Меруерт Бекдәулетқызы
Тақырыбы: <<Ы.Алтынсарин-көркем сөз шебері>>
Мақсаты: Ұстаз еңбегінің жемісі,білім өмір шырағы, оқушымен құдық қазғандай деген ұғымдардың мағынасын оқушыларға түсіндіру
Көрнекілік: нақыл сөздер, көрініс
<<Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға>> Абай
<<Өнер-білім бәріде оқуменен табылған>> Ы.Алтынсарин

1-жүргізуші
Армысыздар,Ұстаздарым әз жандар
Білім іздеп инемен құдық қазғандар
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді
Биде билеп, әнде бүгін шырқалар.
2-жүргізуші
Ұстаздарым-саф алтын діңгегім,
Мәңгілік өзіңмен біргемін
Құрметті ұстаздар,ата-аналар,оқушылар 5 <<а>> сынып оқушыларының ұйымдастыруымен Ы.Алтынсариннің 175 жылдығына орай <<Ы.Алтынсарин-көркем сөз шебері>> атты сахналандырылған сазды кешімізді бастаймыз
Музыка ойнайды. <<Вальс>> билейді

Ы.Алтынсарин 1841 жылы 20 қазанда Торғай туған.Әкесі Алтынсарин ерте қайтыс болып, атасы Балқожаның тәрбиесінде болған.Балғожа сөзге шешен,тілге ұста,би,беделді болған.Ыбырай ең алғаш молдадан хат таныған. 1857жылы мектепті үздік бітіріп шығады,бітірген соң өз еліне тілмаш болып қызмет етеді. 1864жылы 8 қаңтарда мектеп ашып мұғалім болды. Ол - тұңғыш педагог.
19 ғасырдын екіншы жартысындағы аса күрделі мәселелердің бірі- қазақ елінің дамуындағы дұрыс жолды таңдау болды.Ағартушылық - демократтық бағыттағы әдебиет өкілдері қазақ халқын сауаттандыру мақсатында көп еңбек етіп,әдебиетті,ғылымды,өнерді орыс мәдениетімен үйренуді насихаттады.Көркем әдебиетте тарихи әлеуметтік қажеттілігінен,өмір талабынан туған ағартушылық бағыт пайда болды.Осы кезеңнің дара тұлғаларының бірі-Шоқан Уәлиханов.Ол Орта азия мен оған көршілес жатқан аймақтар халқының географиясын,этнографиясы мен фольклорын зерттеуге үлес қосты.Тұңғыш педагог ағартушы Ы.Алтынсариннің бастамасымен және тікелей қатысуымен қазақ жерінде тұңғыш мектептер ашып,қазақ балаларын сауаттандыру ісін қолға алды.
20 ғасырдың әдебиетін сөз еткенде ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиетін ерекше атауымыз қажет. 20 ғасыр басындағы әдебиет қазақ демалысындағы әлеуметтік қайшылықтарды ашып ,халық өмірін сыншылдықпен,шыншылдықпен суреттеді. Сыншыл реализм ерекшеліктері Мұхаметжан Сералин ,Сұлтанмахмұт Торайғыров,Спандияр Көбеев шығармаларыннан айрықша көрөніс тапты.Осы кезеңде қазақ әдебиеті отаршылдыққа қарсы бағыттанған күрескерлік идеяларды алға тартты Әдебиет дамуының бұл ерекшелектерін Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев шығармаларыннан байқаймыз.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетінде тәуелсіздігіміздің жеңістер асыл мұраттары жаңа құндылықтары тәуелсіздігімізді нығайту жолындағы халқымыздың жасампаз еңбегі көрініс тапты.Олардың бәрінің өзекті арқауында тәуелсіздік рухы айқын сезілді.Сондай-ақ әр бағытта ой толғау, әр алуан тақырыптар қалам тарту өзіңдік еркіндігімен ерекшеленді.
20 ғасыр әдебиеті өзінің ұлттық ерекшелігі сақталған және бүкіләлемдік мәдениетті құрушы қуатқа ие әдебиет болды

Ақырын жүріп анық бас
Еңбегің кетпес далаға
Ұстаздық еткен жалықпас
Үйретуден балаға

<<Көктал орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен>> коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ыбырай Алтынсарин - көркем
әңгіме шебері
(Ы.Алтынсариннің туғанына 175 жыл)

Жауапты: Ақынова С.
Боқанова Г.
Нұртазаева М.

2016-2017 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Балалар сендерге мынандай сұрақ
Ұстаз сөзінің ұғымы мен үшін кең дүние
Қазақ тілі пәні мұғалімі
Ұстаз - мектептің жүрегі
Ұстазым - ұлағатым
Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға деген қасиетті қағидасы менің әрдайым жүрегімнің түкпірінде ұстайтын ұстанымым
Ұстаз - ұлағатты есім
"ұстаз-мәртебелі мамандық" ұстаздар мейрамына арналған мерекелік шараның сценарийі
Ұстаз - ұлы есім . Марат Нығметжанұлын еске алу кеші
Бастауыш мектеп журналы
Пәндер