Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Минералды ресурстар

Сабақтың тақырыбы:Туған жер табиғаты және оның экологиясы
Сабақтың мақсаты: а)Білімділік:Тірі және өлі табиғат арасындағы тығыз байланыстың бар екені және оның адам денсаулығына қоғамның дамуына ықпалы жайлы білімдерін арттыру,туған өлкедегі табиғат жағдайымен танысу.
Ә)дамытушылық: а)Қоршаған ортаны қорғау,туған өлкеге деген сүйіспеншіліктерін арттыру
Ә)Оқушылардың туған жердің табиғаты,оның өзіне тән ерекшеліктері,жергілікті жер атауларының тарихы жайлы ұғымдарын дамыту,біліктілігін дамыту.
Тәрбиелік мәні: Табиғатты қорғауға,елін,жерін сүюге,ұйымшылдыққа,ізденімпаздыққа,жауапкершілікке,табандылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілік: Буклет,интерактивті тақта,карта,макет,сызба-схема
Сабақ түрі: Ізденіс-саяхат сабағы
Пәнаралық байланыс: тарих,әдебиет,биология,сурет
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Өткен сабақта алған алған білімдерін сұрақтар қою арқылы тексеру.Балалар,бүгінгі сабақ туған өлкеге арналады. <<Тәрбие-табалдырықтан басталады>> дегендей туған өлкеме деген сүйіспеншілік,ең алдымен өзіміз тұрып жатқан өңірге деген сүйіспеншіліктен бастау алады.Оны гүлдендіретін,экологиялық зардаптарын азайту жолында ізденіс жасайтын туған ауылымызды мәуелі баққа айналдыратын сендерсіңдер.Өткен сабақта сендер Қазақстанның табиғи байлығы болып табылатын табиғат ресурстарымен танысқансыңдар.Сол сабақтан алған білімдеріңді тексеріп көрейік.
1.Қандай табиғат ресурстарын білесіңдер?
Жауап:1.Отын-энергетикалық ресурстар.2.Минералды ресурстар.3.Су ресурстары.4.Топырақ ресурстары.
Табиғи ресурстарды игеру мәселесі табиғатты қорғаумен тығыз байланысты.Табиғат ландшафтары эталонын сақтау тұрғысында Қазақстанда 10 қорық жұмыс істейді.
2.Қазақстандағы қорықтарды ата.
Жауап:1.Ақсу-Жабағылы.2.Наурызым.3.Алматы.4.Қорғалжын. 5.Марқакөл.6.Үстірт.7.Барсакелмес.8.Батыс Алтай.9.Алакөл.10.Қаратау.
Халықаралық Одақтың шешімі бойынша әр елде табиғат ресурстары мен табиғатты қорғау үшін сирек кездесетін,құрып кету қаупіндегі жануарлар мен өсімдіктер түрлері "Қызыл кітапқа"кіргізілген.
3."Қызыл кітап"Қазақстанда қай жылы жарыққа шыққан?
Жауап:Бірінші басылым 1977 жылы,екінші кітап 1981жылы.Қазақстанда табиғатты қорғау туралы мәселелер мемлекеттік тұрғыда қаралған.
4.Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңы қашан шыққанын кім біледі?
Жауап:1997 жылы шілдеде.Экологиялық дағдарымқа ұшыраған аудандарға,аймақтарға көмек беру БҰҰ қарастырылған.
5. <<Джемс Сорос>>қорының Қазақстандағы жетекшісі кім?
Жауап:Мұрат Әуезов.
Табиғатта ядролық зұлматтардың әсерінен де түрлі апаттар болып жатыр.Ядролық қаруға қарсы "Невада-Семей" азаматтық қозғалысы құрылған.
6.Бұл қозғалыс алдына қандай мақсаттар қойды?
Жауап:Халықты жұмылдырып өкімет басшыларынан атом бомбасын сынауды тоқтатуды,полигонды алып кетуді талап етті.1991 жылы мемлекет егемендік алғаннан кейін президент жарлығымен Семей атом сынақ полигоны жабылды.Сонда біз келешек ұрпаққа радиациялық қауіп төніп тұрған жоқ дегіміз келеді.
Біздің бүгінгі өткелі отырған тақырыбымыз <<Туған жер табиғаты және оның экологиясы>>болғандықтан,өлкеміз жайлы толық танып білу үшін,өзіміз туып өскен жер- Аягөз ауданына жалпы географиялық сипаттама беру тапсырылған еді.Аягөз ауданының географиялық орнына тоқталу.
Мұғалім сөзі:Міне,балалар өздерің дайындаған материалдарың арқылы өлкеміздің табиғат жағдайымен таныстық.Енді,бейне көріністен туған ауыл табиғатының жалпы көрінісі мен Аягөз өзенінің келбетін көрейік.
Т.Рахимовтың <<Аягөз ару>>әні орындалады.XIX ғасырда өмір сүрген Аягөз ауданында туған атақты ақын жырау Дулат Бабатайұлының <<Аягөз>>деген өлеңін тыңдайық.Оқушылар <<Аягөз>>өлеңін оқиды.
Тауды екіге жарасың,
Тасты қашап арасын.
Кесіп өтіп кезеңде.
Аягөз қайда барасың?
Жағаңдағы сұлу тал,
Саясының шөбі бал,
Ерекшк ішкен семіз мал.
Сумаң қағып сүйріктей
Шалқып-шапқан жүйріктей
Екіге бөліп ерке су,
Қас пен көздің арасын!
Тарбағатай тауынан
Тоқсан сала қосылып
Тоғыз өзен түйісіп,
Ақтың төмен жосылып.
Ағының тасты ағызып.
Арнаң қалды осылып
Күркіреген үніңнен
Аңдар қашты шошынып.
Қырға суың тарады,
Ойға суың барады.
Тоғанменен тосылып.
Аякөз сенің бойыңда.
Несібе ырыс тегіс қой.
Қырың малдың кіндігі,
Ойың-өнім егіс қой.
Деп жырлайды.Ал бүгінде ауылымыздың іргесінен ағып жатқан сол Аякөз өзенінің бүгінгі келбетінің мүлде өзгеруі бізді қатты толғандырады.Міндетіміз туған жердің табиғатын тарихын,экологиялық жағдайын,өткені мен бүгінін салыстыру болатын.Ендігі сөз зерттеу тобының жетекшісіне беріледі.Біздің зерттеу саяхат шығармашылық топтың басты бағыты:Ауылдың тарихы,табиғаты,болашағы жайлы ізденіс.Келесі сөзді 1-топтың жетекшісіне беріледі:Біздің топ оңтүстік-шығыс аймақта жүріп өттік.Саяхатты тау бөктерінен бастадық.Өзенге жақындай келе,табиғатына көз салсақ,суалған өзен,қияқ шөптер,жусан,бетеге,тікенекті болып келеді.Топырағы қара-сұр.тек тауға қарай қалың қарағанға кез болдық.
Екінші топ жетекшісі:Біз солтүстік-шығыс бағытында зерттеу саяхат жұмысын жүргіздік.Мұнда біздің назарымызды <<Битан тау>> деп аталатын биік төбешіктің де үлкен тарихы бар.Елімізді ақ бандалардан тазарту кезінде бұл үлкен бекініс болған.Жері ойлы-шұңқырлы,қарағанды-бетегелі,Бір таңқаларлығы жері ылғалды екенін байқадық.Алдыңғы толқындармен әңгіме барысында осы Битан тауы астында мол су бар екенін естідік.Бірақ сол ашылса,қауіп бар деген жорамал бар дейді.Мүмкін осы аңызда шындық бар шығар.Оған куә тақыр даланың ылғалды болуы.
Енді үшінші топ жетекшісіне сөз берйік:Солтүстік-батыс жаққа саяхат жасау барысында <<Мамырсу>>-деп аталатын тарихи орын бар.Жер бедері бұталы,айналасы терең сайлы жоғары қарай төбешіктің басында шығыстан батысқа қарай бет түзеп жатқан бұлаққа келдік.
Енді өңірімізге танымжорыққа шыққан соң,өз өлкеміздің топографиялық картасын қолдана отырып 3 топқа 3 түрлі деңгейлік тапсырма берейік.
1-топқа берілген тапсырма.Бос орындарға шартты белгілерді қой.
Біз топ мүшелері(ауылдан)шығып,(тас жол) мен жүріп,(өзендегі көпір)ден өттік.(Құмды)жер арқылы өтіп,(бақшаға)келдік.
2-тапсырма.Мына сөздерді(аралас орман,көпір,автомобиль жолы,бақ)топографиялық шартты белгілермен көрсетіп әңгіме құрастыр.
2-топ.1.Топографиялық картада жер бедері қалай белгіленген?
2.Карта қандай масштаб түрімен жасалған?
3.Оқушылар мектептен өзенге дейін 180◦азимут.Жүрген жолды сызба арқылы түсір.Масштабы 1см-де 1000м
3-топ
1.Мектеп үй арасындағы топографиялық объектілерді түсір.
Енді осының алдында ақын Д.Бабатайұлының <<Аякөз>> өлеңін тыңдаған едіңдер,бейнекөріністен көре отырып,енді қазіргі келбеті жайлы жергілікті ақын М.Аукалиевтің <<Аякөз>>өлеңін тыңдайық.
Атына сай бүгінде көркің қайда?
Арнаңда су орнына ақ құм майда.
Шашына қою қара ұқсатұғын,
Сиреп біткен селдіреп ну тоғайда.
Құдай-ау,
Мына елдің бар ма көзі?!
Жүрмей ме қарияның жасқа сөзі?
Аякөздей аруынан айрылса.
Болмай ма болашақта ұрпақ мезі?
Жанары Аякөздің солған бүгін.
Жағадағы қандыра алмайды су мен гүлін.
Жасыл желек,аң мен құстан айырылып.
Арнасы кеуіп жатыр тілім-тілім.
Кейпіне бүгінгі ару көп жылады.
Құдайдан елі үшін нәр сұрады,
Жанарынан мөлт-мөлт ағып жатыр,
Өксік пен өкініштің тамшылары.
Мұғалім сөзі:Міне,балалар сендер туған өлке табиғатына танымжорық жасап,бүгінгі сабақ тақырыбына орай,қандай ой-толғамға келгендіктерін жайлы ой-пікірлеріңді ортаға салайық.Болашақта осы экологиялық проблемалар шешілу үшін мынадай игі істер атқарылмақ.
1.Мектеп тұрған ауданның экологиялық жағдайын жақсарту.
2.Көгалдандыру,ағаш егу айлығын жариялау.
3.Әр үй,әр оқушы екі ағаштан отырғызуды міндетіне алу.
4.Аудан әкімшілігінің қоршаған ортаны қорғау бөлімшесімен байланыс орнату.
5.экологиялық кештер өткізу.
6.Қаланы күл-қоқыстан тазартып тұру.
Енді берілген тапсырма бойынша білімдеріңді бағалайық
1-топ <<5>> өте жақсы
2-топ <<4>> жақсы
3-топ <<4>> жақсы
1-топқа <<Эколог>> деген ат беремін,өйткені 1-топ сабақта білімдерін жоғары дәрежеде көрсетті.
Мұғалімнің қорытынды сөзі:
Табиғатқа қамқорлық жасау-әрбір азаматтың абыройлы міндеті,әрі парасатты парызы.Бұдан 50-100 жыл өткеннен кейін келешекте өмір жақсарады,тағы да адам еңбегін жеңілдедетін машиналармен түрлі механизмдер мен қондырғылар шығарылып,XXI ғасыр кибернетика заманы болмақгазбен,сұйықпен жүретін машиналар,паровоз,автобус.тепловоздардың орнына күн энергиясымен жұмыс істейтін күн машиналары келеді ауа мөп-мөлдір,шаң-тозаңсыз болады,айнала түгел жарқырап,көшелер қолдан соққандай тегістеліп,асфальт төселіп,үйдегі,түздегі барлық жұмыстарды машина-роботтар атқаратын болады.Осындай ірі ғыллыми өзгерістер заманында алтын орда мектебіміз гүлдене түсері хақ.мына алдарымыздағы мектепке қарап білім болашақ алтын орда мектебімізді осылайша көз алдымызға елестетсек осындай мектепте өздеріңнің бауырларың оқитындай келешекте гүлденуіне атсалысатын өздеріңсіңдер.Н.Назарбаевтың <<Қазақстанның болашағы білімді ұрпағында>> дегендей,Қазақстанның гүлденген елге айналуы сендердің қолдарыңда.
Енді сабағымызды қорытындылай келе мынадай өлең жолдарымен аяқтағым келеді.
Табиғаттың тарылтпайық мөлдір кәусар тынысын,
Пәк табиғат!Жүрегімнің тамылжыған жырысың,
Ей адамдар!Қалай ғана қатыгездік жасайсың
Ол-анаң ғой,ал сен-кенже ұлысың.
М.Мақатаев.

Ұқсас жұмыстар
Сабақтың басталуы
Академик қ.и.сәтбаевтың металлогендік болжамдық картасы-тәуелсіз еліміздін индустриялдық дамуының факторы
Көлдер мен мұздықтар
Электролиттік диссоциациялану дәрежесі. Табиғаттағы және тұрмыстағы күшті және әлсіз электролиттер
Табиғат ресурстары
Минералдық тыңайтқыш дайындайтын машиналар
Фосфорға тән физикалық қасиет
Топырақтың құрамы
Шағын қала
Табиғатты қорғау. 8 сынып
Пәндер