«есту мүшесі. құлақтың құрылысы»

«Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы». 8 сынып. Атырау облысы Индер ауданы Есбол селосындағы Кулагино ұлттық гимназиясының жоғары санатты география, биология пәнінің мұғалімі Адилова Ақмарал Мағзомқызының.

Сабақтың тақырыбы: Есту мүшесі. Құлақтың құрылысы.

Сабақтың мақсаты: Есту мүшесінің маңызын, құрылысы мен қызметін,

дыбысты қабылдау механизмін пәнаралық байланыс

арқылы меңгерту.

Дамытушылығы: Оқушылардың ой- белсінділігін арттыру, физика, музыка

және әдебиет, зоология, бейнелеу курстарындағы

білімдерін биология пәнімен ұштастыра білуге

машықтандыру.

Тәрбиелік мақсаты: Өзін - өзі танып білуге, жеке бас гигиенасын сақтай

білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Т ренинг

Әдісі: Миға шабуыл, «Тең-теңге» оқыту, топтық, жеке жұмыс

Пәнаралық байланысы: Физика, музыка, қазақ тілі, зоология, бейнелеу.

Көрнекілігі: Анализаторлар, құлақтың құрылысы, сызбанұсқалар, кестелер.

Әдебиеттер: 1. Е. Очкур, А. Аманжолова, Р. Жұмабаева Биология 8

2. З. Ж. Асқарова Биология - 8 Әдістемелік нұсқау

3. В. С. Анисимова, Е. П. Брунов, Л. В. Ребров Самостоятельные

работы учащихся по анатомии, физиологии и гигиене

человека: пособие для учителя.

4. И. Д. Зверев Книга для чтения по анатомии, физиологии и

гигиене человека

5. Тренинг - сабақтарын өткізу бойынша мұғалімдерге арналған

әдістемелік ұсынымдар.

І. Танысу «Қар көшкіні» ойыны. Шеңбердегі оқушылар өз аттарын айтады.

Келесі адам, өз атын айтар алдында алдынғы қатысушылардың

аттарын қайталайды.

Ой қозғау. Тәжірибе.

Қажетті құрал: лимон, лента.

Орындалуы: Оқушылар алдарына берілген лимонға талдау жасайды.

1. Оқушылар көздерін жұмып отырып, лимонның пішінін,

қабығының тегіс - бұдырлылығын анықтау,

2. Түсін, дәмін айыру.

Сұрақ: Біз қоршаған дүние туралы ақпаратты қалай аламыз?

Көру Есту

Иіс сезу Дәм сезу

Сипап сезу

Өзекті мәселе.

Сыныппен жұмыс. Сұрақтарға ауызша жауап бере отырып, бір мезгілде

кесте толтыру.

1. Анализатор дегеніміз не? Анықтама беріңіз.

2. Анализатор қандай бөлімдерден тұрады?

Кесте толтыру.

1. Анализатордың бөлімдерін кестенің жоғарғы бағанына жазыңдар.

2. Өздеріңе белгілі анализаторларды кестенің бірінші бағанына жазыңдар.

Жеке жұмыс. 1. Кестенің 3 - 4 бағанын өз бетеріңізбен толтырыңыздар.

Сыныппен жұмыс: Кестенің толтырылуын тексере отырып, кестенің 2-ші

бағанын бірге толтыру.

Анализаторлар
Рецепторлар
Өткізгіш бөлігі
Орталық бөлігі
Анализаторлар: Көру мүшесі
Рецепторлар: Торлы қабықшадағы таяқша мен құтыша.
Өткізгіш бөлігі: Көру жүйкесі
Орталық бөлігі: Үлкен ми сыңарының шүйде бөлігі.
Анализаторлар: Есту мүшесі
Рецепторлар: Ұлулы денедегі сезімтал жасуша.
Өткізгіш бөлігі: Есту жүйкесі
Орталық бөлігі: Ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығы
Анализаторлар: Иіс сезу
Рецепторлар: Мұрын қуысындағы кілегейлі қабықшаның беткі жағындағы рецепторлар.
Өткізгіш бөлігі: Иіс сезу жүйкесі.
Орталық бөлігі: Үлкен ми сыңарының иіс сезу аймағы.
Анализаторлар: Дәм сезу
Рецепторлар: Ауыз қуысындағы дәм сезу рецепторлары
Өткізгіш бөлігі: Дәм сезу жүйкесі.
Орталық бөлігі: Үлкен ми сыңарының дәм сезу аймағы.
Анализаторлар: Сипап сезу
Рецепторлар: Терідегі рецепторлар
Өткізгіш бөлігі: Сипап сезу жүйкесі
Орталық бөлігі: Үлкен ми сыңарының төбе аймағында.

ІІ. Оқыту:

1. Музыка ойналады.

Шағын дәріс

Қоңыраудың сыңғыры, құстың сайрауы, шағаланың ұшуы, желдің гуілі барлығы да дыбыс және біз оны естиміз. Табиғатты құдіреттілігі сол ол еш нәрсені тектен - тек жаратпайды. Барлығы қажеттіліктен туады. Дыбыс бұл физикалық құбылыс. Сөйлеу адамға ғана тән. Дыбысты қабылдау тірі табиғатқа қажеттіліктен туындаған, яғни, ол өмір сүрудің негізгі құралы. Сонымен біз:

1. Дыбыс дегеніміз не?

2. Оны біз қалай қабылдаймыз?

3. Ол қалай таралады? Біз оны қалай естиміз?

4. Адам өміріндегі маңызы қандай?

деген сұрақтарға тоқталамыз.

Еске түсір.

Дыбыс туралы білімді осыған дейін қандай оқу пәндерінен білеміз?

Кесте

Д ы б ы с
Д ы б ы с: Музыка
Қазақ тілі
Бейнелеу
Зоология
Физика
Анатомия
Д ы б ы с:

Музыка Қазақ тілі Бейнелеу

Зоология Физика Анатомия

Өзекті мәселе.

1. Біз күнделікті өмірде акустика деген сөзі қолданамыз, оның мәні неде?

2. Дыбыс шығару көздеріне не жатады?

3. Дыбыс қалай таралып, біз оны қалай естиміз?

Музыкалық Физикалық Оптоакустика

Архитектуралық Физиологиялық

Топтық жұмыс. « Тең-теңге» оқыту әдісі

І топ. Сілтеме табушылар.

1. Мәтінді оқи отырып, жаңа ұғымдарды табыңыздар?

ІІ топ. Баяндаушы топ

1. Мәтінді оқи отырып, сызба нұсқа, кесте құрастырып және оны баяндап

беріңіздер.

ІІІ топ. Ізденуші топ.

1. Оқулықтағы суреттерге талдау жасаңыздар.

ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Мәтінді оқи отырып, мәтіннің мағынасын ашатын сұрақтар құрастырыңыз.

І топ. Сілтеме табушылар.

Дыбыс. Сыртқы құлақ. Дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ. Есту сүйекшелері. Ішкі құлақ. Иірім. Вестибула аппараты.

ІІ топ. Баяндаушы топ

Құлақ Сыртқы Дыбыс сүйекшелері Шытырман

қалқаны дыбыс

жолы

Балғашық Төс Үзеңгі Сүйекті Жарғақты

Құлақтың құрылысы мен қызметі

Бөлімі
Құрылысының ерекшелігі
Атқаратын қызметі
Бөлімі: Сыртқы құлақ
Құрылысының ерекшелігі: Құлақ қалқаны, дыбыс жолы
Атқаратын қызметі: Ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдайды.
Бөлімі: Ортаңғы құлақ
Құрылысының ерекшелігі: Дыбыс сүйекшелерінен тұрады.
Атқаратын қызметі: Дыбыс толқынын өткізеді.
Бөлімі: Ішкі құлақ
Құрылысының ерекшелігі: Қуыстар мен иірім (Шытырман, лимфа сұйықтығы, ұлулы дене)
Атқаратын қызметі: Дыбысты естиді

ІІІ топ. Ізденуші топ.

Оқулықтағы 31, 32, 33- суреттерге талдау жасайды.

ІҮ топ. Сұрақ қоюшы топ.

1. Құлақ қандай бөлімдерден тұрады?

2. Құлақ қалқаны қандай қызмет атқарады?

3. Дабыл жарғағы қайда орналасқан?

4. Ортаңғы құлаққа нелер жатады?

5. Ішкі құлақтың құрылысы қандай?

6. Құлақтың қандай бөлігінде тепе - теңдік мүшесі орналасқан?

7. Адам ұшақта отырғанда неге құлағы бітеліп қалады?


Ұқсас жұмыстар
Есту гигиенасы
Есту мүшесі
Есту мүшесі және есту анализаторы
Сезім мүшелері. 8-сынып
Сезім мүшелері. құлақ - есту мүшесі. мұрын - иіс сезу мүшесі, 1 сынып
Ішкі құлақ
Құлақ. мұрын. тіл. оларды күту ережелері
Иіс сезу орталығынан
Қазыналы арал
Дыбыстық құбылыстар жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz