Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сабақтың тақырыбы. Оқушының қызметі

Пәні
Математика
Сыныбы
4
Уақыты

Сабақтың тақырыбы
Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері (23 - сабақ)
Құзыреттілікке жеткізетін сабақтың мақсат - міндеттері
Ақпараттық: көп таңбалы сандармен ауызша есептер орындауға үйрету; есептеу дағдыларын жетілдіру.
Коммуникативтік: оқушыларды сауатты, таза, әдемі әрі ұқыпты жаза білуге тәрбиелеу қажет, сонымен қатар қатесіз, дұрыс жаза білуге тәрбиелеу керек.
Проблеманы шешу:оқушылардың сабақ барысында ойлау қабілетін жетілдіру және берілген тапсырманы тез әрі дұрыс орындай білуге дамыту.
Сабақтың түрі
Жаңа материалды түсіндіру
Сабақтың әдіс - тәсілдері
Баяндау, түсіндіру, практикалық, сұрақ - жауап
Сабақта қолданылатын педагогикалық технологиялар
Дамыта оқыту, білімді ізгілендіру.

Пәнаралық байланыс
Еңбекке баулу, қазақ тілі
Оқытудың құралдары
Оқулық, көрнекі құралдар
Сабақтың барысы
Мұғалімнің қызметі
Оқушының қызметі
Күтілетін нәтиже
І. Ұйымдастыру бөлімі.
- Амандасу;
- түгендеу;
- оқушылардың назарын сабаққа аудару
- амандасу;
- кезекшілік міндетін атқару;
- сабаққа дайындалу
Сабаққа дайындық ұйымдастырылып, оқушылардың сабаққа зейінін аударуы
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Өткен материалды қайталатып есептерін тексеру.
Көркем жазу минуты.
- 5 миллион, 23 мың, 6 бірлікті жаз.
- Оны 4 бірлікке арттыр. Нәтижесін жаз.
- Алдыңғы санды жаз. Оны 100 мыңға арттыр. 0 - ге көбейт.
Өткен материалды қайталап, үйге берілген есепті сынып болып тексеріп қателіктері болса түзете білу.
- 5023006
- 5023006+4=5023010
- 5023010+100000=5123010
- 5123010*0=0
Үйге берілген тапсырманы оқушылардың барлығы тиянақты түрде орындап келген. Жауаптарды салыстырып, қорытынды жасайды.
ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.
Тақтадағы жазуларды салыстырып, сабақтың тақырыбын анықтату.
Жаңа тақырып:
<<Көп таңбалы сандарды ауызша қосу және азайту тәсілдері>>
Көптаңбалы сандарды ауызша қосу мен азайту разрядтық бірліктерге жіктеу арқылы іске асырылады.
Жаңа сабақты түсіндіруді №1 а) және ә) (1-қатар) тапсырмалары арқылы түсіндіру.
а) бөлімі бойынша оқушыларға есептеудің қалай орындалатындығын түсіндірем.
253457 - 400 -50-7 = 253 мыңд.+4 жүзд.+5 онд.+7 бірл. - 4 жүзд.-5 онд.-7бірл. = 253 мыңд. = 253000

405000-80000+700 = 405 мыңд. - 80 мыңд.+7 жүзд. = 325 мыңд.7 жүзд. = 325700
ә) бөлімі бойынша разрядтан өту жүзеге асырылады. Сандар нөлдермен аяқталатын болғандықтан, мыңдардың санын анықтаймыз және белгілі есептеу тәсілдерін орындатам. Бір немесе бірнеше нөлдермен аяқталатын көп таңбалы сандарды қосу және азайту үшін мыңдықтар мен жүздіктерді қосу немесе азайту керек, нәтижесін оқып, нөлдерді қосып жазады.
48000 + 5000 = 48 мыңд.+5 мыңд. = 53 мыңд. = 53000
79000 + 6000 = 79 мыңд.+6 мыңд. = 85 мыңд. = 85000

№2 тапсырманы уақытпен орындайды, соңынан қалай орындағандарын түсіндіреді.
<<Кім жылдам>> ойыны(<<Бәйге>> ойыны түрінде)
а) 1 - қатарға
853457-3000-50-7=
286000-80000-6000=
905000+70000+7000=
100000+70000+200+40=
ә) 2 - қатарға
65000+5000=
29000+6000=
55000+9000=
92000+8000=
б) 3 - қатарға
62000-9000=
91000-7000=
82000-6000=
56000-9000=

142 + 82 29000 + 56000
410 - 56 59000 - 23000
айырмашылықтарын тауып, түсіндіреді сол арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.

а)789000 - 80000 - 9000 = 789 мыңд. - 80 мыңд.-9 мыңд.=700 мыңд. = 700000

100000 + 20000+800+30 = 100 мыңд. - 20 мыңд.+8 жүзд.+3 онд. = 120 мыңд.8 жүзд.3 онд. =120830

ә) 34000 + 9000 = 34 мыңд.+9 мыңд. = 43 мыңд. = 43000

12000 + 8000 = 12 мыңд.+8 мыңд. = 20 мыңд. = 20000

б) 14000 - 6000 = 14 мыңд. - 6 мыңд. = 8 мыңд. = 8000

92000 - 8000 = 92 мыңд.- 8 мыңд. = 84 мыңд. = 84000

53000 - 5000 = 53 мыңд.-5 мыңд. = 48 мыңд. = 48000

31000 - 7000 = 31 мыңд.-7 мыңд. = 24 мыңд. = 24000

Әр қатардан белсенді оқушылар шығып қатар болып жарысады. Үш қатардың қайсысының есептері дұрыс болған сайын алға жүріп, бәйгеге бірінші болып жетеді.
а) 1 - қатар
853457-3000-50-7=850400
286000-80000-6000=200000
905000+70000+7000=982000
100000+70000+200+40=170240
ә) 2 - қатар
65000+5000=70000
29000+6000=35000
55000+9000=64000
92000+8000=100000
б) 3 - қатар
62000-9000=53000
91000-7000=84000
82000-6000=76000
56000-9000=47000
Берілген өрнектер арқылы көптаңбалы сандарды тауып оларға қолданылатын амалдарды айтып тақырыпты таба алады.
Жаңа материалды мұқият зер салып тыңдап, саналарына сіңіру.

Өз іс - әрекеттерін талдайды, қолданған тәсілдерін айтады.

Сұрақтарға жауапты өз ойын ұсына отырып түсіндіреді немесе сыныптың өзге де оқушыларының жауаптарын дәйектейді.

Тақырыпты зейінмен тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Әр қатардан белсенді оқушылар шығып қатар болып жарысады. Әр қатардың оқушылары есептері дұрыс болған сайын алға жүріп, бәйгеге бірінші болып жетуге талпынады, белсенділіктерін көрсетеді.

ІV.Жаңа тақырыпты бекіту.
№3 а) Бірдей екі қорапқа а текше
сыяды. 9 қорапқа осындай неше текше сияды?

а а

а а
ә) сым темір орамынан С метрден 2 бөлік қиып алғаннан кейін, орамда В м сым темір қалды. Орамда барлығы неше метр сым болған?

С м
В м

? м
б) Сыныпта d оқушы бар. Олардың сегізден бір бөлігі - оқу озаттары. Сыныпта неше оқу озаты бар?

№4 а) Ойын алаңының ұзындығы 18 м, ал ені ұзындығының алтыдан бір бөлігін құрайды. Осы алаңды екі айналдырып сым темірмен қоршап шығу үшін әрқайсысы 7 метрден неше сым темір орамы қажет?

ә) Өткен жылы шаруашылық 12 ц көкөніс жинап алды. Оларды 3 машинамен көкөніс сақтау қоймасына тасыды. Биылғы жылы 15 ц көкөніс жиналды. Егер әр машинаға көкөністі өткен жылғыдан 100 кг артық тиетін болса, онда 15 ц көкөністі қоймаға жеткізу үшін неше машина қажет болды?

Сергіту сәті
.

№5 а) Ұзындығы 22 см, ені 10 см ақ қағаз бетіне ауданы 25 см2 қара түсті шаршы салынған. Қағаз бетінің ақ түсті бөлігінің ауданын тап.
S=25 см2

10 см S S

22 см

ә) Дәптерге ұзындығы мен енін өз қалауынша алып, шаршы және тіктөртбұрыш сыз. Олардың периметрін тап.
№3
а) Берілгені:
Бірдей 2 қорапқа - а текше с.
9 қорапқа - ?текше с.
Шешуі: 9/2=4 (1қ)
Жауабы: 9 қорапқа 4 текше сияды, 1 артық қалады.

ә) Берілгені:
С м - 2 бөлік ? м
В м -? Қ
Шешуі: С/2 - В
(В + 2 С) м
Жауабы: орамда барлығы (В + 2 С) м болған

б) Берілгені:
Сыныпта - d оқушы
Оқу озаттары - 18 б
Оқу озаттары - ?
Шешуі: d/18

№4 а)
Берілгені:
а = 18 м
в = ? 16 бөлік
Р/7 -? Орам
Шешуі: 1) 18 / 6 = 3 (м ) - ені
2) Р = (18 + 3)*2 = 42 (м)
3) 42 / 7 = 6 (орам) керек
Жауабы: Әрқайсысы 7 метрден 6 орам керек.

ә) Берілгені:
Өткен жылы - 12ц к.ж.
Тасыды - 3 машинамен
Биыл жиналды - 15 ц к.
Әр машинаға - 100 кг а қосты
15 ц жеткізу үшін - ? машина
Шешуі: 12 ц = 1200 кг
15 ц = 1500 кг
1200/3=400 (кг) - 1 машинада
400+100=500 (кг) - 1 машинаға тиейді
1500/500=3 (м)
Жауабы: 15 ц көкөністі 3 машинамен тасыды.

Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Қолға қалам алайық,
Әдемі етіп жазайық.

№5 а) Берілгені:
Ақ қағаз
а = 22 см
в = 10 см
S=25 см2(қара түсті шаршы)
Ақ түсті бөлігінің - ? S
Шешуі: S = 22 * 10 = 220 см2
Жауабы: қағаз бетінің ақ түсті бөлігінің ауданы 22 см2

ә) Өз қалауларынша шаршы, тіктөртбұрыш салып периметрін табады.
Р = 2 (а + в)
Оқушылар жаңа тақырыпты жақсы меңгеруі және тапсырмаларды тез әрі тиянақты түрде орындауы керек.

Берілген тапсырманы орындай отырып нақты ақпаратты бөліп алады.

Берілген тапсырманы өз беттерімен орындап, өз ойларын, сауаттылықтарын арттырады.

Өздеріне берілетін тапсырманы тексере отырып, бағалайды.
Белгілі тапсырманы тәртіппен орындайды

Математикалық ойындарда белсенділік танытқан жеңімпаздар анықталып марапатталады.

Оқушылар ойлау қабілеттерін дамытып қана қоймай сонымен қатар жылдамдыққа, ұқыптылыққа, ізденімпаздыққа баулиды.
V. Бағалау.
Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігіне, тақтаға шығып есеп шығаруына және тақтамен жұмыс істеуіне байланысты ба ғалады.
Оқушылар бүгінгі сабақта алған бағаларын күнделіктеріне қойдыртады.Содан соң оқытушымен қоштасып, келесі сабаққа дайындалып отырады.
Берілген нұсқауларлы мұқият тыңдап қорытынды шығарып келу.
VІ.Үйге тапсырма беру. Қорытынды.
№ 8 Жол сызбасын қара.
а) Ауылдан көпірге дейін неше жол бар? Көпірден қалаға дейін ше?
ә) Егер міндетті түрде көпір арқылы жүру керек болса, онда ауылдан қалаға дейін неше жолмен баруға болады?

Үйге №6, №7 есеп шығаруға берілді.
№6 есепте жазбаша есептеп, дұрыстығын тексеру.
№7 көрсетілген өлшем бірліктеріне өрнекте.
а) ц және кг; ә) т,ц және кг

Үй тапсырмасын түсіндіру
а) Ауылдан көпірге дейін неше жол бар? (4). Көпірден қалаға дейін неше жол бар? (5)
ә) Ауылдан қалаға дейін көпір арқылы жүрсек, неше жолмен жетуге болады?
Бұл сұраққа жауап беру үшін мүмкіндіктер бұтағын толтырады. Жолдарды олардың түсі бойынша бас әріптермен белгілейміз.
Ауылдан көпірге дейін жолдардың бірімен баруға болады.
Қ (қоңыр)
Ж (жасыл)
К (көк)
Қ
(қызыл)
Көпірден қалаға дейін бес жолдың кез - келгенімен:

Қ (қоңыр)
Ж (жасыл)
К (көк)
Қ
(қызыл)
К(күлдіргін)

Төрт жолдың әрқайсысынан бес жолға бағдаршам жүргізу қолданылады. Жиырма нұсқасы шығады. 4 * 5 = 20 (тәсіл)
Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.
Үй тапсырмасы туралы айтылған нұсқауларды тыңдап қорытынды шығарады.
Барлығы оқу құралдарын жинақтап тынышталады. Бүгінгі өткен тақырыпты жақсы меңгереді өз ойларын жинақтайды.

Тулепова Гүлмира Набидоллақызы
Бастауыш сынып мұғалімі, оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жаңақала ЖОББМ
Жаңақала ауданы
Батыс Қазақстан облысы

Ұқсас жұмыстар
Астана қаласына саяхат
Қалқанша бездің массасы
Терінің құрылысы мен қызметі
Мәтіннің үзіндісін ерекшелеу. Қаріп. Абзацты пішімдеу
Жүйке жүйесінің жасушасы
Биология пәнінен қысқа мерзімді сабақ жоспарлары
Жүйке жүйесінің бөлімдері. жұлынның құрылысы мен қызметі
Мұғалімнің бағалауы. Гуморальдық реттелу
Тілдің қоғамдағы мәні мен қызметі
Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметі
Пәндер