Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Сәлем түзелмей
Сабақтың тақырыбы: Әдебі жақсының-сәлемі жақсы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сәлемдесудің терең ұғымынында әдептілік жатқанын түсіндіру, оның түрлерімен таныстыру.
Дамытушылық: Үлкенге құрмет, кішіге ізеттілікті дамыту, адамгершілік қасиетін бойына дарыту.
Тәрбиелік: Сыйластыққа, мәдениеттілікке, әдептілікке және де инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: баяндау, талдау, сұрақ-жауап,ойын элементтерін пайдалану стратегиясы.
Пәнаралық байланыс: тіл, әдебиет, ағылшын тілі, орыс тілі, бейнелеу.
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
a) Сәлемдесу
b) Психологиялық тренинг <<Ыстық алақан>> ойыны
Балалар шеңбер жасап тұрады. Шеңбер айнала бір-бірімен ыстық алақандарын тигізіп әртүрлі сәлем сөздерімен сәлемдеседі (амандасады). Мысалы: ассаламу алейкум, сәлеметсізбе, қайырлы күн, кеш жарық т.с.с)
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
II. Сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Құрметті оқушылар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: <<Әдебі жақсының-сәлемі жақсы>>.
Кіріспе сөз:
Тәрбиенің ең маңыздысы-сәлемдесуден тұрады. Сәлемдесу-адамның шынайы бет-бейнесі, адамгершілік пен әдептіліктің бір белгісі. Сәлемдесудің мәні, бетпе-бет кездескен адамдардың бір-бірінің кейіп-кескінін тану, болмысын байқау және тілек арқылы өзінің ниетін білдіру.
Сәлемдесудің басты шарттары:
1) Алғашқы сәлем. Жасы кіші жасы үлкенмен бірінші амандасу қажет. Екі қолын соза <<Ассалаумағалейкум>> деген сәлеммен, ол деген сөз <<Алланың нұры жаусын>>, <<Алла жар болсын, саған сәлемі болсын>> деген мағынаны білдіреді. <<Уағалейкумассалам>>деп жауап қайтара, <<Алланның нұры сізге екі есе жаусын>> деген сауап сөздерге толы.
2) Жылы шырай таныту (жымию)-бір-біріне жақсы көңіл-күй сыйлау. Егер көңіл-күйі болмай келе жатса, алдыңнан танысың әдемі дауыс ырғағымен, көзінің нұр шуағымен, жымия сенімен сәлемдессе, сенің көңіл-күйің көтеріліп, төбең көкке жеткендей болады. Сәлемдесу арқылы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы нығаяды, сыйластық арта түседі.
3) Қимыл-қозғалыс. Амандасу кезінде жас ерекшеліктеріне қарай адам баласы бас ию, қол алысу, құшақтасу, қол көтеру, маңдайын иіскеу, қолын сүю қимылдарын қолданады. Амандасарда артық қимылдарды қолданбаған дұрыс, ол әдепсіздікке жатады. Мысалы, қолыңды қалтаға салып, күн сәулесіне арналған көзілдірікті шешпей, көзіңді төмен түсіріп амандасудан сақ болған дұрыс.
I. <<Сөзді талдау>>. Оқушыларға кеспе қағаз арқылы әр түрлі қазақи сәлемдесудің түрлері беріледі. Сол сәлем кімдерге арналған, қандай қимылды қолдану, оны қай кезде қолдану керектігін және де оның терең мағынасын ашып беру керек.
(Кеспе қағазда берілген сөздер: <<Сәлеметсіз бе?>>, <<Амансыз ба?>>, <<Қайырлы таң>>, <<Ассалаумағалейкум>>, <<Қайырлы күн>>, <<Кеш жарық>>)
II. <<Полиглот>> ойыны. Мұғалім оқушыларға мақал-мәтел, нақыл сөздер оқиды да бір сөзін қалдырып кетеді. Сол сөзді оқушылар тауып, оның орысша және ағылшын тіліне аудару қажет.
1. Алыстан алты жастағы бала келсе,
Алпыстағы . . . . иіліп сәлем береді.
(қария - старец - old man)
2. Адам сөйлескенше
. . . . кісінескенше.
(жылқы - лошадь - horse)
3. Сәлем түзелмей, . . . . түзелмейді.
(әлем - мир - world)
4. Сәлем беру де, сәлем алу да . . . .
(парыз - обязанность - duty)
5. Үлкенді . . . . сыйласаң,
Кіші сені сыйлайды.
(сен - ты - you)
6. Бір күн тұзын татсаң
. . . . күн сәлем бер.
(қырық - сорок - forty)
I. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту үшін ребусты бірге шешейік.
Жауабы: Бір күн танысқа мың күн сәлем.
Жауабы: Сәлемнің басты шарты-жылы шырай
II. <<Менің көңіл күйім>> қиялды дамытуға арналған жаттығу.
Әр түрлі көңіл-күйдегі суретті <<сәлемдесу>> кезіндегі жағдайлармен мысал келтіріп әңгімелеп беру. Мысалы: <<таң қалу>> суреті. Жас жігіттің үлкен қариямен екі көзі телефонда, бір қолымен үндемей амандасуын көрген адам бейнесі.
III. Сергіту сәті. <<Айырмашылықты тап>> ойыны.
5 айырмашылықты тап.
IV. Қорытындылау <<Графикалық диктант>>
Графикалық диктант ойынында пікір оқылады, егер ол пікір ақиқат болса түзу сызық (________), жалған болса үй суретін ( ) саламыз.
1. Алыстан келген кісіге сәлем беру тәртібі жасқа байланысты.
2. Әйел адамның немесе қыз баланың қол беруі міндетті емес.
3. Әжелер бір-бірімен қолдарынан сүйіп амандасады
4. Әжелер мен апалар өте жақсы көретін немерелерін сағынғанда көзінен сүйіп амандасады.
5. Төс қағыстырып амандасу ер жігіттердің, батырлардың шынайы достығын, кездесуге қуанышын білдіреді.
6. Қолды селқол, сұлық ұсынған ештеңе етпейді.
7. Қариялар мен ақсақалдар кішкентай бөбектерді иіскеп амандасады.
8. Қариялар мен ақсақалдар төс қағыстырып амандасады.
9. Қыз бен жігіт бет сүйіп амандасады.
10. Жас келін үлкендермен иіліп сәлем береді.
Жауабы:
Қорытындылай келгенде, <<Әдебі жақсының-сәлемі жақсы>> деген сөз ынтымаққа, бірлікке шақыратын адамдық белгісі бар ұғым. <<Көргенді бала алыстан сәлем береді>>, <<Әдептілік белгісі-иіліп сәлем бергені>> демекші, кіші көргенін істейді, сондықтан кішілерге үлгі болатындай инабатты да, ілтипатты сәлемдесуден шаршамайық!
I. Үйге тапсырма
Әр елдің сәлемдесу (амандасу) түрлерін біліп келу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz