Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
Отбасынан алған өнегелі тәрбие - ұрпақ үшін баға жетпес байлық
Мұнайлы ауданы
№ 6 орта мектебі
Турманова Гулайым Тажбеновна
Қазақ тілі әдебиеті пәні мұғалімі
Байланысы тел: 8 702 729 55 67
Ұрпақ тәрбиесі - ұлт болашағы
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Н. Ә. Назарбаев
Адам баласының жарық дүниеге деген жанашырлық,сүйіспеншілік сезімі отбасынан дарып, ес біліп,етек жапқанда туған аулын,табиғатын жақсы көруден басталса керек.
Халқымыз <<Бала- ата-ананың айнасы>> деп бала тәрбиесіне де енжар қарамаған. Ал әке мен шешенің міндеті баланың ден саулығы мен бірге рухани жақтан да дамуына негіз болу - жол көрсетіп отыру. Өзі көрсеткен жолдың дұрыс- бұрысына мән беретін, көз жеткізетін тәжірибе барлық ата-анада жетісе бере ме? Менің айтпағым, отбасында берген тәрбиесінің нәтижесін,яғни түзу- қисығын баласы өскенде ғана біліп, бірі риза болса, енді біреулері бармақ тістеп өкінетіні . <<Халық айтса,қалт айтпайды>> дегендей,ата- бабамыздан келе жатқан ұлттық тәрбиеге мән беріп,үлкендер сөзіне де құлақ асып, жан-жақты тәжірибе жинап,ұрпағымызға түзу жол көрсету- әрбіріміздің міндетіміз. Осылай өсіп жетіліп, тізбектей сызылған түзу жол баршаға бірдей бұйыра берсе,өскен сайын самғап,қонар асуға ұмтыла берсе, табиғаттың тылсым күші бар екенін сезетін жан да болмас па еді, кім білсін?. Кедір-бұдыры мен бұралаңы көп сол жолдан адасып, өз бетінше жол іздеп, оны табуға өмірінің қанша бөлігі кететін жолаушылар да жоқ емес.
Бұл-тағдыр. Бірақ ,әркім өз тағдыры үшін ештеңеге мойымай күресе білсе, ертегілердегі ерлерше жеңіске жетер ме еді? Кейде сол өмірдің ертегілердегі шытырман оқиғалардан шыға алмай, тағдырдың тәлкегіне түсіп жататындар қаншама?!
Менің айтпағым, қазіргі кездегі кейбір отбасындағы келеңсіздіктер мен сәтсіздіктер жайы, яғни, осылардың бала тәрбиесіне кері әсері.
<<Үйлену оңай, үй болу қиын>> дейді ғой халқымыз, сол айтқандай қазіргі кезде жасы жетіп үйленсе де жауапкершілікті сезінбейтін жастарымыз көп. Бұрын <<он үште отау иесі>> деп балаға жауапкершілікті ерте сезіндірген, тіпті сезінбеген күнде де әке-шешесінің айтқанын ұл да, қыз да жерге тастамаған, соның арқасында отбасында мейрімділік пен қомқорлық, бір-біріне деген жылулық сақталған. Бірінің кемшілігін бірі жауып отырған.
Ал қазіргі кезде баламыз жиырма жасқа келсе де жас көреміз, өйткені өз міндетін түсінбейтіндері көп. Ел қамқоры болар ер азаматтарымыздың отбасын ойламақ түгілі қара басын алып жүре алмай, тапқан табысын үйінен жасырып құмар ойындарға құртып, немесе араққа салынып,отбасының берекесін кетіріп, үйінің тоз-тозын шығарып жүргендерін де көріп жүрміз. Олар ата-анасының да айтқанын тыңдамайды.Бала-шағаның алдындағы жауапкершіліктің қандай екенін білгісі де келмейді. Осы жайттарды көргенде мен бұған қоғамды кінәлаймын. Ұрпақ алдында ұяламын. Себебі, ақша табудың оңай жолы деп, арақ-шарапты дүкендерде сатып, сол құмаройын орындарын заңды түрде ашып беріп отырған өзіміз емес пе? Кәсіпкерліктің бір түрі деп оны қолдап отырғандар неге ойламайды? Осындай келеңсіз отбасында бала қандай тәрбие көреді,салдарынан отбасы ажырасады,кесірі балаға тиеді. Ол баланың сабақ оқуға құлқы болмайды,шын шаттанып күле де алмайды , қабағында қалың мұң ұялап тұрады.
Мен өзімнің отыз жылдық ұстаздық тәжірибемде ұққаным: балаға ата-ананың мейірімі мен жылуы жетіспейтіндігі салдарынан шыдамсыз, сабырсыз, күйгелек болып, бала мінезінде қиыншылықтардың көп кездесуі.
Кейде, толық отбасы болған күнде де бала алдындағы міндетін: қатарынан қалдырмай киіндірсем, тамақ тауып берсем, қалтасына ақша салсам болды, білім мен тәрбие беру- мұғалімдердің жұмысы деп ысырып тастайтындары да кездесіп жатады. Баланың мінезіндегі өзгерістерді байқап, сөйлесуге шақырсаң, мән -жайды түсінбей өзіңе жабыса кетуге дайын тұратын ата-аналар да бар.
Біз-ата-аналар, қоғамның қарқындап дамуына байланысты жан-жақты болуымыз керек, әрине. Бірақ олардың бәріне көз ілеспес уақыт пен төзім керек. Сол таптырмас алтын уақытты өз баламызға қаншалықты бөлеміз. Ол тек өзімізге аян. Отбасынан алған өнегелі тәрбие- ұрпақ үшін баға жетпес байлық.Әке мен шешенің арасындағы ынтымақтастық, сүйіспеншілік, сыйластық- тәрбиенің бастауы.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтып жатқанына да куә боламыз,ал бала алдында дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың салдарынан, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егетінін түсінбей жатады. Осындай жайттарды көргенде қынжыласың.
Отбасындағы, ұрпақ алдындағы өз орнын ата-аналар сезіне біліп, аналар балаларға: <<әкеңмен ақылдас>>, <<әкең біледі>>, <<әкеңнің айтқанын істе>> т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты <<Абай>> эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала - Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: <<Әй,шырағым балам, ар жағыңда әкең тұр... Сәлем бер! - дейді.
Абай жалт қарап барып жаңа көрді.Анадай жерде, қонақ үйдің сыртында, қасында екі-үш үлкен кісі бар- әкесі- Құнанбай тұр екен. Ыңғайсыздықпен қысылып қалған бала шешесінің сондайлық салқын сабырының мәнін ұқты да, әкесіне қарай тез бұрылды>> деп жазады. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
--------------------------------------------------------------------------------
Начало формы
Жеке адамның бойындағы ар-ұятын, ақыл-ойын ,адамгершілігін , мәдениеттілігін тәрбиелеуде отбасының рөлі зор. Отбасы - өте қажетті, басқадай еш нәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.
Отбасын Отанның кішкентай бір бөлшегі ретінде қарастырамыз.
Осы орайда, бала кезімде өз отбасымнан көрген тәрбиені, ата-ананың тағылымын келтіріп өтсем деймін.
Біз -бір ата-анадан тоғыз ағайындымыз.
Әкем соғыстан соң тылда еңбек еткен,әкеден жастай айырылып, көптеген қиыншылықтарды басынан өткерген соң совхозда тракторшы болып еңбек еткен жан еді. Өзінің балалық шағында орындалмаған армандарына біздер-балалары қол жеткізсе екен деп ,әкелік ақ ниетімен бізді оқытуға бар күшін жұмсады. Ал, анам- отбасындағы тоғыз баланың тәрбиешісі,үйдің берекесі, ауылдың үлгі тұтар келіні аталған. Әкем әрқашан да балаларына сынай қарайтын. Анамның әкемді сыйлайтыны соншалық ол жұмыстан келгенде үй таза, дастарқан жайылып, шәй дайын тұратын. Ата - ананың арасындағы дауыс көтерген ұрыс-керіс түгілі, ренжіскенін бала болып көрмеппін. Әлде бізге ешнәрсені көрсетпеді ме оны білмедім, бірақ мен жасымнан сезімтал,сергек болып өстім. Кім не айтса да оны жүрегіммен қабылдайтынмын. Ата-анамның үйге келген қонаққа деген ілтипаты өз алдына еді. Алыстан арнап келген емес, ауыл арасындағы жұмысқа келген жұмысшыларды да ерекше құрметтейтін. Біздің үй қонақсыз болмайтын. Қонақ күткенге қиналу дегенді білмейтін қазақтың қарапайым отбасында тәрбиелендім. Қонақ келсе, құт келеді деп қонақжайлықты, қайырымдылықты үлгі етті. Қазіргі кезде әрқайсымыз бір үлкен отбасының тірегі болып, ұл-қыз тәрбиелеп отырмыз.
Отбасы мақтанышы дегенде ең бірінші мақтанышым деп ата-анамды айтамын. Ата-анам балалары үшін жақсылықтың жаршысы бола білді. <<Жақсы әке балаға 40 жыл азық>> деген, балалары <<менің әкем>>, <<менің анам>> деп үлгі тұтып, мақтаныш етіп, ата - ана <<міне менің балам>> деп отырса бұл отбасы мақтанышы болып есептеледі.
Еркелігімізді көтеріп, қателескен кездері қателігімізді түсініп кешіре білген, кезінде ақыл-кеңесін аямайтын, осы дүниенің тек тәтті тұстарын көрсетуден, жақсылыққа итермелеуден жалықпаған әке-шешемді жиі еске алып,сол бақытты балалық шағымды сағына елестетемін.
Қыз баланың тәрбиесінде ананың рөлі басым болады. Менің анам бізге қыз балаға тән нәзіктікті, ең бірінші <<әкелеріңді сыйлаңдар, ренжітпеңдер>> деп айтып, әкені сыйлауды, жалпы ер азаматты сыйлауды үйреткен.
Қазіргі кезде мен де бір отбасының отанасымын, отыз жылдан бері мектепте ұстаздық етемін.Осы уақыт ішінде мен өмірден жинаған тәжірибелерімді жас ұрпаққа үйретуді өзімнің басты міндетім деп есептеймін.
Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі - тәрбиелеушілік міндеті, оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге әкелу ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәрбиесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті деп білемін.
Қазақ халқының отбасы тәрбиесіндегі өзіне тән жарасымдылықтың бір ұшы олардың жасы кішісінің үлкеніне <<сен>> деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде деп есептеймін. Және қазақ отбасындағы бала тәрбиесін ұл тәрбиесі, қыз тәрбиесі деп жеке-жеке мән беріп қарастыруы да оның өзіндік ерекшеліктерінің ішіндегі маңыздысының бірі. Қорыта айтқанда, Белгілі ойшыл Әбу Насыр әл-Фарабидің <<Тәрбиесіз берген білім-адамзаттың қас жауы>> деген даналық сөзін ескере отырып, бала тәрбиесін адалдықтан бастайтын имандылық сабақтарын бастауыш сыныптан мектеп бітіргенше бағдарламаға енгізсе, қоғамдағы ұл мен қыздың өз міндеттерін түсіндіріп отырса, тіпті ұлттық тәрбиеге байланысты заң қабылданса, болашаққа алаңдамай байсалды қадам басар едік. Ұлымыз ұлағатты, қызымыз қылықты болып өссін!

Конец формы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz