Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Оқушы әрекеті. Сабақтың тақырыбы
Сыныбы: 11б
Физика
Сабақтың тақырыбы:
Электромагниттiк толқындар шкаласы. Жоғары жиiлiктi электромагниттiк толқындардың биологиялық әсерлері және олардан қорғану.
Мақсаты
электромагниттік толқындар шкаласымен танысып, ұзындығы мен жиілігі бойынша диапозондарға бөлуді қарастыру.
Күтілетін нәтижелер
Толқындарды жиіліктері мен ұзындықтары бойынша бөліну диапазондарын, осындай диапазондағы толқындарды шығару көздерін біледі. Ұялы телефондар мен теледидардан, компьютерден келетін толқындар, олардың пайдасы мен зияны туралы біледі.
Керекті жабдықтар:
плакаттар, маркерлер, жабыстырғыш клей, тапсырмалар, бағалау парақтары
Әдіс- тәсілдер:
Топтық жұмыс, <<плакаттар компаниясы>>, ТВ шоу, <<фотогаллерея>>, өзара және өзін - өзі критериалды бағалау.
Сабақ барысы:
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе
Тренинг <<Оң ба, сол ма?>>
Бірнеше рет екі қолыңыздың саусағын айқастырып, біріктіріңіз.Байқағаныңыздай, бір қолдың бас бармағы үнемі жоғары қалып отырады.Егер сол қолдың бас бармағы үстінде болса, онда сіз эмоционалды адамсыз, ал егер оң қолдың саусағы жоғары болса, онда сіздің миыңызда талдау (аналитикалық) сипаты басым екендігін білдіреді.Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру.
Үй тапсырмасын <<Серпілген сауал>> әдісімен тексеру.
1.Радиолокация дегеніміз не?
2.Радиотолқындар деп нені атайды?
3.ҚР-да тұңғыш радиостанция қай жылы салынды?
4.Радиобайланыс түрлерін ата
5. Казсат3 жер серігі қай жылы ұшырылды, мақсаты қандай?
6.Телехабарды жеткізудің басты ерекшелігі неде
Оқушылар орындықтарға барып отырғаннан кейін, олар өздеріне түскен суреттер бойынша 2 топқа бөлінеді:
Оқушылар үй тапсырмасын қойылған сұрақтарға жауап беру арқылы қайталайды.
Әрбір дұрыс жауап 1 балл болып саналады.
Тұсау
кесер
Оқушылардың бастапқы білімдерін назарға ала отырып, ой қозғау мақсатында <<Эм-тік сәулелерден қорғанудың қандай жолдары бар?>> тақырыбында бейнеролик көрсетіледі де, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған жоғары деңгейлі сұрақ қойылады.
Бұл видеороликтен сіз қандай құбылысты көрдіңіз?
Негізгі бөлім
Оқушылар, бейнежазба арқылы көп нәрселер біздің есімізге түскен шығар, соларды тағы бір пысықтау және жүйелеу үшін төмендегідей тапсырмаларды ұсынып отырмын:
І топқа: <<Плакаттар компаниясы>> бойынша Электромагниттік сәулелер туралы жарнамалау.
ІІ топқа: Телефон, теледидар, компьютерден келетін толқындардың пайдасы мен зияны туралы өмірмен байланыстыратын ТВ шоу.
І топ мүшелері плакатта барлық білімдерін қолданып, жарнама жасап, оны сыныпқа жариялайды.
ІІ топ оқушылары ұйымдасып, телевизиялық бағдарлама көмегімен ЭМ-тік сәулелердің пайдасы мен зияны туралы қайталайды. Үлгісі:
Жүргізуші: Қымбатты табиғаттың тылсым дүниесін танып білуге құмар көрермен <<Дауа>> бағдарламасына қош келдіңіздер.
Бүгінгі бағдарламамызда ЭМ-тік сәулелердің сырын ашпақпыз. Ол үшін медицина саласының және физика мамандары (оқушының аты-жөні) көмектеспек. Олай болса қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: біздің сізге қояр сұрағымыз <<ЭМ-тік сәулелер біздің өмірімізде қаншалықты орын алады?>>
Маман: Адамзат гравитациялық өріс, радиактивті сәулелер және электромагниттік сәулелер мұхитында өмір сүріп келеді.ЭМ-тік сәуле шығарудың табиғи және жасанды түрлері бар.Табиғи ЭМ-тік өрістерге атмосфераның, Күн мен жұлдыздардың радиосәулеленуі, Жердің электр және магниттік өрістері жатады , ал жасанды ЭМ-тік өріс көздеріне телерадиостансылар, трансформаторлар, радиолокаторлар, электр желісінің жүйелері, микротолқынды пештер, электрпісіргіштер, өлшеуіш құралдар, теледидар, ұялы телефон және т.б. жатады.
Жүргізуші: Қымбатты көрермен, егер эм-тік сәулелер түрлеріне байланысты туындап отырған сұрақтарыңыз болса, қоюға болады.
Бала: Менің түсіне алмай жүрген, сізге қояр сұрағым бар. <<Радио мен теледидардағы жоғары жиіліктегі эм-тік толқындардың адам организміне әсері қандай?>>
Маман: Теледидардағы эм-тік толқынның адам организміне әсері оның тербеліс жиілігіне байланысты.Жиілік жоғары болғанда, яғни толқын ұзындығы қысқарақболса, зиянды әсері күшейе түседі.ЭМ-тік толқындар алысқа тарала алады, сондықтан олардың адамға әсерінің қауіптілігі сақталады.ЭМ-тік толқындар судың мөлшері көбірек болатын адам денесінің көз, ми, бүйрек, асқазан және т.б. мүшелеріне күштірек әсер етеді.Көз жанарының көмескіленуін тудырады, бұл әсер бірнеше жетіден кейін байқалуы мүмкін.Тұрақты магнит және электростатикалық өрістердің қуаты шекті деңгейден асқанда, тыныс алу, ас қорыту мүшелерінің, жүрек - тамыр жүйесінің зақымдануын тудырады.Жоғары жиіліктегі ультрадыбыстар, лазерлік сәулелер және эм-тік толқындар адам миына өте күшті әсер етеді.
Жүргізуші:
Жоғары жиілікті эм-тік толқындардың адам организміне зиянды әсерін ескере отырып, одан қорғану жолдары жүзеге асырылып жатқанын білеміз. Осы қорғану жолдары туралы не айтар едіңіз?
Маман: Дұрыс айтасыз,қазіргі кезде мұндай психотропты қаруды қолданбау мәселелері қарастырылып жатыр.ЭМ-тік толқындардың адам организміне зиянынан қорғану үшін қысқа толқынды қуатты радиостансылар елді мекеннен алысырақ салынуы тиіс, телеорталық, радиолокаторлық стансылардың айналасында арнайы санитарлық қорғаныс аймақтары құрылған. Кернеу 750 кВ - тан жоғары болатын электр жеткізу тораптары тұрғын үйлерден кем дегенде 300 м қашықтықта орналасуы тиіс, жоғары жиілікті желілер орналасқан жердің бәріне де қорғаныс шаралары ескерілуә керек. Ал компьютер мен теледидардың кинескоптарында арнайы қорғаныс қабаттары ескерілгенмен, эм-тік сәуле шығару тұрғысынан олар әлі де қауіп көзі болып табылады. Теледидар хабарларын кем дегенде 2,5 - 3,4 м қашықтықтан көрген дұрыс. Сонымен қатар түрлі түсті теледидарды 1,5 сағаттан артық қарамау және міндетті түрде арасына 30 - 40 минут үзіліс жасау қажет. Халқымыздың << Дені саудың - жаны сау>> деген дана сөзін жадымыздан шығармайық..
Жүргізші:
Құрметті теле көрермендер!
Олай болса біз бүгінгі қонағымыз арқылы көптеген жағдайларды анықтаған сияқтымыз. Қонағымызға алғысымызды айта отырып, бағдарламамызды аяқтайық.
<<Қарлы кесек>> әдісі бойынша топ мүшелері бір-біріне жаңа сабақ бойынша сұрақтар қояды.
(Әрбір дұрыс жауап 1 балл)
1.ЭМ-тік толқындар шкаласы қандай аралықтарды қамтиды?
2.Инфрақызыл толқындарды басқалай қалай атайды?
3.Көрінетін жарық дегеніміз не?
4.ЭМ-тік сәулелердің ішіндегі толқын ұзындығы ең қысқасы қайсысы?
5.Рентген сәулесі қай кезде пайда болады?
6. ЭМ-тік толқын арқылы неліктен су астында жүзіп жүрген екі сүңгуір қайықпен радиобайланыс жасалынбайды?
7. Қай сәуле электромагниттік толқындар шкаласында ультракүлгін сәуле мен -сәуле арасындағы бөлікті алып жатады?
8. Мұхит белгілі бір тереңдікте жүзіп жүрген екі сүңгуір қайық арасында радиобайланыс жасау мүмкін бе?
Қорытынды бөлім
Оқушылар біз бүгінгі қорытындылау сабағымызды <<фотогаллерея>> әдісі арқылы шығармашылық жұмыстармен аяқтаймыз.Алдарыңызда бейнеленген фотосуреттер жатыр. Осы суреттерді қатыстырып Эм-тік толқындар тұрмыста, өндірісте, техникада қолдану тақырыбына 4 шумақ өлең, ертегі құрастыру, эссе, хат жазу арқылы шығармашылық қабілеттерімізді шыңдайық.
Сабақ соңында бағалау парағындағы ұпайлар саны қосылып, бағалау шкаласы бойынша әр оқушы бағаланады.
Рефлексия: <<Нені меңгердім?>>
(Түсіндім <<+>> әлі де дұрыс түсінбедім <<->>)
Тренниг <<Оң ба, сол ма?>> Қол шапалақтағанда оң қолыңыз соғушы болса, онда сіздің мінезіңізде жігер басым, ал сол қол белсенді болса, онда сіз шешімді қабылдағанда көп толғанатын адамсыз.
Үйге тапсырма: Ұялы телефонның кішкентай радиостансы екенін есте сақтаңдар! Оның пайдасы мен зияны туралы баяндама жасаңдар.§3.10,3.11
Мысалы мына суретке қарап әңгіме құрастыру:
Өзін - өзі бағалау. <<Нені меңгердім?>>

нәтиже
1
ЭМ-тік толқындардың шкаласын
2
Жоғары жиілікті ЭМ-тік толқындардың биологиялық әсерін
3
ЭМ-тік сәулелердің теріс және оң қырларын
4
Компьютердің, ұялы телефонның пайдасы мен зиянын
5
ЭМ-тік сәулелердің қайда қолданылатынын
Тапсырмалар
балы
7
Серпілген сауал
8
Жаңа сабақ
9
Қарлы кесек
10
Шығармашылық жұмыс

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz