Щучинск қаласының №8 МГ орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі Р.К. Рахметованың педагогикалық тәжірибесі мен әдістемелік жаңашылдықтары

Ұстаздық - ұлы іс

Өз ісін терең меңгеріп, шәкірттерінің табысымен көпшілікті қуантып жүрген ұстаздардың бірі - Щучинск қаласының №8 МГ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Рахметова Роза Кеңесқызы. Оның бұл қызметте жүргеніне 20 жылдан астам уақыт өткен екен. Бүгінде Роза Кеңесқызының шәкірттері түрлі салада жұмыс жасап жатыр.

Ұстаз еңбегі бағаланып, бірнеше Алғыс хат алды. Сонымен қатар, аудандық білім бөлімінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Оқушылары - аудандық, облыстық олимпиада жүлдегерлері. Сонымен қатар, облыстық Тілдер туралы (2008ж. ) шығармалар байқауында I орынды, Ұлы Отан соғысы тақырыбына (2009ж. ) жазылған шығармалардың ішінде III орынға ие болды. Биыл да Роза Кеңесқызының үш бірдей оқушысы орыс тілі мен әдебиеті пәнінен аудандық олимпиаданың жүлдегерлері атанды. Жыл сайын республикалық «Мектептегі орыс тілі мен әдебиеті» журналына Р. К. Рахметованың сабақтары жарияланып тұрады.

Жаңашыл ұстаз болмысын сомдар болсақ, біріншіден, мұғалім - үздіксіз ізденуші. Кез - келген тосын сұраққа жауап беріп, кез - келген жағдаяттан шыға алатын білімдар жан. Ізденіс Роза Кеңесқызы үшін әрқашан теориялық білімді кеңейтіп, методикалық әдіснаманы арттырудың тиімді жолы болмақ. Сол арқылы келешек ұрпақтың сапалы білім алуы қажеттілігін жадынан шығармай кәсіби мәдениеті жоғары, білікті маман атану. Соның бір дәлелі Рахметова Р. К. өз білімін көтеріп, І ( ілгері) деңгей курстан өтіп, Кембридж бағдарламасын меңгеріп, өз сабақтарында ұтымды падалануда.

Рахметова Р. К. - қайрат-жігері, күш-қуаты мол ұстаз. Әріптес ретінде байқағаным, Роза Кеңесқызы қай шаруаға болса да енжар қарамайды, ескерусіз қалдырмайды. 2013 жылы ол Алматы қаласында аттестаттау комиссиясының құрамында және 2015 жылы мектепті аттестаттау бойынша орыс тілі мен әдебиеті пәндері бойынша Тестілеу орталығының сараптама комиссиясының мүшесі болып тағайындалды.

Ұстаз болу жүрек жылылығын, мейірім шуағын, адамгершілік ұлылығын баланың бойына дарыту дейтін болсақ, роза Кеңесқызы - жас ұрпаққа үлгі беруден, үйретуден жалықпаған нағыз педагог.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнәнәі мұғалімі Мусина Қ. Т.

C:\Users\8\Desktop\IMG-20151225-WA0020.jpg


Ұқсас жұмыстар
Қазанбай Ғалия Тілектесқызы: орыс тілі мен әдебиеті мұғалімінің педагогикалық тәжірибесі мен аударма-әдістемелік еңбектері
ҰБТ-ға оқушыларды дайындауды әдістемелік ұйымдастыру мәселелері (орыс тілі мен әдебиеті пәні мысалында)
Орыс сыныптарында қазақ тілін оқыту: педагогикалық-психологиялық тәжірибе мен әдістемелік шешімдер
Манаргүл Тоханқызының педагогикалық тұжырымдамасы мен әдістемелік тәжірибесі
8-б сынып: Р. Ғамзатовтың Ана тілі өлеңі мен Менің Дағыстаным әңгімесі бойынша қазақ әдебиеті сабағы
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында педагогикалық технологияларды қолдану
Орыс тілді мектептердегі қазақ тілі сабақтарында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытудың әдістемелік тәжірибесі
Жаңа формация мұғалімі: кәсіби құзыреттері мен педагогикалық рөлі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту тәжірибесі
8-сынып қазақ тілі сабағы: Қарағанды қаласының тарихы мен өнеркәсіптік әлеуеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz