1-сынып үшін Қызықты грамматика қосымша курсының оқу бағдарламасы

1-сыныптың сауат ашу пәніне арналған

«Қызықты грамматика» қосымша курсының бағдарламасы

І. Түсінік хат

«Қызықты грамматика» - қосымша курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән «Қазақ тілінде» меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың дүниетанымы кеңіп, дұрыс, байланыстырып сөйлеуге үйренеді. Грамматикалық сауаттылықтары артады. 1-ші сынып оқушыларын оқыту, тәрбиелеу және дамыту талаптары мен мақсатына сәйкес құрастырылған . Оқушылардың жас ерекшеліктеріне және мүмкіндік өрісіне сай. Мектептің бастауыш сатысындағы басқа оқу пәндерінің мазмұнымен пәнаралық байланыстар ескеріледі. Оқу процесін өтілген материалдардың қолданылу жиілігін ескере отырып ұйымдастыруға және ақырғы нәтижеге жетуді бағдарлауға мүмкіндік береді.

Өзектілігі:

  • Баламен жеке дара жұмыстар жүргізілу барысында оның жан-жақты дамуына, қоғамға бейімделуіне жағдай туғызу;
  • Сынып ұжымында әр түрлі деңгейдегі оқушылардың өздерін емін еркін ұстауға бейімдеу;
  • Балада болашаққа деген басқаша көзқарас қалыптастыру.

Мақсаты:

  • Оқушылардың алған білімдерін жетілдіре отырып, тіл байлықтарын, өз ойларын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білу дағдыларын дамыту;
  • Өзіне сенімді, мәдениетті тұлға тәрбиелеу;
  • Оқушылардың ауызша және жазбаша тілін дамыту;
  • Олардың білімге деген құштарлығын, еңбексүйгіштігін, орындалатын

жұмысқа деген жауапкершілігін арттыру, қиындықтарды жеңе білуге

баулу.

Міндеттері:

  • Толыққанды дамуына және бейімделуіне,

табысты білім алуға және белсенді қызметке ынталандыру;

  • Балаларды бір-бірімен дұрыс қарым-қатынас жасай білуге және табысқа жетуге үйрету;
  • Байланыстырып сөйлеуге, сөйлеу мәдениетіне үйрету;
  • Үлкендерді құрметтеп, олардан өнеге алуға жетелеу.

Күтілетін нәтиже:

  • Еркін ойлауға мүмкіндік алады;
  • Ақыл-ойын дамытады;
  • Ұжымдық іс-әрекетке тәрбиеленеді;
  • Тіл байлығы жетіледі;
  • Жан-жақты ізденушілігі артады.

II

Нормативтік бөлім

1-сынып. Жылдық сағат саны - 33

Сабақтың тақырыбы

Сағат

саны

Мерзімі
№: 1
Сабақтың тақырыбы: «Қызық» сөзінің қызығы туралы.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 2
Сабақтың тақырыбы: Ойымда аяқта
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 3
Сабақтың тақырыбы: Зат есім, сын есім, сан есімдері бар өлеңдер.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 4
Сабақтың тақырыбы: Оқылған әңгіме, өлеңдерді бейнелеп салу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 5
Сабақтың тақырыбы: Ойын: «Қандай зат?»
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 6
Сабақтың тақырыбы: Қайдан көрдім? Бұл не?
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 7
Сабақтың тақырыбы: Топтау
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 8
Сабақтың тақырыбы: Білместің тілінен
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 9
Сабақтың тақырыбы: «Біз нені үйрендік?»
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 10
Сабақтың тақырыбы: Әнді тек дауысты дыбыстармен, сазымен оқып, айту.
Сағатсаны: 2
Мерзімі:
№: 11
Сабақтың тақырыбы: Ребус шешу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 12
Сабақтың тақырыбы: Жоғалған әріп пен түсіп қалған сөз.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 13
Сабақтың тақырыбы: Шашылған әріптерден сөз құрап, үй жасау.
Сағатсаны: 2
Мерзімі:
№: 14
Сабақтың тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 15
Сабақтың тақырыбы: Жұмбақ әлемі
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 16
Сабақтың тақырыбы: Тапсырма бойынша жұмыс
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 17
Сабақтың тақырыбы: «Сыпыртқы мен шаңсорғыш» мысалын оқып, көріністеу.
Сағатсаны: 2
Мерзімі:
№: 18
Сабақтың тақырыбы: Біз білетін мақалдар.
Сағатсаны: 2
Мерзімі:
№: 19
Сабақтың тақырыбы: Сөйлемдегі сөздерге сұрақ қоя біл.
Сағатсаны: 2
Мерзімі:
№: 20
Сабақтың тақырыбы: Бас әріптен басталып жазылатын сөздер жазу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 21
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша хат, құттықтау хат жазу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 22
Сабақтың тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 23
Сабақтың тақырыбы: Өлеңді жатқа жазу.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 24
Сабақтың тақырыбы: «Кім тапқыр?» ойыны.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 25
Сабақтың тақырыбы: Жазылған сөздерді талдау.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 26
Сабақтың тақырыбы: Жаңылтпаштан жаңылма.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 27
Сабақтың тақырыбы: Сөйлем соңына ауызша тыныс белгісін қою.
Сағатсаны: 1
Мерзімі:
№: 28
Сабақтың тақырыбы: «Біз не үйрендік?»
Сағатсаны: 1
Мерзімі:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Мұғалім үшін:

1. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.

2. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы.

3. «Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы» М. Қоянбаев.

4. «Қызықты грамматика» жұмыс дәптері. «Алматы кітап» баспасы, авторы:

З. Муфтибекова.

5. «Бастауыш сынып» Республикалық әдістемелік-педагогикалық журналы

Оқушы үшін:

1. «Қазақ тілі» өзіндік жұмыстар. 3-сынып. Алматы «Өлке» баспасы 2012 жыл.

Авторлары: К. Ерешева, Г. Жамалбекова

2. «Айгөлек», «Балдырған» журналдары


Ұқсас жұмыстар
9-сынып оқушыларын кәсіби бағдарлауға арналған Қызықты сызу қолданбалы курсының 34 сағаттық оқу бағдарламасы
1-4 сыныптарға арналған Қызықты математика факультативтік курсының 34 сағаттық жұмыс бағдарламасы
1-сыныпқа арналған Жануарлар әлемі таңдау курсының оқу бағдарламасы
2012 оқу жылы үшін Қызықты физика физикалық ойынының оқу-әдістемелік бағдарламасы
8-сынып үшін Қазақстанның климаты: 34 сағаттық таңдау курсының оқу-әдістемелік бағдарламасы
Негізгі және жалпы орта білім деңгейлері (9-11 сынып) үшін Абайтану курсының оқу бағдарламасы
Жаратылыстану-математика бағытындағы 11 сынып үшін Компьютерлік модельдеу таңдау курсының бағдарламасы
Қазақ тілі пәніне қосымша 7-сынып (7 Б) Тіл мәдениеті арнайы курсының бағдарламасы
Ш. Уәлиханов атындағы №2 жалпы орта мектептің 3-сыныпқа арналған Қызықты математика курсының оқу бағдарламасы
Қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 11-сынып үшін Ежелгі дәуір әдебиеті курсының бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz