Сабақ жоспары :: Мектеп алды білім беру, бастауыш сыныптар
Файл қосу
Сабақ жоспарлары мен тәрбие сағаттары
Ана тілі
1 сынып
Тақырыбы: І.Жансүгіров <<Жазғытұрым>>
Заттың атын білдіретін сөздер
Мақсаты: 1) Заттың атын білдіретін сөздер жайлы түсінік бере отырып, оларға дұрыс сұрақ қоя білуге үйрету.
2) Түрлі тапсырмалар орындату арқылы ізденімпаздық қабілеттерін, ой-өрістерін дамыту.Есте сақтау қабілеттерін арттыру.
3) Табиғатты сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: қимақағаздар, слайдтар
Түрі: кіріктірілген сабақ
Әдісі: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаңа білімді игерту.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
(психологиялық дайындық)
Шеңбер құрып тұрайық жылы жүзбен,
Бізге келсін қуаныш нұр іздеген.
Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз,
Үлгі алсын басқалар мына бізден.
ІІ. Негізгі бөлім
* Балалар, дәптерімізді ашып ай, күн ретін жазайық. Көркем жазу: Кк
* Енді алдарыңдағы қимақағазбен жұмыс жасайсыңдар. Қимақағаз арқылы сөздік жұмысын орындайсыңдар.
құл н күр к
жұлд з құр қ
от н жұм с
түлк көл к
* Болғандарың назарларыңды тақтаға аударыңдар.Не көріп тұрсыңдар?
(жауап) слайд №1
* Дұрыс айтасыңдар.Бұл төртбұрыштар. Тағы қандай геометриялық фигураларды білесіңдер. Сиқырлы төртбұрыштарда цифрлар жазылған.Әр цифрға сәйкес сұрақтар бар. Сұрақтарға дұрыс жауап берсеңдер, ұяшықтар ашылады.
1.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?Олар нешеге бөлінеді?
2. Дауысты дыбыс түрлерін ата.Жұп дауыстылар?
3. Дыбысты не істейміз?Әріпті ше?Дыбыстан не құраймыз? Буыннан ше?
4. Сөзде қанша буын болады?
5. Сөз қалай айтылады?
6. КР-ның рәміздерін ата.Туда не бейнеденген? Елтаңбада ше?
7. Әнұран қай кезде орындалады?
8. Қар,мұз еріп,
Су көбейіп,
Сай - салаға ағады.
Бүршік шашып,
Жапырақ ашып,
Гүл, бәйшешек басады.
Бөбектерім, айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады?
* Көктемде.
ІІІ. Жаңа сабақ
* Дұрыс балалар. Жылдың неше мезгілі бар?
* Төрт мезгілі бар.(атау, әңгімелеу).
* Бүгін біз сендермен І.Жансүгіров аталарың жазған <<Жазғытұрым>> атты өлеңімен танысамыз. (слайд №2 мәнерлеп өзім оқимын)
* Сөздік жұмысы: желіндейді
(сергіту сәті)
Құстарға біз ұқсайық,
Қане қанат жазайық.
Ұшып - ұшып алайық,
Орнымызға қонайық.
Оқулықпен жұмыс: таңдап оқу (өлең сөздерімен)
1.Қандай жел соғыпты?
2. Жылғалардан не ақты?
3. Қандай құс келіпті?
4. Көк майса не қылды?
5. Мал не қылады?
6. Ауыл қайдан көшті?
7. Апамдар не істеді?
- Жақсы балалар, су, қаз, көк майса, мал дегеннің бәрін бір сөзбен не деуге болады?
- Табиғат
- Табиғатты не істеуіміз керек? (жауап)
- Өлеңнің қай жолдары мына суретке келеді?
- Ал енді көктем көрінісінен нелерді көріп тұрмыз?Кімдерді көріп тұрмыз? Атай қойыңдар.
Кім? Не?
бала ағаш
ана тау
ұя
Мәселелік сұрақ:
* Балалар, мен сендердің жауаптарыңды қалай жаздым? Дұрыс екі бағанға бөліп жаздым. Неге олай жаздым деп ойлайсыңдар? (жауап)
* №3 слайд арқылы жауапты қорытындылау, толықтыру
* Келесі тапсырманы орындайық. №4 слайд бойынша
* Дәптерімізге оқулықтағы 84-жаттығуды орындайық. (айтып отырып жазу)
Көктем келді. Күн жылына бастады.Қар еріді. Жылғалардан су ақты.
ІҮ. Қорытындылау, бағалау (семантикалық карта арқылы)
Кім?
Не?
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау, 85-жаттығу
Ана тілі
4 сынып
Тақырыбы: І. Жансүгіров <<Көктемде>>
М. Хакімжанова <<Көктем жыры>>
Мақсаты: 1. Көркем шығарманы тану, адам мен табиғат байланысын түсіндіру, өлеңдегі табиғат бейнесін айқындау.
2. Оқушының шығармашылық мүмкіндігін, мәнерлеп оқу шеберлігін, өзіндік ізденістерін, сұраққа еркін жауап беру дағдыларын дамыту.
3. Оқушы бойына эстетикалық құндылықты, экологиялық танымын дарытып, табиғатты құрметтеуге, аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдері: сын тұрғысынан ойлау, сезім арқылы дамыта оқыту, міселелік сұрақтар
Көрнекілік: авторлар портреттері, сызбалар, ауылымыздың табиғаты бейнеленген слайдтар, бейнетаспа
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, бейнелеу өнері
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық. Бір-біріне сәттілік тілеу
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау
* Балалар, біз қандай бөлімді бітірдік?
* <<Әдептілік,ар-ұят - адамдықтың белгісі>>
* Ақын-жазушыларымыздың қандай шығармаларымен таныстық?(шығармаларды атау)
* Осы бөлімде нені үйрендік?
* Жақсы. Сендерге <<Маған ұнаған шығарма>> атты эссе жазуға берілген болатын.Кім оқиды? (4-5 оқушыға эсселерін оқыту)
* Енді, балалар, мына суретке қарап отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңдер. (табиғат бейнеленген суреттер слайд арқылы көрсетіледі)
<<Ой қозғау сұрақтары>>
* Табиғат дегеніміз не?
* Табиғатты не құрайды?
* Табиғат пен адам байланысы бар ма?
ІІІ. Жаңа сабақ
* Бүгін мен сендерді табиғат аясына шақырамын. <<Жер-ананы>> ақ көрпесімен жауып, енді, міне айқара ашып, қай мезгілді әкелді?
* Көктемді
(слайдтан <<Менің ауылымның көктемі>> көрсетіліп жатады)
- Бүгінгі сабақта біз : І. Жансүгіровтың <<Көктемде>> және
М. Хакімжанованың <<Көктем жыры>> атты өлеңдерімен танысамыз.
(слайдтағы кесте арқылы авторлардың өмірдеректерімен танысады)
* І. Жансүгіровтың <<Көктемде>> өлеңін мұғалім мәнерлеп оқиды.
* Сөздік жұмысы : шымайт, құмайт, мал балалап, өкіріп
* Оқушылар өлеңді кезек оқиды
* Әр оқушының алдына жеке қимақағаз беріледі. Сол бойынша топтастыру жұмысы жасалады.
Көктемде
* М. Хакімжанованың <<Көктем жыры>> өлеңін мұғалім оқиды.
* 1-2 оқушы мәнерлеп оқиды.
* Жеке қимақағазға бейнелеу сөздерді теріп жазады.
Көктем жыры
* Міне, балалар, өлеңдермен таныстық. Енді сұрақтарға жауап берейік.
* Ақындар көктемнің келгенін табиғатта болған қандай өзгерістерден байқатады?
* Жан-жануар, құстар өмірінді қандай өзгерістер бар екен?
* Балалардың еңбек қуанышы жөнінде қай жолда айтылған?
* Сурет салар болсаң не салар едің?
* Тағы қай ақынның көктем туралы өлеңдерін білесің?
ІҮ. Қорытындылау, бағалау
* Көрікті көктем мезгілі жайлы тағы қосымша білім алдыңдар. Қыс бойы қар көп жауса, көктемде су тасқыны қаупі болады. Су тасқынын болдырмау үшін қандай шара қолданылады?
* Адамдар өз үйлерінің маңайындағы қарды тазалап, су ағатын арықтар жасап отыруы қажет.
Үйге тапсырма: өз қалауың бойынша 1 өлеңді жаттау.
І топ: <<Көктем>> тақырыбына сурет салу
ІІ топ: Венн диаграмасын толтыру
ІІІ топ: <<Менің ауылымның көктемі>> атты шығарма жазу
2 сынып
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: Табиғат - тал бесігім (экологиялық сайыс)
Мақсаты: 1. Табиғатты сүйіп, адам өмірі табиғатпен тікелей екенін түсіндіру
2. Танымдық қабілеттерін, ойлау белсенділіктерін дамыту
3. Табиғатты қорғауға, туған өлкесін сүюге баулу, тәрбиелеу.
Сайыс барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Бұл Жарма құт мекенім, өскен елім,
Гүлшоқты жазиралы асқар белі
Айдынды мұз мұхиты болмаса да
<<Сабынды>> ерекше ыстық айна көлім.
Өзегі өлеңімнің сен ғанасың
Кім жатырқап, жек көрер өз баласын.
Жерің жастық, шалғының көрпе болып
Үйреткен табиғатың сөз данасын - деп, жерлес ақынымыз Мәуітқазы Зүкенов ағамыз жырлағандай, Жарма табиғаты көркем де бай.
<<Туған жердің күні де ыстық,
Түні де ыстық>> демекші, туған өлкеміздің табиғатын зерттеп, оның байлықтарын қорғау біз бен сіздердің міндеттеріңіз. 2 <<А>> сыныбында өтетін <<Табиғат-тал бесігім>> атты экологиялық сайысқа қош келдіңіздер.Сайысқа екі топ қатысады. Олар:
1.Өсімдіктер
2.Құстар
Сайыс шарттары:
І. Таныстыру
ІІ. Табиғат жайлы өлеңдер (кезек айту)
ІІІ. Үй тапсырмасы (әр топ өз жұмысын қорғайды. <<Біздің өлке құстары>>, <<Дәрілік өсімдіктер>>)
ІҮ. Топ басшылары сайысы (<<Орманды қорғау>>; << Шар өзенін қорғау>>)
Ү. Экологиялық мазмұнды есептер шығару
ҮІ. Халықтық ырымдар мен тыйымдар (кезек айту)
ҮІІ. Қорытындылау, марапаттау
Тәрбие сағаты
3 сынып
Тақырыбы: Балалықтың қанына ойын азық
Мақсаты: 1. Оқушыларды ізденуге, өзін - өзі басқаруға талпыныс жасауға үйрету.
2. Ойын арқылы балалардың ой-өрісін, шығармашылық белсенділігін дамыту.
3. Бірлікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: әр ойын түріне байланысты слайдтар
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
ІІ. Кіріспе сөз
Қазақ ауыз әдебиетінің ғасырлар қойнауынан сүрінбей өтіп,өзінің үрдіс дәстүрін сақтағанайрықша саласы - балалардың ойын фольклоры.Басқа да мұралар сияқты оның да тарихы ұзақ. Ойын фольклорының қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты. Халықтық педагогиканың көрінісі балалардың ойын - сауық жырларында жатыр деуге болады.
Ұрпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Әрбір қоғам балаларға қамқорлық жасап отырады. Соның бір айғағы Президентіміз Н. Ә. Назарбаев өз жолдауларында балалардың мектепке толық баруын қамтамасыз ету және мектептердегі оқу-тәрбие үрдістеріне, білім сапасының жоғары болуына аса көңіл бөледі. Осы орайда мемлекеттік тіл қазақ тілін дамытуды, ұмыт бола бастаған салт - дәстүрді, ата - бабалар өсиетін жалғастыруды негізгі мақсат етеді.
Балаларды ептілікке, тапқырлыққа баулитын отырып та, қозғалып жүріп те ойналатын түрлері аса мол. Олардың арасында түрлі заттарды пайдалану арқылы және сөзбен ойналатындары да бар.
Сөзге негізделген ойындардың басты мақсаты - балаларға дұрыс сөйлеуді, іс - әрекеттерді түсінікті, жатық етіп сипаттауды үйрету, сөйлегенде шешен, тапқыр болуға тәрбиелеу.
ІІІ. Негізгі кезең
Санамақ - Жас баланың қолын ұстай отырып, саусақтарына ат қойып, оларды бірде бүгіп, бірде жазып ойнау арқылы баланың көңілін аулау мақсатында ойналады.
Мысалы:
Қуыр - қуыр - қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ, балалы үйрек,
Ортан терек, шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр, қойыңа бар!
Сен тұр, қозыңа бар!
Сен тұр, жылқыңа бар!
Сен тұр, сиырыңа бар!
Сен тұр, түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар ....
Мына жерде қатық бар ...
Мына жерде қытық бар ...
Қытық ,қытық, қытық!
Сұрамақ - бұл ойын санамаққа жақын. Көбінесе 8-9 жасар балалар арасында сұрақ - жауап түрінде ойналады.Сұрамақ жан - жануарлар мен табиғат құбылыстарына балалардың өзінше берген жауап түсінігі іспеттес.
Мысалы:
* Түлкі, түлкі, түлкішек,
Түнде қайда барасың?
* Апам үйіне барамын.
* Апаң саған не береді?
* Ешкі сауып сүт береді.
* Оны қайда қоясың?
* Тал түбіне қоямын.
* Ит ішсе не қыласың?
* Бақан алып қуамын.
* Жеткізбесе қайтесің?
* --------------------------------------------------------------------------------
Жылай - жылай қоямын.
* Бақа , бақа, балпақ, басың неге жалпақ?
* Темір қалпақ көп киіп, басым содан жалпақ
* Бұтың неге талтақ?
* Көп көсіліп үйімде,
* Бұтым содан талтақ.
* Көзің неге тостақ?
* Қырдан қарауыл көп қарап,
Көзім содан тостақ.
Қаламақ - арқылы әр ойында балалар атқаратын қызметін, кімнің ойынға кіріп, кімнің шығатынын біледі. Ең соңында қалған оқушы шарт бойынша қызмет орындайды.
Мысалы:
1,2,3,4,5 ......10
Қыздар киген қызыл тон.
Қызыл тонның бағасы
--------------------------------------------------------------------------------
152 сом.
Апам шелпек пісірді
Санап көрсем он екі

1,2,3,4 ......... 12
Алма кетті домалап,
Көше бойын жағалап.
Кім алманы табады,
Сол ойыннан шығады.
Айтыс - балалар ойындарының үлкендер фольклорына жақындауы. Балалар айтысының мәтіні көбінесе жаттамалы болып келеді.
Мысалы:
* Домбырам басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Бұлғаса да бармаймын,
Әлдене деп қарғайды.
* Домбырам басы ырғайды,
Қыздар қолын бұлғайды.
Шақырғанда бармасаң,
Көк шешек деп қарғайды.
* Ол қарғысың өзіңе,
Екі қара көзіңе.
Қыз қарғысы өтпейді,
Маған тіпті жетпейді.
* Кәмпитімнен бермеймін,
Енді саған ермеймін.
Сеніменен айтысуға

Маңайына келмеймін.
Аңдардың айтысы
Автор: Кәрі еменнің түбінде
Кәрі аюдың інінде.
Бас қосыпты көп аңдар,
Айтысыпты көп аңдар.
Қоян: Мен қоянмын,
Жорыққа түнде шығамын.
Қалдырмаймын ізімді,
Өйткені мен қорқамын.
Түлкі: Мен түлкімін,
Біреуді алдаймын,
Екіншіңді алдаймын.
Қасқыр: Мен қасқырмын,
Аң ішінде арқармын.
Талай қойды бауыздап,
Үйге әкеліп асқанмын.
Аю:Мен аюмын,
Оңай маған баю.
Мал ішінде жүремін,
Балды ішінен сеземін.
Кірпі: Мен кірпімін,
Көрінгенге түрпімін.
Үстім толы ине,
Есің болса тиме.
Бәрі: Ал қыс түсті,
Ұиын болар қар түсті.
Жортуылға шығайық,

Тамақ тауып алайық.
Асық ойындары - қазақ даласында кең тараған.Бұл ойын тапқырлықты, ептілікті қажет етеді. Тазартылып, боялған асықтар пайдаланылады. Асықтың жату тәртібін үйренеді.(бүк, шік, алшы, тәйкі)
Мысалы:
Асық ату
Аумағы екі-үш қадамнан тұратын дөңгелек көн сызылады. Ортасына әр ойыншы келісім бойынша ек-үштен (не одан да көп) асық тігеді. Сақасын иіру арқылы кезегін алған ойыншылар он - он бес қадамдай қашықтықтан тігілген асықтарды сақамен ата бастайды. Ойыншы сызықтың сыртына шыққан асықты ғана алады да, ары қарай сақасының жатқан жерінен (егер сақа сызықтың ішінде жатса, онда сызықтың сыртына ғана атуға болады) қайтадан ата бастайды. Егер ойыншы бірде - бір асықты дөңгелек көннің сыртына шығара алмаса, ойыннан шығады.
ІҮ. Қорытынды
Ойын фольклорының өміршең қызметі де оның ең алдымен жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу ісімен байланысты болуында. Халықтың этикасы мен эстетикасының, педагогикасы мен психологиясының, әдет-ғұрпы мен наным - сенімдерінің көрінісі балалардың ойын-сауық жырларында жатыр десек асыра айтқандық емес.
Кел, балалар, ойнайық,
Ойнайық та, ойлайық!

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz