Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу

Батыс Қазақстан облысы
Бөрлі ауданы
Ақсай қаласы №3 жалпы орта білім беретін мектебінің жоғары санатты бірінші деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Алыпсокова Жанат Мубиновна

Сыныбы 5 <<а>>
Пәні: қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:
Дауысты дыбыстар.Жуан,жіңішке дауыстылар

Мақсаты:

Дауысты дыбыстар, олардың ерекшеліктері туралы біледі. Жуан, жіңішке дауыстылардың бөлінуін біледі. Шығармашылықпен жұмыс жасау дағдыларын арттырады.

Күтілетін нәтиже:

Дауысты дыбыс, олардың жасалуы туралы білімдерін толықтырады. Жуан және жіңішке дауыстылардың жасалуын, бөлінуін меңгереді. Жаттығулар арқылы білімін пысықтап, шығармашылық қабілетін арттырады.
Қоданылатын
әдіс-тәсілдер:
сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау, жаттығу орындау, ойлау, дәлелдеу.
Сабақтың барысы:
Сабақтың кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әрекеті
Кіріспе

Тұсаукесер

Оқушылармен амандасу.
Психологиялық дайындық. Топқа бөліну. Үй тапсырмасын тексеру. <<Серіппе сұрақ>> әдісі. Жаңа сабақты бастамас бұрын қызығушылықты ояту.
1.Фонетика нені зерттейді ? 2.Фонетика сөзі қай тілден енген?
3.Тіл дыбыстары қалай жасалады?
4.Дыбыстау мүшелеріне нелер жатады?
5.Әліпби дегеніміз не? 6.Қазақ әліпбиіне тән әріптерді атап бер
7.Жаңа сөздер дегеніміз не? 8.Кәсіби сөздер дегеніміз не?
9. Диалект сөздер дегеніміз не?
10. Антоним дегеніміз не?
11. Синоним дегеніміз не?
12. Омоним дегеніміз не?

Амандасып,өздерін сабаққа дайындайды .
Үй тапсырмасын тексеру
237-жаттығу. Қазақ әліпбиін жатқа айту

Негізгі бөлім

Дауысты дыбыстар
Айтылу кезінде ауа өкпеден кедергісіз шығып, үннен ғана тұратын дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз.
Қазақ тілінде 12 дауысты дыбыс бар : а,ә,о,ө,е,ы,і,ұ,ү,и,у,э
Дауысты дыбыстардың жіктелуі:
Дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай (жуан,жіңішке), жақтың қатысына қарай (ашық,қысаң) және еріннің қатысына қарай (еріндік,езулік) болып бөлінеді.
Тіл кейін шегініп,үсті дөңестену арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жуан дауыстылар дейміз.
Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у
Тіл ілгері қарай созылу арқылы жасалған дауысты дыбыстарды жіңішке дауыстылар дейміз
Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, і ,е, э, и, у
Ескерту: У дыбысы айтылуына қарай бірде жуан,бірде жіңішке дауыстылар тобына жатады.
Оқулықпен жұмыс.
240 - жаттығу. Жұмбақтарды көшіріп жазып,
жуан дауысты сөздердің астын бір,жіңішке
дауысты дыбыстардың астын екі сызыңдар.
1.Ішіне тамақ салынған,
Есігі тастай жабылған.
2.Әкесі-тышқан,
Шешесі-құстан.
3.Қамыс құлақ,тостаған тұяқ,
Мінсең-қанат,сүті-дәрі,
Еті-тамақ.
Дәптермен жұмыс.
Тест
1.Дауысты дыбыстарды көрсет.
А) ы,и,а Ә) ә,в,г Б) ж,о,л В) қ,и,е
2. <<Ә>> қандай дыбыс?
А) дауыссыз, жуан Ә) дауысты, жуан
Б) дауыссыз, жіңішке В) дауысты, жіңішке
3. Дұрыс тасымалданбаған сөзді көрсет.
А) ө-мір Ә) ха-лық Б) өнер-паз В) сы-нып
4. Қазақ тілінің төл дауысты дыбыстары нешеу?
А) 3 Ә) 15 Б) 9 В) 5
5. Қазақ әліпбиінде қанша әріп бар?
А) 22 Ә) 18 Б) 30 В) 42
6. Жуан дауысты дыбыстар нешеу?
А) 2 Ә) 3 Б) 5 В) 4
7. Жіңішке дауысты дыбыстар нешеу?
А) 3 Ә) 4 Б) 5 В) 8

Жаңа тақырып бойынша түсінік тексеру.
Көп нүктенің орнына тиісті дауысты дыбыстарды қойып көшіріңдер.
Үлгі: Әл...де б...лса с...лқын, б...рл...қ ж...рд... қ...р б...с...п ж...т...р.
Әлі де болса салқын, барлық жерді қар басып жатыр.

Топпен жұмыс
241-жаттығу. Мына сөздердің ішінен жуан у дыбысы бар сөздерді бір бағанға,жіңішке у дыбысы бар бар сөздерді екінші бағанға теріп жазыңдар.
Ашу,білу,қазу,сену,жазу,қу,беру,ілу,жолығу,кезу,
сызушы,жу,көну,қону.

Қорытынды

Сабақты сұрақ-жауап арқылы бекіту.
1.Дауысты дыбыстар дегеніміз не?
2.Тілдің қатысына қарай дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? 3.Жуан дауыстылар дегеніміз не?
4.Жіңішке дауысты дыбыстарға қандай әріптер жатады?
Үйге тапсырма беру.
Бағалау

242 - жаттығу. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіріңдер
Формативті бағалау, сумативті бағалау
Рефлексия Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Ұқсас жұмыстар
Үндестік заңы
Төлді қалай шақырады? дауыссыз дыбыстар
Фонетика тест сұрақтары
"қазақ тілінің фонетикасы" қазақ тілінен курс
2-сыныпта өткенді қайталау
Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны
Е дыбысы мен әрпі жайлы ақпарат
Дауысты дыбыстардан өткенді қайталау
Етістік сөзді тап
Сұраққа жауап беру
Пәндер