Мектепалды даярлық тобына арналған сенсорлық тәрбие: геометриялық пішіндерді топтау бойынша оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Мектеп алды даярлық тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің технологиялық картасы. : «Сенсорлық тәрбие»

Тақырыбы : «Геометриялық пішіндерді топтау»

Түзете дамыту мақсаты: геометриялық пішіндерді ажырата білуге, оларға ұқсас заттарды таба білуге, пішіні ұқсас заттарды топтай білуге, пішіндерден бейне құрастыра білуге, түстерін айта білуге үйрету.
Пәнаралық байланыс: Айналамен таныстыру, құрастыру, дене шынықтыру.
Көрнекіліктер : Геометриялық пішіндер, үлестірмелі текшелер, күн, үй, доп, гүл, пирамидалар, компютерден пішіндер ойыны.
Әдіс-тәсілдер: Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, мақтау, ойын, мадақтау, қорытындылау.

Әрекет кезеңдері
Дефектологтың іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Әрекет кезеңдері: Ынталан дыру
Дефектологтың іс-әрекеті: Шаттық шеңбері
Біздер тату боламыз,
Гүлдей жайнап аламыз.
Шаттық құрып шеңберден,
Бір қуанып қаламыз.
Балалардың іс-әрекеті: Балалар шаттық шеңберінде тілектерін білдіріреді.
Әрекет кезеңдері: Іздену-ұйымдас-тырушы
Дефектологтың іс-әрекеті:

: Балалар бүгін біз өзіміз білетін геометриялық пішіндерді және пішіні бір-біріне ұқсас заттарды топтауды үйренеміз. Ол үшін біздер «сыйқырлы пішіндер» еліне саяхатқа барамыз. Барғыларың келе ме?
: Ол жақын жерде мектеп үйінің жанында, сондықтан біз оған жаяу барамыз. Тоңып қалмас үшін тез киінеміз.
Ой, балалар! Жолда кедергілер қар үйінділері көп екен. Одан әрі қарай өту үшін қар үйінділерінің жанындағы пішіндердің атын атап өтуіміз керек. Бұл «Аттамақ» деген ойын. Осы үйінділерден шыға аламыз ба?.

Міне керемет! Мынау алдымызда тұрған «Дөңгелектер әлемі». Сендер бұл жерден нені көріп тұрсыңдар?

Дұрыс балалар. Бұның бәрі қандай пішінге ұқсайды?

Мынау келесі «Үшбұрыштар әлемі» мұнда нені көріп тұрсыңдар?
Осы көріп тұрған таулар, пирамидалар, үйлердің төбесі қандай пішінге ұқсайды?

Ал енді балалар мынау «төрт бұрыштар әлемі» Бұнда нелер бар екен?

Дұрыс айтасыңдар балалар. Біз енді осы сиқырлы пішіндер әлеміне келіп тұрып қалайша бір ойын ойнамай кетеміз? Қане, балалар! « Жоғалған пішінді тап» ойынын ойнайық!

Ойын: «Жоғалған пішінді тап!».
Мазмұны: тақтада үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша пішіндер ілулі тұрады. Балаларға көзін жұмғызып, бір пішінді алып тастаймын. Балалар көзін ашып қай пішін жоқ екенін айтады.
Ойын: «Пішіндерді топтау».
Мазмұны: Әр түрлі пішіндердің, заттардың ішінен бір бала дөңгелек пішіндерді, екінші бала үшбұрышты, үшінші бала төртбұрышты жинайды. Осылайшы іс-әрекеттің мақсатына жетеміз. Картинки по запросу Геометриялық пішіндерді топтау

Балалардың іс-әрекеті:

Иә, барғымыз келеді.

Тез киіну қимылын жасайды.

Картинки по запросу Геометриялық пішіндерді топтау

: Балалар кезекпен қардың жанындағы пішіндерді айтып (үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек, сопақша), қардан аттап өтеді.

Күнді, гүлді, допты, шарды.

Дөңгелекке.

Таулар, пирамидалар, үйдің төбесі.
Үшбұрышты пішінге ұқсайды.

Үйлер, есік, терезе, кітап, дәптер, текшелер, кірпіштер.

Барлығы орындайды.

Балалар кезекпен орындайды

Әрекет кезеңдері: қорытынды
Дефектологтың іс-әрекеті: Балалар біз қайда саяхатқа бардық?
Онда қандай пішііндер бар екен?
Топтау деген не? Сендер пішіндерді топтай аласыңдарма?
Пішіндерді дұрыс айтып, дұрыс топтай білген балаларды мадақтау.
Балалардың іс-әрекеті: Сиқырлы пішіндер әлеміне.
Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.
Ұқсас заттарды жинаймыз.

Күтілетін нәтиже:

Білуі: Пішіндерді ажыратып атауы.
Түсінуі: заттардың бір-біріне ұқсас болуы.
Қолдануы: Әр түрлі заттармен, ойыншықтардан топ құрай алуы.

Мұхит атындағы ОЖББ мектебінің мұғалім - дефектологі: Қобдабаева А. Х


Ұқсас жұмыстар
Мектепалды даярлық тобына арналған Пішіндер әлеміне саяхат ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№11 Кемпірқосақ мектепалды даярлық тобына арналған Дос болайық бәріміз тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобының Түстер әлемі тақырыбы бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Геометриялық пішіндер мен Күзгі ағаш бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобының Үй жануарлары тақырыбындағы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Мектепалды даярлық тобы үшін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық карталары
Түстер әлемі: Бөбек I кішкентайлар тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Көрікті көктем: мектепалды даярлық тобына арналған оқу қызметін ұйымдастырудың технологиялық картасы №11
Математикаға саяхат: 1-5 сандарын, кеңістікті бағдарлау мен геометриялық пішіндерді меңгертуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Орыстілді мектепалды даярлық тобына арналған қазақ тілі пәнінің технологиялық картасы: Менің отбасым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz