Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Сары шарды көрсету

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Ғажайып математика
Мақсаты: 10 сан көлемінде садық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту,геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,талдау-жинақтау.
Көрнекілік құралдар: Пішіндер,шарлар, қоян суреті.

Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің
іс-әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті

Себепті қызығушылығын
ояту кезеңі.
<<Психологиялық дайындық>>
Ынымақтастық ахуалын қалыптастыру.
Балалар бәріміз күн сияқты дөңгеленіп тұрайықшы.Күнге қолдарыңды созыңдар.Күннің жомарт сәулелері барлық өкпе мен мұңды жібітеді.
-Балалар күн бізге не береді?
-Біз күннен алған жылуымызды бір-бірімізге береміз.
Міне жүрегіміздегі осындай жылумен оқу іс-әрекетімізді бастаймыз.

-Балалар біз бүгін << Ғажайып математика>> еліне саяхатқа барамыз. Қанекей барлығымыз пойыз болып саяхатқа барайық. Міне ғажайып математика еліне де келіп жеттік. Балалар бұл саяхатта біз көптеген тапсырмаларды орындаймыз. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қане, атап шығайық....
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
-Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді?
Қыста жер қандай болады?
Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

-Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады. Ағаштар бүршік жара бастайды?
-Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?
- Балалар түстерін білдік енді сиқырлы шардың ішінде не бер екенін білгілерің келе ме? Қане, шарды кім жарады?
-Балалар бізге шардың ішінде жасыруға жұмбақтар берілген екен. Жұмбақ шешіп көрейік.
1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым.........
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал пішінім ұқсайды ғой .....
Дұрыс таптыңдар балалар, Жұмбаққа өте жүйрік екенсіңдер.

Күн сияқты дөңгеленіп тұрады. Күнге қолдарын созады.

-Күн жылу ,жарық ,сәуле береді.

-төрт мезгіл бар
-қыс, көктем,жаз, күз

-ақ
-қыс мезгілі
Аппақ қар.

-күз
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-көктем мезгілі

-жаз мезгілінде
Бір бала шығып шарды жарады.

Жұмбақтың шешуін табады

-дөңгелек

-үшбұрыш

-шаршыға
Ұйымдастырушылық - ізденіс кезеңі.
-Балалар келесі шарларды да жарып көреміз бе?
Екінші шарды жарады.
Логикалық есептер:
-Дүкеннен анам доп сатып алып келді, оның біреуін ініме бердім. Менде неше доп қалды?
- Қоянда неше құлақ бар?
-Ағашта 5 құс отыр, оның 2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
Үшінші шардың тапсырмасы.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
1-ден 10-ға дейін үш тілде санау.

Сергіту сәті
Қатты нөсер басылды
Күн жарқырай ашылды
Көктен төмен әдемі кемпірқосақ шашылды

Төртінші шарды жарады.
-Балалар ақылмен ойлап әр түрлі нәрслер жасауға болады екен. Мына кішкене пішіндерден зымыран құрастырып көреміз бе?
-Зымыран құрастыруға қандай пішіндер қажет?
-Қандай пішіндерді білеміз?

Шарларды жарады

-1 доп қалды
- 2 құлақ бар
Үшінші шарды жарады.
Тура және кері санайды
Үш тілде санайды

Жаймен тырсылдатады
Қолдарымен күн жасайды
Жарты доға жасайды

-ия

-үшбұрыш, төртбқрыш, дөңгелек.

Пішіндерден зымыран құрастырады.

Іс-әрекетін бағалау кезеңі.

Өте жақсы құрастырдыңдар . -Балалар пішіндерден не құрастырдық? -Балалар ендеше осы құрастырған зымыранмен елімізге оралайық. - Біз саяхатқа пойызбен келсек енді зымыранмен қайтамыз екен. Саяхат сендерге ұнады ма? -Саяхатта не үйрендік?
Оқу іс-әрекетін қорытындылау. Мадақтау.

-зымыран

Саяхаттан оралады.

-ия, ұнады
-Жұмбақтар шешуді,санауды,зымыран құрастыруды.

Күтілетін нәтиже:
Баланың білуі: Тура және кері санауды, жұмбақтар шешуді, логикалық есептер шығаруды біледі. ; Меңгеруі: Жыл мезгілдерін түстермен сәйкестендіріп таба алуды меңгерді. Жасай алуы: Пішіндерден зымыран құрастырып, үш тілді меңгере алуы.

Қаратөбе ауданы Мұхит атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің мектепалды даярлық топ тәрбиешісі Ажимова Райгул Қобланқызы.

Ұқсас жұмыстар
Қызыл шарды көрсету
«ғажайып математика»
Сауат ашу әлеміне саяхат
Тақырып Мейірімділік - асыл қасиет
Менің отбасым, менің үйім және ондағы менің орным. ауа, су, жарық. қоңыр күз
Алғашқы гүлдер
Қызыл түсті шар төртінші топ
Мейірімділік - асыл қасиет туралы ақпарат
Қызыл түсті отбасы ұпайлары
Оқытудың сапасын арттыруда оқушылардың мотивациясын тудыру
Пәндер