8-сынып физикасы: 1 және 2-нұсқаға арналған тест сұрақтары мен жауаптары

1- нұсқа

1. Қандай қозғалысты жылулық қозғалыс деп атайды ?

А. Жылы ауаның қозғалысын; В. Сыртқы күштің әсерінен болатын қозғалысты; С. Молекулалардың ретсіз қозғалысын; Д. Жылулық сәулеленуді; Е. Броундық бөлшектердің қозғалысын .

2. 50 К температураны Цельсий шкаласы бойынша өрнектегенде қандай температураға сәйкес келеді ?

А. 323 0 С ; В. -223 0 С ; С. 50 0 С ; Д. -50 0 С ; Е. 223 0 С .

3. Массасы 200 г затты 10 0 С-тан 20 0 С -қа дейін қыздыру үшін 760 Дж жылу қажет . Заттың меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңыз .

А. 760 Дж/кг 0 С ; В. 0, 76 Дж/кг 0 С ; С. 380 Дж/кг 0 С ; Д. 0, 38 Дж/кг 0 С ; Е. 3, 8 Дж/кг 0 С .

4. 5 кг бензин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді ? Бензиннің меншікті жану жылуы 4, 6*10 7 Дж/кг .

А. 23 кДЖ ; В. 23 МДж ; С. 230 мДж ; Д. 230 кДж ; Е. 230 МДж .

5. Егер газдың көлемін өзгертпей, температурасын арттырсақ, оның қысымы қалай өзгереді ?

А. Артады ; В. Кемиді ; С. Өзгермейді ; Д. Бастапқыда артады, содан кейін кемиді;

Е. Қысымның өзгерісі газдың құрылымына тәуелді .

6. Жылу қозғалтқышының пайдалы әсер коэффициенті 30 %, жұмыстық дене қыздырғыштан 5 кДж жылу алды . Жұмыстық дененің жасаған жұмысын анықтаңыз .

А. 15 Дж; В. 1500 Дж ; С. 150 Дж ; Д. ≈ 67 Дж ; Е. 0, 15 Дж .

7. Іштен жанатын қозғалтқыщтың қай тактісінде жұмыс жасалады ?

А. Сору; В. Сығу; С. Жұмыстық жүріс; Д. Шығу; Е. Сығу және жұмыстық жүріс .

8. 2 МПа тұрақты қысымда газ көлемі 2-ден 12 м 3 -ге дейін артты. Газдың осындай ұлғаюы кезіндегі жұмысты анықтаңыз .

А. 2 МДж ; В. 0, 2 МДж ; С. 2*10 -3 Дж ; Д. 20 МДж ; Е. 24 МДж

9. Қыздырғыш температурасы 427 0 С және суытқыш температурасы 27 0 С болатын жылу машинасының ПӘК-і қандай ?

А. 70 % ; В. 43 % ; С. 94% ; Д. 6 % ; Е. 57 % .

10. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы қандай формуламен анықталады ?

А. ϕ=(m /m 0 ) 100% ; В. ϕ=( p / p қ ) 100%; С. ϕ=( ν/ν қ ) 100% ; Д. ϕ=(T / T 0 ) 100% Е. ϕ=(Q /Q қ ) 100%

11. Электроскоптың өзегіне денені жақындатқанда оның жапырақшалары төмен қарай түседі . Бұл жағдайды қалай тұжырымдауға болады ?

А. Аттас зарядты дене жақындатылған ; В. Заряды жоқ дене жақындатылған

С. Жерге орнықтырылған дене жақындатылған ; Д. Жерге орнықтырылған диэлектрик жақындатылған ; Е. Кез-келген дене жақындатылған .

12. Қай суретте зарядталған бөлшектердің әрекеттесуі дұрыс кескінделген ?

C:\Documents and Settings\Orakbayev.SOW\Local Settings\Temporary Internet Files\Content.Word\Изображение 039.jpg А. 1 ; В. 2 ; С. 3 ;

Д. 1, 2 ; Е. 1, 3 .

13. Оңашаланған өткізгішке 2*10 -9 Кл заряд беріп, 100 В потенциалға дейін зарядталды. Өткізгіштің электр сыйымдылығын табыңыз .

А. 20 кФ ; В. 20 мФ ; С. 20 мкФ ; Д. 20 нФ ; Е. 20 пФ .

14. Бөлмеде үш қыздыру шамы бар люстра, теледидар және үтік электр тізбегіне жалғанған. Олар бір - біріне қатысты қалай жалғанған ?

А. Бәрі параллель ; В. Бәрі тізбектей ; С. Шамдар параллель, ал үтік пен теледидар тізбектей; Д. Шамдар мен үтік - тізбектей, ал теледидар - параллель; Е. Шамдардың қосылуы аралас, ал үтік пен теледидар - параллель

15. Өткізгіштің көлденең қимасы арқылы 15 секундта 120 Кл электр заряды өтеді . Тізбектегі ток күші неге тең ?

А. 1, 8 кА ; В. 18 А ; С. 180 мА ; Д. 8 А ; Е. 8 Дж .

16. Кернеудің өлшем бірлігі қандай ?

А. Ватт ; В. Ом ; С. Вольт ; Д. Ампер ; Е. Джоуль .

17. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 0, 1 мм 2 сымның кедергісін анықтаңыз . Сымның меншікті кедергісі - 5*10 -7 Ом*м .

А. 500 Ом ; В. 50 Ом ; С. 5 Ом ; Д. 0, 5 Ом ; Е. 2*10 -5 Ом .

18. Қуаты 0, 5 кВт электр қыздырғыш 90 с ішінде қанша жылу бөледі ?

А. 45 Дж ; В. 19800 Дж ; С. 11 Дж ; Д. 450 Дж ; Е. 45000 Дж .

19. Тізбектегі ток күшін есептеуге арналған құрал -

А. Вольтметр; В. Амперметр; С. Омметр; Д. Электр есептегіш ; Е. Ваттметр .

20. Электр шамнан 300 Кл заряд 10 минут ішінде өтеді . Ток күші неге тең ?

А. 30 А ; В. 0, 5 А ; С. 3 А ; Д. 0, 05 А ; Е. 0, 3 А .

21. Линзаның оптикалық центрінен 10 см ара қашықтықта, бас оптикалық осьте, Күннің кескіні алынды . Линзаның фокус ара қашықтығы қандай ?

А. 0 ; В. 5 см ; С. 20 см ; Д. 10 см ; Е. Шексіз үлкен .

22. Күн сәулесі айна бетіне 30 0 бұрышпен түседі. Шағылу бұрышы неге тең ?

А. 150 0 ; В. 120 0 ; С. 90 0 ; Д. 60 0 ; Е. 30 0 .

23. Жарықтың сыну заңы қалай өрнектеледі ?

А. sinα/sinβ = n; В. sinα/cosβ = n ; С. cosα/sinβ = n ; Д. α/β = n ; Е. cosα/cosβ = n .

24. Электромагнитті ойлап тапқан кім ?

А. Х. Эрстед; В. А. Ампер; С. Д. Араго; Д. М. Фарадей ; Е. У. Стерджен .

25. Катушкадан өтетін магнит өрісінің өзгерісінде индукциялық ток пайда болады . Осы құбылыс қалай аталады ?

А. Электростатикалық индукция ; В. Магниттеу құбылысы ; С. Өздік индукция ; Д. Магниттік индукция ; Е. Электромагниттік индукция .

2-нұсқа

1. Күннен Жерге берілетін жылу берілуі қандай жолмен жүзеге асырылады ?

А. Жылу өткізгіштікпен; В. Сәулеленумен; С. Конвекциямен; Д. Жоғарыда аталған жолдармен; Е. Диффузиямен .

2. Сұйықтың кебу жылдамдығы неге тәуелді ?

А. Тек қана сұйықтың тегіне ; В. Тек қана температураға ; С. Тек қана сұйықтың еркін бетінің ауданына ; Д. А, В, С және желдің болуына ; Е. Тек қана температураға және ауданға

3. 168 кДж жылу мөлшерін бере отырып, қанша мөлшердегі суды 10 0 С-қа қыздыруға болады ? А. 8 кг . В. 4 кг ; С. 2 кг ; Д. 40 кг ; Е. 20 кг .

4. Массасы 2 кг кірпішті 20 0 С -тан 120 0 С -қа дейін қыздыру үшін қанша жылу мөлшері қажет ? Кірпіштің меншікті жылу сыйымдылығы - 750 Дж/(кг* 0 С) .

А. 30 кДж ; В. 150 кДж ; С. 180 кДж ; Д. 210 кДж ; Е. 480 кДж .

5. Газ адиабаталық сығылғанда оның көлемі 2 есе азайды . Осы кезде қысым қалай өзгереді ?

А. Өзгермейді ; В. 2 есе кемиді ; С. 2 есе артады ; Д. 3 есе артады ; Е. 3 есе кемиді 6. Газ көлемін 0, 3 м 3 -ден 0, 7 м 3 дейін ұлғайтты . Осы кездегі газдың жұмысы 400 Дж . Газ қандай қысымда болды ? Жұмыс орындалу барысында қысым өзгермеді деп есептеңіз

А. 1600 Па ; В. 160 Па ; С. 280 Па ; Д. 120 Па ; Е. 1 кПа .

7. Газға 300 Дж жылу мөлшері берілгенде, оның ішкі энергиясы 200 Дж-ге артты . Газдың атқарған жұмысын анықтаңыз.

А. 0 ; В. 200 Дж ; С. 100 Дж ; Д. 300 Дж ; Е. 500 Дж .

8. Қаныққан және қанықпаған булардың арасындағы айырмашылығы неде ?

А. Қаныққан будың тығыздығы көбірек ; В. Қаныққан будың қысымы көбірек ; С. Қаныққан бу өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болады; Д. Қаныққан бу атмосферамен динамикалық тепе - теңдікте болады ; Е. Қаныққан будың температурасы көбірек .

9. Температурасы 19 0 С су буының қысымы 1, 1 кПа - ға тең . Қаныққан будың осы температурадағы қысымы - 2, 2 кПа . Бөлмедегі салыстырмалы ылғалдылық қандай ?

А. 20, 9 % ; В. 11 % ; С. 19 % ; Д. 22 %; Е. 50 % .

10. Денелердің электрленуін байқауға арналған аспап -

А. Кинескоп ; В. Кодоскоп ; С. Телескоп ; Д. Электроскоп ; Е. Спектроскоп .

11. Гальвани элементтерінде зарядталған бөлшектердің бөлінуі қалай жүзеге асады ?

А. Механикалық энергия арқылы ; В. Химиялық энергия арқылы ; С. Ішкі энергия арқылы ; Д. Ядролық энергия арқылы ; Е. Химиялық және ядролық энергиялар арқылы .

12. 3*10 -6 Кл нүктелік зарядтан 10 см қашықтықтағы электр өрісінің кернеулігін анықтаңыз. ( k = 9*10 9 Нм 2 /Кл 2 )

А. 2, 7*10 4 Н/Кл ; В. 2, 7*10 5 Н/Кл ; С. 2, 7*10 6 Н/Кл ; Д. 270 Н/Кл ; Е. 2, 7*10 3 .

13. Шамасы 4 Кл заряд потенциалы 40 В нүктеден потенциалы 0 В нүктеге орын ауыстырғанда электростатикалық өрістің күші қандай жұмыс атқарды ?

А. 80 Дж ; В. 16 Дж ; С. 0 Дж ; Д. 160 Дж ; Е. 10 Дж .

14. Пәтердегі электр желісін айыратын автоматтар қалай жалғанады ?

А. Тізбектей ; В. Параллель ; С. Біреуі тізбектей, ал екіншісі параллель ; Д. Аралас ; Е. Автоматтар еркін қосылады .

15. Ток күшінің өлшем бірлігі -

А. Ватт ; В. Ампер ; С. Вольт ; Д. Ом ; Е. Джоуль .

16. Кедергісі R 1 =1 Ом резистор арқылы 3 А ток өтеді . Кедергісі R 2 = 4 Ом резистор арқылы өтетін ток күшін анықтаңыз .

А. 1 А ; В. 3 А ; С. 4 А ; Д. 0 ; Е. 2 А .

17. Ұзындығы 100 м, көлденең қимасының ауданы 2 мм 2 алюминий сымның кедергісін анықтаңыз . Алюминийдің меншікті кедергісі - 0, 028*10 -6 Ом*м .


Ұқсас жұмыстар
Фонетика пәні бойынша 1-5 нұсқаға арналған тест сұрақтары
6-сынып информатикасы: І жартыжылдыққа арналған тест сұрақтары мен жауаптары
11-сынып географиясы: емтихандық тест сұрақтары мен жауаптары (6 нұсқа)
7-сынып физикасы: I-VI нұсқаға арналған көп таңдаулы тест тапсырмалары
Информатикадан үш нұсқалы тест сұрақтары мен дұрыс жауаптары
5, 7 және 9 сынып математикасы: көп нұсқалы тест сұрақтары мен жауаптары
8 сынып: Қазақстан тарихы бойынша І тоқсандық тест тапсырмалары (2 нұсқа) және жауаптары
11-сынып, 1-тоқсан: информатика және жасанды интеллект бойынша тест сұрақтары (1-2 нұсқа)
8-сынып биологиясы: 5 нұсқа бойынша емтихан сұрақтары мен жауаптары
2-сынып (2-жартыжылдық) Ана тілі пәнінің тест сұрақтары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz