Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру

Денені қыздыру үшін қажетті немесе оны суытқанда бөлінетін жылу мөлшерін есептеу. Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтау
А. Берілген формуламен есептеп шығара алады.
В. Формулаларды қалай және қай жерде қолдану керектігін біледі.
С. Жылу балансының теңдеуін дұрыс қолдана отырып, қоспаның температурасын есептеп шығара алады, математикалық түрлендірулер жасайды.
Оқушыларды топқа бөлуді ұйымдастыру:
Орындықтардың артына қызыл, сары, жасыл стикерлер жапсырылады.
Оқушылар орындықтарға барып отырғаннан кейін, олар өздеріне түскен түстер бойынша 3 топқа бөлінеді:
І топ - қызыл түстер ІІ топ - сары түстер ІІІ топ - жасыл түстер
Тұсау
кесер
Оқушылардың бастапқы білімдерін назарға ала отырып, ой қозғау мақсатында «болашақтың энергиясы» эпизод көрсетіледі де, сыни тұрғыдан ойлауға бағытталған жоғары деңгейлі сұрақ қойылады.
Бұл видеороликтен сіз қандай физикалық құбылыс көрдіңіз?
Оқушылар, бейнежазба арқылы көп нәрселер біздің есімізге түскен шығар, соларды тағы бір пысықтау және жүйелеу үшін төмендегідей тапсырмаларды ұсынып отырмын:
І топқа: «Плакаттар компаниясы» бойынша жылу құбылыстары тұрмыста, техникада, өндірісте жарнамалау.
ІІ топқа: табиғаттағы және техникадағы жылу берілуді өмірмен байланыстыратын ТВ шоу.
ІІІ топқа: Ментальдық карта көмегімен жылу мөлшерін есептеудің жолдарын көрсету.
(себебі есептер шығаруда жылу балансының теңдеуін дұрыс жазу ең басты міндет)
І топ мүшелері плакатта барлық білімдерін қолданып, жарнама жасап, оны сыныпқа жариялайды.
ІІ топ оқушылары ұйымдасып, телевизиялық бағдарлама көмегімен жылу берілуді қайталайды. Үлгісі:
Жүргізуші: Қымбатты табиғаттың тылсым дүниесін танып білуге құмар көрермен «Табиғат таңғажайыптары» бағдарламасына қош келдіңіздер.
Бүгінгі бағдарламамызда жылу берілудің сырын ашпақпыз. Ол үшін отын энергетикалық саласының маманы (оқушының аты-жөні) көмектеспек. Олай болса қошеметпен ортаға шақырайық.
Жүргізуші: біздің сізге қояр сұрағымыз «Жылу құбылыстары біздің өмірімізде қаншалықты орын алады?»
Маман : Жылу құбылыстары денелерді қыздырумен немесе суытумен, яғни олардың температурасын өзгертумен байланысты. Жылулық процестің жүруі заттың құрылысымен, оның ішкі құрылымымен тығыз байланысты.
Жүргізуші: Қымбатты көрермен, егер Жылу берілудің түрлеріне байланысты туындап отырған сұрақтарыңыз болса, қоюға болады.
Бала: Менің түсіне алмай жүрген, сізге қояр сұрағым бар. «Тұрғын үйлерде қысқа қарай неліктен қос немесе, тіпті үш қабат рама орнатады?»
Маман : Терезедегі қос жақтаулар жылудың сақталуын жақсартады, себебі екі шынының аралығында жақсы оқшауланған болып табылатын ауа қабаты бар.
Жүргізуші:
Қазақстан Республикасында отын - энергетикалық ресурстарының мол қоры бар екенін білеміз. Қазақстандағы отын -энергетикалық өндірістің болашағы туралы не айтар едіңіз?
Маман: Дұрыс айтасыз, Қазақстанда отынның мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын энергетикалық құрылымында аса көп өзгерістер бар. 50-жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат - мұнай мен газ алдыңғы қатарға шығып отыр. Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша ҚазақстанТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейінгі екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Әсіресе мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймақтарында кездеседі. Осылардың ішіндегі ең танымалы - Атырау, Ембі және Маңғыстау бассейндері. Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап игеріліп жатқан кен орны ол Атырау облысының оңтүстік - шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны. Қазақстандағы мұнайдың аса ірі қоры Каспий маңы ойпатында. Оның ішінде Қашаған мұнай кен орны. Отын - энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себебі газ толық жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстанның ірі газ кен орны - Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70 пайызы жинақталған. Үйді жылыту үшін газды отын ретінде пайдаланамыз. Біздің Қаратөбе ауданы да 100 пайыз газбен қамтылған. Қаратөбе ауданының шеткі елді-мекендеріне де газ жеткізілді.
Жүргізші:
Құрметті теле көрермендер!
Олай болса біз бүгінгі қонағымыз арқылы көптеген жағдайларды анықтаған сияқтымыз. Қонағымызға алғысымызды айта отырып, бағдарламамызды аяқтайық.
ІІІ топқа берілген тапсырмада оқушылар алған білімдерін физикада тыңғылықты қолдана алу керек.
Оқушылар теориялық материалға толығымен шолу жасағаннан кейін топқа берілген алғашқы есепті бірігіп отырып шешеді. Есеп
І топқа: «Бинго парағы» әдісімен;
ІІ топқа: «Домино» әдісімен;
ІІІ топқа : эксперимент жүргізу арқылы жылу балансының теңдеуін дәлелдеп береді.
І топ: Егер темір бөлшекті 20 С - тан 200 С-қа дейін қыздыру үшін 20, 7 кДж жылу жұмсалған болса, онда оның массасы қандай?
ІІ топ: 60МДж жылу алу үшін қанша құрғақ ағаш отын жағу қажет?
ІІІ топ: Әртүрлі температурадағы ыстық судың берген және суық судың алған жылу мөлшерлерін салыстыру
Топтық тапсырмаларды орындағаннан кейін оқушылар алдарындағы стикерлермен «бағдаршам» әдісі бойынша өзін-өзі формативті бағалайды. «Қызыл түс» көтерген оқушыларға нұсқау-көмек беріледі.
(Бағалау критерийлері қосымшада)
Топтық жұмыстардың өзінде оқушыларға мұғалімнің қадағалауымен критерий бойынша бағалау парағында ұпай қойылып отырады. (бағалау парағы қосымшада)
Келесі тапсырма: деңгейлік есептердің ішінен қабылеттеріне қарай таңдау арқылы жеке отырып бір есепті шығарады да, дәптерлерін жұбымен алмасады және алдарына берілген жауап парақтары бойынша өзара тексереді.
Жеке тапсырма:
1) 0, 3 кг суды 12 С-тан 20 С-қа қыздыру үшін қандай жылу мөлшері қажет?
2) 0, 1 кг спирт толық жанғанда қандай жылу мөлшері бөлінеді?
Тексеруді аяқтаған соң, оқушылар берілген критерийлер бойынша бірін - бірі бағалайды.
«Бинго парағы» көмегімен есеп шығаруда : А лдын - ала дайындалған есептің талдау бөлімінде бір аралық және қорытынды формула ашық ұяшықта беріледі де, ол формуланың қалай шыққанын, математикалық түрлендірулерін бос ұяшықтарға оқушылар толтырады. (үлгісі қосымшада берілген) Формулаға мәндерін қойып есептеп шығарады.
Шығару жолы:
«Домино» әдісімен есеп шығаруда:
Формулалар жазылған ұяшықтарды жылжыта отырып, формулалардың математикалық түрлендірулерін ретімен орналастыру арқылы қорытындысына жетеді, есептейді. (қосымшада келтірілген)
Шығару жолы:
Бер
Зертханалық жұмыс жүргізу арқылы жылу балансының теңдеуін дәлелдейді
Оқушылар біз бүгінгі қорытындылау сабағымызды «фотогаллерея» әдісі арқылы шығармашылық
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz