Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Жарысқа қатысушылар

<<Келісемін>>
<<Ұлан ауданының білім бөлімі>> ММ басшысы
___________К. Окасов
<< 14 >> қыркүйек 2016 жыл
<<Келісемін>>
<<Ұлан ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі>> ММ бастығы
п/п-к___________Е. Икласов
<< 14 >> қыркүйек 2016 жыл
<<Бекітемін>>
<<Бозанбай орта мектебі>> КММ директоры
________С.К.Колганатов
<< 15 >> қыркүйек 2016 жыл

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
Ұлан ауданының мектептеріндегі әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын
ер балалар арасындағы өтетін жарыс
Ережесі

1. Мақсаты және міндеті:

a) Салауатты өмір және денсаулық салтын негізге ала отырып, жастарды дене шынықтыру және спортпен үнемі айналысуға тарту.
ә) Әскери - спорттық ойындарды дамыту.
б) Жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру.
в) Келешекте дене шынықтыру мен спортты бұқаралық дамыту, патриоттық тәрбині қалыптастыру және нығайту.

1. Өтетін іс-шара, уақыты және орны:

Әскери-спорттық ойындар: 01.10.2016 жыл. Сағат 10:00
Бозанбай ауылы, <<Бозанбай орта мектебі>> КММ.

2. Жарысты ұйымдастырушылар:

Ұлан ауданының білім бөлімі, АӘД пәні мұғалімі Журкабаев М.Х.
3. Жарысқа қатысушылар:

1 әскерге шақырылатын + 2 әскерге дейінгі балалар (барлығы 3 адам, 3 оқушы қатысуына да мүмкіншілік беріледі).
4. Жарыс бағдарламасы:

-09:00 - 10:00 - тіркеу, мандаттық комиссия, жеребе тарту;
-10:00 - 10:20 - салтанатты ашылуы;
-10:00 - 14:00 - сайыстар;
-14:00 - 14:30 - қорытындылау, марапаттау.

5. Жарыс кезеңдері:

Әскери-спорттық ойын түрлері:
oo Граната лақтыру - команда;
oo Газтұмылдырық кию - команда;
oo Кермеде тартылу - команда;
oo 100 м жүгіру - 1 адам;
oo АК-74 толық емес бұзу-жинау - 1 адам;
oo Пневматикалық мылтықтан ату - 1 адам, әр мектептің өз мылтықтары және оқтары болуы тиіс.

Ойын кезіндегі қауіпсіздікке өкілдер жауапты.
Қаржыландыру:
Командалардың жарысқа келіп-қайту шығындары жіберуші жақтан қарастырылсын.
Марапаттау:
Жеңімпаздар Ұлан ауданының білім бөлімі мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
Ұлан ауданының мектептеріндегі әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын
ер балалар арасындағы өтетін жарыс ережесіне
ҚОСЫМША

Командалар белгіленген орында сапқа тізіледі. Жеребе өткізіліп, сайыстардың өту тәртібі түсіндіріледі.

Кезеңдердегі ауысым команда бойынша жүргізіледі
1-кезең: ММГ АК-74 шашу және жинау (1 қатысушы)
-ММГ АК-74 үстел үстіндегі бекітпелі рамасы төмен қарап жатады;
-<<Автоматты толық емес шашуға кірісіңдер!>> бұйрығы бойынша қатысушы орындауға кіріседі. Аяқталған соң уақыты жазылып алынады.
3 сек айып қосылатын қателіктер:
-АК шашу немесе жинау реттілігін бұзғаны үшін;
-қарумен жұмыс істеу қауіпсіздігі ережесін бұзғаны үшін (бұзу кезінде оқтық тексерілмеген, жинағаннан кейін ұрыстық взводтан тетік алынбаған, сақтандырғышқа қойылмаған);
-автомат детальдарын жан-жаққа шашқаны үшін.
Автоматты шашу және жинау бойынша жиынтық уақыттарын ең аз команда қатысушылары жеңімпаз атанады.
2-кезең: №1 АҚ <<Газтұмылдырық кию>> нормативін орындау (бөлімше)
3 сек айып қосылатын қателіктер:
-газтұмылдырықты кию кезінде көз жұмылмаған;
-дем алу және шығару жасалмаған;
-шлем-маскада қыртыстар болуы;
-газтұмылдырық мөлшері сәйкес болмауы;
Газтұмылдырықтарды бәрінен тез киген команда жеңімпаз атанады (уақыт нормативті ең соңғы болып орындағанға дейін есептеледі).
3-кезең: Кермеде тартылу (бөлімше)
Президенттік тест туралы ережеге сәйкес орындалады: кермені қолмен жоғары жағынан ұстау, тартылу кезінде иек кермеден жоғары, аяқтар тік болу тиіс. Жұлқи тартылуға тыйым салынады.
Ең көп тартылған команда қатысушылары жеңімпаз атанады.
4-кезең: Пневматикалық винтовкадан 10 м оқ ату (1 қатысушы)
Әр қатысушыға 3 есепке алынбайтын атылым және ұпай жинайтын 5 атылым беріледі. Үздік мергендер анықталады.
5-кезең: Гранатаны қашықтыққа лақтыру (бөлімше)
Қашықтыққа ең алыс лақтырған және коридор ішіне мергендік көрсеткен команда жеңімпаз атанады.

Әр оқушы ойын түрлерінің бір түріне ғана қатыса алады.
Турнир жеңімпазы болып турнир кездерінде ең аз орындар сомасын алған команда саналады.
Жеңімпаздар <<Ұлан ауданының білім бөлімі>> ММ мадақтама қағаздарымен марапатталады.

Ұқсас жұмыстар
Көңілді эстафета. 6-7-сынып
«‏шығармашыл тұлға‭ –‬елдің ертеңі‭»
Мектеп спорт алаңы
Епті, мықты, күшті
«1001 мақал, 101 жұмбақ» жарысы
«отбасы күніне» арналған көңілді эстафета жарысы
Әжеммен өмір ажарлы сыныптан тыс іс-шара
Акмолинская область
Қазақша күрес
«толағай» эстафеталық ойын
Пәндер