Тәуелсіздік - бар бақыттың бастауы апталығының қорытындысы

«Тәуелсіздік- бар бақыттың бастауы» атты апталықтың қорытындысы туралы ақпарлама

Аудандық «Ұлы Дала елі-Тәуелсіздіктің 25 негізі» мерейтойлық іс-шарасына байланысты мектебімізде 5-10 желтоқсан аралығында гуманитарлық пәндер бірлестігі мүшелерінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік -бар бақыттың бастауы» атты апталық болып өтті. Апталықтың алғашқы күні бірлестік жетекшісі Г. Сапарова апталықты ашып, оқушыларды апталықтың жүрісімен таныстырды. Мұнан соң оқу ісінің меңгерушісі Б. Таңатаров «Елімнің бақытын тербеткен-Тәуелсіздік» атты баяндама жасап, оқушыларға тәуелсіз Қазақстанның осы кезге дейінгі жеткен жетістіктері туралы түсіндірді. Апталықтың екінші күні орыс тілі пәні мұғалімі А Дүйсенбаева мен ағылшын пәні мұға-лімдері Г. Карабекова мен З. Сақтабаева үш тұғырлы тіл- болашақ бастауы екенін оқу-шыларға айта отырып, «Тәуелсіздік-мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбында оқушыларға үш тілде Отан, Тәуелсіздік, Егемендік, Азаттық туралы өлеңдерді мәнерлеп оқытты. Апталықтың үшінші күні Желтоқсан құрбандарын еске алу мақсатында қазақ тілі пәнінің мұғалімі Н. Күзенбаеваның ұйымдастыруымен мектеп оқушыларын қатыстыра отырып «Қайсар рухты қазақ» атты сахналық қойылым қойылды. Апталықтың төртінші күні тарих пәнінің мұғалімі Қ. Әзизаева «Тәуелсіздік бізге не берді?» тақырыбында оқушылармен сұхбат жүргізді. Сұхбат барысында оқушылар тәуелсіздіктің арқасында осындай бейбіт өмір сүріп жатқандары туралы құнды-құнды пікірлкер айтты. Апталықтың бесінші күні оқушыларды тарих пәнінің мұғалімі Г. Бөлтекова қазақ елінің осы кезге дейінгі жүріп өткен жолы туралы «Еркіндігім- елдігім, тәуелсіздігім-теңдігім» атты бейнефильммен таныстырды. Апталықтың алтыншы күні бірлестік жетекшісі Г. Сапарова апталықты қорытындылап, апталық барысында белсенді қатысқан оқушыларды арнайы мақтау қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, «Ақжігіт орта мектебі» ММ

Орыс тілі пәні мұғалімі: А. Дүйсенбаева


Ұқсас жұмыстар
1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы: тәуелсіздік бастауы
Тәуелсіздік бастауы: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары және олардың тарихи маңызы
Кемерши селосындағы Бар мейіріміз балаларға қайырымдылық акциясының қорытындысы
Желтоқсан - Тәуелсіздік бастауы: 8-9 сыныптарға арналған Атажұрт танымдық сайысының өткізу бағдарламасы
Ашық тәрбие сағаттары: Тәуелсіздік бастауы - Желтоқсан және жастардың денсаулығы (темекі, ішімдік, есірткі, СПИД)
3-сынып оқушыларына арналған Бақытымның бастауы - Тәуелсіздік ХХІ ғасыр көшбасшысы зияткерлік сайысы бағдарламасы
Математика - ақыл ойдың әуені: 13-17 қараша 2023 ж. математика, физика және информатика пәндері апталығының қорытындысы (Ақбұлақ жалпы білім беретін мектебі, Ордабасы ауданы)
Әр жорықтың бастауы бар: Ұлы Жеңістің 65 жылдығына арналған әскери-тарихи саяхат-сабақ
Мектепішілік математика апталығының ашылу сценарийі
Дөңгелек үстел: Өмір мен бақыттың мәні және тәрбиелік маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz