2016 жылғы 23 желтоқсанда М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектепте өткізілген Қош келдің ертегілер еліне атты жаңа жылдық ашық шара (0 в сынып, тәрбиеші Ергебек Ж.Ә.)

Жаңа жылдық ашық шара. 23. 12. 2016о/ж.

«Қош келдің, ертегілер еліне» 0 «в»сынып

Тәрбиеші : Құрметті ата аналар, оқушылар, ұстаздар, қонақтар Жаңа жыл мерекесіне арналған «Қош келдің, ертегілер еліне» атты жаңа жылдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

Тәрбиеші: Құтты болсын жаңа жыл, барша халық,

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүрмеңіз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік.

Ал енді ертегілер еліне саяхатқа шығайық.

Ән: Ертегілер елінде (топтық би)

Тәрбиеші : Балалар біз «Ойлан тап» ойын арқылы ертегілер еліне саяхатқа шығамыз.

1. сұрақ . Орман арқылы әжесіне шелпекті кім апарды? (Қызыл телпек)

Тәрбиеші: Би: Қызыл телпек. Аянат. Кәусар. Калима. Жанелді қарсы алайық.

Тәрбиеші: Балалар ортамызға бізбен бір жыл бірге болған мешін жылын шақырайық. Ескі жыл қайдасың? - Әне өзі де келе жатыр, бәріміз қосылып қарсы алайық .

Бәрі: Хош келдің ескі жыл.

Ескі жыл: Ауылдастарым, достарым, Алғысым көп айтар менің. Сендермен өткен жылым қуанышқа толы болды. Сендермен қоштасқым келмей тұр, егер рұқсат берсеңдер жаңа жылды сендермен бірге қарсы алсам қалай қарайсыздар.

Тәрбиеші: - Ескі жыл сен жаңа жылымыз келгенше бізбн бірге бол. Көңіл көтеріп, ән салып, би билейік.

Дөңгеленіп тұрайық,

Ойын сауық құрайық.

Ән шашуы шашылсын,

Жаңа жылға ылайық!

Тәрбиеші: Қараңыздар мынау шыршаға. Неткен сұлу, неткен көрікті еді. Жаңа жылдық шыршамызға барлығы келіпті. Енді аяз атамыз да келіп қалар. Қане барлығымыз Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел деп шақырайық. Сонда біздің дауысымызды естіп тез келер.

Барлығы: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылым кел, кел! (Аяз ата, ақша қар, жаңа жыл келеді)

Тәрбиеші : Келді жылым бақытым, Кемелденді уақытым. Сәлем саған аяз ата, жаңа жыл, Жаңа бақыт, жаңа думан, жаңа жыр.

Аяз ата: Аяулы ата - аналар, ардақты ұл - қыздар, бүлдіршін балаларыңа бір сәлем! Қандай жарқын жүздерің, Қандай әсем жырларың. Асулармен алысқан,

Аталарың сендерге Шаршап келді алыстан. 2 Сыңғырлашы сырнайым, Жаңа жылды жырлайын. Шашбаулы қыз сырғалы, Ақша қарды тыңдайық.

Ақша қар: Амансыздар ма балалар, ұстаздар, ата аналар! Өздеріңді сағынып келдік, Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Өтіп кеткен мешін жылымызға аман есен саулық тілеп, келер жылымыз тауық жылына табыс жыл, береке, бірлік әкелсін деп, тарих жыл болсын деймін.

Хормен: Аппақ-аппақ жапалақтап.

Тәрбиеші : Әнші де құс үні бар, Кірсең кештің сәні бар. Салайықшы шарықтап. Жаңа жылдың әніне

Ал ағайын тұрмайық Жаңа жылды жырлайық.

2. сұрақ. Сиқыршы кімді сиқырлап ханшайымға айналдырды? (Күлшеқыз)

Тәрбиеші: Би билейік бұралып, Қыздар тұр сұранып. Мен де тұрмын тамсанып, Қыздар тұр шаттанып. Гүлім. . Мерует. Ақбөбек. Айкөркемді күлшеқыздар биімен қошеметтеп қарсы алайық.

Мерейдің орындауында ән.

Д/ойын: «Тез ойла»

Тәрбиеші : Жаңа жыл, жол болсын.

Басқан қадам оң болсын .

Төрлет, төрлет жаңа жыл,

Бізге құтты жыл болсын.

Тәрбиеші: Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар

Алға шығып өлең тақпақ айтындар.

Би: «Кукла». Орындайтын Жанель.

Тәрибеші: 3 сұрақ. Қасқыр анасы базарға кеткенде кімдерге барды?(Жеті лақ пен қасқыр)

Би: Жеті лақ пен қасқыр. Ұлдарды қарсы алайық.

Тәрбиеші : Жаңа жыл - жаңа қадам, жаңа бақыт, Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт. Тауық жылы кеп қалды ортамызға, Жақсылықпен жалғасын жаңа уақыт.

Мешін: Мен ескі жылмын сіздерге молшылық, бақыт әкелдім. Мына келер жылға тілегім. Жасампаз заман бұл заман Бүгіннен ертең ғаламат Алдыңғы сапта боларсың Хош сау болыңдар балалар! (Ескі жыл кетеді)

Тауық жылы: Жаңа жылда өнер сынар қайсың бар Алға шығып өлең тақпақ айтыңдар Жаңа жылда сыйлық алып қайтыңдар.

Ойын: Қар жинау.

Тәрбиеші: Аяз ата, ақша қар, жаңа жылымыздың құрметіне Жанелдің орындауында қуыршақ биін тамашалаңыздар.

Тәрбиеші:Б алалар мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой, Аяз ата шыршамыздың шамдарын жағуға көмек бересізбе?

Аяз ата : Балалар бұл шырша сыйқырлы сөздер айтпаса жаңбайды. Сыйқырлы сөзді бірге айтайық.

Қуант бізді таңырқат шамдарыңды жарқырат! 3 рет

Тәрбиеші: Кәне балалар бәріміз бірге «Жаңа жыл»әнін жақсылап айтайық.

Ән: Жаңа жыл.

4 сұрақ: Күлшеқыз ханзаданың сарайында қандай затын қалдырып кетті?

Би : Ханшайымдар мен ханзадалар биі.

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн.

Бақыт боп бастады жыл дастанын.

Қуанышпен келді той боп жаңа жыл.

Құтты болсын, жаңа бақыт достарым.

Тәрбиеші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!

№4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп

«Қош келдің, ертегілер еліне»

(жаңа жылдық ашық шара)

Тәрбиеші : Ергебек Ж. Ә.

2016-2017 о/ж


Ұқсас жұмыстар
М. Әуезов атындағы орта мектепте өткізілген Қайратов Зұлқарнайдың Жас талант шығармашылық кеші
№23 жалпы орта білім беретін мектептің мектепалды даярлық сыныбына арналған ашық шара: Ана - өмірдің шуағы (2015-2016 оқу жылы)
С.Сейфуллин атындағы орта мектепте 2016 жылғы 2-12 ақпанда өткізілген Өзін-өзі тану: Махаббат пен шығармашылық педагогикасы онкүндігінің қорытынды есебі
Байқоңыр қаласы М. Әуезов атындағы №6 жалпы білім беретін мектептің 6-сыныптар арасындағы Халықтар достығы - тірегіміз мектепішілік фестивалі
Теміртау қаласының №4 жалпы білім беретін мектебіндегі 4-сынып оқушылары арасында өткізілген Менің Отаным - Қазақстан шығармашылық байқауының сценарийі (23 желтоқсан 2015 ж.)
№19 жалпы орта білім беретін мектептің Жаңа жылдық ертегілік қойылымының сценарийі (жетекшісі: Мусина Г.К.)
№81 жалпы білім беретін орта мектепте 2-сынып оқушылары арасында өткізілген қазақ тілі білім сайысы Жүзден жүйрік: ұйымдастыру және әдістемелік сипаттама (Қарағанды, 2013)
№23 жалпы орта білім беретін мектептің 1-4 сыныптары арасындағы Соңғы қоңырау мерекесінің сценарийі
А. Иманов атындағы жалпы орта білім беретін лицей-мектептің 8-сынып үшін ағылшын тілі пәнінің тереңдетілген оқу бағдарламасы (2013-2014 оқу жылы)
Ә. Жангелдин атындағы Аралбай орта мектебінің 2012 жылғы Жаңа жыл мерекесіне арналған сценарийі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz