Дұрыс және бұрыс бөлшектер: анықтамалар мен жаттығулар

Табантал орта мектебі

Математика пәнінің мұғалімі Адилгереева Ләззат Аргынгазиевна

Тақырыбы: Дұрыс бөлшектер. Бұрыс бөлшектер

Мақсаты: Дұрыс және бұрыс бөлшектер таныстыру, оларды бір-бірінен ажырата білу, бөлшектер туралы білімдерін кеңейту, өз бетімен жұмыс жасау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Зеректікке, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа білімді игеру

Көрнекілігі: әртүрлі деңгейлік тапсырмалар, жетондар, слайд

Әдістері: проблемалық, түсіндіру, өз бетінше жұмыс т. б

Барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі

1991ж, 2016ж туралы не білеміз? Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл. Отан деген не?

Қазақ батыр ел деймін,

Ұл мен қызы ер деймін.

Ата - қоныс жерімді

Мен ешкімге бермеймін! (жыр жолдарын оқу)

Ұраны: Мен білемін, білмегенімді үйренемін

  1. «Миға шабуыл»(слайд бойынша)

Математикалық диктант (бөлшектер жазу)

2/5 1/3 7/7 6/4 11/15 3/4 5/6 10/3 11/11 35/47

а. Қане, жазып болсақ, дәптерлеріңді көршілеріңе беріңдер, тексерейік (Тақтаға ілінеді. )

ә. Алымы мен бөлімін атайық

б. Осы бөлшектердің алымы мен бөлімін салыстырайық

в . Енді осы бөлшектердің ішінен алымы бөлімінен кіші болатын бөлшектерді теріп жазыңдар. 2/5 1/3 11/15 3/4 5/6 35/47

г. Осы бөлшектердің ішінен алымы бөлімінен үлкен және тең болатын бөлшектерді жазыңдар . 7/7 6/4 10/3 11/11

3. Сабақ мақсатын қою

4. «Мағынаны таны»

Алымы бөлімінен кіші бөлшек дұрыс бөлшек деп аталады. . 2/5 1/3 11/15 3/4 5/6 35/47

Алымы бөлімінен үлкен не оған тең бөлшек бұрыс бөлшек деп аталады

7/7 6/4 10/3 11/11

Берілген бөлшектерден дұрыс және бұрыс бөлшектерді табыңдар: (ауызша)

1/3 25/25 8/9 99/99 71/43 5/6 2/2 10/2 24/37

Сергіту сәті

Жоғары қарап күн көрдім,

Төмен қарап жер көрдім.

Оңға, солға бұрылып

Егеменді ел көрдім.

Оқулықпен жұмыс №851 №852

Шығармашылық жұмыс

Елбасы

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі барынша қабілетті елу елдің қатарына кіруге білім сапасы жоғары, денсаулығы мықты, еліміздің әл-ауқаты үшін қызмет жасайтын жастарға үлкен сенім білдіріп отыр.

Бекіту

«Бүгінгі өтілген тақырып несімен қызықты? -Өздерің үшін қандай жаңалық алдыңдар ?

Үйге тапсырма Ереже жаттау №854

Жинаған жетондарына байланысты бағаланады.


Ұқсас жұмыстар
5-сынып математикасы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер - сабақ жоспары
5-сынып математика ашық сабағы: Дұрыс және бұрыс бөлшектер
5-сыныпқа арналған Дұрыс және бұрыс бөлшектер тақырыбы бойынша сабақ жоспары
5-сыныпқа арналған қысқа мерзімді сабақ жоспары: Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер (12 сағат)
Үлестер мен жай бөлшектер: анықтамалар, жазылу ережелері және есептер
Бұрыс бөлшектер мен аралас сандарды түрлендіру: есептер шығару (5-сынып)
Ойын технологиялары арқылы математикалық біліктілікті дамыту: бұрыс бөлшектер мен аралас сандарды түрлендіру сабақ жоспары
І тур - Дешифратор: информатикадан дұрыс/бұрыс мәлімдемелер және шифрлау тапсырмалары
5-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру (§22)
Жай бөлшектер мен аралас сандарды бөлу: сабақ жоспары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz