3-сынып қазақ тілі: Түбірлес сөздер сабақ жоспары

Қазақ тілі 3-сынып

Сабақ тақырыбы: Түбірлес сөздер.

Сабақтың мақсаты:

1 Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы «түбірлес сөздер» туралы теориялық ұғым қалыптастыру, білімдерін толықтыру.

2 Дамыта оқытудың тиімді әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық қабілетін, ғылыми ойлау жүйесін дамыту.

3 Ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақ.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, жаттығу, кітаппен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, өз бетінше жұмыс, көрнекіліктер, ойын, сөздік диктанты.

Сабақтың көрнекілігі: суреттер, тапсырмалар, электрондық оқулық

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық сәт:

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Жаңа жауған қардаймыз.

Ақпыз, пәкпіз, тазамыз,

Біз білімді боламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. 8- жаттығу, ереже жаттау.

III. Жаңа материалды игеруге дайындау кезеңі.

Су, суат, сушы, суық, сулы, сусын, сулық.

Сөздерді оқыту, әр сөздің мағынасын ашу, сөздердің түбірі мен қосымшасын ажырату.

- Қандай ерекшелік байқадындар? Барлық сөздің түбірі бірдей.

-Ондай болса, қандай қорытынды жасауға болады?

-Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасауға болады.

ІV. Жаңа білімді игеру кезеңі. Ереже.

Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді. Ондай сөздерді түбірлес сөздер деп атайды.

Гүл гүлзар гүлдер егін тігінші

11-жаттығу: жаңа сөз жасау.

Суретпен жұмыс: тиісті жұрнақтарды қойып жаз.

12-жаттығу: тиісті жалғауды қойып жазу.

Топпен жұмыс.

Тапсырмалар: Сөздердің түбірі мен қосымшасын сызықпен бөліп көрсету, әр сөздің мағынысын ашу, түсіндіру.

I топ. «біл» сөзіне түбірлес сөз жаз- білім, білгір, білгіш, білімді.

II топ. «бала»- Балалық, балақан, балапан

III топ. «бас» - Басшы, бастық, басқар

Әр топ бір сөзге сөйлем құрастыру, сөйлем мүшесіне талдау. /топтар бір-бірін бағалау

Сөздік диктанты:

білімді, шаңғышы, жаңбырдан, тәрбиелі, бауырмал, саяхатқа, сәнқой, кеншілер, жақсылық, ұшқышпен.

10 сөзді сөз құрамына талдау. /өзара тексеру

Ауызша орындау: 13 жаттығу.

Сызбаға сәйкес сөздер тауып жазу. 18 жаттығу.

V. Бекіту кезеңдері. «Сөз ойла, тез ойла. »ойыны

Дәм, су, саз, сыз, ерін, тіл

VІ. Үйге тапсырма: 17 жаттығу, ереже жаттау


Ұқсас жұмыстар
3-сынып қазақ тілі - Түбірлес сөздер: сайыс сабақ жоспары
3-сыныпқа арналған қазақ тілі мен әдебиет сабақтарының жоспары: Түбірлес сөздер, Құстар айтысы, Күлпаш
Түбірлес сөздер: сабақ жоспары мен әдіс-тәсілдері
4-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Біріккен сөздер
3-сынып қазақ тілі: мағыналары қарама-қарсы сөздер (жаңа білімді меңгерту)
6-сынып қазақ тілі: Қосарлама қос сөздер туралы сабақ жоспары
3-сынып қазақ тілі: Баяндауыш сабақ жоспары
4-сынып қазақ тілі: Біріккен сөздер тақырыбының ойын сабақ жоспары
Ашық сабақ: 4-сынып, Қазақ тілі - Қос сөздер
6-сынып қазақ тілі сабақ жоспары: Қос сөздер және қайталама қос сөздер (Қазақтың ұлттық ойындары)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz