Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Баланы еркін тәрбиелеу

І.Бала тәрбиесі бәрімізді алаңдатады.
Адам баласының қасиетті міңдеттерінің бірі-дүниеге ұрпақ әкеліп, артына із қалдыру.Баласының жақсы болғанын армандамайтын ата-ана жоқ.Тіпті баласының болашағы үшін отқа да, суға да түсетін ата-аналар да баршылық. Кейде баласының,келешегіне алаңдаған ата-ана өз мекенін ауыстыруға дейін барып жатады. <<Ұлың жақсы болсын десең,ұлы жақсымен көрші бол, кызың жақсы болсың десең,қызы жақсымен көрші бол>> деген өнегелі сөз де содан шықса керек. Бала тәрбиесі туралы сөз де сте қолғанда. <<Алты айлық баласын тәрбиешіге әкелген ата-анаға,сіз балаңыздың 1,5 жыл тәрбиесін өткізіп алдыңыз, баланы іштен тәрбиелеу керек>> деген еврей халқының мысалын келтіріп жатамыз. Жер бетінде қазақтан асқан балажан халық жоқ шығар.
Бір қызын бір ауыл болып тәрбиелейтін халықтың өз үлгісі өзінде. Бала тәрбиесі - қиын да күрделі процесс. Біз баламыздың тәрбиелі де өнегелі болып өсіп,өз катарының алды болғанын қалаймыз. Бірақ баламызды осы мақсаттарға сот тәрбиелеу үшін үлкен еңбек, күш-жігердің қажет екенін бәріміз білсек те, мойнымыз жар беріп бала тәрбиесімен айналыса бермейміз. Кейін боламыз есейген сәтте, <<сен маған тартпағансың, мынаны олай істемедің, ананы бұлай істемедің, ештеңеге қырсықсың>> деп кінәлап жатамыз.
Баланың әр қылығы қызық. Бірақ сол қызықтауды да талғап, талдап қарамаса тағы болмайды. Кішкентай кезінде баламыздың әрбір сөзін, одан қалса, біреуді сыбағандығын әуес көреміз, оны тіпті ересектерге айтақтап қыздыра түсетініміз тағы бар. Біз баламызға үнемі талап қойғышпыз. Әуелі талапты қоймастан бұрын,балаға өзіміз үлгі көрсете білуіміз керек емес пе? Қонақ келсе, баламызды бөлек бөлмеге жіберіп, кейде тіпті дұрыс тамақтандыру ды да ұмытып жатамыз. Баламыздың туған күн тойын атап өтеміз, онда да баламыз үшін емес. Көбінесе, өзіміздің ағайын туыс, дос - жарандарымызға арналатыны да шындық. Біраз қызғаннан кейін баламыздың туған күні есімізден тарс шығып,женіл-желпі әзіл-қалжың айтып,той босқа арнаға бұрылады.Баламыздың туған күні екені тост көтерілгенде ғана еске түседі. Жалпы біз балажан халық болғанымызбен, оны тұлға деп танып, ақыл иесі ретінде қабылдай бермейміз. Көпке топырақ шашудан аулақпыз, дегенмен мұндай көріністердің арамызда көптеп кездесетіні анық. Біздің ойымызша, баламыз, біздің айтқанымызды істеп, айдағанызбен жүретін, әлі ақыл-есі тола қоймаған тіршілік иесі дейміз де,оған қатаң талап қоямыз. Сол талаптың үдесінен шыға білмесе, баламызды жер қылып, жасытамыз. Үлкендер баласына үнемі жекіп дауыс көтеріп сөйлейтін болса, бала жасық болып өседі. Осындай отбасында тәрбиеленген балалар екі түрлі болып өседі. Бала тәрбиесімен айналысуда өз тәжірибемізден жинақтаған ата-ана басшылыққа алуы қажет деп санаған ұстанымдарды назарларыңызға беріп отырмыз:
Баланың ен алдымен, денсаулығын қадағалауға көңіл бөлу. Денсаулық- пәннің ғана емес,жанның да кепілі. Дені сау бола ғана оқумен тәрбиеге ықыласты болмақ. Балаңызды кішкентай кезінен денсаулығын күте білуге, денесін шынықтыруға дағдыландырыңыз. Денесін шынықтырып қана қоймай, ұқыптылық пен тазалыққа да үйретініз. Үйрету дегеніміз тек қана ақын айту емес, көрсету, өзіңізден үлгі болуыңызда.
Баламен жақын сырлас, дос болуға тырысу. Бала үшін ең жақын адам ата-ана болғанымен де, бала ата-анасынан жасқаншақтап, ұялшақтайтын кездері жиі болады. Сондай сәттерде дұрыс қадам жасап,баланызды бауырыңызға тарта білу өте маңызды. Балаңыз өзінше жасырып жүрген сырын айтып,сізбен бөлісуі мүмкін. Ондай кездерде балаға жекімей не болмаса мазақ етіп күлмей, мұклят тындап, өз көзкарасынызды білдіріп кеңес айта білу ата-ананы баланың сеніміне кіргізеді. Сіздің баланызға тұлға ретінде қарап, онымен ақылдаса отырып, бірлесе жұмыс істеуіңіз балаңызды жігерлендіреді, оның әр қадамын сенімді ете түседі.
Бала қандай да болсың қате іс жасаса, жекіп, дүрсе қоя беруден гөрі түсіністікпен қарау әлдеқайда пайдалы. Ең бастысы-қателікті бетке басып, мойындатуда емес,жақсысын алдымен айтып, баланы жігерлендір е отырып, кемшіліктерін жұқалап жеткізу, сонымен қатар кем жою жолдарын көрсету.
Бала болған соң, өз қатарластарымен бірде бірде дос болып, бірде ренжісіп жатады. Тіпті кейде таяқ жеп келуі де мүмкін. Ондай сәттерде балардың арасына түспеген абзал. Бала қылығын жақтап, арасына түссеңіз бала соған әдеттенеді,қит еткен нің бәрін өзіңізге жеткізіп отыратын болады. Мұндай жағдайда болғаңызды сырттай бақылаған дұрыс.Балаңыз үнемі орынсыз таяқ жеп жататындай болса, әрине араласуға тура келеді.
Баланы еркін тәрбиелеу. Бірақ еркіндіктің жөні екен деп мүлдем қараусыз жіберуге болмайды әр нәрсенің өзінің шегі болады сол шекті бала біліп өсуі керек.
Бала кішкентай кезінде барлық ақпаратты ем кедергісіз қабылдай береді. Сондықтан балаңызды ақпараттарды талғап қабылдауға, өзінің көзқарасын ашық білдіруге,ойланып сөйлеуге үйреткен абзал. Ол үшін балаға осы типтес тапсырмалар берген дұрыс.
Кейбір балалар табиғатынан тынымсыз болады. Бір затты көрсе соны міндетті түрде бұрап, сындырып, ішін алып көріп жатады. Сол балалар ақылды сияқты көрінеді. Мұндай балалар табиғатынан дарынды болып келеді.Тек сол баласының бейімін тап басып,бағыттай білсеңіз болғаны.
Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тетік баланы өз күшіне сендіріп үйрету. Балаға ең алдымен өзіңіз сенбесеңіз оған ешкім де сенбейтің болады. Баланы өз күшіне сендіру оның әр қадамын нығайтып, батылырақ болуға тәрбиелейді. Бала тәрбиесінде біз ұсынып отырған ұстанымдар басты да, негізгі де емес.
Әр ата-ана өз тәжірибесінен көргенін жазады.
Мағжан Жумабаев былай деген:
<<Бала ауру, зағип болса, баладан емес- тәрбиешіден.
Бала тар ойлы ақымақ болса, бала кінәлі, тәрбиеші кінәлі
Бала сұлулықтан ляззат ала білмейтін мылқау жанды болса, бала айыпты емес, тәрбиеші жазалы.
Менің бақылаум бойынша балалардың мінездері әр түрлі.
5-ші сынып оқушылары бастауыш бұыннан орта бұынға жана көшкен. Айытқанға алансыз нанатын,бойларында әлі жамандықтық байқалмаған. Бұл оқушылармен жұмыс жасау оңай әрі өте қызықты. 6-ші сынып оқушылардың мінез құлқындағы теріс қылықтарынын, белен алып бара жатқандығынан байкалады.Балалар өте сенімді, мейірімді болады.Алдағанды біраз ға дейін ұмыткайды,берген тапсырмаларды жақсы орындайды.Бірақ өздері болек топтарға бөлініп жүреді. 7 -8 сынып оқушыларының арасында жанжал болуы мүмкін. Кішкентай балалардан гөрі үлкендер өз ойын білдіріп, өз пікірін айтады.
Мынадай сұраққа <<Бакытты өмір сүру үшін бізге не кедергі?
Балалар былай қарайды:
Төбелесіп жатыр
Жаман сөздер айтады
Жұмыс істемейді
Бірімен-бірі соғысады, қалаларды қиратады.
Мынадай сұраққа осындай жағдайлар болып жатқанда біз не істейміз? Не істеуіміз керек?
Балалар:
Қару; пышақ, бомба сатпауымыз керек.
Тек қана жақсы жылы сөздер айтуымыз керек.

Ұқсас жұмыстар
Жадынама
Аппақ бала
Оқушыларды шығармашылыққа баулу
Кел тыңдайық ертегі
Күнсіз гүл өспес, күтусіз ұл өспес
Тәрбие басы- отбасы дөңгелек үстел
Тәрбиеден бастау алған бар арман
Алып бала жайлы
Баланың мектепке дайындығының теориялық негіздері
Мектеп басшысы
Пәндер