Магнит индукциясы

Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магниттік индукция. Кернеулік

Сабақтың түрі: Аралас сабағы

Сабақ уақыты: 90 мин.

Сабақтың педагогикалық мақсаты:

  • Ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім берудің сапасын арттыру;
  • Интерактивті технология әдісін қолданудың маңыздылығын көрсету;
  • Студенттердің өз беттерінше іздену жұмыстары арқылы кәсіптік шеберліктерін жетілдіруге, ғылыми көзқарасын қалыптастыруға ықпал ету;
  • Интерактивті тақтаны қолдану арқылы студенттердің белсенділігі мен қызығушылығын арттыру;
  • Пәнаралық және пәнішілік байланысты тереңдету;
  • Ақпараттық ізденіс қабілетін арттыру;
  • Пәнге деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Магнит өрісі. Магниттік индукция. Кернеулік туралы түсінік беру. Білімді

қалыптастыру, студенттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған

білімдерін бағалау

Дамытушылық: Студенттерге шығармашылық іс-әрекеттерін, ізденімпаздығын

дамыту. Пәнге қызығушылыған арттыру

Тәрбиелік: Адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке баулу, қоршаған ортадағы табиғи

құбылыстарға, пәнге қызығушылығын арттыру.

Студент білуі керек:

- Магнит өрісі.

- Магниттік индукция.

- Магнит өрісінің құйынды сипаты.

- Ортаның магниттік өтімділігі.

- Магнит тұрақтысы.

- Магнит өрісінің кернеулігі.

- Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.

Студент істей алуы керек:

  • тақырыпқа сай есептер шығару
  • формулаларды жаттау
  • анықтамаларды жаттау
  • сызбаларын сызу
  • тест белгілеу

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: Дамыта оқыту, бақылау бағалау, деңгейлеп оқыту, ақпараттық оқыту және интерактивті технологиясы.

Белгіленген технологияны іске асыру әдістері:

Сабақтың әдісі - іздену, сұрыптау, сараптау, өзін-өзі бақылау, есеп шығару, суреттермен жұмыс, білім мен тәжірибені байланыстыру.

Пәнішілік байланыс:

Құзіреттік аймағы К Электрмагниттік құбылыстар

Оқыту модулі К 2 Түзу сызықты токтың, дөңгелек токтың және соленоидтың магнит өрістері.

Оқыту модулі К3 Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері. Ампер заңы.

Оқыту модулі К4 Магнит өрісінің қозғалыстағы зарядқа әсері. Лоренц күші.

Оқыту модулі К5 Жердің магниттік сферасы. Пара-, диа-, ферромагниттік заттар.

Пәндер аралық байланыс (қамтитын, қамтылатын пәндер)

Қамтитын пәндер:

- геометрия

- Химия

Қамтылатын пәндер:

- биофизика

- информатика

- математика

Сабақтың жабдықталуы:

Көрнекті құралдар:

  • Схемалар
  • формулалар.

Үлестірме материалдар:

  • Карточкалар.
  • тест

Техникалық оқу құралдары:

  • Компьютер
  • Интерактивті тақта
  • LCD TV (сұйық кристалды телевизор)
  • CD, DVD дискілері

Сабақ барысында қолданылатын оқу-әдістемелік құралдар:

- Кронгарт Б. А., Кем В. И., Қойшыбаев Н. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006

Қолданылған негізгі әдебиеттер

1. Жданов Л. С., Жданов Г. Л. Физика. Учебник для средних специальных учебных заведений . -М. :Наука, 1986

2. Кронгарт Б. А., Кем В. И., Қойшыбаев Н. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану - математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2006

3. Мякишев Г. Я., Буховцев Б. Б. Физика / Орта мектептің 10-сыныбына арналған оқулық /. -Алматы: Мектеп, 2001

4. Воронцов-Вельяминов Б. А. Астрономия. - Алматы: Рауан, 1997

5. Физика. Вселенная. / Перевод с английского языка под ред. А. С. Ахматова. - М: Наука, 1973

Қосымша әдебиеттер

1. Тұяқбаев С., Насохова Ш., Кронгарт Б., Кем В., Загайнова В. Физика / Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық/. -Алматы: Мектеп, 2007

2. Рымкевич А. П. Физика есептерінің жинағы. Алматы: Рауан, 1992

3. Көшеров Ә. Ж. /Жаттығу есептері 10-сынып /. Шымкент, 2009

WEB сайттары тізімі

1. www. google. kz

2. www. fizica. ru

3. www. e-gov. kz

Сабақтың барысы:

1 Ұйымдастыру кезеңі (2-3 минут) - Студенттерді түгелдеу, аудитория тазалығына, оқушылардың сырт келбетіне, тақтаның тазалығына және бордың болуына көңіл бөлу.

2 Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау (2-3 мин) - Тақырыпқа мотивациялық, сипаттама беру, маңыздылығын түсіндіру. Студенттерді сабақтың жоспарымен және бағалау критерийлерімен таныстыру.

Сабақ жоспары мен хронокартасы

Мазмұны
Уақыты
№: 1
Мазмұны: Ұйымдастыру кезеңі
Уақыты: 2-3 мин
№: 2
Мазмұны: Сабақтың мақсаты мен жоспарын хабарлау
Уақыты: 2-3 мин
№: 3
Мазмұны: Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау
Уақыты: 20 мин
№: 4
Мазмұны: Баға қою және түсінік беру
Уақыты: 5 мин
№: 5
Мазмұны: Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру
Уақыты: 20-25 мин
№: 6
Мазмұны: Жаңа тақырып бойынша студенттердің білімін пысықтау
Уақыты: 20-25 мин
№: 7
Мазмұны: Сабақты қортындылау
Уақыты: 5 мин
№: 8
Мазмұны: Үйге тапсырма беру
Уақыты: 5 мин

3 Үй жұмысын тексеру, студенттердің білімдерін бақылау (20 мин) - / Студенттің білімін бақылайтын сұрақтарды жауабымен жазу және тест сұрақтарын жауабымен, эталонымен жазып түсіру және есептердін шығарғанын қадағалау/

Студенттерден ауызша сұралатын сұрақтар:

1. Асқын өтгiзгiштiк - Кейбiр заттардың электр кедергiсi төмен температурада кенет 0-ге төмендейтiндiгi.

2. Жартылай өткiзгiштердiң меншiктi өткiзгiштiгi - таза (қоспасыз) жартылай өткiзгiш кристалындағы еркiн электрондардың және кемтiктердiң қозғалысынан болатын өткiзгiштiк.

3. Транзистор - екi p-n -аусуы және электр тiзбекке қосылатын үш ұштары бар жартылай өткiзгiштi прибор.

4. Вакуумдегi электр тогы - вакуум күйдегi электродтар аралығындағы өткiзгiштiк.

5. Электолиз - электродтарда, электролиттердiң құрамына кiретiн зат бөлiнуi

6. Электролиттер - ток тасушылары иондар болатын сұйық жөне қатты заттар.

7. Электрод - белгiлi электрлiк потенциалы бар прибордың бөлiгi болатын өткiзгiш.

8. Электрондық өткiзгiштiк - электрондардың қозғалысынан пайда болатын өткiзгiштiк.

9. Электронды кемтiктiк ауысу - монокристалдық өткiзгiштiң кемтiктiк өткiзгiштен электрондық өткiзгiшке ауысатын ауданы.

10. Электронды-сәулелiк түтiкше - термоэлектрондық эмиссия құбылысына негiзделген құрылғы.

Үйге берілген есепті тексеру: (А. П. Рымкеевич)

Есеп 4

Электр шамының 23° С қызған кездегi вольфрам қылының кедергiсi 4 Ом. 0° С температурадағы кедергiнi табыңдар. Вольфрам кедергiсiнiң температуралық коэффициентi 4, 8·10 -3 К -1 тең.

Бер:

t = 23° С R=R 0 (1+αΔt) . R 0 =R/(1+αΔt) =4 Ом/(1+4, 8·10 -3 К -1 ·296 К) =3, 6 Ом

R=4 Ом

Α=4, 8·10 -3 К -1

t. = 0° С

R-?

Есеп 5 Егер кремний диодтан өтетiн күш I=5, 5 мА , ал кернеу U=0, 7 В тең болса, оның керi бағыттағы тұрақты токқа кедергiсiн табыңдар.

Бер: I=5, 5 мА I=U/R . R=U/R=0, 7 В/5. 5·10 -3 А≈1, 3·10 -3 А

U=0, 7 В

т/к R-?

Студенттердің білімін тест сұрақтары арқылы бағалау

1-вариант

1. Магнит индукциясының өлшем бірлігі?

A) Н

В) М

С)

D) Дж

E) Тл

2. Магниттік өтімділігі бойынша барлық заттарды негізгі қанша топқа бөлінеді?

A) 2

В) 3

С) 4

D) 5

E) 6

3. Кернеулік векторы нөлге тең болатын яғни Е=O, В О күйімен сипатталатын?

A) диэлектриктер

B) жартылай өткізгіштік

C) магниттік өріс

D) конвенция

E) кулон заңы

  1. Магнит өрісін жүйелі түрде зерттеу эрстедтің тәжірибелерінен қай жылы басталды?

A) 1830

B) 1835

C) 1845

D) 1820

E) 1825

  1. Өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін не?

A) магнит өрісі

B) магнит өрісінің күш сызықтары

C) магниттік индукция

D) диэлектриктер

E) электриктер

  1. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже?

A) Ом ережесі

B) Нъютон ережесі

C) Кулон ережесі

D) буранда, сол қол ережесі

E) дұрыс жауап жоқ

  1. Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы?

A) магнит өрісі әлсіз

B) магнит өрісі жан-жақты

C) магнит өрісі бір текті

D) магнит өрісі теріс

E) магнит өрісі құйынды

  1. Магнит өрісі магнит индукция векторымен сипатталады.

A) В=

B) Q=R

C) F=K

D) R=

E) I=

9. Магнит өрісінің бағытын қай ережесі бойынша табады

A) оң қол ережесі

B) сол қол ережесі

C) Нъютон ережесі

D) Ом заңы

E) кулон заңы

10. Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар.

A) парамагнетиктер

B) ферромагнетиктер

C) диамагнетиктер

D) магнетиктер

E) диэлектриктер

2- нұсқа

1. Өрістің кез-келген нүктесіне жүргізілген жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін не?

A) магнит өрісі

B) магнит өрісінің күш сызықтары

C) магниттік индукция

D) диэлектриктер

E) электриктер

  1. Магнит өрісінің күш сызықтарының бағытын анықтау үшін қолданылатын ереже?

A) Ом ережесі

B) Нъютон ережесі

C) Кулон ережесі

D) буранда, сол қол ережесі

E) дұрыс жауап жоқ

  1. Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы?

A) магнит өрісі әлсіз

B) магнит өрісі жан-жақты

C) магнит өрісі бір текті

D) магнит өрісі теріс

E) магнит өрісі құйынды

  1. Магнит өрісі магнит индукция векторымен сипатталады.

A) В=

B) Q=R

C) F=K

D) R=

E) I=

5. Магнит өрісінің бағытын қай ережесі бойынша табады

A) оң қол ережесі

B) сол қол ережесі

C) Нъютон ережесі

D) Ом заңы

E) кулон заңы

6. Магнит өрісінде күшті магниттелетін заттар.

A) парамагнетиктер

B) ферромагнетиктер

C) диамагнетиктер

D) магнетиктер

E) диэлектриктер

7. Магнит индукциясының өлшем бірлігі?

A) Н

В) М

С)

D) Дж

E) Тл

8. Магниттік өтімділігі бойынша барлық заттарды негізгі қанша топқа бөлінеді?

A) 2

В) 3

С) 4

D) 5

E) 6

9. Кернеулік векторы нөлге тең болатын яғни Е=O, В О күйімен сипатталатын?

A) диэлектриктер

B) жартылай өткізгіштік

C) магниттік өріс

D) конвенция

E) кулон заңы

10. Магнит өрісін жүйелі түрде зерттеу эрстедтің тәжірибелерінен қай жылы басталды?

A) 1830

B) 1835

C) 1845

D) 1820

E) 1825

Тест эталоны

1-нұсқа
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
е
в
с
д
в
д
е
а
а
В
1-нұсқа: 2- нұсқа
1: в
2: д
3: е
4: а
5: а
6: в
7: е
8: в
9: с
10: д

Бағалау критерий

10-9=5

8-7=4

6-5=3

5 =2

4 Қатемен жұмыс, баға қою және түсінік беру (5 мин)

Бағалау критерийлері

Аты-жөні

Студенттер-дің теориялық білімін бағалау

/ ауызша сұрақтар бойынша /

Тест тапсырмалары

/ойларының жүйелілігі /

Аудиторияда орындаған есептер бойынша

Карточкаларға жауап беруін бағалау

/жаңа тақырып бойынша сұрау /

Жал-

пы баға-

сы

№: 1
Аты-жөні:
Студенттер-дің теориялық білімін бағалау/ауызша сұрақтар бойынша/:
Тест тапсырмалары/ойларының жүйелілігі/:
Аудиторияда орындаған есептер бойынша:
Карточкаларға жауап беруін бағалау/жаңа тақырып бойынша сұрау/:
Жал-пы баға-сы:
№: 2
Аты-жөні:
Студенттер-дің теориялық білімін бағалау/ауызша сұрақтар бойынша/:
Тест тапсырмалары/ойларының жүйелілігі/:
Аудиторияда орындаған есептер бойынша:
Карточкаларға жауап беруін бағалау/жаңа тақырып бойынша сұрау/:
Жал-пы баға-сы:

5 Жаңа тақырыпқа мотивациялық сипаттама беріп, тақырыпты түсіндіру(20-25мин)

Тақырыптың мотивациялық сипаттамасы:

Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс - магнит өрiсiн туғызады.

Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе , өткiзгiштер бiр бiрiне тартылады , ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды.

Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.

Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды . Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.

Магнит индукциясының векторы B магнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады.

Сабақтың тезистері:

- Магнит өрісі.

- Магниттік индукция.

- Магнит өрісінің құйынды сипаты.

- Ортаның магниттік өтімділігі.

- Магнит тұрақтысы.

- Магнит өрісінің кернеулігі.

- Магнит өрістерін график түрінде кескіндеу.

Токтардың өзара әсерi. Бұранда және сол қол ережесi. Магнит индукциясы. Магнит өрiсi

Қозғалмайтын электр зарядтары электр өрiсiн туғызады, қозғалатын зарядтар басқа өрiс - магнит өрiсiн туғызады.

Бұған иiлмелi өткiзгiшмен жасалған тәжiрибеден көз жеткiзуге болады. Егер екi параллель өткiзгiштер бойымен бiр бағытта ток өтсе , өткiзгiштер бiр бiрiне тартылады , ал егер ток бағыттары қарама-қарсы болса, онда өткiзгiштер бiр-бiрiнен тебiле бастайды.

Ток өтетiн өткiзгiштер арасындағы пайда болатын әсер магниттiк әсер деп аталады. Бұл жағдайда өткiзгiштердiң бiр-бiрiне әсер ететiн күштерiн магниттiк күштер деп атайды.

Электромагниттiк өрiстiң байқалуының бiр түрiн магнит өрiсi деп атайды . Оның ерекшелiгi болып, ол өрiс тек қана электр заряды бар қозғалыстағы бөлшектер мен денелерге, сонымен қатар қозғалатын не қозғалмайтындығына байланыссыз магниттелген денелерге әсер ететiндiгi табылады.

Магнит индукциясының векторы B магнит өрiсiнiң күштiк сипаттамасы болып табылады.

Магнит индукциясы векторының бағыты ретiнде ток әсерiнен туған кейбiр магнит өрiсiнде еркiн қозғала алатын магнит тiлшесiнiң оңтүстiк S полюсiнен солтүстiк N полюсiне бағыты алынған. Бұл бағыт тогы бар тұйық контурға түсiрiлген оң нормаль бағытымен сәйкес келедi.

p6
:

Оң нормаль бағыты тұйық контурдағы токтың бағыты бойынша айналғандағы оң кесiлген бұранда ұшының iлгерiлемелi қозғалысымен сәйкес келедi

Тогы бар түзу сызықты өткiзгiштiң магнит тiлшесi жазықтығы өткiзгiшке перпендикуляр, ал центрi өткiзгiш өсiнде жатқан шеңбердiң жанамасы бойынша орналасады. Магнит индукциясы векторының бағытын Максвелл ережесi ( бұранда ережесi ) бойынша анықтайды:

егер бұранданы өткiзгiштегi ток бағыты бойынша бұраса, онда бұранда сабының қозғалыс бағыты магнит индукциясы векторының бағытына нұсқайды.

Магнит индукциясы векторының модулi магнит өрiсi тарапынан тогы бар өткiзгiштiң бiр бөлiгiне әсер ететiн максималды күштiң ток күшiнiң сол бөлiк ұзындығына көбейтiндiсiнiң қатынасына тең:

f6_1 (6. 1)

attention
СИ жүйесiнде Магнит индукциясының бiрлiгi ретiнде бiр тесла (1 Тл ) - ұзындығы 1 м өткiзгiш бөлiгiне 1 А ток күшi болғанда өрiс тарапынан F max = 1 H максималды күш әсер ететiн бiртектi өрiстiң магнит индукциясы қабылданған.

Егер B векторлары өрiстiң барлық нүктелерiнде бiрдей болса, магнит өрiсiн бiртектi деп атайды.

Өрiстердiң суперпозиция принципi. Егер кеңiстiктiң берiлген нүктесiнде магнит өрiстерi магнит индукциясының векторлары B 1 , B 2 , B 3 және т. б. болып келген әртүрлi магнит көздерiнен құралса, онда қорытынды магнит өрiсiнiң векторы B мынаған тең болады:

B = B 1 + B 2 + B 3 +… (6. 2)

Магнит өрiстерiн бейне түрiнде кескiндеу үшiн магнит индукциясы сызықтарын пайдаланады.

p6
:

Магнит индукциясы сызықтары - әр нүктедегi жанамалары өрiстiң осы нүктелерiндегi B векторының бағытымен сәйкес келетiндей етiп жүргiзiлген бейне сызықтар. Тұрақты магнит орналасқан қағаз бетiне темiр ұнтақтарын сеуiп, магнит индукциясы сызықтарының толық сутеттер көрiнiсiн көзбе-көз көруге болады . Магнит индукциясының сызықтары әрқашан да тұйық және өрiс туғызатын тогы бар өткiзгiштердi қамтиды. Магнит индукциясы сызықтарының тұйықтығы табиғаттағы еркiн магнит зарядтарының бар болуының дәлелденбегендiгiмен түсiндiрiледi. Тұйық күштiк сызықтары бар өрiстердi құйынды өрiстер деп атайды. Магнит өрiсi құйынды өрiс болып табылады. Бiртектi өрiстiң магнит индукциясының сызықтары параллель болады. Магнит өрiсi потенциалды болмайды , яғни тұйық контурдағы зарядтың орын ауыстыруы бойынша магнит өрiсiнiң жұмысы нөлге тең емес . Магнит тiзбегi деп магнит өрiсi жинақталған кеңiстiктiң аймақтары немесе денелердiң жиынтығы аталады. Магнит тiзбегiндегi магнит ағыны электр тiзбегiндегi ток күшi сияқты рөлдi атқарады. Бет арқылы өтетiн магнит ағыны деп B магнит индукциясы векторының модулiнiң жазық беттiң S ауданына және B және n_small векторларының арасындағы бұрыштың косинусына көбейтiндiсiне тең шаманы айтамыз, мұндағы n_small - жазық бетке түсiрiлген нормаль: f6_3 (6. 3)

attention
СИ жүйесiнде магнит ағынының бiрлiгi ретiнде - бiр вебер (1 Вб ) - өткiзгiштiң көлденең қимасы арқылы 1 Кл электр мөлшерi өткендегi кедергiсi 1 Ом электр тiзбегiндегi нөлге дейiн кемiген магнит ағыны алынады.

Ұқсас жұмыстар
Ампер күші. Сол қол ережесі
Электромагниттік индукция құбылысы
Магниттік өзара әрекеттесу. Эрстед, Ампер тәжірибелері. Магнит өрісінің күш сызықтары
Магниттік индукция
"магнит өрісі" тарауын қайталау
Тік сызықты өткізгіштің магниттік өрісінің күш сызықтары - сымды қармап тұрған концентрлік шеңбер
Физика сабағында оқытудың техникалық құралдарды пайдалану
Электромагниттiк өріс. Құйынды электр өрісі. Электромагниттiк толқындар
Электромагниттік индукция заңы. ленц ережесі
Бірінші топқа қойылатын сұрақтар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz