Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Ортақ тапсырма

Сабақтың атауы
Сыйымдылық. Литр.
Мақсаты
Мақсаты: 1. Заттың қасиетін сипаттайтын шаманың бірі - сыйымдылық жайында түсінік беру және оның бірлігі литрмен таныстыру, бір амалмен шығарылатын есептер құрастыра алуға дағдыландыру;
2. Оқушыларға түрлі тапсырмаларды орындату арқылы танымдық қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, төрт түлікті күте білуге тәрбиелеу.
I. Ой қозғау
- Балалар, ыңғайланып отырып, ойша қиялдайық. Таза ауамен еркін тыныс алып, кең байтақ даламен көк шалғынды кешіп келеміз. Алдымыздан... (дауыстар естіледі)
- Үнсіз даланы түрлі дыбыспен көңілді еткен, сайын далаға жан бітіріп, толтыра көркем еткен бұл не байлық? (Төрт түлік)
- Иә, балалар, бұл бір қожалықтың
Келе - келе түйесі,
Үйір - үйір жылқысы,
Табын - табын сиыры,
Отар - отар қой, ешкісі екен.
- Шаруашылық қожасы өз малдарына ен салыпты, ендеше көзіміз жеткен нөмірлерін тауып байқалық.
- Ол үшін амалдарды ауызша орындап, тек жауабын ғана ретімен тізбектей жазамыз.
Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал
- Балалар, айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі, жақсы адамдардың болғанын бәріміз ұнатамыз. Ендеше қол ұстасып, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй мен саулық тілейік.
Кел, балалар, күлейік!
Күлкіменен түлейік!
Күлкі- көңіл ажары !
Күліп өмір сүрейік!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
- Әр түлікті берілген әріптері бар қоршауға кіргізейік. Сол әріптерді қоссақ, қандай сөз шығар екен?
- Шама деген не екенін еске түсірейік.
- Өткен сабақта қандай шамамен таныстық?
- Массаның қандай бірлігін білеміз?
- Осы түліктерден шаруашылық қожасы массамен өлшенетін қандай заттарды алады?
(Ет, жүн, тері...)
- Ал сүтті неге масса бірлігімен өлшей алмаймыз? (Сұйық )
- Үстел үстінде екі ыдыс тұр. Олар туралы не айта аласыңдар?( 1 литрлік банка, 1 литрлік бөтелке )
- Қалай ойлайсыңдар?
Осы ыдыстардың біріндегі сұйық, екіншісіне толық сыя ма? Оны қалай анықтауға болады?
- Сұйықты қандай бірлікпен өлшейтінін кім біледі? Осы өлшем бірлікті біз қайда кездестіреміз?
Мағынаны тану
Шырынды ұнатасыңдар ма? Пайдасы қандай? (Дәруменге бай)
- Ал сүтті ше? Пайдасы? (Сүттің құрамында бастысы ағзаға ең керекті кальций бар. Кальций сүйекті нығайтады,...)
Ал, біздің қожалықта тағы қандай сүт түрлері өндіріледі?
(Емдік қасиетке ие қымыз, шұбат және ана сүтінің орнына жүретін - ешкі сүті)
Ыдыстардың сыйымдылықтары салыстырылады. Ыдысқа құйылған сұйықтықтың мөлшері анықталады. Оқушылар сыйымдылықтың өлшем бірлігі туралы қорытынды жасайды. Жаңа шаманы - сыйымдылықты салыстыру орындалады.
10л * 3л 1л * 3л 2л * 1л және т. с. с. Оқулықпен жұмыс:
1-топ №1,2
2-топ №2,3
3-топ №4,5,6
Ортақ тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп -кішкентай ағаштар
Биік боп өседі
Ой сергітеді,шашағандары
басылады
Ой толғаныс
Шығармашылық жұмыс. Топтық жұмыс. Шешудің барлық мүмкін нұсқалары, соның ішінде
графиктік түрі де ұсынылады, топта талқылау ретінде ұйымдастырылады. Жұмысты ортаға салып, көрсетіп береді. Жұмысқа 4 - 5мин. бөлінеді.
Тапсырма қиын болды ма? Егер мүмкін болса, нені өзгертер едіңдер?
Сабақты қорытындылайық, өздеріңе белгілі шамалардың сұлбасын түзейік. Сұлбаны жеке парақ қағазға құру керек те, алда көрнекі құрал ретінде пайдалануға болады.
Біздің сұлбада басты тірек сөз қандай болу керек?
Шама
Ал, сендерге қандай шамалар белгілі? Олар қандай бірліктермен өлшенеді?
Шама
Ұзындық
См, дм, м. Масса
Кг Сыйымдылық (Көлем)
Жүрегіндегі осы сабаққа деген ерекше ықыластарын жеткізеді.
Үйге тапсырма
№7,8 79-бетте
Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау
Бағалау парақшаларын толтыру
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Ұқсас жұмыстар
Ортақ нүктесі бар түзулер
Ортақ етіс
Бүгінгі сабақтан алған әсерім
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру. 5-сынып
Ежелгі дәуір әдебиетінің дәуірлері
Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару
Ортақ бөлгіштері
Екінші сан
Жай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіру
ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
Пәндер