Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту

Білім беру бағдарламасының басты мақсаты - әрбір оқушыға түбегейлі білім беру, дәстүрлі мәдениетттің негіздерін үйрете отырып, оларға қолайлы жағдай жасау.

Ұстаздың міндеті - оқушыны зерттеу, икемділігін анықтау, бағыт - бағдар беру, үйрету, қызықтыру және нәтижеге қол жеткізу, ынталандыру. Қажет кезінде ата -анамен тығыз байланыс орнатып, оқушының жұмыстарын көрсетіп, бағыт - бағдар беріп, ақылдасуға болады.

Қабілет дегеніміз не? Ол - адамның бір іс-әрекетті орындауда әрқилы деңгейде көрінетін жеке қасиеті. Оны данышпандар асыл мұраға да теңейді. Өйткені, кез келген адамда ерекше бір көзге түсетін қасиет болады. Егерде сол адам оны қастерлеп, өмірмен біте қайнасып жүруіне үнемі жағдай жасап отырса, иесінің қолынан келмейтін нәрсе жоқ. Мұндай жан бәрібір өзінің алдына қойған мақсатына жетіп, еңбегінің жемісін татады. Олардың өз отбасына да, туған-туысына, қоғамына да тигізетін пайдасы зор.
Яғни, адам неғұрлым қабілетті болса, ол соғұрлым қай істі де табысты орындап, сый-құрметке бөленеді. Иә, адамдар үшін өз қабілетін жақсы істерге, ел игілігіне жұмсағаннан артық бақыт жоқ. Тек есте болатын бір жағдай, кейбір адамдарда ерекше бір көзге түсетін бірнеше де қабілет кездеседі. Бұл - Жаратқан Иеміздің сол адамға берген несібесі. Бірақта біз оны күндемей, өз бойымыздағы қабілетті танып-біліп, оны бағалай, баптай білуге тиістіміз

Қабілет нышандарын дамыту барысында төмендегі міндеттер іске асқан кезде ғана нәтиже беріледі.

1. Оқушының жеке тұлғасының қалыптасуына жол беру.

2. Жеңілден ауырға қарай жеткізу, жоғарғы жетістіктерге апару.

3. Бала бойындағы қабілет нышандарының қай түрі байқалғанына қарай қабілетін тану, ортаға енгізу, жеке еңбектері мен жұмыстарын көтермелеу.

4. Балаға берілетін тапсырма толығымен, жаңадан өтетін тақырыппен байланысты берілуі керек. Бұл әдіс балаларда бағдарлау реакуляциясын, оринтация туғызады.

5. Сабақта өтілген бір тақырыпқа жаңаша, басқаша көзқараспен қарауға үйрету, жеке тапсырма беру.

6. Баланың өз бетімен жұмыс істеуіне ерік беру.

Балалық кезеңдегі бала бойындағы қабілеттің нышандарын анықтау және оны дұрыс тәрбиелеу мұғалімдер баланың оқуға ынтасын қалыптастыру арқылы, олардың бойындағы қабілеттерінің дамуына кең жол аша алады.

Осы тұста біз ең алдымен алдыңдағы оқушыларды зерттеуден бастадық. Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты: оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың өзіндік қабілетін дамытудың түрлері мен маңызын анықтау.

Дамытушылық міндеті - оқушылардың жаңа тұрпаттағы тапсырмаларды орындай отырып, жаңа теориялық материалды, білімді өзектендіре білу, конструктивтік тапсырмаларды орындауда ғылыми және дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру.

Соған байланысты оқушыларды зерттеу жұмысында 3 «ә» сыныбының оқушыларымен жүйелі түрде ұйымдастырылған жұмыстарды сынып тәрбиешісімен бірлесе отырып жүргіздік.

3 «Ә» сыныбының тізімі.

Оқушының аты-жөні
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті
№: 1
Оқушының аты-жөні: Азаматұлы Ерасыл
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті
№: 2
Оқушының аты-жөні: Ақыш Нұрәлі
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары. Көшбасшылық қабілеті жақсы дамыған
№: 3
Оқушының аты-жөні: Алимханова Айым
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: актерлік қабілеті жақсы дамыған
№: 4
Оқушының аты-жөні: Жақсылықбек Архат
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған
№: 5
Оқушының аты-жөні: Жамантай Асылхан
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті, спортқа да бейім
№: 6
Оқушының аты-жөні: Ибрагимов Ақтілек
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: сурет үйірмесіне қатысады, суретші
№: 7
Оқушының аты-жөні: Қасымжанова Сабина
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: сурет үйірмесіне қатысады, суретші. Би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті
№: 8
Оқушының аты-жөні: Мұратхан Аслан
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті, вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған
№: 9
Оқушының аты-жөні: Өмірбек Темірбек
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: математикаға қызығады, математикалық қабілеті жоғары, жүргізушілік қабілеті, мәнерлеп оқу
№: 10
Оқушының аты-жөні: Рашатова Амина
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: вокал үйірмесіне қатысады, әншілік қабілеті жақсы дамыған
№: 11
Оқушының аты-жөні: Сейфулла Дидар
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: мәнерлеп оқу қабілеті жақсы дамыған
№: 12
Оқушының аты-жөні: Сержан Нұрғанат
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: би үйірмесіне қатысады, би билеуге қабілетті
№: 13
Оқушының аты-жөні: Хасенов Ертілеу
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: актерлік қабілеті жақсы дамыған
№: 14
Оқушының аты-жөні: Шакиров Ислам
Қызғушылығы мен бейімділігі, қабілеті: актерлік қабілеті жақсы дамыған, спортқа бейім

Осылайша мұғалім шығармашылық тұрғыда өзіне қажетті әдістемелік құралдардың тізімін жасай отырып, преспективалық-тақырыптық жоспар құрады. Сапалы жасалған жоспар келешек атқарылатын жұмыстарға жеңілдік әкеледі, нәтижеге қол жеткізе алады.

Нақты жоспар бойынша жасалған жұмыстар қандайда болмасын еңбек түрін, жұмыс тәсілін үйретіп, оқушыларға терең меңгертіп қана қоймай, осы іске деген үлкен құрметпен қарауға да көмегін тигізеді. Сол себепті оқушылардың қабілеттерін анықтай отырып жылдық жоспар құрдық:

Іс-шаралар мазмұны
Түрі
Сағаты

Мерзімі

№: 1.
Іс-шаралар мазмұны: Оқушылардың қызығушылығы мен бейімін анықтау
Түрі: Сауалнама
Сағаты: 1
Мерзімі: Қыркүйек.
№: 2.
Іс-шаралар мазмұны: Қабілеттеріне қарай ұйымдарға қатысуын ұйымдастыру.
Түрі: Ата-анамен, ұйым жетекшілерімен кездесу
Сағаты: 1
Мерзімі: Қыркүйек
№: 3.
Іс-шаралар мазмұны: Дарынды балалармен жүйелі қосымша сабақтар өткізуді жоспарлау
Түрі: жоспар құру
Сағаты: 1
Мерзімі: Қыркүйек
№: 4.
Іс-шаралар мазмұны: Шығармашылық жұмысқа тарту.
Түрі: Сынып сағаттар, сыныптан тыс сабақтар, түрлі байқаулар, мектепішілік іс-шаралар
Сағаты: 1
Мерзімі: Жыл бойы
№: 5.
Іс-шаралар мазмұны: «Менің қоғамдағы алатын орным».
Түрі: Эссе жазу.
Сағаты: 1
Мерзімі: Қазан
№: 6.
Іс-шаралар мазмұны: «Менің болашақ мамандығым»
Түрі: Шығарма жазу.
Сағаты:
Мерзімі:

Қараша

№: 7.
Іс-шаралар мазмұны: «Менің тұңғыш президентім»
Түрі: Шығарма, мәнерлеп оқу байқаулары
Сағаты: 1
Мерзімі: желтоқсан
№: 8.
Іс-шаралар мазмұны: Қызығушылықтарына қарай ақпарат жинау, күнделікте қысқаша конспектілеу
Түрі: Картотека, күнделік
Сағаты: 1
Мерзімі: Үнемі
№: 9.
Іс-шаралар мазмұны: Оқушыларды мектепшілік, аудандық, обылыстық пән олимпиадаларға қатыстыру.
Түрі: Пән олипиядалары.
Сағаты: 1
Мерзімі: Кезеңінде
№: 10.
Іс-шаралар мазмұны: «Ақбота», «Парасат», т. с. с. интеллектуалдық марафондарға қатыстыруды ұйымдастыру
Түрі: Зияткерлік ойын сайыстары.
Сағаты: 1
Мерзімі: Кезеңінде
№: 11.
Іс-шаралар мазмұны: Спорттық жарыстарға, фестивальдарға қатыстыру.
Түрі: жарыстар
Сағаты: 1
Мерзімі: Жыл бойы
№: 12.
Іс-шаралар мазмұны:

«Ата - баба дәстүрі әдептілік негізі»

Ашық тәрбие сағаты

Түрі: Тәрбие сағаты
Сағаты: 1
Мерзімі: Желтоқсан
№: 13.
Іс-шаралар мазмұны:

Тәуелсіздіктің 25 жылдығына

орай іс - шаралар

Түрі: Мектепішілік концерт, сайыстар
Сағаты: 1
Мерзімі: Қараша, желтоқсан
№: 14.
Іс-шаралар мазмұны: «Жарқын болашақ»
Түрі: Байқау
Сағаты: 1
Мерзімі: Кезеңінде
№: 15.
Іс-шаралар мазмұны: «Алтын қақпа»
Түрі: Интеллектуалды сайыс
Сағаты: 1
Мерзімі: Ақпан
№: 16.
Іс-шаралар мазмұны: «Асылдың бірі адалдық»
Түрі: Дөңгелек үстел
Сағаты: 1
Мерзімі: Наурыз
№: 17.
Іс-шаралар мазмұны: «Экспо-2017» - біздің визиттік картамыз
Түрі: Мақала, очерк, альбом арқылы таұырыпты ашу
Сағаты: 1
Мерзімі: Сәуірде
№: 18.
Іс-шаралар мазмұны: Брейн-ринг
Түрі:

Интеллектуалды

ойын

Сағаты: 1
Мерзімі: Сәуір
№: 19.
Іс-шаралар мазмұны: Оқушылардың шығармашылық есебін ұйымдастыру
Түрі: Кеш
Сағаты: 1
Мерзімі: Мамыр
№: 20.
Іс-шаралар мазмұны: 2016-2017 оқу жылындағы жұмысты қорытындылау
Түрі: Марапаттау
Сағаты: 1
Мерзімі: Мамыр

Сабақта, тәрбие сағаттарында оқушылардың қабілеттерін қалыптастыруда мынадай инновациялық амалдармен жұмыс жүргіздік:

1) өзіндік пікірлерін дәлелдеу;

2) пікірталастар мен талқылауларға қатысу;

3) өзінің жолдасына, мұғалімдерге сұрақ қоюы;

4) жолдасының жауабына пікір айту;

5) сыныптасының жауабы мен жазбаша жұмысын бағалау;

6) үлгермеушілерге түсініксіз жерлерін түсіндіру;

7) өз бетімен күрделі тапсырмаларды таңдау;

8) танымдық тапсырма шешімдерін табуда бірнеше нұсқа көрсету;

9) өзіндік бағалауға жағдай туғызу, өзінің танымдық және практикалық әрекетін талдау;

10) танымдық тапсырмаларды шешуде бұрыннан білетін әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы орындау.

Сыныптан тыс жұмыс ретінде оқушыларға қосымша дәптерлер бастадық («Шаттық оқу») . Ол дәптерге оқушылардың таным қызығушылықтарын арттыру бойынша шығармашылық жұмыстарын жазғызып отырдық.

Шығармашалық жұмыс дәптерінің үлгісі.

Күні, айы
Кітаптың аты
Оқыған шығарманың түрі, аты
Авторы
Шығармадағы кейіпкерлер
Қысқаша мазмұны

Сабақ кезінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін бағдарламаның жеті модулін ықпалдастыру арқылы түрлі әдіс - тәсілдерді қолдандым.

• Сабақтың ұйымдастыру бөліміндегі аяқ-қол жаттығуларына ертегі кейіпкерлерінің жүрісі.
• Сюжеттік суреттер арқылы шығарма кейіпкерлеріне мінездеме береді және «Егер де мен . . . »стратегиясы арқылы соңын өз еркінше аяқтау баланы қиял әлеміне самғатып ойлануына мүмкіндік береді, шығармашылыққа жетелейді.
• Жағымды немесе жағымсыз кейіпкерлердің образына еніп сомдау.
• Мүсіндеу арқылы ермексаздан ертегі кейіпкерлерін жапсырмалау арқылы театрландырылған көрініс дайындайды
• Музыка іс-әрекетінде шығармадағы кейіпкерлерінің көңіл-күйін, қимыл-қозғалысын ноталық дыбысталу арқылы қайталатады.

Шығармашылық - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін нығайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушыда. Адам бойындағы дарындылықты табиғи талантпен шектеліп қалмай, табандылықпен еңбектенуге баулу. Оқушыларды шығармашылыққа баулу үшін тағы бір қажеттілік - оларды психологиялық дайындықтан өткізу, яғни шабытын оятып, құлшындырып, еліктіріп отырып, «сенің қолыңнан бәрі келеді екен ғой», «өзің де бәрін біліп, үйреніп аласың» деп олардың кішкентай жетістіктерін мадақтап, көтермелеп отыру керек.


Ұқсас жұмыстар
Физика сабағында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау
Білімнің бағасын арттыру
Оқушының шығармашылық жоба жасауға қабілетін анықтау
Тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері
Оқушылардың дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін арттыру жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Сандардың бөлінгіштік белгілері 5 сынып
Есептерді шешу әдістері
Оқушылар шығармашылығын дамыту шарттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz