"толағай" сыныпаралық сайыс

Математика Информатика Физика
апталығының жабылуына арналған
«Толағай» сыныпаралық сайыс
Мақсаты:
1) Оқушылардың білімдерін жүйелеу, нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып - үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту,
2) Оқушылардың ойлау, логикалық ойлау қабілеттерін, білім бағдыларын дамыта отырып, интеллектуалдығын қалыптастыру.
3) Еңбекке, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: спорттық құралдар: доптар, секіргіштер \скакалкалар\, шаналар және математика, информатика, физикадан сұрақтар, есептер, тапсырмалар,
Түрі: топтық сайыс сағаты
Ережесі: әр сайысқа сәйкес ұпай сандары белгіленген, әділ қазылар ұпай сандарын есептей отырып, қорытынды шығарады.
Бір топ құрамы : 2 мұғалім 2 оқушыдан
«Жүзден жүйрік»
5 ұпай
«Мате матика лық есеп»
10 ұпай
«Кенгуру»
6 ұпай
«Физикалық сұрақтар»
Әр сұраққа 1 ұпайдан
«Футбол»
1-жеңілген топқа 2 ұпай
2-жеңілген топқа 4 ұпай
Жеңген топқа 6 ұпай
«Инфор матикадан адасқан әріптер»
2 сөзді тапқанға 10 ұпай
Жүргізуші : Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар,
Бармысыздар, жан күйер әз қауымдас.
Бүгін апталықты біз аяқтаймыз!
Сайыста көңілменен қол соғайық.
«Толағай» сыныпаралық сайысқа қош келдіңдер!
Бүгін біз сіздермен қызықты сайыстың куәсі болғалы отырмыз. Сайысты бастамас бұрын осы сайысқа қатысатын топтармен танысайық:
ТАНЫСТЫРУ \топтың аты мен ұраны\
Ал енді осы сайыстың ақ-қарасын, әділдігін таразылайтын әділ-қазылар алқасымен таныстырып өтейін
Ал енді кезекті сайыстың аты «Жүзден жүйрік» - шанамен жарысу. Бұл кезеңнің ережесі мынандай: Топ басшы бастайды, ол 1 оқушысын шанаға отырғызып алып, мәреге жеткізеді. Сөйтіп бері қарай бос келеді. Қайтып келген соң апайларымыз келесі бір оқушысын шанаға отырғызып мәреге апарып тастайды. Қайтарда оқушылар апайын шанаға отырғызып алып келеді.
Қатардан қалма, дайындал, алға
Бірінші болып келген топтарға математикадан логикалық есептер береміз:
Ғылымдардың патшаасы атанған,
Евклид, Фалес, Пифагордан бата алған,
Төзбейтін өтірікке жалғандыққа!
Жасықтан емессің сен қаталдансың
Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін
Нағыз пән математика атанғансың
1-топқа
«Түлкісін аярлыққа бермейтін дес,
Көрейін сенде қанша ақыл мен ес.
Балапан, көжек санын өзің тапшы
Аяқтарды 94, басы 35»
1. Есептің мәтінін түсіну.
Түлкінің айлакерлігі, қаздың ақылдылығы, балапанда- 2 аяқ,
көжекте -4 аяқ.
2. Теңдеу құру: Балапан саны - х.
Көжек саны - у
Балапанда 2 аяқ - 2х.
Көжекте 4 аяқ - 4х.
Есептің жауабы: 23 балапан, 12 көжек.
2-топқа
Қыңыр есепке құмар кісіден біреу оның жасын сұрапты, онда ол былай деп жауап беріпті: Менің 3 жылдан кейінгі жасымды 3 еселеңіз, содан соң 3 жыл бұрынғы жасымды 3 еселеңіз, ақыры алғашқы көбейтіндіден соңғы көбейтіндіні шегеріңіз. Сонда дәл менің жасымды табасың. Ол кісі неше жаста?
Шешуі: Х - жаста дейік. Сонда 3 жылдан кейінгі жасы (х+3) және 3 жыл бұрынғы жасы (х - 3 ) болады
3 (х+3) - 3(х - 3 ) = х
х =18 жаста
3-топқа
«Екі сегіз он алты, және сегіз, және алты жанап жүрген бір алты, қосындысы неше алты?»
2 8 16 8 6 6 36 6 6
Қосу, көбейту, бөлу, алу, тең амалдарын қоя отырып анықтау. /3 тең белгісі бар/
Шешуі:2•8=16+8+6+6=36=6•6
Сайысымыз жүріп жатқан көрермендерге қояр бір сұрағым бар еді. Сендерге мұғалімдер кішкене білмей қалсақ, «су мисың» деп ұрсады, сол дұрыс па?
Дегенмен дұрыс сұрақ, жауап беруге болады. Адам организміндегі затттардың ең көбі су. Ол қанның 79, 3%-ын, сүйектің 22%-ын, бұлшық еттің 76%-ын құрайды. Ал, есептеп қарасақ, мидың 83, 3%-ы судан тұрады. Сондықтан оқушылар, мұғалім сендерге су мисың деп ұрысса, оған ренжімей-ақ қойыңдар, ол ғылыми дәлелденген.
«Ішің күйсе, тұз жала» дегенді қалай түсіндіресің?
Күн ыссыда адам шөлдейді. Өйткені термен бірге денедегі тұз да шығады. «Қардың басын қар алар, ханның басын хан алар» демекші шыққан тұздың өтеуін тұз ғана өтейді. Сондықтан қатты шөл қысқанда 5гр ас тұзын жеп немесе құрғаған тамақты тұзды сумен шаю керек. «Ішің күйсе, тұз жала» деп іші тар адамдарға емес, шөл қысқан адамдарға айту керек.
Мен тестке күні-түні дайындаламын. Бірақ жадымда бәрібір ештеңе сақтай алмаймын. Оқығанымның бәрі миымнан бу болып ұшып кететін сияқты. Бұған не істеуге болады?
Күндіз-түні оқи беремін дегенің мені онша қуантпай отыр. Мұны «Ізденімпаздық» деп бағалау қиын. Өйткені оқу мен ойлау қатар жүргенде ғана шәкірт ізденісі жемісті болмақ. Есте сақтау қабілетін арттырудың қилы қызықты тәсілдері бар. Эйнштейнге бір адам кешке телефон соғуын өтінеді: -Менің телефон нөмірім 24-361, есте сақтауға қиын болар ма екен, -дейді. Сонда физик:-Жоқ ешқандай қиындық жоқ, жай ғана 12-ні 2-ге көбейтем және 19-ды квадраттаймын, -деген екен.
Келесі сайысымыз «Кенгуру» деп аталады. Ережесі мынандай: Топтың кіші мүшелері бастайды, яғни скакалкамен мәреге секіріп барады да, қайтарда допты секіртіп қайтады, сөйтіп топтың келесі мүшесіне допты береді. Келесі топ мүшесі допты секіртіп мәреге барады да, скакалкамен секіріп қайтады. Скакалканы келесі ойыншыға береді, ол өз кезегінде скакалкамен секіріп мәреге барады да, доппен қайтады. Келесі ойыншыға допты ұсынады, ол доппен мәреге барып, скакалкамен қайтады.
Қатардан қалма, дайындал, алға
Бірінші болып келген топқа физикадан бес-бестен ауызша сұрақтар қойылады
Уа, халайық, халайық!
Бәріңе жар салайық!
Бүгінгі кеш төрінде,
Физика елінде,
Физика тілінде,
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып . . .
Шабыттасып шалқысып,
Есеппен ән салысып.
Көңілді кеш жасайық,
1-топқа
1. «Физика» гректің қандай сөзінен алынған, мағынасы. (фюзис-табиғат)
2. Жаңғырық қайдан пайда болады? (дыбыстың шағылуынан)
3. Кемпірқосақ дегеніміз не? (жарықтың 7 түске жіктелуі, жаңбыр тамшысы призма рөлін атқарады)
4. Ет, балық, банкілерді тұздау қандай құбылысқа негізделген?(диффузия)
5. Жарықтың соңы қай жерде аяқталады?(көлеңке басталған жерде)
2-топқа
1. Атмосфералық қысымды немен өлшейді?(барометр)
2. Ұшақтың ұшу биіктігін немен өлшейді? (альтиметр)
3. Электр сымдарында отырған құстарды неге ток ұрмайды?(екі аяғы сымда болғандықтан, ток өтіп кетеді)
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz