Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар

<<Өрлеу>> БАҰО АҚ филиалы
Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ
<<С.Қондыбай атындағы № 22 жалпы білім беру орта мектебі>>

<<Интеллектуалды тұлға қалыптастыруда дарындылықтың ролі>> тақырыбындағы облыстық он-лайн режиміндегі семинар

<<Дарынды оқушы-ұлт болашағы>>

Аты - жөні:Сагитжанова Жаныл Ойдашевна
Білімі : Жоғары
Мамандығы :География пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі: 26жыл

Ақтау қаласы, 2016 жыл
<<Қазақстан ұлы держава болу үшін бізге күш қуат қажыр қайраты мол,ақылды да ойлы ,дарынды жастар керек>> Н.Ә.Назарбаев
Қазақстан Республикасының <<Білім туралы заңында>>мемлекеттік саясат негізінде әр баланың жеке қабілетіне қарай интелектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын дамыту сияқты өзекті мәселелер енгізілген. Жалпы педагогика ғылымында <<дарындылық>>мәселесіне қазіргі таңда көңіл бөлінуде.Дарынды бала - ол өзі жаңа болжамдар мен идеяларды, теорияларды, схема, зерттеулер жасай білетін қабілеті бар болуы шарт.Басқа сөзбен айтқанда дарындылық-ол жоғары потенциялы бар шығармашыл тұлға:өзінің алдында ғылыми техникалық мәселелерді қойып және оны өздігінен шеше білетін адам.
И.С Лейтес қабілетті балалардың үш категориясын көрсетті.Олар:
1.Ақыл - ой деңгейінің жоғарылығы ерте кезден байқалатын балалар.
2.Мектептің жекеленген пәндеріне және әр түрлі іс-әрекетіне қабілетті балалар.
3.Қабілеттері айқындалмаған потенциалды балалар.
Педагогикалық зерттеулер нәтижесінде дарынды баланың бейнесі анықталды.
1.Интелектуалды және ақыл-ой белсенділігі бар бала сөйлеу белсенділігінің жоғарылығымен,ойының ұшқырлығымен, байқағыштығымен,мәселені шешуде жан-жақты жолды қарастырумен,тәуелсіздігімен,құрбыларының арасында көсем болуымен,есте сақтауының беріктігімен т.с.с қасиеттерімен ерекшеленеді.
2.Бейнелеу өнері бар бала - сурет салуға көп уақыт бөлуімен, көргенін есте сақтауымен,сурет сабағын жақсы көретіндігімен ерекшеленеді.3.Әнге қабілеті бар балалар-ән сабақтарына аса қызығушылықпен қарайды,ритмикалық бөліктерді оңай қайталайды,таныс әуендерді бірінші дыбыстан таниды.4.Қозғалыстың белсенділігі бар бала жаттығуларды орындауда тепе-теңдік сақтайтын қозғалысты жақсы көретін ,өзінің жасына дене күші күшті болып келеді.Дарындылықты анықтауда сан түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады.Оқушы бойындағы дарындылықты анықтау үшін психологиялық диагностикалар
( әдістемелер,тесттер,сауалнамалар,эксперимент зерттеуі )
Дарынды балалар қандай? Олар әр түрлі ,бір-біріне ұқсамайды.Дарынды балаларды қалай тануға болады?Дүниежүзілік зерттеушілер қабілетті балалардың үш категориясын ашты.
1- категория - ой-өріс қабілеті ерте жастан байқалған оқушылар.
2- категория- жеке бір іс - әрекет түрі мен белгілі бір мектептегі ғылым түріне қабілеттілігімен көзге түскен оқушылар.
3- категория - дарындылық күш-қажырмен ерекшеленетін оқушылар.
<<Көптеген табиғи талант дарынсыз ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді.Олар дарынның табиғи құбылысына терең бойлай алмай ,тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады>> Плутарх.Міне ұстаз мұндай келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Дарынды оқушылармен жұмыс істеудің негізгі мақсаты : олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру.Дарынды оқушылармен мына жұмыстар жүргізіледі:
- тестпен жұмыс
- қосымша материалмен жұмыс
- Мектепішілік сайыстарға қатысу
-Қалалық, республикалық олипиадаға қатысу, ғылыми жоба қорғау.
География және биология пәндері бойынша қабілетті оқушылар қатыса алатын сайыс түрлері :
1.Пәндік олимпиадалар (Мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық, республикалық)
2.Ғылыми жобалар сайысы: <<Зерде>>, <<Дарын>>,КҒА сайыстары
3.Интернет желісі бойынша өтетін қашықтық сайыстары
4.Интеллектуалды сайыстар
Пәндік олимпиадаға дайындау жолдары.
Әр баланың жеке қабілетін анықтап оны сол бағытқа жетелеу ұстаз парызы.Баланы заманына қарай икемдеп,өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу- оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы.Пәндік олимпиадаға оқушыны география пәні бойынша 5-6 сыныптан бастап даярлай беруге болады. Пәнге қызығатын, сабақ үстінде қабілетті ,кез келген тапсырманы жоғары деңгейде орындайтын бір немесе бірнеше оқушыны психологиялық және теориялық түрде дайындау керек.

Мұғалімнің оқушының ізденіс зерттеу жұмысына бағдар
беру жұмысы
Осы дарындылық пен шығармашылықты дамытудың түрлі жолдарының ішінде - баланың өзіндік зерттеу тәжірибесі әдістердің ішіндегі ең тиімдісі болып саналады. Оқушыны ғылыми жобалар сайысының ережелерімен таныстыру.Оқушының ғылыми жобамен айналысуға арналған іс әрекет жоспарын құруға көмектесу. Тақырып таңдағаннан кейін сол тақырып туралы теориялық білімін молайту үшін әдебиеттер, деректер ,тарихнамалар таңдап алу керек.Ол пайдаланатын әдебиеттердің ішінен керек мәліметтерді арнайы күнделік дәптеріне жазып алып отыру керек.Жазып алған бойда оның авторын , кітаптың тақырыбын, бетінің номерін баспасын немесе газет-журнал материалдары болса авторын ,уақытын жазып алып отыру керек. Оқушыға мұрағат және мұражай құжаттарын пайдалануды үйрету.Мамандармен жүздестіру:зерттеу зерделеу жүргізу.Жинақталған ақпарат мәліметтерді салыстыру,іріктеу.
Ғылыми жобалар бойынша сайыстарға қатысу
География және биология пәнінің мұғалімдері оқушыларды ғылыми жобаға дайындағанда тек география мен биология бағытында ғана емес сонымен бірге медицина ,экология, өлкетану,валеология бағыттары бойынша тақырып таңдауға болады. Мұғалім ғылыми жобалар сайысына оқушылар дайындағанда оның білімділігімен бірге шешендік креативтілігіне назар аудару керек. Кейбір оқушылар ғылыми жобаны жазуға қабілетті болғанымен оны ауызша қорғауға қабілетсіз болады.Сондықтан дайындаған ғылыми жобасын нақты дәлелдермен, мысалдармен жеткізе білетін аудиторияны өзінің әдемі сөздерімен қарата,тыңдата алатын оқушы әрқашанда жоғары деңгейде көрінеді.
Психологиялық дайындау кезеңінде Мұғалім баланы сабаққа қызықтыра білуі керек және сабақ үстінде ерекше қолпаштап отыру керек. Сен қалалық немесе облыстық олимпиадаға дайындал, қосымша қызықты мәліметтер жинақтауға тапсырмалар берсең ,пәнге деген қызығушылығы жоғарылайды.Теориялық даярлау кезеңінде оқушыларға қосымша шығармашылық тапсырмалар беріп отыру керек.Сонда оқушының базалық білімі нығаяды. Тесті әрбір өтілген тақырып бойынша оқушының өзіне құратса , қызықты болады.Сонымен бірге республикалық << Дарын>> орталығының арнайы олимпиадаға арналған тест жұмыстарымен дайындауға болады.

Оқушылардың дарындылығын дамытуға арналған жұмыстарым
Биология пәні бойынша дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс жоспары.
Пәндік олимпиадаға арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспары.
Пән бойынша олимпиада тапсырмалары
<<Ұстаз білімді ,өмірге құштар ,әділ, қажет десең ержүрек болуы керек >> Әл-Фараби
Мұғалімге қойылатын талаптар:
1.Жаңа технологияны меңгерген білімді болуы.
2.Дарынды оқушыны анықтау әдістерімен жұмыс істей білу.
3.Оқушылармен қарым-қатынасын психологиялық тұрғыда сауатты орната білуі
4.Дарынды оқушыны пәндік олимпиадаға, ғылыми жоба сайыстарына т.б сайыстарға қатысуға жетекшілік ету.
5.Психологпен бірлесіп ,ата-анасымен педагог ретінде сөйлесе білу.
6.Дарынды балалармен жұмыс жоспары болып, шығармашылық тапсырмалар беру.
7.Нәтижесін қадағалау.
<<Ұстаз - еңбегінің айқын көрінісі - шәкірт шыққан биіктік>>
2012 жыл Батырбекова Арай 11- сынып <<Қалалық пәндер олимпиадасынан биология пәні бойынша ІІ дәрежелі диплом>>
2103жыл Алмағанбетов Бекарыс 9-сынып Қалалық пәндер олимпиадасынан география пәні бойынша ІІІ дәрежелі диплом
2014жыл Малаев Оразхан 8-сынып <<Инфоурок>>география пәні бойынша Халықаралық қашықтық олимпиадасының І дәрежелі диплом
2014жыл Алмағанбетов Бекарыс 9-сынып <<Инфоурок>>география пәні бойынша Халықаралық қашықтық олимпиадасының ІІІ дәрежелі дипломы
2016жыл. <<Пони>>Халықаралық байқауының жеңімпазы 5- сынып оқушысы Тыныштықова Ә.
2016жыл. Жұманова А <<Алтын белгі>> иегерлерінің әкімшілік олимпиадасынан география пәні бойынша ІV-орын

<<Бұлақ көрсең, көзін аш>>
Әрбір мемлекеттің болашағы мектебінде шыңдалады. <<Адам ұрпағымен мың жасайды >> демекші болашағы бар ел ғана тарих бетінде ұлт болып жазылмақ!Сонау ХІХ ғасырда ағартушылық - демократиялық бағыттың негізін салған Шоқан,Ыбырай, Абайлардың,ұлттың ұстазы болған Ахметтің ,жалыны мен жігері жанған Міржақып пен Мағжандардың ұлы мұратын жүзеге асыруға атсалысып жүрген Сіздерге,құрметті әріптестер, дарынды баланы ашуда тәрбиелеуде.
Ұлтым деп ұмытылатын,
Жұртым деп жұмылатын,
Қанаттары қатты ,тұлпарлары мықты
Еліміздің ертеңін ойлайтын,
Болашағын болжайтын
Дарынды жастарымыз көбейсін!

Ұқсас жұмыстар
Тарих пәнінен оқушыларды олимпиадаға дайындау ерекшеліктері
Қауіпті жағдайлар. Сыпайы бас тарту
АЛГЕБРАЛЫҚ ТЕҢДЕУЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ӘДІСТЕРІ
Электродтық потенциалдар
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Жаңа әдістегі сабақтарына қатысу
Ұшқын коллажы
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ізденіс және шығармашылық қабілетін дамыту. баяндама
География омж 9-сынып
Оқушыларды ауылшаруашылық техникасына баулуда жаңа технологияларды пайдаланудың әдістемесі
Пәндер