Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Ахмет шығармаларының құдіреттілігін оқушыға сезіндіру
Оңтүстік Қазақстан облысы. Мақтарал ауданы №9 М.Жұмабаев ЖОМ Қазақ тілі пәні мұғалімі: Таукебаева Шолпан
Сабақтың тақырыбы:Ұмытылмас ұлы Сабақтың мақсаты : а) Білімділік: Оқушыларға 1937 жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі-ақын,ғалым, аудармашы,түркітанушы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығын үлгі ету. Ахмет шығармаларының құдіреттілігін оқушыға сезіндіру.
ә)Тәрбиелік: Оқушыларды өз халқын, тілін,туған жерін сүюге, қадірлеуге,Ахмет сияқты ақын,ғалымдарды бағалап,мақтан етуге тәрбиелеу.
б)Дамытушылық: Оқушылардың ойлау шеберлігін,сөйлеу мәдениетін, ұйымшылдық қабілетін арттыру. Көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру.
Көрнекіліктер: Ахметтің портреті,Ахмет туралы жазылған естеліктер. Ахметтің кітаптары қойылған көрме,Ахметтің суреттері,газеттері, тыңдау құрылғысы.
Барысы:
1-жүргізуші:Қадірлі әдебиет сүйер қауым,ұстаздар мен қонақтар.Бүгін сіздер 1937-1938 жылғы Сталиндік қуғын-сүргіннің құрбаны болып, <<халық жауы>> атанған ғалым,ақын,аудармашы,түркітанушы,публицист,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығына байланысты <<Ұмытылмас ұлы есім>> атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!
2-жүргізуші: Ахмет Байтұрсынов - қазақ халқының әлеуметтік өмірі мен мәдениетінде Қазан төңкерісіне дейін де, одан кейін де аянбай адал қызмет еткен ірі қайраткер,үлкен талант иесі,тарихта орны ерекше зор тұлға.
1-жүргізуші: Ол - ең алдымен, қазақ балаларының ана тілінде оқуын жалғастыруға көп күш жұмсаған ағартушы қайраткер. Осы мақсатын орындау үстінде ол қазақ тілін,оның дыбыстық жүйесімен грамматикалық құрылысын баяндап танытқан зерттеуші.
2-жүргізуші: М.Әуезовтың сөзімен айтқанда,қазақ халқының рухани көсемі болған А.Байтұрсыновтың ұланғайыр еңбегі сан саладан көрінеді.
1-жүргізуші: Бүгінгі << Ұмытылмас ұлы есім>> атты ашық тәрбие сағатымызға әр ғылым саласынан ғалымдар келіп отыр. Ендігі кезекті сол кісілерге берсек.
1-ғалым: 1937 жылдың қанды қырғынына ұшыраған есіл ердің бірі-ақын,қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынов 1872 жылдың 5-қыркүйегінде қазіргі Қостанай облысының Торғай өңіріндегі Сартүбек деген жерде дүниеге келген.
Ахметтің әкесі Байтұрсын намысқой,сергек,еті тірі адам болған. Анасы Күңші Құлыбекқызы мейірімді,қарапайым кісі болған.
Көрініс. << Байтұрсынның тұтқындалуы>>
Көрініске қатысушылар: Байтұрсын,Ахмет, жендет, ауыл адамдары.
2-ғалым: Бұл оқиға он жасар бала Ахметтің санасына қатты әсер етеді. Мәселенің түп негізін толық ұқпағанымен ол өмірдегі әділетсіздік пен зорлық-зомбылықты,әлеуметтік теңсіздікті көзімен көріп, көңіліне ой ұялатады.
Әкесінің інісі Ерғазы Ахметті 2 сыныптық орыс-қазақ мектебіне береді.
2-жүргізуші: Алдарыңызда <<Қазағым>> әні. Орындайтын: Асан Мөлдір
3-ғалым: А.Байтұрсынов сот реформасына қатысып, қазақ даласына орыс шаруларын қоныс аударуына қарсылығын білдергені үшін губернатор Троиницкидің бұйрығымен тұтқындалып,Семей түрмесіне қамалады. Бір жылдан кейін қазақ елінен аластатылып, Орынборға жер аударылады. Сол жерде ең жақын достары Ә.Бөкейханмен,М.Дулатовпен бірігіп <<Қазақ>> газетін шығарады.
А.Байтұрсыновтың әрбір қимылын Ресей үкіметі қатаң бақылауға алды. Ол қазаққа жабылған негізсіз жала салдарынан екінші рет абақтыға отырады.
Оқушы: <<Анам хат>> өлеңі
4-ғалым: Патша тақтан түскен соң А.Байтұрсынов қазақ зиялылармен бірге Алаш Орда үкіметінің құрамында болды. Үшінші рет қамауға алынып, Архангельск облысына жер аударылады. Жұбайы мен қызы Томскіге жер аударылады. Көп ұзамай Қызыл Крес коммисиясында қызмет еткен М.Горькидің жұбайы Е.Пешкованың көмегімен босатылады. Отбасымен Алматыға оралып, тұрақты жұмысқа қабылданбай, қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. 1937жылы 8-тамызда тағы да қамауға алынып,екі айдан соң, яғни 8-желтоқсанда атылады.
Ахмет Байтұрсыновтың соңғы хаты (дыбыстық құрылғы арқылы тыңдау)
1-жүргізуші: А.Байтұрсынов тіл білімі саласына ғана емес,әдебиеттану саласына да ғылыми еңбектер жасады.
2-жүргізуші: <<Әдебиеттанытқыш>> атты еңбегі - әдебиеттану ғылымы мен қазақ әдебиеті тарихына арналған тұңғыш зерттеу жұмысы.(5 оқушы ғылыми еңбектеріне шолу жасайды)
1-жүргізуші: А.Байтұрсынов - ақын және мықты ақын. Оның өлеңдері <<Қырық мысал>>, <<Маса>>, <<Үзік>> деген аттармен бірнеше рет жарияланды. (екі оқушы өлеңдерін жатқа айтады)
2-жүргізуші:Қалай да халықты ояту,оның санасына,жүрегіне,сезіміне әсер ету жолдарын іздеген ақын ұлы Абай тапқан соқпақ,орыс әдебиеті үлгілерін пайдалану,аударма жасау дәстүріне мойынұсынады. И.А.Крылов мысалдарын аударып, <<Қырық мысал>> деген атпен Петербургте бастырып шығарады.
1-жүргізуші: Мысалдар әр түрлі аңдар,әр түрлі адамдар кейпінен хабар беріп,ишара тұжырым жасайды. Кісілердің мінезі,өмір ағымы,тағдыр сабағы,заман қабағына қатысты көптеген жайттарды әсіресе,патша отаршыларының зорлық-зомбылығы,жуандардың,байлардың тепкісі,елдің азып тозуына байланысты сарындарда А.Байтұрсынов жұмбақтап,тұспалдап жеткізеді. (үш оқушы мысал айтады)
2-жүргізуші: Адамдық диқаншысы қырға шықтым,
Көлі жоқ,көгалы жоқ қорға шықтым.
Тұқымын адамдықтың шаштым , ектім,
Көңілін көтеруге құл халықтың - деп халық болашағын болжап , көзін ашып, көкірегін оятуға күш салған. Білім нәрін сеуіп, оқу-ғылым жолын бағыттаған ұлы ағартушы-педагог, әдіскер-ғалым Ахмет Байтұрсыновтың ширек ғасырға жуық ғұмыры ұстаздыққа, бала оқытуға арнаған.
Оқушы: <<Оқуға шақыру>>
1-жүргізуші: Ал, енді Ахмет Байтұрсынов жайлы айшықты ойларға кезек берейік. (С.Сейфуллин, М.Дулатұлы, М.Әуезов, С.Мұқановтың пікірлері)
Көрініс: <<Ахметтің түрмеде тергелуі>>
Оқушы: Сол кезеңде <<халық жауы>> деген жаламен ұсталған зиялылардың сүйген жарына, бала-шағасына, туыстарына зобалаң түсе бастады. <<Халық жауының отбасы, туыстары аталғандар жаппай ұсталып, баспанадан айрылып, алапат дүние басталды. Жазықсыз сотталып, бас бостандықтарынан айрылды.
Олар ауыр азап шекті. Қапырық түрме. Темір тор. Күңіренген жоқтау. Ыңыранған дауыс. Ысқырған боран. Мезгілсіз өмірі үзілген сәби. Қатып өлген ана. Түнерген тергеуші. Оларға ең ауыр тигені <<күйеулерінен бас тарту>> талабы еді. Бірақ абзал аналар ол талапты орындай қоймады. Күйеулерінің адал екендерін дәлелдеумен болды.
2-жүргізуші: Арыстарға жасалған қиянат. Аналар басына түскен зобалаң. Азапты өмір. Тағдыр тәлкегіне ұшыраған сәбилер. Ұзақ күттірген арайлы таң.......
Сөз соңында Абайдың: <<Өлді деуге сия ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артында сөз қалдырған>>,- деп төрелігін өзі шешкен Абайдың сөзімен аяқтағым келеді.
1-жүргізуші: Ахмет атамыз - жарқын бейнесімен де, жалынды туындыларымен де бізбен - халқымен бірге мәңгі жасай берері ақиқат.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz