Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Табиғат зоналары

Модуль №1 Африка
Нені білу керек:Африканың табиғатына физикалық-географиялық орнының әсерін,картадан Гибралтар бұғазының,Суэц каналының,Гвинея шығанағының,Сомали түбегінің,Мадагаскар аралының орналасуын материктің жер бедерінің ерекшеігін,климаттық белдеулерінің,өзендерінің орналасуын,табиғат зоналарының өзгеруін картадағы ірі мемлекеттердің орналасуын.
Нені меңгеру керек:Картадан географиялық объектілерді көрсете алу,мемлекеттерді астанасымен көрсету.
Кіріспе бөлім 1-сабақ
Пайдалы қазбалары географиялық орны

Африка

Халқы климаты,ішкі сулары

Табиғат зоналары
Географиялық орны:Материктің жер көлемі 30 млн.км².Шеткі нүктелері солтүстігінде Бен-секка мүйісі,оңтүстігінде Игольный мүйісі,батысы Альмади мүйісі,шығысы Рас-Хафун.Экватор оны ортасынан кесіп өтеді.Екі мұхит жағасын шайып жатыр.
Жер бедері,пайдалы қазбалары:Матеик ежелгі платформаның үстінде,биік таулар жоқ.Солтүстігінде жас тау-Атлас тауы.Материктің ең биік нүктесі-Килиманджаро жанартауы(5895м),ең төмен жатқан жер Ассаль көлі (-153м).Ежелгі қатпарлы аймақтарда қара,түсті металдар кезігеді.Тас көмір,мұнай,газ.
Климаты:Африка-жер шарындағы ең ыстық материк.Орташа температура +8˚с.Ең жоғарғы температура +58˚с.Жауын-шашын шөлдерде 0мм-ден 2000мм,экваторлық аймақта 10000мм жауын-шашын түседі.
Ішкі сулары:Ең ұзын өзен Ніл (Кагера саласымен 6671км)суы мол өзен - Конго.Замбези өзеніндегі Виктория сарқырамасы.
Табиғат зоналары:
Мәңгі жасыл экваторлық ормандар зонасы.
Ауыспалы-ылғалды орман.
Шөлейт-шөл зонасы.
Саванна және сирек орман
Субтропиктік қылқан жапырақты орман
Биіктік белдеулер зонасы
Халқы:Материкте еуропалық нәсілдер (Солтүстік және Оңтүстік Африкада)экваторлық нәсілдер тутси,пигмейлер
Өздік жұмыс тапсырмалары
1.Африканың негізгі құрылысын атаңдар
2.Климатының ерекшелігі
3.Африканың негізгі өзен жүйелері.Олар қандай алапқа жатады?
4.Африкадағы табиғат зоналары.
5.Неге табиғат зоналары өзгерді.
6.Қандай аудандарға бөлінеді.
Жауап:
1.Африка ежелгі платформада жатыр.
2.Климаты өте ыстық,дүние жүзіндегі ең ірі шөл Сахара шөлі жатыр және жердің орта бөлігінде жатыр.
3.Конго,Ніл,Нигерөзендері Атлант,Үнді, мұхит алаптарына жатады.
4.африкада саванна сирек орман,экваторлық мәңгі жасыл орман,шөл,шөлейт,қылқан жапырақты ормандар зонасы.
5.Табиғат зоналарының өзгеруі,антропогендік табиғат комплекстерінің және шөлдің ұлғаюы әсер етті.
6.Африка батыс,орталық,шығыс,оңтүстік аудандарға бөлінеді.
Сөйлесу бөлімі:2-сабақ
Сарамандық жұмыстың тапсырмасы:
1.Градус торындағы материктің орналасуы.
2.Материктің басқа объектілерге қатысы.
Жауабы:
1.Экватор Африканыо ртасынан кесіп өтеді.Слтүстік және Оңтүстік жарты шарда орналасқан.Бастапқы меридиан Африканы батысынан кесіп өтеді,көп бөлігі шығыс жарты шарда рналасқан.Африка 37˚с.е пен 35˚ о.е солтүстік және оңтүстік тропик шеңбері кесіп өтеді.Ең шеткі нүктелері солтүстігінде - Бен-Секка мүйісі(37˚с.е),оңтүстігінде-Игольный мүйісі 35˚о.е африка17˚б.б пен 51˚ш.б орналасқан.Батысында Альмади 17˚б.б шығысында Рас-Хафун 51˚ш.б.африка Еуразияға өте жақын орналасқан.суэц каналы арқылы бөлінеді.Солтүстігінде Жерорта теңізі арқылы Еуропадан өте тар бұғаз арқылы Гибралтармен,батысында Атлант мұхитымен шығысында Үнді мұхитының сулары және Қызыл теңізбен шектеседі.Жағалауы аз тілімденген.Қорыту.үйге§20,24 оқу.

3-сабақ Кескін картамен жұмыс
Кескін картаға шеткі нүктелерін түсіріп,географиялық координаталарын анықтау.Жер бедерін,пайдалы қазбаларын түсіру.
Деңгейлік тапсырмалар:
III-деңгей
1.Қандай жер қыртысы түрлері болады?
Жауабы:
Тігінен,көлденең түрлері
II-деңгей
1.Африкда жер бедерінің қандай түрлерін кезіктіруге болады?
Жауабы:Жер бедері жазық,биік таулар жоқ.
I-деңгей
Африка платформасында егер шығысында қозғалыс болса,қандай өзгерістер болар еді,өз ойыңды айт
Жауабы:
Мұхиттық платформалар иініне кіреді.
III-деңгей
Экваторлық климаттық белдеуге мына жоспар бойынша сипаттама бер
1.Орналасуы
2.Ауа массалары
3.Температурасы
4.Жауын-шашын
Жауабы:
1.Орталық бөлігінде орналасқан.
2.Экваторлық-теңіздік ауа массалары
3.Жыл бойы температура бірдей
4.Жауын-шашын 10000мм
II-деңгей
Африканың климаттық кпртасынан мына жоспар бойынша сипаттама бер.
А)территориясының аумағы
Б)масштабы
В)не көрсетілген
Г)ең жоғарғы температура,ең төменгі температура қай жерде?
Д)жауын-шашын ең көп,ең аз жауатын жер
Жауабы:
А)материктің орталығында
Б)1:35000000
В)температура,жауын-шашын,жел бағыты
Г)Ассаль көлі +58˚с,-9˚с Ганзи
Д)экватор бойында 10000мм,сахарада 1мм кем
I-деңгей
1.Неге Конго өзенінің бойында жауын-шашын мол,Сахарада аз жауады?
Жауабы:Конго өзені экватор бойында оналасқандықтан жауын-шашын жыл бойы мол,Сахарада булану көп және атмосфералық қысымға байланысты тропиктік құрғақ климат қалыптасқан.
4-сабақ Дәптермен жұмыс
Оқулықпен,дәптермен жұмыстың мақсаты;
Оқушыларды оқу,жазу,кестемен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Табиғат зоналарының аты
Топырағы
Өсімдігі
Жануары
1.Экваторлық ормандар
Қызыл-сары ферралитті
Папоротник,пальма,лиана
Маймылдар,керік,жылан,құстар
2.Саванна
Қызыл-ферралитті,қызыл күрең
Баобаб,майлы пальма
Зебра,керік,қолтырауын,секретарь құс,шыбын-цеце

<<Бақытты сәт>> ойыны
Құрал-жабдық:
1.Шарлар салынған қапшық
2.Сағат
3.Ортақ бағалау парағы
4.Фишкалар
Ойынның мақсаты:
Оқушылардың білімдерін дамыту.
Ойынның шарты:Командаларға он сұрақтан беріліп 5 минут уақыт команданың бір өкілі жауап береді,сұраққа ең көп жауап берген команда ұтады.
Ойынның жүру барысы:Сынып екі командаға бөлінеді,әр команданың өз капитаны және атауы болады.
I-гейм <<Бой сергіту>>
<<А>>командасының сұрақтары
1.Африка қандай табиғат зоналарында орналасқан?(Экваторлық орман,саванна,тропиктік шөл)
2.Эквторлық ормандарда қандай жануарлар түрлері басым?(ормандарда тіршілік ететін)
3.Мартышка,шимпанзелер қай жерледе мекендейді?(экваторлық орманда)
4.Саваннада шөптесін өсімдіктер қанша биіктікте өседі?(3 метр)
5.Саваннада сүттіген қалай өмір сүреді?(жапырағы жоқ,үсті тікенек)
6.Секретарь-құс кімді жейді?(ұсақ кеміргіш,жылан)
7.Маниоктің түбірі немен бай?(Крахмал)
8.Жауын-шашын ең аз түсетін табиғат зонасы?(Шөл)
9.Шөлдердің қандай түрлері бар?(Құмды,сазды,тасты)
10.Оазистердегі кең таралған өсімдік түрі?(Құрма пальмасы)
<<Б>>командасының сұрақтары
1.Экваторлық ормандарда қандай топырақ таралған?(Қызыл-сары ферралитті)
2.Экваторлық ормандарды неге мәңгі жасыл дейді?(жапырағын біртіндеп өзгертеді)
3.Майлы пальма қай жерде өседі?(Экваторлық орман)
4.Керіктің қандай түрі тек Африкада мекендейді?(Окапи)
5.Жылдың құрғақ және ылғалды уақыты қай зонада қалыптасқан?(Саваннада)
6.Материктің 40c/o алып жатқан табиғат зонасы(Саванна)
7.Саваннада қандай жыртқыштар мекендейді?(Қабылан,арыстан,гиена.)
8.Қандай африкалық құс ұшпайды?(Түйеқұс)
9.Вельвичия өсімдігі неше жыл өмір сүреді?(150жыл)
10.Қандай өсімдік түрі жергілікті халыққа сусын ретінде жүреді?(Жабайы қарбыздың жемісі)
II-гейм<<Бөшкеден шыққан бас қатырғы>>
Команда мүшелері бөшкеден нөмірлері бар шарлар алып шығады.Жүргізуші әр нөмірге сұрақ қояды.Команда капитандары жауап береді.
1.Неге Африкада ормандардың ауданы азаюда?(еуропалықтар қымбат бағалы ағаштарды өз жерлнріне әкеткеннен)
2.Сахараның табиғаты жайлы жергілікті халықтар қандай мақал-мәтел айтқан?(Сахарада жел күнмен бірге тұрып,бірге жатады,Шөлде қарақшыны кездестірсең қуанышты жағдай)
3.Намиб шөлінде қандай ерекше өсімдік өседі?(Вельвичия)
4.Күндіз алакөлеңке боллып,ағаштардың түбі ылғалды күннің көзін көру өте қиын.Бұл қай табиғат зонасы?(Экваторлық ормандар)
5.Дүние жүзіндегі ең үлкен шөл(Сахара)
III-гейм<<Жұмбақтас>>
Шарты:Мұнда жүргізушінің сұрағына жылдам жауап берген команда ұтады.
1.Арыстандар,қабыландар қай зонада мекендейді?(Саванна)
2.Африканың қандай шөлінде қаңтарда ыстық?(Калахари)
3.Шөлдерде оазистердің пайда болуы неге байланысты?(Еспе судың жақындығы)
IV-гейм <<Сен маған-мен саған>>
Шарты:Команда бір-біріне екі сұрақтан қояды
<<А>>командасы
1.Африканың жер көлемі(30,3млн.км²)
2.Ең биік жері қалай аталады?(Килиманджаро)
<<Б>>командасы
1.Ең ұзын өзен(Ніл)
2.дамыған елі(ОАР)
V-гейм <<Көсемдікке ұмтылу>>
Шарты:сұрақтарға барлық ойыншылар жауап береді.
Кім?не?
1.Баобаб-ағаш 1.леопард-жыртқыш
2.Вельвичия-өсімдік 2.акация-ағаш
3Гепард-жануар 3.Калахари-шөл
4.лиана-өсімдік 4.мүйізтұмсық-жануар
5.Саванна-табиғат зонасы 5.керік-жануар
6.Сахара-шөл 6.шакал-жануар
7.Окапи- жануар 7.алоэ-өсімдік
8.Құрма-өсімдік 8.банан-жеміс

9.термит-насеком 9.папирус-өсімдік
10.сүттіген-өсімдік 10.скорпион-өрмекші тәрізді
11.марбу-құс 11.горилла-маймыл
12.зебра-жануар 12.нектарница-құс
Қорытынды шығарылып,бағалары қойылады.
5-сабақ картамен жұмыс
Табиғат зоналарының шекарасын түсіру
<<Қатені тап>> ойыны
Ойынның мақсаты:Оқушылардың білімін дамыта отырып,пысықтау
Қатесі Дұрысы
1.Керік-өсімдік жануар
2.Африка-ең суық материк ыстық
6-сабақкескін картаға түсіру
Кескін картаға Африка мемлекеттерін шекарасы мен астаналарын түсіру.Өздік жұмыс жүргізу.
1.Ніл өзеніне жоспар бойынша сипаттама бер
А)Бастауыб)қай бағытта ағадыв)қандай жермен ағадыг)шаруашылыққа пайдалануы
2.Өзеннің қоректену режимі
3.африканың жер бедері
Африка бойынша тарауды қортындылау.Сынақ-тест өткізу.

Ұқсас жұмыстар
Солтүстік Американың табиғат зоналары
Африканың табиғат зоналары
Сарыарқа туралы
Оңтүстік Американың табиғат зоналары. Материктер мен мұхиттар географиясы
Жергілікті жердің табиғат зоналары, экологиялық проблемалары
Дала зонасы
Оңтүстік Американың табиғат зоналары
Оңтүстік Американың табиғат зоналары . табиғат зоналарының орналасу заңдылықтары
Еуразия материгі
Африка материгі-10 сағат
Пәндер