Сабақты жоспарлау

Кудрышева Шолпан Советбекқызы
Павлодар облысы, Павлодар қаласы,
М. Әуезов атындағы №42 ЖОМ
бастауыш сынып мұғалімі
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнында
жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді жоспарды әзірлеу (ҚМЖ) үлгісі.
Орта мерзімді жоспарды әзірлеп болған соң, мұғалім әрбір жеке сабақтың жоспарын (қысқа мерзімді жоспар) дайындайды.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында баяндалған оқу мақсатына сәйкес келуі
керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтымауы мүмкін. Мысалы, 1-сыныпта
математикадағы оқу мақсаттарының бірі: 1. 1. 7. 1 тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды) 2. 1 Оқу түрлерін қолдану.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз бола алады, ал олардағы сабақ мақсаттары әртүрлі
болуы мүмкін. Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/
мінез-құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді үйренуге тиіс екені туралы
жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не
істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстаңыз.
Бұл:
• сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
• сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
• оқуды бағалауды жеңілдетуге;
• оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Сабақты жоспарлау
Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай
жоспарлау керек екендігін шешеді. Дәстүрлі оқыту әдістері оқушылардың мінез-құлқы,
олардың уәжі, арман-тілектері мен қызығушылықтары, дағдылары, оқу стильдері әртүрлі
болатынына немесе әлеуметтік жағдайына онша көңіл бөле бермейді. Оқыту мен оқудың
заманауи әдістері жоғарыда айтылған мәселелерге көңіл бөле отырып, біздің оларға қол
жеткізудегі қажеттіліктеріміз оқудың сапасы мен көлеміне түбегейлі әсер ете алатындығын жіті
назарға алады. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс
екені түсінікті, алайда оқушылар оқу үдерісінде өте аз үйренетін болса, жалғыз мұның ешбір
мәні болмас еді. Пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындап, сонымен қатар,
оқушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін сабақты барынша тиімді жоспарлау
қажет.
Мен мысал ретінде келтірген сабақ жоспарына мұғалім барынша белсенді сабақ жоспарын
әзірлей алады. Сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отырыңыз. Сабақ барысында
өзіңіздің қанша сөйлейтініңіз туралы ойланыңыз. Егер сіз тым көп сөйлесеңіз,
оқушылардың өзара пікір алмасып, бір-бірінен үйренуіне уақыт аз қалады. Қол
көтергендердің жауабын тыңдап немесе оқушыдан жауап беруін сұрай отырып,
жауаптарын анықтау арқылы сыныптың нені түсінгенін бағдарлаңыз. Жеке, жұптық,
топтық немесе бүкіл сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін араластырып қолданыңыз.
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс бірқатар мәселелер:
• Сабағымның мақсаты қандай? Сабақтың әрбір бөлімі оқушының мақсатқа жетуіне
жетелей ме?
• Оқушылар іс жүзінде не істейді? Мен оқушыларға олардың не істейтінін және олар
қандай нәтижеге қол жеткізуі керектігін қалай түсіндіремін?
• Оқушылардың білімді игергенін қалай білемін?
• Егер мен өзім осы сабақта оқушы болсам, осының бәрін қалай қабылдар едім? Оқушыға
көмек көрсетіле ме/ жігерлендіріле ме? Қосымша материал ала ала ма?
• Жоспар қаншалықты икемді? Оқушының көп түсіндіруді қажет ететін қызықты сұрағы,
дыбыс-бейне құралдарды пайдаланудағы қиындықтар, әлдебіреудің сырттан рұқсатсыз
кіріп келуі сияқты күтпеген оқиғалар туындаса, оларды қалай шешемін?
• Оқушылар ұсынатын кері байланысқа қатысты оны қалай жіктеп, жазамын және
талқылаймын? деген сұрақтар қамтылуы кажет.
Құрметті әріптестер, сіздерге осы жаңартылған оқу бағдарламасы аясында сабақты жоспарлау үлгісін ұсынғым келіп тұр.
Күні:
Сынып: 1
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Барлығы:Жаңа білімді меңгереді.
Көбі:Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Он саусақтың саласындай,
Өсемiз бiз күлiп-ойнап,
Бiр адамның баласындай.
- Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
Сабақтың ортасы
8 минут
№1 Суреттің көмегімен сыныптасыңмен танысып көр.
№2 Сызба арқылы танысып көр.
Дәптермен жұмыс.
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сөйлеуде дауыстың
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz