Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Көңіл күйімізді жаттықтыру

<<Мен бос уақытымды қалай өткіземін?>>

Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ал оның бос уақытында да жүзегеа сырылады. Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығуүшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналады. Әр адам бос уақытын өзінше бірнәрсеге арнайды. Бірақ, бос уақытты ұтымды етіп өткізу әлдеқайда тиімді. Бос уақытты пайдалана отырып, қоғам, ұжым, отбасы оқушылардың демалысын тиімді етіп ұйымдастырылуына күш жұмсауы қажет. Дұрыс тиімді ұйымдастырылған бос уақыт - олардың рухани өмірін, көзқарасын толықтырылуын қамтамасыз етеді.Баланың бос уақытын оның өз қалауымен өткізуге атсалысу, оған аса мән беру - қазіргі таңның басты мақсаты саналуы тиіс. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде бос уақытты әлеуметтік құбылыс ретінде қарастыру мәселесі әлемдегі барлық ғылымдардың назарын аударып отыр, өйткені қоғамымыздағы әлеуметтік - экономикалық, саяси және мәдени өзгерістер тұлға санасына да жаңаша көзқарас қалыптасуын қамтамасыз етуде.Адам факторының белсенділігін жандандырудың көп шарттарының бірі - бос уақытты тиімді пайдалану. Бос уақыт - бұл жұмыстан немесе оқудан тыс мезгілде өз бетінше білім деңгейі мен мамандығын көтеруге, қоғамдық жұмыстарды атқаруға, дене тәрбиесі мен спортпен айналысуға, шығармашылық еңбек пен бала тәрбиесіне көңіл бөлуге, көркем өнермен айналысуға, көңіл көтеруге бағышталған уақыттың бір бөлігі.Ғылыми - техникалық дамудың жеделдеуіне орай халықтың жұмыстан бос уақытты тиімді пайдалануы К. Маркс айтқандай рухани өмірді және жеке қабілетті дамытудың негізгі қоғам мүшелерінің жан - жақты дамуының басты шарты болмақ. Бос уақытты тиімді пайдаланудың қызықты түрлерінің бірі көркем әдебиет оқу мен теледидар көру болып келеді. Адамдар рухани өмірдің жәй тұтынушысы ғана болмай, оның белсенді жасаушысы да болу үшін оларды міндетті түрде бос уақытты ұтымды пайдалануға дағдыландыру орынды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді өткізу мақсатында 7-8 сыныптардан сауалнама алынды.Сауалнама нәтижесі бойынша 7 сыныптан оқушылардың 75% бос уақытын тиімді өткізетіні анықталды.8 сыныптан оқшылардың 85% бос уақытын тиімді пайдаланып,қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатындықтары анықталды.Саулнама үлгісі:

Сауалнама

Аты-жөні-----------------------
Сыныбы----------------------------
Жасы--------------------------------
Толтырылған күні----------------

Нұсқау: сіздің ойыңызбен сәйкес келетін жауатың астын сызып, керек жерінде
толықтырып отыруға болады.

1. Сіздің сабаққа үлгеріміңіз қалай оқисыз? Үздік, жақсы, орташа, нашар
2. Қандай пәндерді ұнатасың?
3. Қандай пәндерді ұнатпайсың?
4. Қандай үйірмеге қатысасың? Театр, музыка, спорт, би, сурет салу, кесте тігу, мүсіндеу, биология, жас техник
5. Осы уақытқа дейін қандай үйірмеге қатысқан едің?
6. Сыныпта қандай қоғамдық тапсырмаларды орындап жүрсіз?
7. Достарың көп пе? (көп, біреу, бірнеше)
8. Саған қандай кәсіп ұнайды?
9. Қандай әдебиет оқуға құштарсыз? (көркем, ғылыми-көпшілік, шытырман оқиға)!
10. Өз бойыңызда қандай қасиеттерді тәрбиелегіңіз келеді? (мақсаткерлік, еңбексүйгіштік, қажыр, қайрат, адалдық, батылдық)
11. Сізді мына мамандықтың, білімдердің қайсысы қызықтырады: жаратылыс-ғылыми (математика, физика, химия, биология, медицина, экономика, юридиция), гуманитарлық (әдебиет, журналистика, лингвистика, педагогика, психология), өнер (музыка, театр, бейнелеу, вокал, өнірістегі жұмыс).
12. Өзіңді қызықтырған қызмет немесе білім саласын меңгеру үшін не істеп жүрсің?
- ынта- ықыласқа сай оқу пәндерінен мінсіз оқып жүрсіз бе?
- қосымша әдебиеттер оқисыз ба? (ғылыми-көпшілік, ғылыми-техникалық)
- қызықтырған пән жөніндегі үйірмеге қатысасың ба? (қандай)
13. Бос уақытыңызда немен айналысасыз? (сурет салу, техникамен, шеберлік іс, спортпен шұғылдану, музыкалық аспапта ойнау, театрға, музейге, көрмеге, концертке бару, тоқу, киім тігу)
14. Қоғамдық жұмысқа қалай қатысып жүрсіз? (қатыспайсыз, тұрақты тапсырмаңыз бар), берілген тапсырманы соңына дейін орындайсыз ба?
15. Экскурсияға бардыңыз ба? (қайда, қашан)
16. Өндіріс озаттарымен кездесулерде болдыңыз ба? (неше рет, қай кездесу бәрінен көп әсер етті)
17. Сен өзің үшін қандай кәсіпті және одан әрі оқу жолын таңдайсыз?
Негізгі ой-ниетіңіз.....................................................
Екінші ой-ниетіңіз....................................................
Қосымша ой-ниетіңіз...............................................
18. Қалауыңызға ата-анаңыз келісе ме?
19. Ата-анаңыздың ұсынысы қандай...................................

Сонымен қатар оқушылардың эмоционалдық белсенділіктерін арттыру мақсатында, оқушылардың арасында жағымды психологиялық қарым-қатынас орнату мақсатында төмендегідей тренингтер өткізілді.

Көңіл-күй неге ұқсас>>. Ойыншылар олардың бүгінгі көңіл-күйлері неге (қай жыл мезгіліне, ауа райына, табиғаттың құбылысына) ұқсас екенін айтып береді. Ойынды үлкен дер бастаса жақсы болар еді: <<Менің қазіргі көңіл-күйім көгілдір аспандағы жылы, жұмсақ күннің көзіне ұқсайды, ал сенің ше?>>. Жаттығу шеңбер бойымен жалғаса береді. Ойынның сонында жауаптар қорытындыланады, бүгінгі шеңберіміздегі балалардың көңіл-күйі қандай екен: қайғылы, көңілді, күлкілі, ызаланған т.б.Жауаптардың қорытындысын шығарған кезде, жаман ауа райы, суық, жаңбыр, түнерген аспан сияқты элементтер агрессивті, қобалжу күйлердің көрсеткіштеріне назар аударыңыз.

<<Көңіл күйімізді жаттықтыру>>
Мақсаты:Шынайы бейнелеп көрсете білу арқылы көңіл күйімізді жатықтыра алуға арналады.

Жүргізуші:Бүгін мен сендерге актер болуға үйретемін. Мен
сендерге нені көрсет десем, соны бет-әлпеттеріңмен бейнелейсіңдер.
1. Қабақтарыңды түйіп,ашулы адамның кейпін көрсетесіңдер
2. Қатты қорқу қажет.Қасқырдан қорыққан қоян сияқты немесе ұядан түсіп қалған балапан сияқты,мысықтан қорыққан тышқан сияқты және иттен қорыққан баланы бет -әлпеттеріңмен көрсету қажет.
3. Жылап тұрған адамды көрсету.
4. Жәй күліп тұрған адамды және қатты күліп тұрған адамды көрсету
5. Өлең айтып тұрған адамдың сезімін көрсете білу

<<Әйнек арқылы ойыны>>
Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым - ишарамен, мимикамен келесі адамдарғажеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің сәйкестік денгейі қарым - қатынас орната білуге болады.

Ұқсас жұмыстар
Шона Смаханұлының Тәкаппар мысалы
Сүтқоректілер
Көңіл күй кімге және неге байланысты
Көңіл күй суреті жаттығуы
<<мейірімді жүрек>>
Көңіл-күй тренингі
Жапырақтың суретін салу
Табиғат сыры
Сендерге Бір бүлдірген ертегісін айтып берейін
Кінә сезімі
Пәндер